Главная / Биология / Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. №1 Практикалық жұмыс. Генетикалық есептер шығару

Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. №1 Практикалық жұмыс. Генетикалық есептер шығару



Пән: Биология

Сынып: 10а – 17.02. 10ә – 24.02.

Сабақтың тақырыбы: §42.Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. №1 Практикалық жұмыс. Генетикалық есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға генетикалық ұғымдар, Мендель заңы және оның тәжірибелері жайында мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық: шығармашалық ойлау қабілеттерін, пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту

Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;


Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Интербелсенді, баяндау, сұрақ-жауап, тірек-сызба, Қ. Қ. Мұхамбетжанов, Б.А.Далабаев,

Г.Ә. Өтешова «Генетика» практикалық сабақтар

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электронды оқулықтар, тест, т.б. «Генетика» есептер кітабы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Организмдердің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі





Кесте толтыру.

hello_html_a15caf1.png


ІІІ. Жаңа сабақ:

Генетика дегеніміз – белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым.

Генетиканың негізін салушы чех жаратылыс зерттеушісі Грегорь (Иоганн) Мендель деп есептеледі.

Ата-енелер формалары тек бір жұп белгілері бойынша ғана ерекшеленетін шағылыстыру моногибридті будандастыру деп аталады.

Егер екі жұп белгілерінде айырмашылық болса, бұл дигибридті будандастыру болады.

Сары түс басым түс – доминантты түс (латынша “dominans” -басымдылық), деп атап, оны А бас әріпімен белгіледі.

Жасыл түс басылыңқы – рецессивті түс (латынша “recessus” – шегіншек, басылыңқы) деп аталып, а кіші әріппен белгіленеді. Генетикада басым аллель – басылыңқы аллельдің көрінуіне басымдылық көрсететін ген жұптарының бірі. Соған сәйкес басылыңқы аллель – бұл басым аллельдің қатысында сырттай білінбейтін аллель. Генетикада будандарда бір белгілердің екіншісінен басым болуы басымдылық деп аталады, яғни тек басым белгілер ғана сырттай білінеді.

Аллельдер дегеніміз – сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы белгілерінің дамуына жауап беретін дәл сол геннің әр түрлі қалпы. Мысалы: сары және жасыл.

Генотипінде тек бір іріктеме аллелі ғана болатын тіршілік иелері гомозиготалар деп аталады.

Гетерозиготалар дегеніміз – жасушаларында бір геннің екі аллелі болатын ағзалар.

Генотип – бұл генетикалық есептерде АА, Аа немесе аа әріптерімен белгіленетін таңбалы ағза гендерінің жиынтығы.

Фенотип – бұл генетикалық белгілердің сырттай пайда болуы.

P - ата-ене дарақтары. (Латынша “parento” (ата-ене)сөзінің бірінші әрпі)

- еркек дарағы

- әйел дарағы

Х – дарақтар арасындағы шағылысты белгілейтін белгі.

Ғ – шағылыс үдерісінің нәтижесі, яғни ұрпақтар. (Латынша “filii” – балалар сөзінің бірінші әрпі): Ғ1-балалар; Ғ2-немерелер; Ғ3-шөберелер, тағы сол тәрізді

А – басымдық белгі немесе ген.

а – басыңқылық белгі немесе ген.


ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:


Есеп шығарып үйрету:

Қызыл жемісті бүлдіргенді ақ жемісті бүлдіргенмен будандастырғанда алынған ұрпақтың жартысы қызыл жемісті, екінші жартысы ақ жемісті болып шыққан. Ата – енесінің генотипін табуға бола ма?


а

а

А

Аа

Аа

а

аа

аа


Г. 2:2

Ф. 2:2


Асбұршақтың тұқымының қара түсін анықтайтын А гені ақ түсін анықтайтын а геніне қарағанда доминатты. Мына төмендегідей жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақтар тұқымдарының түстерін анықтау керек. А) ААхАа б) АахАа в) аахАа


А

а

А

АА

Аа

А

АА

Аа


А

а

А

АА

Аа

а

Аа

аа


А

а

а

Аа

аа

а

Аа

аа


1 практикалық жұмыс. Есептер шығару:

1.Асбұршақтың тұқымының қара түсін анықтайтын А гені ақ түсін анықтайтын а геніне қарағанда доминатты. Мына төмендегідей жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақтар тұқымдарының түстерін анықтау керек.

а) ААхАа, б) АахАа, в) аахАА г) Аахаа


Берілгені. Қара түсті асбұршақ - АА

Ақ түсті асбұршақ - аа

а) б)

А

а

А

АА

Аа

А

АА

Аа

А

а

А

АА

Аа

а

Аа

аа


а

а

А

Аа

Аа

а

аа

аа

в) г)

А

А

а

Аа

Аа

а

Аа

Аа



2.Тұқымының қара түсі бойынша гомозиготалы өсімдік ақ тұқымды өсімдікпен будандастырылған. Сонда а) Ғ1-де, б) Ғ2-де, в) Ғ1-дегі өсімдіктерді оның тұқымы ақ ата-анасымен қайыра будандастырғанда г) Ғ2-дегі өсімдікті оның қара тұқымды ата-анасымен қайыра будандастырғанда алынатын ұрпақтардың фенотиптері қандай?


Берілгені. Қара тұқым - АА

Ақ тұқым - аа

а) б)

а

а

А

Аа

Аа

А

Аа

Аа

А

а

А

АА

Аа

а

Аа

аа


а

а

А

Аа

Аа

а

аа

аа

в) г)

А

А

А

АА

АА

а

Аа

Аа




3.Томат (қызан) өсімдігінің қалыпты ұзындығы А, қысқалығы а-ға қарағанда доминатты. Сонда а) егер ұзындығы бойынша аталған белгілердің ажырауының арқатынасы 2:2 болғанда, б) 3:1қатынасындай болып ажырағанда будандастырылған өсімдіктердің генотиптері қандай болмақ?


Берілгені. Ұзындығы қалыпты томат (қызан) - АА

Қысқа томат - аа

а) б)

а

а

А

Аа

Аа

а

аа

аа

А

а

А

АА

Аа

а

Аа

аа


Г. 2:2 Г. 1:2:1

Ф. 2:2 Ф. 3:1


Ү. Қорытынды: Лездемелік сұрақтар:

Тұқым қуалау дегеніміз не?

Ген дегеніміз не?

Хромосома дегеніміз не?

Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы қалай аталады?

Тұқым қуалайтын гендердің жиынтығы қалай аталады?

Гамета дегеніміз не?

Фенотип дегеніміз не?

Жасушаларында бір геннің екі аллелі болатын ағзалар қалай аталады?

Гомозиготалы және гетерозиготалы күйінде басқа белгінің дамуына басымдылық көрсететін басым белгі қалай аталады?

Аллельді гендер дегеніміз не?


ҮІ. Бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма:

Тақырыбы:§42.Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары





















Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. №1 Практикалық жұмыс. Генетикалық есептер шығару
  • Биология
Описание:

ІІІ. Жаңа сабақ:

Генетика дегеніміз – белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым.

Генетиканың негізін салушы чех жаратылыс зерттеушісі Грегорь (Иоганн) Мендель деп есептеледі.

Ата-енелер формалары тек бір жұп белгілері бойынша ғана ерекшеленетін шағылыстыру моногибридті будандастырудеп аталады.

Егер екі жұп белгілерінде айырмашылық болса, бұл дигибридті будандастыру болады.

Сары түс басым түс – доминантты түс (латынша “dominans” -басымдылық), деп атап, оны А бас әріпімен белгіледі.

Жасыл түс басылыңқы – рецессивті түс (латынша “recessus” – шегіншек, басылыңқы) деп аталып, а кіші әріппен белгіленеді. Генетикада басым аллель – басылыңқы аллельдің көрінуіне басымдылық көрсететін ген жұптарының бірі. Соған сәйкес басылыңқы аллель – бұл басым аллельдің қатысында сырттай білінбейтін аллель. Генетикада будандарда бір белгілердің екіншісінен басым болуы басымдылық деп аталады, яғни тек басым белгілер ғана сырттай білінеді.

Аллельдер дегеніміз – сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы белгілерінің дамуына жауап беретін дәл сол геннің әр түрлі қалпы. Мысалы: сары және жасыл.

Генотипінде тек бір іріктеме аллелі ғана болатын тіршілік иелері гомозиготалар деп аталады.

Гетерозиготалар дегеніміз – жасушаларында бір геннің екі аллелі болатын ағзалар.

Генотип – бұл генетикалық есептерде АА, Аа немесе аа әріптерімен белгіленетін таңбалы ағза гендерінің жиынтығы.

Фенотип – бұл генетикалық белгілердің сырттай пайда болуы.

P - ата-ене дарақтары. (Латынша “parento” (ата-ене)сөзінің бірінші әрпі)

♂ - еркек дарағы

♀ - әйел дарағы

Х – дарақтар арасындағы шағылысты белгілейтін белгі.

Ғ – шағылыс үдерісінің нәтижесі, яғни ұрпақтар. (Латынша “filii” – балалар сөзінің бірінші әрпі): Ғ1-балалар; Ғ2-немерелер; Ғ3-шөберелер, тағы сол тәрізді

А – басымдық белгі немесе ген.

а – басыңқылық белгі немесе ген.

Автор Кумышгалыева Дина Джпрылгагановна
Дата добавления 22.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров 594
Номер материала MA-065063
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓