Главная / Физика / физика пәнінен сабақ жоспары

физика пәнінен сабақ жоспары

Астана қаласы

15 мектеп-лицейдің

физика пәні мұғалімі

Дощанова Р.З.

тел.87079490205

эл.почта: roza.15@mail.ru


Сынып: 7

Пәні: Физика

Бұл сабақтың тақырыбының практикалық маңызы зор. Теориялық білімді өмірмен байланыстыру үшін, тақырыпты оқушылар жақсы меңгеріп алу керек. Оқушыға ақпараттың түсіндіру жүргізілгеннен кейін, бекіту бөлімі биоақапараттану және сиенергетика технологиясын элементтерін қолданып, деңгейлік тапсырмаларды ТҚШ, АҚШ,ЖҚШ беру арқылы білімдері тексерілді. Бұл технология оқу сапасын арттыруға көмектеседі.


Сабақтың тақырыбы: Қысымының қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы


Сабақтың мақсаты: Қатты денелерде, сұйықтарда, газдарда қысымның

берілуін анықтау.


Білімділік

Жаңа білім

Паскаль заңын сипаттайды.

Жаңа түсінік

Қысымның қатты, газ және сұйық денелердегі таралу заңдылығын түсінеді.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

Газдар ыдыстың көлемін толығымен алатының және оның қысымы кез келген нүктеде бірдей болатынын түсінеді.

Талдау әрекеті

Газ қысымының газ молекулаларына қатынасын талдайды.

Құндылық

Бағамдау әрекеті

Қатты денелердің,сұйықтардың және газдардың кысымды калай таралатынын табиғатта жиі бақылауға болатындығын бағалайды.

Сабақ құрылымы:

І.Ақпарат алмасу(16мин)

ІІ.Алғашқы бекіту(5мин)

ІІІ.Құзырлылық қалытастыру (20мин)

ІV.Бағамдау-бағалау(4мин)

Сабақ типі:

Фронтальді

Оқыту әдісі:

Репродуктивті,ішінара ізденушілік.

Мұғаім іс-әрекетінің тәсілі:

Оқушыларға бағыт-бағдар,қажет болған жағдайда көмек береді.

Оқушвнвң сабақты тек жаттауын ғана емес,толыққанды түсінуін қадағалайды.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Паскаль шары ,Паскаль заңы.

Оқушыда дағды қалыптастыру:

Терминдер ережесін тек жаттап қана қоймай, олардың мағынасын толыққанды түсінуі.Өткен сабақ материалдары бойынша жаттығулар орындай алуы

Әбір өтілген сабақтан толыққанды білім алуы,қорытынды жасауы

Өз ойын жеткізуі

Өтілген сабаққа анализ жасап,күнделікті өмірмен байланыстыруы.


Оқушы жетістігін бағалау:

Негізгі баға орындалған деңгейге байланысты барлық оқушыға қойылады.

Ал қосымша баға (бонус) топтық тапсырма үшін беріледі.


І.Ақпарат алмасу

Тақырып жоспары:

1.Қатты денелердегі қысымның таралуы

2.Газдар мен сұйықтардарғы қысымның таралуы

3.Паскаль шары

4.Паскаль заңы

Слайдтар:

1-слайд Қатты денелердегі қысымның таралуы

Тәжірибе:

Алақаныңды жоғары қаратып,сол қолыңды үстелге қой.Кітапті алақаныңа қырымен қойып,оны оң қолыңмен төмен қысып бас.Сол қолың қысымның артуын сезе ме?Міне,осы тәжіребиені жасай отырып,кітаптің өзіне түсірілген қысымды бір ғана бағытта тарататынына көз жеткізуге болады.Мұны қатты денені құрайтын молекулардың белгілі бір ретпен орналасатыны және олардың қандай да бір нүктенің төнірегінде тербеліп қана қозғалатыны әрі молекулардың осы нүктеден алыс ұзап кете алмайтыны арқылы түсіндіреміз.


2-слайд Газдар мен сұықтардағы қысымның таралуы

Сұйықтар мен газдарда қысымның берілуі басқаша болады. Сұйықтар мен газдар қысымды , қатты дене сияқты бір бағытта ғана емес , жан-жаққа бірдей таратады.

Ауаның қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін балалар ойнайтын резеңке шарды , қол допты және т.б Үрленген кезде бақылауға болады. Үрлеген кезде ауаның бір бағытта берілетініне қарамастан , шар немесе доп барлық бағытта біркелкі ұлғаяды. Бұл-қатты дененің қысымды жеткізуге процесінен мүлдем өзгеше құбылыс.

3-слайд Паскаль шары

Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасап көрейік. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршеньді целиндрден тұрады. Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршеньді бассақ,шардың саңылауларынан су немесе түтін барлық бағытта бірдей ұзындыта шашып немесе будақтап шығатынын байқаймыз. Бұл сұйықтар мен газдардың өзіне түсірілген қысымды барлық бағытта бірдей жеткізетінін дәлелі.



4-слайд Паскаль заңы

Көптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғылымы Блез Паскаль сұйықтар мен газдардың қысымды барлқ жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеді.

Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі .Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.

Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізе алуы оларды құрайтын молекулалардың еркін қозғалғыштығымен түсіндіріледі.



ОӘЖА Ф 7/3/13 Қысым





hello_html_6473d108.gif


hello_html_m2e8fe607.gifhello_html_m3ded7190.gif

hello_html_357b2b3a.gif


Тақтаға кесте сызылады. Сабақ үш кезеңнен тұрады.

  1. Байқау

  2. Бекіту

  3. Есте сақтау

Әр бөлім бойынша тақтадағыдай АКШ, ТКШ, ЖКШ бір бір тапсырмадан беріледі.

Егер сынып оқушыларының 63% есептің ТКШ,АКШ орындаса , онда келесі Бекіту кезеңінде АКШ ,АКШ,ЖКШ тапсырмалары беріледі, 63% орындай алмаса онда қайтадан ТКШ, АКШ , ЖКШ тапсырмалары беріледі


БАЙҚАУ

ТКШ 63%

АКШ 63%

ЖКШ 63%

БЕКІТУ

АКШ 63%

АКШ 63%

ЖКШ 63%

ЕСТЕ САҚТАУ

АКШ 63%

ЖКШ 63%

ЖКШ 63%

  1. Байқау: 1 шапалақ

5 оқушы+30 секунд уақыт беріледі

ТКШ АКШ ЖКШ


1 1 1

5+30 сек. Қаламдары қойылып, дәптер қарама-қарсы айырбасталады. Есептердің жауабы жазылады. Шығарылмағанесептерді мұғалім ОӘЖӘ арқылы түсіндіреді.


2.Бекіту: 2 шапалақ

5+30 сек. Уақыт беріледі.

АКШ АКШ ЖКШ


2 3 2

5+30сек. Қаламдары қойылып, дәптер қарама-қарсы айырбасталады. Есептердің жауабы жазылады. Шығарылмағанесептерді мұғалім ОӘЖӘ арқылы түсіндіреді


3.Есте сақтау: 3 шапалақ

5 оқушы+30 сек. Уақыт беріледі.

АКШ ЖКШ ЖКШ

4 3 4

5+30 сек. Қаламдары қойылып, дәптер қарама-қарсы айырбасталады. Есептердің жауабы жазылады. Шығарылмағанесептерді мұғалім ОӘЖӘ арқылы түсіндіреді.


ТҚШ

1

Шеберлер киім тіккенде неге оймақ киеді?


2

Үш түрлі қалыпта тұрған кірпіш кескінделген. Кірпішті қалай жинағанда оның тақтайға түсіретін қысымы азырақ болады? Қай уақытта көбірек болады?


3

Розеткаларға 37,5 кН күшпен әсер ете отырып арнаулы кеспелтектермен (баркаметті) престейді. Розетканың ауданы 0,0075м². Розеткаға қандай қысым түседі?


4

Массасы 5000 кг, екі табанының ауданы 1,2м² шынжыр табанды трактордың топыраққа түсіретін қысымын есептеп табыңдар.


5

Массасы 6000 кг катоктың тіреуіш ауданы 2000 см². Ол топыраққа қандай қысым түсіреді?











АҚШ

1

Не үшін салынып жатқан үйдің табанына кең бетон плиталар салады?

2

Неліктен аңшы шаңғысы спортшылардың шаңғысына қарағанда жалпақ жасалады?


3

Массасы 10 т трактордың екі шынжыр табанының тіреуіш ауданы 2м². Бұл трактордың топыраққа түсіретін қысымның есептеп табыңдар.


4

Массасы 72кг кісі шаңғымен тұр. Әрбір шаңғының ұзындығы 1,8м, ал ені 10 см. Шаңғышының қарға түсіретін қысымын есептеп табыңдар.


5

Екі бәтеңкенің табандарының ауданы 0,035м². Массасы 70 кг адам еденге қандай қысым түсіреді?



ЖҚШ


1

Неліктен велосипед дөңгелегінің камерасы тесілгенде ондағы қысым кемиді?


2

Неліктен мылтықтың ұңғысын ерекше берік сортты болаттан жасайды?


3

Көлемі 6 м³, табанының ауданы 1,5м² мәрмәр бағана жерге (грунтқа) қандай қысым түсіреді?


4

Жолды таптап тегістеп жүретін каток оған 400000Н/м² қысым түсіреді. Катоктың тіреуіш ауданы 0,12м². Бұл катоктың салмағы неге тең?


5

Массасы 500т мәрмәр бағананың табанының ауданы 12,5м². Бағананың тіреуішке түсіретін қысымын анықтаңдар.



Бағымдау-Бағалау

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігінің туралы эссе жаз

Сабақ қортындысы: үйге тапсырма п 36-37

17 жаттығу 2-3


физика пәнінен сабақ жоспары
  • Физика
Описание:

Бұл сабақтың тақырыбының практикалық маңызы зор. Теориялық білімді өмірмен байланыстыру үшін, тақырыпты оқушылар жақсы меңгеріп алу керек. Оқушыға ақпараттың түсіндіру жүргізілгеннен кейін, бекіту бөлімі биоақапараттану және сиенергетика технологиясын элементтерін қолданып, деңгейлік тапсырмаларды ТҚШ, АҚШ,ЖҚШ беру арқылы білімдері тексерілді. Бұл технология оқу сапасын арттыруға көмектеседі.

Автор Дощанова Роза Зейнуловна
Дата добавления 28.04.2015
Раздел Физика
Подраздел Другое
Просмотров 970
Номер материала 58503
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓