Главная / Другое / ЭВМ- нің даму тарихы. Тіл білімі ғылымының әр түрлі салалармен байланысы.

ЭВМ- нің даму тарихы. Тіл білімі ғылымының әр түрлі салалармен байланысы.

Сабақ жоспары №__2______

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Тақырыбы: ЭВМ- нің даму тарихы. Тіл білімі ғылымының әр түрлі салалармен байланысы.

1. Білімділік: Тіл білімі ғылымының әр түрлі салалармен байланысы туралы білімдерін жетілдіру.

2. Дамытушылық: Информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру. Қазақ тілінен білетіндерін жүйелеу және жетілдіру

3. Тәрбиелік: Озық мәдениет үлгісін жетік меңгеруге, мәдениеттілікке тәрбиелеу

Сабақтын түрі: аралас

Сабақтын әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, информатика

Сабақтын әдістемелік қамтамасыздануы: Ш.К.Бектұрова «Қазақ тілі», К.Мұхамедиева «Кәсіби қазақ тілі», «Қазіргі қазақ тілі» зертханалық жұмыстар, слайд, үлестірмелі қағаздар


Сабақтың барысы

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Қызығушылықты ояту (Ассосация әдісі)
III. Жаңа сабақ (Мағынаны тану)
IV. Жаңа сабақты бекіту (Ой толғаныс)
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау
I. Ұйымдастыру бөлімі
«Жүректен – жүрекке» психологиялық тренинг.
Жүректен - жүрекке тренингі арқылы бір - біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.
Сөздерден сөйлем құрау арқылы 4 топқа бөлінеді.
ІІ. Қызығушылықты ояту:
Есептеу құрылғыларына ассоциация жасауды ұсынамын.
(Алдымен әр білімгер өзі дәптерге жазады, сонан соң топта талқылап топтың ассоциацасын жасайды.)
ІІІ. Мәтінмен жұмыс

1. Тіл білімі және салалары

Жалпы  түркологиядағы сияқты қазақ тілі білімінде де ерте заманнан бері сөз болып келе жатқан бірнеше салалар бар. Олардың қатарына тілдің де, ол туралы ғылымның да негізіне жататын фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеледі. Енді аталған үш салаға жеке-жеке тоқтала отыра, олардың зерттелу тарихын сөз етейік.

2. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

Қазақ тіл ғылымының бастауы тіл табиғатын жан-жақты зерделеген ғылыми еңбектермен қатарласа қалыптасқандықтан, оның теориялық бірліктері мен ұстанымдары да, бағыт-бағдары да белгілі бір ережеге бағына, жүйелі реттілікте сақтай отырып жүзеге асты деп айта алмаймыз. Тіл болмысын, оның қызметін  адамзат атаулының тұрмыс-тіршілігімен, таным-қабылдауымен, пайым-түсінігімен байланыстыра зерделеу арқылы өзектелген бұл сала алғашқыда пәлсапа мәселелерінің тілдік тұжырымдарға етене арласуымен өзгешеленсе, одан кейінгі  кезекте мұнда ғылымдардың ара-жігін ашуға ұмтылу, тілдің құрылымдық жүйесін сұрыптау, ал экстра факторларды екінші кезекке қалдыру әрекеттері көбірек байқалды, сол себепті аталмыш зерттеулерде  танымдық ұстанымдардың деңгей-дәрежесі де бір қалыпты дамыған жоқ.

Дегенмен, «Адамзат баласы қашанда өзін қоршаған  ортадағы заттар мен құбылыстардың мәнін, сыр-сипатын жете білуге тырысқан. Бірте-бірте олардың даму заңдылықтарын ашып, дүние танымын кеңейткен», -деп ғалым Б.Сағындықұлы атап көрсеткендей, таным мәселелері  адам баласының назарын әрдайым өзіне аударып келгендіктен, бірде арнайы, бірде қосымша қарастырылған тілтанымдық ұғымдар мен бірліктер, олардың  ғылыми-теориялық ұстанымдары  бүгінгі күні аса құнды тұжырымдар қатарын құрау үстінде. Олар жаңа когнитивтік концепциялардың дүниеге келуіне түрткі болумен қатар, тіл ғылымын соны әдіснамалық жетістіктермен қамтамасыз етуге көмектесті. Нәтижесінде адамзат тілін зерттеудің өзгеше сатылары негізделіп, тек тілтанымдық этюдтер ғана емес, маңызды теориялық ілімдер де топталды. Соның арқасында қазақ тіл білімінің зерттеу шеңбері кеңейіп,  өзге лингвистикалық бағыттармен қатар когнитивтік негізде өрілген қағидалардың да әлемдік  жетістіктермен қатарласа дамуына мүмкіндік пайда болды. Оның айқын айғағы ретінде тілдік фактілердің таным категорияларымен сабақтасуын, жекеленген  лексикалық бірліктерді зерттеуде тарихи таным әдістерінің қолданылуын, құрылымдық грамматика мәселелері мен адамзат эволюциясының даму заңдылықтарының ұштасуын,  ингтра және экстралингвистикалық мәселелердің күн тәртібіне қойылуын әрі адамдық фактордың жан-жақты өзектеле бастауын келтіруге болады.

«Тілдің кез келген тарихи кезеңінде оның әр бөлшегі динамикалық тепе-теңдікте бола тұра, өз бойында лингвистикалық, әлеуметтік, психологиялық және өзге де факторлардың ықпалын сезінеді. Олардың басым көпшілігінің құпиясы әлі толық ашылмаған» делінгендей, қазақ тілтаным ғылымының дүниеге келуі мен теориялық сараптамадан өтуін дәйектейтін фактілер  қатарында, біріншіден, жалпы  тіл ғылымының  даму негіздерін; екіншіден, жеке тілдік ізденістердің жүзеге асу жолдарын атаған орынды, өйткені  ішкі сезім мен білімнің, тану мен қабылдаудың, біліктілік пен әлемдік тәжірибенің тоғысуынан құралған бұл тұжырымдар әрі субъективті, әрі объективті ұстанымдарға сүйене қалыптасып отырды     Демек, оның негізгі нысанына айналған тіл мен таным бірліктері де ғылымаралық байланыстың, объективті шындықты субъективті түрде бейнелейтін  заңдылықтың нәтижесі тұрғысынан ұғынылса, олардың астарында ұқсату немесе балау, образды түрде қабылдау, зейін қою, жадыда сақтау әрекеттері жатыр  деп есептелді. Осыған орай, қазақ тілтаным ғылымында сөз болған тілдік құралдар  когнитивтік сипатта, негізінен, келесі топтарға жіктеліп ұсынылып отыр: ұқсату яки аналогиялық қабылдауға негізделген бірліктер; метафоралар; этномәдени белгілер; мәдениет константтары мен символдық ұғымдар және этнографизмдер мен этнолингвистикалық арналар.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

А) Мәтінді мәнерлеп оқу, Ә) Мәтінді аудару, Б) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, В) Диалог арқылы өзара сұхбаттасу, Г) Мәтіндегі қиын сөздермен жұмыс жасау. Сөздікпен жұмыс, Ғ) Мәтін мен жаңа тақырыпты байланыстыра отырып, жаттығулар орындау Білімгерлердің өздеріне сөзжұмбақ құрғызып, оны шешу. Сергіту ойыны

Мағынаны тану:
1, 2, 3, 4 - ке санау арқылы 1 - лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына «жұмыс» тобын құрғыздым.
Әр топқа тақырыптарды оқуды тапсырамын, сұрақтар беремін.
Әрбір білімгер тақырыпты жақсы меңгеруі қажет, өйткені ол сол бөлікті «жанұя» топ білімгерлеріне түсіндіруі тиіс.
1 - топ «Алғашқы есептеуіш құрылғылар мен машиналар» тақырыбы:
1. Ең ерте заманғы есептеу құралын атаңыз.
2. «Есепшотты» басқа елдерде қалай атаған?
3. Қай жылдары қандай есептеуіш құрылғылар пайда болды, ол құрылғыларды кімдер ойлап тапты?
4. Алғашқы болып программа жазған кім?
2 - топ Электронды - есептеуіш машиналар:
1. Бірінші ЭЕМ - ді қай жылы, кім ойлап тапты? Оны қалай атады?
2. 1949 ж. қандай машина құрастырылды?
3. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары, кімнің басшылығымен жасалды?
4. 1952 - 1953 ж. қандай машина пайдалануға енгізілді?
3 - топ. « ЭЕМ – нің даму буындары»
1. ЭЕМ нің буындарын атаңдар. Олардың бір - бірінен айырмашылығы неде?
2. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
4 - топ тақырыптағы есептеуіш машиналардың аттарын, пайда болған жылдарын немесе авторын теріп жазу.
Барлық білімгерлерге сұрақтар беріледі.
1. Бірінші ЭЕМ қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?
2. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?
3. ЭЕМ - ның буындарын атаңдар.
4. Компьютердің атасы деп кімді атаған?
Рефлексия.
4 топ жазған сөздерді толықтыру.
Мысалы 1642 ж., Марк - 1;
Тапсырма беремін, кестедегі тапсырманы әр оқушы жеке орындайды.
Не?------------------------------- Қайда? Кім? ----------------------------- Қашан?
------------------------------------ Франция, Блез, Паскаль
Арифмометр
Білімгер әрекеті:
(Әр топ берілген тапсырмаларды оқиды, сұрақтарға жауаптар жазады.
Жауаптарын топта талқылап, бірін - бірі толықтырады.
Жанұяға қайта оралып өздерінің үйреніп келген тақырыптарын түсіндіреді. Бір - бірінің сұрақтарына жауап береді.
1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында механикалық есептеу машинасын құрастырды.
1944 ж. Говард Айкен Марк - 1 автоматты есептеуіш машинасын құрастырды)
ІV. Үй тапсырмасы
Есептеуіш техникасының даму тарихы туралы қосымша мәлімет жинап әкелу.
V. Критериалды бағалау


ЭВМ- нің даму тарихы. Тіл білімі ғылымының әр түрлі салалармен байланысы.
  • Другое
Описание:

Тіл білімі ғылымының әр түрлі салалармен байланысы туралы білімдерін жетілдіру.Информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру. Қазақ тілінен білетіндерін жүйелеу және жетілдіру. Озық мәдениет үлгісін жетік меңгеруге, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Жалпы  түркологиядағы сияқты қазақ тілі білімінде де ерте заманнан бері сөз болып келе жатқан бірнеше салалар бар. Олардың қатарына тілдің де, ол туралы ғылымның да негізіне жататын фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеледі. Енді аталған үш салаға жеке-жеке тоқтала отыра, олардың зерттелу тарихын сөз етейік.

 

Автор Шалкыбаева Роза Мухановна
Дата добавления 30.03.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 564
Номер материала 58902
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓