Главная / Другое / "Фариза Оңғарсынованың халық поэзиясына қосқан үлесі"

"Фариза Оңғарсынованың халық поэзиясына қосқан үлесі"

Название документа Аннотация.docx

Аннотация

Ізденуші - Даулетбай Бекарыс Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп- гимназияның 11-сынып оқушысы. Бекарыстың тақырып таңдау ерекшелігінен- ақ зерттеу қабілетінің жоғарылығы байқалады.

Зерттеуші тақырыптың күрделілігіне қарамастан жан- жақты ізденуге тырысқан.

Ақынның нағыз қазақ ақыны, поэзия падишасы, журналист, жазушы екендігі туралы көп ізденген. Сондай- ақ «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларына өзіндік көзқарас білдіре отырып, өзінше талдау жасай білген. Жоба көркем әрі жинақы жазылған. Ізденуші өз қызығушылығын таныта отырып қорытынды жасаған және тақырыпты ары қарай ізденуге болатындығын айтқан.

































Аннотация

Работа «Вклад Фаризы Онгарсыновой в казахскую поэзию» написана учащимся средней школы- гимназии №64 имени Ж. Аймауытова на должном, высоком уровне.

Даулетбай Бекарыс изучил данную тему не только со стороны казахской литературы, но и ознакомился с жизнью и творчеством Фаризы Онгарсыновой.

Даулетбай Бекарыс, на произведениях Фаризы Онгарсыновой, докозал, что Фариза Онгарсынова не просто поэт, писатель, журналист, но и общественный деятель, автор целого ряда поэтических книг и публикаций.

Работа выполнена грамотно, заслуживает внимания не только у учащихся школ, но и у студентов ВУЗов, заслуживает высокой оценки среди научных работ.

Книги народной поэтессы Фаризы Онгарсыновой «Соловей», «Мелодия», «Беспокойная пора», «Гордое поколение», «Буйное русло» изданы на казахском языке. Сборники «Нежность», Тревоги», «Озарение» опубликованы на русском языке.
Для казахстанских почитателей таланта поэтессы, Фариза Онгарсынова – признанный мастер слова, автор дорогих сердцу лирических стихов, поразительных по своей силе духовной энергии поэм «Проклятье», «Алмазный клинок», «Окровавленная победа», «Скитания голоса в двух зеркалах».





































Название документа Жоспар.docx

Жоспар:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім
а) Фариза Оңғарсынованың қызмет жолы
ә) Әдеби шығармашылығы
б) Лирикалары в) Поэзия падишасы

III Қорытынды

Название документа текст.docx

 Кіріспе

 60 – жылдары әдебиет әлемінің айшықты жанры – поэзияда адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның бірі. Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5-желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. 1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері. 1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған. 1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 ж. желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған. Абай атындағы Республикалық мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова шығармашылығы қазақ әдебиетінде өзіндік үні мен орны бар тұғырлы дүние.

Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.

Лирикалары. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.

Ақын - өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы - поэзия.

Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау - Фариза туындыларының бір қыры.

     





Негізгі бөлім


Қызмет жолы

  1. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.

  2. 19661968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.

  3. 1968–1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

  4. 1970–1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.

  5. 20002004 жж. ҚР мәжілісінің депутаты болды.

  6. 2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті

Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы - махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді.   Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді.
«Жүрек сенсің...» деген өлеңіндегі төмендегі жолдарды оқыған кезде азаматтық сарын, ар-ождан тазалығына тәнті боласыз.

Бар сияқты менде де сана шыдам,

Жылағанды демеуге тағы асығам,
Жасайын-ақ десем де бір астамдық,
Қорқам ардың айбалта – жазасынан.

Немесе ақын арсыз жандардың жағымсыз жат қылықтарын ашына былайша жырлаған:


                    Не қасиет күтерсің бүгінгі елден,

                    Жасқаншақтап күйеудей ұрын келген.
                    Айтар сөзін көмейге көміп қойып,
                    Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен.

Ақының творчествосына тән басты қасиет – шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады.

1979 жылы жарық көрген «Сенің махаббатың» жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды, салмақты көрініс тапқан.
1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.



Әдеби шығармашылығы

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Ф.Оңғарсынова поэзиясының табиғатын тану – алыптардан бастау алады. Көркем сөз зергерлері Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев өрбіткен баянды бағам – байлауды әдебиетші ғалымдарымыз М.Қаратаев, Ә.Шәріпов, С.Сейітов, З.Ахметов, Ә.Жәмішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев т.б жалғастырды. Ақынның өз тұстастарынан және қаламдас іні – сіңлілерінен К.Ахметова, Н.Оразалин, Ә.Кекілбаев, С.Ерубаев, У.Қалижанов, А.Егеубаев, Т.Шапай және басқалардың пікір – пайымдарының мәні зор болды.  Өз кезінде осындай бағасын алған ақын Ф.Оңғарсынова лирикасы – қазақ әдебиеті майданындағы ұшан теңіз дүние. Ақынның сан – салалы лирикалық шығармаларында сыры ашылмаған қаншама дүние жатқаны баршаға аян.Ф.Оңғарсынованың әр тақырыптағы лирикалық шығармалары, ондағы кейіпкерлер әлемі, яғни лирикалық қаһарман мәселесі, ақындық шеберлік сырлары әр адамды қызықтырары айдан анық. Күллі шығармашылық- өнерпаздық қабілет – талантымен әдебиет зерттеушілерінің назарын аударып, ойлы да сыншы, талғампаз оқырмандарының көңілінен шыққан Фариза ақындығынның арнайы да мақсатты, сондай-ақ міндетті зерттеу сөзіне айналып, обьекті өрісіне імуі - өмір талабының пәрменіне сай рухани қажеттілік.
Ширек ғасыр бойына әдебиетпен бір жұптаса біте қайнасып кеш жатқан қаламгердің шығармашылық мұрасы туралы бірталай жазылып, бірсыпыра айтылып, әдепкі әдеби-ғылыми көзқарас, жүйелі негіз қалыптасса да қаламгер қайнарының қуат күшін, бұлақ бастауын жеткілікті өз дәрежесінде, аз биігінде, өз өлшемінде таразылай, бағымдай алды ма?!   Ақын мұрасы сонау алпысыншы жылдардың нақ ортасында “Сандуғаштан”(1966) бастау алып, сексенінші жылдардың аяғындағы “Таңдамалыны”(1987) және “Қыз ғұмырға”(1966) дейінгі аралықты қамтиды. Ақын лирикасы “Маңғыстау маржандары” (1969), “Мазасыз жүрегіңдемін” (1975), “Шілде”(1978), “Сенің махаббатың” (1979), “Сұхбат”(1983), “Жүрек күнделігі” (1984), “Дауа”(1985), “Маңғыстау монологтары”(1986), “Екі томдық: Таңдамалы шығармалары”(1987), “Өсиет”(1995), “Қыз ғұмыр”(1996) және “Мен саған ғашық емес ем”(1999) сынды дүниелермен толықты. Осылардың ішінде “Маңғыстау монологтары” Мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы.
Ф.Оңғарсынова шығармашылығына көрнекті әдебиет өкілі Ә.Тәжібаев та өз бағасын берген: “Мен Фаризаның махаббат жырларынан бәрімізге ұқсамайтын өзгешелік көремін. Бұл қайсымызды болса да ойландыратын өзгешелік. Адамның шартты түрдегі ережелерге, канондарға, ескірген әдет, дәстүрлерге тұтқын болып қалмай босануын, өз сезімін ұрламай, жасырмай, бүкпей сөйлеуін қазақ поэзиясында батыл жырлаған осы Фариза” (2) дей келе Ә.Тәжібаев ақын өлеңдеріндегі ұқсас ерекшеліктеріне, жинақтағы бейнелі тіркестер қолданысына назар аударады. Ақын Ф.Оңғарсынова поэзиясының шырқау биіктерге көтерілгенін өз дәуірінде танып, баға берген “алыптар тобының” өкілі Ғ.Мүсірепов: “Мен ақын Фаризаны бүгінгі поэзиямыздың ең жоғары сатысында тұрған замандастарымен қарайлас биікте көремін” деп ой түйген. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.  Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия.
Мұнда ақынның ешкімге ұқсамайтын өзіндік үні, даусы анық байқалады. Ақынның "Жаз" деген өлеңі тұла бойы қолмен қашалып жасалған әдемі мүсінді көз алдына елестетеді. Сурет пен теңеу, өткір ойлар қосылып өрілгенде көз алдыңа ғажап дала бейнесі келеді. Жаздың ыстық жалынына төзе алмаған ерке бұлақ көрінісі – ғажап! Биік таудың басына ызғар, мұзы жатса да, төсінде қызыл ала қызғалдақтар жайқалып тұр.


Көңілді, жайлы күнімді,
Азапты қайғы мұңымды
Өзімменен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып
О, баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем! –

деп толғайды. "Асау толқын" атты өлеңінде:

Тағдырыңды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа
Көз нұрың, болашағыңда – сол түбінде, елім
Келеді әйтеуір бір ұрпақ менің соңымнан – бар үміт сенде.
О, асау толқыным менің! –

деген жолдардан ақынның жастарға үлкен сеніммен, үмітпен қарайтыны анық байқалады.
Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау – Фариза туындыларының бір қыры.

Әйел – Ана тақырыбы. Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: "Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы", – дей келе:

Өз-өзіммен өртеніп барам жанып,
Жүректен жас ағады тарамданып.
Менде жоқ қой бұл күнде тым болмаса,
Ақтарылар алдыңда саған барып.
Жасқа ғана толады жанар налып,
Мен үшін тұр дүние қараң қалып, –

деп, әйелдің мұң-қайғысын сыр ғып шертеді. Енді бірде ақын:

Мезгіл бұршақ жаныңа салып таңба,
Қайратыңнан қайысып, налып қалма,
Сені іздейтін аға бар тарыққанда,
Інілер бар дем берер жабыққанға.
Бір ақиқат – бәрібір жоғалмайсың,
Жоғалмайтын жоқтаушы халық барда, – дейді.

Демек, азаматтық, қоғамдық, әлеуметтік көркем тұжырым жалаң публицистикалық шалқу дидактикалық толғаумен әсте терең ашылмақ емес, қайткен күнде де поэтикалық бейне, тұлғалы образ, сөз суретінің құдіреті бірінші қатарда, дәлірек айтқанда, ақындық сезім, қаламгерлік идея өзара ажырамас диалектикалық тұтастықта көрінеді.

Мен даланың қызы едім,
Жазығында жатпайтын көз ілер қара.
Жазира менің жанымның өзі де дара.
Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді
Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана, –

деген шумақта қаламгердің шыққан, өскен ортасын дәл көрсететін поэтикалық деталь, әдемі образды сурет жатыр. Сондай-ақ , ақынның биік арманы анық көрінеді. Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді.

Туған жерге сағыныш.
О, туған жер, кең пейіл құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен, –
немесе:
"Сені қалай сүю керектігін
Мен ешқандай кітаптан оқымадым", –

деп, туған жерге деген өзінің сағынышын, ерекше сезімін жырғып шынайы суреттейді. Ал:

Далам менің – қазынам, жыр сандығым,
Жыр нәрімен жер балқып, босанды құм.
Сортан жердің тұзы бар тамырымда
Ақшылтымдау сондықтан жусан жырым, –

деген жолдардағы сезімі ерекше.
Фаризаның өз сөзімен айтқанда, "өнер де, өмірдің өзі сияқты, ылғи қуаныш пен шаттықтан тұрмайтыны белгілі". Сондықтан да болар, Фариза:

Менің жырым –
Құштарлық қысқан кеудемнен
Бұрқырап жатқан бір жалын... –
дейді.
Ағынан ақтарыла жырлау, ой-сезім тізгінін өлең жолында іріктей еркін ұстау – Фариза туындыларының өзекті қасиеті.

"Атқа шапқан-бақыт деп женгелерім
Жұбатса да, жүрегім көнбей менің
Алып ұшып тұра алмай бір орнымда
"Бәйгесі құрсын, өзі аман келгей", –

дедім...
Бұлай деп тек ана ғана бәйек бола алса керек. Ақын қыз соғыс зардабын, соғыстан оралмаған талай әкелер мен ағалардың, қыршын кеткен жастардың тағдырын айрықша бір сүйіспеншілікпен жырлайды.

Солай біздер қоштастық балалықпен,
Біз күткенбіз әкені, ана күткен.
Күту қиын, адам бұны ұқпаған,
Солдат көрсем, әлі күн тұрып қалам,
Әкем емес екен деп қадалып мен... –
немесе:
Келеді, рас, Жеңістер қасіретпен,
Құрбандықпен... талайдың шашы ағарып, –

деген жолдарынан "Жеңіс күні" оңайлықпен келмегенін ашып айтады.

Табиғатты жырлау. Мұнда ақынның ешкімге ұқсамайтын өзіндік үні, даусы анық байқалады. Ақынның "Жаз" деген өлеңі тұла бойы қолмен қашалып жасалған әдемі мүсінді көз алдына елестетеді. Сурет пен теңеу, өткір ойлар қосылып өрілгенде көз алдыңа ғажап дала бейнесі келеді. Жаздың ыстық жалынына төзе алмаған ерке бұлақ көрінісі – ғажап! Биік таудың басына ызғар, мұзы жатса да, төсінде қызыл ала қызғалдақтар жайқалып тұр. Бұл – әсем Алатаудың көз тоймас келбеті ғой!
Сұлулар барған сайға бұғып,
Қарайды көлдің бетін айна қылып.
Шіркін, жаз, жомартсың-ау базарлыққа,
Бересің жан біткенге жайдарылық.
Адам жанына шуақ сеуіп, күлімдеп жүретін жандар болады. Осындай адамды жадыраған жаз мінезді адам дейді. Бұл жерде ақын жаз бен адамды салыстырып отыр.
Табиғат тірі. Оған мына бір жолдарды оқи отырып көз жеткіземіз:
Бас иіп қырдың жасыл қияқтары
Тұрғандай жаныңа әсем күй ақтарып.
Көп-нәзік қырдың гүлі албырайды,
Алғашқы балғын сезім сияқтанып.
Күн шықты жанарыңнан нұр атылып,
Құм жатыр бұйра жонда шұбатылып.
Жартыкеш ай барады жаутаң қағып,
Үйінен кеткен қыздай ұзатылып.
Анықтап көз салсақ, осы өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі бар. "Жарты-кеш ай ұзатылған қызға ұқсаса, қыр тәтті ұйқысын қимай қалғып қана тыныштық құшағында жатыр. Ал нәп-нәзік қырдың жұпар гүлі алғашқы балғын сезімге ұқсайды", – дейді ақын. Шынында мұндай тапқыр да сұлу тіркестерді тек Фариза ақын ғана таба алатын сияқты. Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән секілді.
Фариза өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы ғажайып суреттерге толы. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз.



Қарайды көлдің бетін айна қылып.

Шіркін, жаз, жомартсың-ау базарлыққа,

Бересің жан біткенге жайдарылық.

Адам жанына шуақ сеуіп, күлімдеп жүретін жандар болады. Осындай адамды жадыраған жаз мінезді адам дейді. Бұл жерде ақын жаз бен адамды салыстырып отыр.
Табиғат тірі. Оған мына бір жолдарды оқи отырып көз жеткіземіз:

Бас иіп қырдың жасыл қияқтары

Тұрғандай жаныңа әсем күй ақтарып.

Көп-нәзік қырдың гүлі албырайды,

Алғашқы балғын сезім сияқтанып.

Күн шықты жанарыңнан нұр атылып,

Құм жатыр бұйра жонда шұбатылып.

Жартыкеш ай барады жаутаң қағып,

Үйінен кеткен қыздай ұзатылып.

Анықтап көз салсақ, осы өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі бар. "Жарты-кеш ай ұзатылған қызға ұқсаса, қыр тәтті ұйқысын қимай қалғып қана тыныштық құшағында жатыр. Ал нәп-нәзік қырдың жұпар гүлі алғашқы балғын сезімге ұқсайды", – дейді ақын. Шынында мұндай тапқыр да сұлу тіркестерді тек Фариза ақын ғана таба алатын сияқты. Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән секілді.  Фариза өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы ғажайып суреттерге толы. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз

Көрнекті жазушы Әкім Тарази сөзімен «¥лы Адам, улкен адам еш уақытта мен ұлылыққа қызмет етіп жүрмін деп ойламайды. Ол өзімен-өзі алысып әуре. Өзінен-өзі күнде  жеңіліп қиналады. Өзінен-өзі күнде жеңіп қуанады. Фариза да сол адамдардьң қатарында. Фариза әлі де алыс-алыс замандарда өлмeйтiн, биік тұғырлы шығармалар жазады» деп корытындылаймыз.



Фариза Оңғарсынова есімін естігенде жыр сүйер қауымның бір елеңдемей қалғаны болған емес. Поэзияға келумен оның көркемдік әлемінен ойып алудың арасы жер мен көктей. Мұның біріншісі – бірталай қаламгерлердің еншісі болғанмен, ал екіншісі – сирек те болса шынайы таланттардың заңды ырыс-несібесі, ақындық тағдыры сыйлайтын бәсіресе – бағы, өзіне тиесілі сыбағасы.  Фариза ақынның поэзиялық-көркемдік әлеміне мейлінше  ден қойғанынды, өте-мөте сүйетіндігіңді бүгіп қалу еш мүмкін емес.

Фариза ақын өлеңінде адамдардың қоғамдағы орны, борыш пен парыз, жақсылық пен жамандықтың күресі сияқты келемі мәселелерге өз көзқарасын білдіреді. Оның «Адам деген – уақыттың сыңары, заманының ұланы, шырқап салар жыр-әні, көкке өрлетсе – қыраны, аяласа – ну бағы, жер салса – тулағы. Заманының да ұлы емес, уақытың да түк емес!

- Адамдарды өмір сыны жеңбесе, тіршіліктің екпініне ермесе» деген жолдарында осындай келелі ой, қоғам алдындағы борышты сезунішілік жатыр. Сондықтан да адамдар,  ақын  түсінігінше «Өзіңе берілген өлшеулі өмір ішінде бір-біріне жақсылық жасай білуі керек», - дейді.

Ф.Оңғарсынова – өмірге сергек қарайтын, жамандық атаулыны, оның ішінде адамдардың бойындағы салқындықтың, екіжүзділік, жігерсіздік сияқты болсандықты жан-жүрегімен жек көретін ақын.

Шығармалары

Марапаттары

Отбасы

Әкесі - Иманғалиев Оңғарсын.

Анасы - Иманғалиева Қалима.

Ұлы - Оңғарсынов Әнуар (1966 ж туған ).

Немерелері - Анита (1987 жылы туған ), Алан (1996 жылы туған ), Әнел (1999 жылы туған ).





Замандастар көзімен



«Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады»

Нұрсұлтан Назарбаев.

«Фаризада халықтық рух бар, ол — елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын. Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын»

Әбділда Тәжібаев.



«Фариза - поэзияның іші мен тысын ойлай алатын ақын»

Ғабит Мүсірепов

«Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде Махамбет өлеңдерінің екпіні, Махамбет өлеңдерінде ғана кездесетін, лирикамен қатар жүретін ашу-ыза екпіні бар. Фаризаны мақтау қажет емес, мақтану керек»

Әкім Тарази.

«Фариза прозасындағы эссе — қара сөз дегені болмаса, баяғы сол есіліп тұрған поэзия»

Шерхан Мұртаза

«Фариза – аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары»

Әбіш Кекілбаев



Қорытынды

Ақының творчествосына тән басты қасиет – шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады. 1979 жылы жарық көрген «Сенің махаббатың» жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы – шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар.

Ақын Қасым Аманжолов айтқандай, ақын өмірбаяны өлеңдерінде екені рас. Фариза да өзі ғұмыр кешіп жатқан уақыттың жыршысы. Ол өз замандастарының, өз заманының өмірбаянын өз өлеңдерінде өрнектеп жүр, сол себепті де оның тағдыр жолын толғаған жырлары онымен құрбы-құрдас бір ұрпақтың да өмір сыры.

Әйел жаратылысының нәзіктігі мен қылықтылығын, жаны мен тәнінің сұлулығын, махаббатының мөлдірлігін тап Фаризадай жарқыратып, сүйсінте жазған ақын жалғыз-жарым ғана. Әйелдің болмысындағы табиғи қадір-қасиетін, әсіресе мөлдір махаббатын, осы жолда кезігетін қызғанышы мен сүйінішін, рахаты мен ләззатын жеріне жеткізе иландыра, сүйсіндіре, тереңнен толғап жазған соң ғана ол мың сан оқырманға ой салуда.

Өз өлеңдері арқылы ақын біздерді – оқырмандарын жанарында мұңы жоқ, жамандықпен көре тұра күреспейтін, жылағанның қайғысын бөліспейтін, құлағанның қолтығынан демемейтін, бәріне риза, бәріне мәз, айналадағы адамдардың тіршілігінен, қоғамдағы өзгеріс-жаңалықтардан бейхабар әрі олардың не болып жатқанында шаруасы жоқ, безбүйрек, өзімшіл, өркөкірек пенделердің болмыс-бітімін айғақтайтын поэтикалық портреттерімен таныстырып, ондайлардан отауыңды оқшау қондыруыңды, сондай-ақ өзіңнің де сондай сүйкімсіз, сұмпайы мінезден аулақ болуыңды қалайтын қағидат-пікір пайымдап отыр.

Жүрегімен жыр қашаған ақынның өлеңдері өмірлік өнеге алатын ақиқаттан бастау алатын, жан сусынын қандыратын тас бұлақтың таза суындай. Ендеше жұртты ысырып, өзіне жол ашпаған, басқаларды баса-көктеп төрге озбаған, ешкіммен жең ішінен жалғаспаған, арзан атақ-беделге жармаспаған, әкімдерге жағамын деп көңілдерін ауламаған, дөкейлердің қолына су құйып, қызметінен түскенде соңына шырақ алып түспеген, жалған күліп, жорта жылағансып, өтірік жаны ашығансымаған, жалғандықпен жұғыспаған адамды ардақ тұтып, өмірінен өнеге алуды дәріптеген ақын алдында да, оның осындай қазақы қасиет, мінезге бай лирикалық кейіпкеріне де қалай басыңды имессің?!

Қорыта айтқанда, Фариза ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңде күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ әсте қателеспейміз,
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Қазақ Елінің тұлғалы азаматы, көрнекті қоғам қайраткері. Бұл атаққа ол ақтаңгер ақындығымен де, тәуелсіздік жолындағы сіңірген жанқиярлық еңбегімен де өте лайық Азамат екендігі талассыз шындық.

«Көп жұрттың ұғымында: Айға аттаған
Мен жүрген жаны қайрақ, қайратты адам.
Ал, өзім «жетім» деген сөзді естісем,
Сол бойда құздан құлап, жайрап қалам.

Сан ғасыр шыр айналып жұмыр жерім,
Таппады жетімдіктің бүгін де емін.
Жан-жағы тұлдыр дала – тауға қарап:
«Жетімтау. Жетімтау» деп күбірледім.

Бұл дертті жоқ менің де емдер дәрім.
Жанға, рас, жаны жүдеу дем берді әнім.
Таңдандым таулар да шын тата ма деп
Жердегі жетімдіктің кермек дәмін. 

Маңдайда естілмейді жыр да, шу да,
Сонда да көңіл соқпас құр жасуға.
Жанында Жетімтаудың таулар түгіл
Төбе жоқ сырласуға, мұдасуға...
»

(Фариза Оңғарсынова)

















Пайдаланған  әдебиеттер


1. Шәріпов Ә. Қазаіргі дәуір және қазақ совет әдебиетінің даму проблемалары. Алматы. Ғылым,1973
2. Тәжібаев Ә. Фаризаны оқысам, қанаттанып қаламын.// Жетісу, 1989,23 желтоқсан

3. Қирабаев С. Талантқа құрмет. Алматы.Жазушы, 1988

4. Нұрғалиев Р. Мінезді жырлар. Алматы. Жазушы, 1987

5. Сейітов С. Өлең өлкесінде. Алматы. Жазушы, 1984

6. Мәуленов С. Үркер төбеде тұр. Алматы.Жазушы, 1971

7. Белинский В. Шығармалары. Алматы. Жазушы, 1987

8. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы. Жазушы, 1989

9. Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. Алматы. ҚМБ, 1960

10. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы. Ана тілі, 1995

11. Оңғарсынова Ф. Екі томдық таңдамалы шығармалар. І том. Алматы. Жазушы, 1987

12. Кекілбаев Ә. Дәуірмен бетпе – бет. Алматы. Жазушы, 1972

13. Қабдолов З. Көзқарас. Алматы. Рауан, 1996

15. Әуезов М. Әр жылдар ойлары.Алматы. ҚМБ, 1959

16. Ысмаиылов Е. Ақындар. Алматы. ҚМБ, 1956

17. Тоқбергенов Т. Ай мүйіз. Алматы. Жалын, 1990

18. Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз. Алматы. Жазушы, 1989

19. Әл Фараби. Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат. Алматы. Жалын, 1980

20. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы. Қазақ университеті, 1992

21. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. Алматы. ҚМКӘБ, 1960

22. Базарбаев М. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. Алматы. Жазушы, 1973

23. Мүтиев З. Ф.Оңғарсынова лирикасы. Канд.дис.Алматы, 2000
24. Ақүрпекова Г. Ф.Оңғарсынованың табиғат лирикасы жайлы сыр // Қазақстан мұғалімі, 1995, 26 шілде

25. Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Алматы, 1994

26. Оңғарсынова Ф. Қыз – ғұмыр. Алматы. Жалын, 1996

27. Оңғарсынова Ф. Шілде. Алматы. Жазушы, 1978

28. Оңғарсынова Ф. Қыз – тағдыр. Алматы. Жалын, 1994

29. Оңғарсынова Ф. Жүректер тілдескенде. Алматы. Жалын, 1990

30. Оңғарсынова Ф. Шашы ағарған қыз. Алматы. Жазушы, 1990

31. Ғ. Мүсірепов Таңдамалы шығармалар жинағы, Жазушы, 1987

32. Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011.

33. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009

34. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005.

35. Нұршаева Д. Поэзия падишасы/Нұршаева Д.//Мектептегі кітапхана=Библиотека в школе.-2010.-№5.-27-28бет.

36. Қайынбаева Ш. «Жыр – менің жалғыз тарланым» (9 сынып оқушыларына арналған ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған концерт-конференция)/Қайынбаева Ш. // Қазақ тілі мен әдебиеті.-2012.-№10.-116-118 бет



"Фариза Оңғарсынованың халық поэзиясына қосқан үлесі"
  • Другое
Описание:

Работа «Вклад Фаризы Онгарсыновой в казахскую поэзию» написана учащимся средней школы- гимназии №64 имени Ж. Аймауытова на должном, высоком уровне.

Даулетбай Бекарыс изучил данную тему не только со стороны казахской литературы, но и ознакомился с жизнью и творчеством Фаризы Онгарсыновой.

Даулетбай Бекарыс, на произведениях Фаризы Онгарсыновой, докозал, что Фариза Онгарсынова не просто поэт, писатель, журналист, но и общественный деятель, автор целого ряда поэтических книг и публикаций.

Работа выполнена грамотно, заслуживает внимания не только у учащихся школ, но и у студентов ВУЗов, заслуживает высокой оценки среди научных работ.

Книги народной поэтессы Фаризы Онгарсыновой«Соловей», «Мелодия», «Беспокойная пора», «Гордое поколение», «Буйное русло» изданы на казахском языке. Сборники «Нежность», Тревоги», «Озарение» опубликованы на русском языке.
Для казахстанских почитателей таланта поэтессы, Фариза Онгарсынова – признанный мастер слова, автор дорогих сердцу лирических стихов, поразительных по своей силе духовной энергии поэм «Проклятье», «Алмазный клинок», «Окровавленная победа», «Скитания голоса в двух зеркалах».

Автор Даулетбай Бекарыс Нуркенович
Дата добавления 02.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 1434
Номер материала 58743
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓