Главная / Начальные классы / "Фабрикада" тақырыбы бойынша дүниетану пәнінен ашық сабақ

"Фабрикада" тақырыбы бойынша дүниетану пәнінен ашық сабақ

Пән

Дүниетану

мерзімі

13.04.2015

Тақырыбы

Фабрикада

Жалпы мақсаты

Фабрикада өндірілетін өнімдер мен қызметкерлердің еңбегі жайлы білу.

Оқу нәтижелері

Фабриканың түрлерін ажырата алады.

Матаның мақтадан, зығырдан дайындалатынын біледі.

Мақта суы мол, ауа-райы ыстық өлкеде өсірілетінін түсінеді.

Дереккөздер

Оқулық, әдістемелік нұсқау, кестелер.

Сабақ кезеңдері

Орындалатын жаттығулар

Оқушылардың іс-әрекеттері

Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

1/«Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы арқылы

ынтымақтастық атмосферасын орнату.

2/Түстер бойынша топқа бөлу.


Оқушылар ортада шеңбер құрып отырады. Араларынан бір оқушы шығып бірнеше оқушының киіміне қатысты ортақ нәрсе айтады, сол кезде олар орындарын ауыстырады. Қолдарындағы түрлі-түсті қағаздарға қарап топқа бөліне ді.

Өткенді қайталау.

5минут

«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын еске түсіреді,ыстық орындықта отырған оқушыға сұрақ қояды.

Қызығушылықты ояту

5 минут


Біз бәріміз де киім киіп жүреміз, бірақ оның неден тігілетіні туралы ойлана бермейміз.

«Таза тақта» әдісі бойынша жұмыс:

-Біздің киімдеріміз неден тігіледі деп ойлайсыңдар?

-Ал мата неден жасалады?

-Мақта қайда, қалай өсірілетінін білгілерің келе ме?

Мақта жайлы білу үшін бүгінгі сабағымызды бастайық.


Жауап беру арқылы диалогқа түседі.Балалар жауап беріп отыпған сайын тақтадағы сұрақтар өшірііліп отырады.

Мағынаны тану

15 минут


1/Бүгінгі тақырыбымыз «Фабрикада» деп аталады. Тақырыбымыз «Фабрикада» деп аталғандықтан бүгінгі сабақтағы мақсатымыз қандай болмақ?

Мақсатымыз: Фабрикада не өндірілетінін, қызмет- керлері қандай жұмыс атқаратынын білу.

2/«Демонстрация» әдісі, көрсетілім.

3/«Жеке жұмыс». Оқулықтағы мәтінді түсініп оқу.

4/ Топтық жұмыс «Мен суретшімін»

Тапсырма: Матаға сурет салу, бояу, кестелеп тігу, жұмысты қорғау.


Сабаққа мақсат құрады.


Бейне материал көру арқылы мақтадан қалай мата жасалатынын тігін фабрикасында матаны қалай іске асыратынын көреді.

Көргендерін жинақтайды. Топта бірігіп жұмыс жасайды.

Топтың бір мүшесі матаға сурет салады.Келесі оқушы суретті бояса, енді біреуі шетін кестелеп тігеді, біреуі жұмысты қорғайды.

Ой толғау

5минут

«Бір минуттық эссе»

«Менің қиялымдағы фабрика» тақырыбына

әр оқушы өз ойын шағын эссе түрінде жазуы керек.

Әр топтан 1 оқушы өз ойын ортаға салады.

Сабақты қорыту 5минут

1/ Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі арқылы сабақты қорыту.

2/Үй жұмысын түсіндіру.

3/Формативті бағалау.

«Бағдаршам түстері» әдісі арқылы бағалау.

Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін алақанға, не түсінгенін 5 саусаққа жазады.

Сабақтың әр кезеңінде жинаған түстерді санай отырып , әр оқушы өзін –өзі бағалайды.

Оқуға арналған тапсырма

Мәтінді түсініп оқу.

Фабриканың басқа түрлері жайлы мағлұмат жинап келу.



"Фабрикада" тақырыбы бойынша дүниетану пәнінен ашық сабақ
  • Начальные классы
Описание:

Этот урок был проведен в 3 классе на тему "На фабрике" по предмету познание мира. Урок разработан и составлен грамотно, и соответствует всем требованиям., возрастным и физиологическим особенностям учащихся.Урок был проведен в декаде младшего школьника. В течении урока ученики работали в группах, выполняли задания различного типа. Составляли постеры, выполняли творческие работы, такие как- рисование, вышивка,и.т.д.

Автор Абдырова Назгуль Акаевна
Дата добавления 28.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 297
Номер материала 59743
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓