Главная / Физкультура / «Ежелгі ұлттық спортының бірі – тоғызқұмалақ»

«Ежелгі ұлттық спортының бірі – тоғызқұмалақ»

Оңтүстік Қазақстан облысы

Бәйдібек ауданы

Қайнар жалпы орта мектебі мемлекеттік-коммуналдық мекемесі

Төленбек Нұртілеу 5сынып оқушысы

Ғылыми жетекшісі Мейірманов Тілеубек Төленбекұлы

«Ежелгі ұлттық спортының бірі – тоғызқұмалақ»

Қазақ халқының ежелгі ұлттық спортының бірі – тоғызқұмалақ. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ойынның пайда болуы шамамен 4 мың жылдық кезеңді қамтитын көрінеді. Алайда, өкінішке қарай, елімізде тоғызқұмалақ ойыны туралы білетін жандар өте аз.

Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде әртүрлі үлгілері бар. Мәселен, Египетте осыған ұқсас ойынды «калах» деп атаса, Шри-Ланкада «олинда калия», қырғыздарда «тогузкоргоол», африкалықтарда «манкала», «габата», «абапа», «нам-нам», «бао», «тамподуо», «омвесо», «маработ» деп аталады екен. Сол сияқты америкалықтарда да тоғызқұмалақтың өз үлгілері бар. Олар оны «аджи-бото» немесе «варри роунд» деп атайды. Ал Қазақстанда алғаш рет 1974 жылы тоғызқұмалақтан Республика біріншілігі өткен. Содан бері ел чемпионаты жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ федерациясы құрылған. Президенті – Әлихан Байменов. Ұлттық құрамамыздың бас бапкері – Айнұр Жақыпбаева.

Тоғызқұмалақ ойынының  негізгі ережелері:
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы  2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаға
н ойыншыны қостаушы деп атайды. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен сегізін алып, біреуін орнында қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде, орны бос қалады. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе екі-үш құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

Атсырау ережесі:
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ кеми бастайды.
Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері азая береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірі өз отауларында жүріс жасай алмай қалатын жағдай да кездеседі. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші тауысып алып, жүріссіз қалуы «атсырау» деп аталады. Мәселен, қостаушы атсырауға ұшыраса, бұл жағдайда бастаушы қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Сөйтіп, бастаушы жеңімпаз атанады. Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса, ойын бірден тоқтатылып, сол ойыншы жеңімпаз болып танылады.

Тұздық алу:
Тоғызқұмалақта құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде «тұзды үй» деп атаған. Бүгінде «тұздық» дейді. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде қарсыластың екі құмалағы бар отауына сіз таратқан құмалақтардың соңғысы түсуі керек. Сонда сол отауда қалыптасқан үш құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, сол отау ойынның соңына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Яғни жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде «Х» деген шартты таңбамен белгіленеді. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды. Сондай-ақ тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мәселен, егер бастаушы сіздің №2 отауыңызға тұздық қойса, сіз оның №2 отауына тұздық сала алмайсыз.

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
Құмалақ
Қазан Отау Бастаушы Қостаушы Тұздық Атсырау

Тоғызқұмалақты «Қойшылар алгебрасы» деп те атайды. Себебі бұл ойынды алғашында өрісте қойларын жусатып жіберген қойшылар ойнайтын болған. Жерден ұя-шұңқырлар қазылып, құмалақпен ойналған бұл ойын қазір он сегіз отаудан және екі қазаннан тұратын арнайы тақтада жүз алпыс екі таспен ойналады. Тоғызқұмалақ ойыны – тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысы. Бастапқыда әр отауда тоғыз құмалақтан орналасады. Ойынды солдан оңға қарай кез келген отаудан бастап жүруге болады. Ол үшін жүріс жасалатын отаудан орнына бір құмалақ қана қалдырып, қалған сегіз құмалақты түгелімен аласыз да, келесі отаудан бастап әрбір отауға қолдағы құмалақ біткенше бір-бірден салып шығасыз. Ойыншылардың мақсаты – неғұрлым көп құмалақ алу. Сондықтан ойын үстінде әрбір ойыншы өз отауларындағы құмалақтарды шамасы келгенше жұп ұстауға, қарсы жақтың отауларын тақ жасап отыруға тырысады. Тақ санды отауларға үздіксіз шабуыл жасалады. Қазандарға ойыншылардың ұтыстары жазылады.

«Тоғызқұмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді және бабаларымыздың осал адамдар болмағанына көз жеткізеді. Өткен ғасырда қазақ даласында ең танымал ойынының бірі осы "қойшылар алгебрасы" атанған тоғыз-құмалақ бүгінде жақсы жарнама күтіп тұрған сияқты. Тура осындай ойын түрі Африка құрлығында да бар. Омвесо деп аталады екен. Алайда Уганда елінде кең тараған бұл ойының ережелері де ойын тақтасы да өзгеше. Айта кететін бір жәйт, угандалықтар бұл ойын түрінен әлемдік біріншіліктерді де ұйымдастырып жүр. Қара құрлықта омвесо болса, араб елдерінде бұл ойын манкала деп аталады. Бұл ойынның да өз ережелері бар. Отаулар саны 42 екен. Ал бұл ойынның тарихына келер болсақ  араб мәдениетінің ескерткіші саналатын X ғасырда жазылған "Китаб уль Агани" атты кітабында осы ойын туралы жазылған. Тоғыз-құмалақ ойыны әлемнің бірнеше елінде бар. Дұрысы ол ойында біздің ұлттық ойынға ұқсастығы бар. Мысалы жаңа айтып кеткен Африкада осы ойынның 90 түрі кездеседі. Марокко елінде бұл ойынды "сиг" деп атайды. Алғаш рет ағылшын Р. Перри, 1936 жылы бұл ойын туралы кең тарқатып берген болатын. Ал Гана елінде бұл ойын "варри" деп аталады екен. Оның ерекшелігі әйелдер ойыны ер азаматтардың ойынынан бөлектеу екен. Сол секілді Либерияда бұл "поо" ойыны болса, Сенегал елінде "капо кунго" деп аталады екен. Меніңше ең қызықтысы Зимбабведе. "Исафу" деп аталатын ойында 60 отау болады екен, және осын бір мезетте 10 адам ойнайтын көрінеді. Ал бізде болса бұл ойын түрі тоғыз-құмалақ деп аталып кеткен. Бүгінде жастар қызығушылығы да бар.

«Ежелгі ұлттық спортының бірі – тоғызқұмалақ»
  • Физкультура
Описание:

Қазақ халқының ежелгі ұлттық спортының бірі – тоғызқұмалақ. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ойынның пайда болуы шамамен 4 мың жылдық кезеңді қамтитын көрінеді. Алайда, өкінішке қарай, елімізде тоғызқұмалақ ойыны туралы білетін жандар өте аз. Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде әртүрлі үлгілері бар. Мәселен, Египетте осыған ұқсас ойынды «калах» деп атаса, Шри-Ланкада «олинда калия», қырғыздарда «тогузкоргоол», африкалықтарда «манкала», «габата», «абапа», «нам-нам», «бао», «тамподуо», «омвесо», «маработ» деп аталады екен. Сол сияқты америкалықтарда да тоғызқұмалақтың өз үлгілері бар. Олар оны «аджи-бото» немесе «варри роунд» деп атайды. Ал Қазақстанда алғаш рет 1974 жылы тоғызқұмалақтан Республика біріншілігі өткен. Содан бері ел чемпионаты жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ федерациясы құрылған. Президенті – Әлихан Байменов. Ұлттық құрамамыздың бас бапкері – Айнұр Жақыпбаева

Автор Мейирманов Тилеубек Толенбекулы
Дата добавления 23.04.2015
Раздел Физкультура
Подраздел Другое
Просмотров 502
Номер материала 58183
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓