Главная / Физика / Физика сабағында табиғат құбылыстарын түсіндіру жолдары

Физика сабағында табиғат құбылыстарын түсіндіру жолдары

Қызылорда облысы Жаңақорған C:\Users\Админ\Documents\Scanned Documents\гулзия 2.jpeg

аграрлы-техникалық колледжінің оқытушысы

Алибекова Кулзия Нызанкызы

Физика сабағында табиғат құбылыстарын түсіндіру әдістері

Жаздың адам төзгісіз қапырық ыстық күні. Көк жүзіндегі түйдек-түйдек қою бұлттар барған сайын киіздей ұйысып, әп-сәтте көгілдір аспан мен жарқырап тұрған күнді бүркеп алды.Сәл тыныштықтан кейін, кенеттен құйындар билеп, аспаннан ірі-ірі жаңбыр тамшылары тамшылай бастады.Содан соң шелектеп құйып берді.Найзағай ойнап,күн күркірейді.Аспандағы бұл не құбылыс ?Неліктен найзағай ойнайды?

Жер бетінен шыққан бу биікке көтерілгенде қатты салқындап, су тамшыларына айналады-су тамшылары қосылып ірілене түседі, ал ауа ағысы оларды біресе жоғары, біресе төмен жөңкілте қуалайды. Жоғарылаған сайын салқындап, су мұз түйіршіктеріне айналады. Мұз түйіршіктері тамшыларға соқтығысып, су оларды қабыршақтап орап алып, қата бастайды. Мұз түйіршіктері ауырлай береді де,бұлттың «төменгі қабатына» түсіп, онда жылырақ болғандықтан еріп кетеді.Бірақ олар құйын екпінімен тағы да жоғары көтеріліп, мұз түйіршіктерімен қайта соқтығысып, су қайтадан қатады, түйіршіктер ұлғайып, ауырлай береді.Енді мұз түйіршіктері бұлтпен бірге қалқып тұра алмай, төмен қарай құлайды. Кейде олар еріп үлгермегендіктен, жерге майда мұз түйіршіктері күйінде түседі. Сөйтіп,бұршақ жауады

Ал, қалың бұлт арасындағы су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің қозғалысы тоқтамайды.Олар бір-біріне ұрылып, соқтығысады,үйкеледі,

сөйтіп электр тогымен зарядталады.Бұлттың жоғарғы бөлігінде оң, ал төменгісінде-теріс электр заряды пайда болып, олардың арасынан ұшқын шығады. Найзағай жарқылдайды. Найзағай тоқтап қою бұлт сейілгенде, ауа тазартып, тынысың кеңи түседі. Нөсер жаңбыр жерді де, аспанды да жуып өтеді. Сондықтан да ежелгі славяндар найзағай құдайын-тек қаһарлы емес, қайырымды да деп ұққан.

Найзағай-жауын-шашын алдында ауада жиналған электр зарядтарының соқтығысуынан пайда болатын күшті жарқыл, жай.

Физика сабағында жаңа физикалық құбылыс өтілген кезде, оған оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында өлең шумақтарын қолдану өте тиімді.Бұл тәсіл оқушының тіл байлығын дамытуына, өлең ұйқастарын құрастырып,үйренуіне көп көмегін тигізеді. Өлең шумақтары әзіл түрінде және шын мағынасында айтылатындықтан оқушының есінде жақсы сақталады. Физикалық құбылыстарды сұрақ-жауап түрінде немесе тікелей құбылыстың мәнін ашатын, әзіл-шыны аралас өлең шумақтары арқылы түсіндіруге болады.

Найзағай

Бұлтты аспанның жүзінде,

Найзағай неге ойнайды.

Байқап тұрсаң түбінде,

Жаңбыр жаумай қоймайды.

Әзілі

Аспанда бұлттар ұрысқан,

Деп ырыққа көнбеймін.

От-жалын шығып қылыштан,

Найзағай деген сол деймін.

Шыны

От ойнатқан бұлтты аспан жүзінен,

Разряд-әр текті, зарядтардан түзілген.

Күркіреген кек те тынбай гүрілдеп,

Ашылды күн шыққан соң күлімдеп

Жаңбыр

Көк аспанның төрінде,

Бұлттар жүзіп барады.

Күн күркірі тегін бе,

Жаңбыр неге жауады.

Әзілі

Аспанда бұлттар алысып,

Жеңілгені құлайды.

Бар амалын тауысып,

Ызаланып жылайды.

Шыны

Булану, конденсация себебінен,

Көктен жаңбыр жауады дер едім мен

Ауаның да біркелкі қызбауынан,

Тағы оның себебін көремін мен

Жұмбақтар

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын

Өрінен мен түскенде

Өңі кірер даланың / Жаңбыр/

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,

Дабылдап дабылын ол қағып тұр. /Найзағай/

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Қызыл, сары, жасылды,

Көкте бір зат асылды. /Кемпірқосақ/

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін осындай әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы зор.

Физика сабағында табиғат құбылыстарын түсіндіру жолдары
  • Физика
Описание:

                                                            Қызылорда облысы  Жаңақорған

Автор Алибекова Кулзия Нызанкызы
Дата добавления 13.04.2015
Раздел Физика
Подраздел Другое
Просмотров 765
Номер материала 59595
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓