Қазақ тілі 2 сынып
Тақырыбы: «Етістік» жағалауына саяхат
Мақсаты:
1. Оқушылардың етістік сөз табы бойынша алған білімдерін жетілдіру, толықтыру.
2. «Етістік» жағалауына саяхат жасай отырып, оқушылардың шығармашылығын, қызығушылығын, зейінін, ойлау - қабілеттерін дамыту.
3. Сауаттылық, жолдастыққа, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, салыстыру, талдау, сипаттау, ойландыру. т. б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,, суреттер, қима - қағаздар, жетон
Түрі: саяхат сабағы
Пән аралық байланыс: Дүниетану, ана тілі
Өту барысы
Кезеңдері Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру кезеңі - Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Көңіл күйлерің қандай?

Психологиялық дайындық Егер көңіл - күйлеріңіз жабырқаулы болса, жұдырығымызды жұмып, бұлтты көрсетеміз, ал егер көтеріңкі болса, алақанымызды ашып, күнді көрсетеміз
- Біз қолымызбен не істедік?
- Қолымызды жұмдық, аштық, яғни іс – қимыл жасадық.
- Іс - қимылды білдіретін сөз табы қандай?
- Етістік. Дұрыс айтасыңдар.
«Үй тапсырмасын тексеру» жағалауы Бүгінгі сабағымыз ерекше, қазір біз «Балқаш» көліне саяхат жасаймыз. Біз саяхатымызды «Үй тапсырмасын тексеру» жағалауынан бастаймыз.
- Үйге берілген «Білім керек бәріне» тақырыбына құраған әңгімелерінді ауызша оқимыз.
- Енді балалар тақтаға назар аударамыз.
Етістіктер берілген, көп нүктенің орнына сұрақ қою арқылы зат есім тауып жаз.
... 
... ұшады
... секіреді
...
«Ой толғаныс» жағалауы
- Енді балалар келесі « Ой толғаныс» жағалауына
саяхаттайық.
Суреттерге назар аударамыз.
- Суретте не бейнеленген?
- Адамдардың іс - қимылы қандай?

«Сәйкестендіру» жағалауы Біз «Сәйкестендіру» жағалауына келдік. Онда мынадай тапсырма берілген екен.
Ит ---------- шақырады
Қарға ------ үреді
Қасқыр --- қарқылдайды
Әтеш ------ ұлиды
«Оқулықпен жұмыс» жағалауы «Оқулықпен жұмыс» жағалауына келіп қалдық.
Оқулықтағы 418 - жаттығуға назар аударамыз.
- Мақта дегеніміз не?
- Алдымен мәтінді түсініп оқимыз.
- Мәтін не туралы?
- Мақта туралы тірек - сызбаны толтырайық.
Терме диктанты
- Енді балалар осы мәтінде кездесетін етістіктерді тауып жазамыз.
Егер менің жауабыммен сәйкес келсе, + таңбасын қойып отырамыз.
Алынады, ұнатады, өсіріледі, ашылады, көрінеді.
- Жарайсыңдар балалар!
«Демалыс сәті» жағалауы «Демалыс сәті» жағалауына тоқтап, демалып алайық
1, 2, 3
Жинап алдық күш
4, 5, 6
Салақтықтан қашайық
Көрсетілген үлгіге
Әдемілеп жазайық.
«Дәптермен жұмыс» жағалауы «Дәптермен жұмыс» жағалауында дәптерімізге көркем жазу жазамыз.
420 - жаттығуды орындаймыз.
Етістіктерді қойылған сұрақтарына қарай екіге топтастырамыз.
Не істеді?
Келді, оқыды, көрді, жинады, сүртті
Не істейді?
Ұшады, жазады, байқайды, тарқатады
«Деңгейлік тапсырма» жағалауы «Деңгейлік тапсырма» жағалауына қош келдіңіздер! Сендердің білімдеріңді тексерейік, тапсырманы орындауға дайынбыз ба?
І деңгей
Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау.
Жасады, жинады, баптады, бояды.
ІІ деңгей
Берілген сөздер қатарынан етістікті тап.
1. Аспан, көгершін, жасыл, көшті, қарбыз
2. Әдемі, отырды, он, домбыра
3. Гүл, сағат, күреді, он үш, ертең

ІІІ деңгей
Суретпен жұмыс
«Есте сақта» жағалауы Біз Балқаш көлі арқылы кемемен саяхаттап жүрміз. Осы «көл» сөзі қандай сөз табына жатады?
- Дұрыс айтасыңдар. Зат есім. Не? Деген сұраққа жауап береді. Енді көл сөзін пайдаланып, сөйлем құрайық.
Бұл сөйлемде зат есім де және етістік те бар. Зат есім мен етістікті салыстырамыз.
Зат есім
Етістік
Қорытынды Балалар біз «Етістік» жағалауына жеттік.
Мақсатымыз қандай еді?
- Жарайсыңдар!
- Сындардан өтуге не көмектесті?
Достық, білім, өзара көмек.
Үй тапсырмасы 139 бет, 424 - жаттығу
Бағалау Оқушыларды жинаған жетон бойынша бағалау.

  • Начальные классы
Описание:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сыныбы:

3 «А»

Мұғалім:

Олжатаева Гулдана Оразтайкызы

Пән:

Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы:

Етістік

Мақсаты:

Оқушылар етістіктіқатыстырып, 10-18 сөйлем құрастыра алады. Сөйлем құрастыру кезінде өз ойын қорытып, жүйелі жеткізе алады.

Оқыту нәтижелері:

Оқушылар етістікті қатыстырып, 10-12 сөйлем құрастыра алды. Сөйлем құрастыру кезінде өз ойын қорытып, жүйелі жеткізе алды.

Әдіс-тәсілдері:

Қызығушылықты ояту,топтастыру стратегиясы, ой қозғау,теріп алу стратегиясы, семантикалық карта, топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ойлан/жұптас талқыла, кері байланыс

Сабақтың түрі:

Алған білімді қолдану және жаңа тақырыпты меңгеру.

Cабақтың формасы:

топтық; жұптық; жеке топтық; ұжымдық

Көрнекі құралдары:

АКТ, постерлер, таратпа қағаздар,карточкалар,

Негізгі ресурстар:

Қазақ тілі оқулығы 3 сынып , интернет ресурстар

Негізгі идеялар

Етістіктуралы алған білімдерін естеріне түсіріп қайталату.

Қамтылған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, АКТ, Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Сабақтың барысы

3 «В» сыныптағы әдебиеттік оқупәнінен сабақ жоспары

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әдіс-тәсілдер мен модульер

1.Ұйымдастырукезеңі

Амандасу . Оқушылардың жұптасып бір –біріне жақсы тілек тілеу арқылы көңілін аударту.Психологиялық дайындық

Оқушыларамандасады.

Оқушылардыңжұптасыпбір –бірінежақсытілектілеуарқылысабақтыбастаймын.

Ынтымақтастық орнату

2Қызығушылықты ояту

1)Топқа бөлу: Оқушыларды түрлі-түсті шарлардың түсіне қарай топқа бөлемін.

2.Үй тапсырмасын пысықтау«Топтастыру» стратегиясы алдыңғы сабақтардан алғанбілімдерін пысықтау.

Оқушылар2топқабөлінеді

2) Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып өткен тақырыптарды естеріне түсіреді,білімдерін нығайтады.

Ой сергек

СТО

3.«Ой қозғау» стратегиясы

Жаңа тақырыпты меңгеру

Етістік туралы не білесіңдер?

1-жаттығу

Алтын тулар желмен ойнап,

Қуанышты ұлғайтамыз.

Жеңіс күнін жылда тойлап

Жеңіс әнін жылда айтамыз.

2– жаттығу

Әдеттенген, аралады, ақылдасты, көркемдейді, жұмыртқалайды.

5 – жаттығу

Мына балалар

Неменелерің еді?

Немерелерің бе?

Шөберелерің бе?

Неменелерің бе?

Физминутка

билету, сергіту

Оқушыларөз ойларындәлеледейді,сұраққа нақты дәлелмен жауап беруді үйренеді.

Жаттығуларды орындайды.

Физминутка

әуенге билейді, сергиді.

Топпен жұмыс

Жалпы сыныптық

АКТ

Инсерт әдісі

10.Сабақты қорытындылау

«Сөз ойла тез ойла» ойыны арқылы етістікті қайталау

«Сөз ойла тез ойла» ойыны арқылы етістікті қайталайды.

Оқыту үшін бағалау

Бағалау

Мұғалім оқушыларды суммативті бағалайды

Кері байланыс орнату


Оқыту үшін бағалау

Жиынтық баға

Үйге тапсырма

3 жаттығу 109 – бет

Үйден жаттығуды орындайды.


Автор Олжатаева Гүлдана Оразтайқызы
Дата добавления 24.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 351
Номер материала MA-063394
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы