Инфоурок Музыка Другие методич. материалыЭстрадалық- симфониялық музыка

Эстрадалық- симфониялық музыка

Скачать материал

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылы

М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы

білім беретін мектеп балабақша кешені

музыка пәнінің мұғалімі

Жаннагуль Ануарқызы Сарсенгалиева

 

 Сабақтың тақырыбы:

Эстрадалық-симфониялық музыка

Сыныбы: 3 сынып

Сабақтың құзыреттілікке жеткізетін мақсаттары:

1.     Оқушыларға эстрадалық-симфониялық музыка, оркестр, аспаптары туралы жан-жақты ақпарат беріп, онымен жұмыс ұйымдастыру арқылы ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру;

2.     Өнерге қызығушылығын арттыру, топ алдында баяндама жасап, шағын аудиториямен жұмыс жүргізу негізінде коммуникативтік құзыреттіліктерін жетілдіру;

3.     Жас ұрпақтың адамгершілік, рухани, мәдени дамуына бағыт беру.

Күтілетін нәтиже: оқушылар әлем, қазақстан эстрадалық-симфониялық шығармашылығын, әндерін біледі, алдын ала берген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды, терминдерді меңгерген, алған білімдерін практикалық тұрғыдан қолдана алады, әндерін орындайды.

Түрі: аралас

Әдіс-тәсілдері: әңгіме, баяндау, ойын, проблемалық, тыңдату, демонстрация, талдау, сұрақ-жауап, алдын-ала тапсырма беру

Құрал-жабдықтары: тақырып бойынша презентация, компьютер, мультимедиалық проектор, эстрадалық-симониялық оркестр орындауындағы, аспаптардың аудиодыбыстары, видео «Маша и медведь. 19 серия. Репетиция оркестра»

 

Сабақтың барысы:    І. Ұйымдастыру

ІІ. «Джаз музыкасы» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Сабақ мақсаттарымен таныстыру

ІV. Жаңа материалды меңгерту

V. Жаңа материалды бекіту

VІ. Қорытындылау.

 

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Музыкамен амандасу

ІІ. «Джаз музыкасы» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын тексеру.

І. Сұрақтарға жауап беру Өткен сабақтарда шығармашылығымен танысқан композиторлар есімдерін атаңыздар.

-         Джаз музыкасы дегеніміз не?

-         Джаз оркестрінің құрамында қандай аспаптар бар?

-         Қазақстандағы джаз музыкасын орындайтын топтарды атаңдар?

ІІ. «Ре» нотасын салу

ІІІ. «Мектеп полькасы» әнін орындау

Музыкасы: И.Нүсіпбаев

Сөзі: Т.Молдағалиев

1. Біз - бейбіт ел ұланы,

    Өнер-білім – ұраны.

    Алдымыздан жақсы арман

    Күлім қағып тұрады.

Қ-сы: Біз - батыр ел жастары,

           Бақыт алға бастады. 

2. Тербетіліп алтын дән

    Теңіздейін толқыған.

    Даламызда тасқындап,

    Еңбек күйі шалқыған.

Қ-сы: Біз - батыр ел жастары,

           Бақыт алға бастады. 

3. Күш–қайраты қаулаған,

    Келешекке арналған.

    Алтын айдың төрінде

    Көгілдір ту қадаған.

Қ-сы: Біз - батыр ел жастары,

           Бақыт алға бастады. 

 

ІІІ. Сабақ мақсаттарымен таныстыру

-    Енді, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін назарларыңызға өздеріңе таныс мультфильмнен үзінді ұсынамын. Мұқият қарап, негізгі тақырыбы қандай екенін ойланып, айтыңдар.

-    Маша қандай аспаптарда ойнайды?

-    Көп аспаптарда ойналатын музыка қалай аталады?

-    Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызда эстрадалық-симфониялық музыка туралы, оның аспаптары, дыбыстары туралы білетін боламыз.

 

 

 

ІV. Жаңа материалды меңгерту

Эстрадалық-симфониялық музыка

Эстрадалық-симфониялық музыка - эстрадалық-симфониялық оркестрде орындауға арналған музыкалық шығарма.

(Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар баяндамалар жасайды,

мұғалім тыңдап, жүйелеп, қорытындылап отырады)

 

Эстрадалық-симфониялық оркестр алғаш рет 1945 жылы Ұлы Отан соғысынан кейін Мәскеу қаласындағы бүкілодақтық радио жанынан құрылған. Ол кездері халық жаппай көшелер мен алаңдарда орнатылған радио торабының маңына мыңдап жиналып, радио тыңдайтын. Жаңалықтардан кейін міндетті түрде жаңадан өңделген музыка жіберіліп отырды.

Кейінен эстрадалық-симфониялық оркестр «Радио және телевизия оркестрі» деп аталды. Оны кинохроника, киножурналдарды музыкамен көркемдеуде, телевизиялық және көркем фильмдердің музыкасын жазуда пайдаланды.

Эстрадалық-симфониялық музыка Қазақстанда

1956 жылы Қазақстанда алғаш эстрадалық-симфониялық оркестр құрылды.

Қазір мұндай оркестрлер республикамыздың көптеген қалаларында бар. Олар мерекелік концерттерде, телевизиялық байқаулар мен мәдени ім-шараларда өнер көрсетіп, көрермендерге қуаныш сыйлап келеді. 

(«Музыка» оқулығының 57-58 беті)

 

(Әр аспап жеке көрсетіліп, дыбыстарының аудиожазбалары ойнатылады.)

 

Музыка тыңдау –

Эстрадалық-симфониялық оркестр сүйемелдеуімен  Р.Рымбаеваның орындауындағы «Әлия» әні

-    Қандай аспаптардың дыбыстарын естідіңіздер?

-    Ән нені жырлайды?

-    Әлия туралы не білесіздер?

-    Осыған байланысты биылғы жылы қандай мереке таяп келеді?

-    Өте дұрыс, балалар, осы жылы біздер Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлаймыз. Әлия сынды көптеген батырларымыз жанын қиып, қасық қанын сарп етіп әперген жеңіс, азаттық, бостандықты біз әрқашан қадір тұтып, бағалауымыз керек, олардың ерлігін мәңгі есте сақтап, үлгі тұтуымыз қажеттігін ұмытпаңыздар.

«Ми» нотасын салу

 

Ән айту

«Егемен ел - Қазақстан»

Музыкасы, сөзі: Н.Алғашбаев

1. Ата-бабам арман еткен,

    Егеменді қазақ жерім.

    Қуаныштың көптен күткен

    Құтты болсын, дарқан елім.

Қ-сы: Сен дегенде, Қазақстан,

           Жүректен от лаулап ұшқан.

           Гүлдей жайнап, құлпыра бер,

           Егемен ел – Қазақстан. 

2. Бүгін, міне, таныды әлем,

    Қазағымның кім екенін.

    Мақтанышпен мен өзіңді,

    Ән етемін, жыр етемін.

 

V. Жаңа материалды бекіту

1. Артығын сызып тастаңдар


Гобой

Кларнет

Виолончель

Қобыз

Скрипка

сазсырнай

балалайка

Арфа

Ксилофон

Шертер

Флейта

Тромбон

Литавра

гармонь


3.     Тест тапсырмалары


1. Қазақстанда эстрадалық-симфониялық оркестр құрылған жыл

А) 1946 жыл

В) 1945 жыл

С) 1956 жыл

D) 1986 жыл

Е) 1955 жыл

2. Эстрадалық-симфониялық музыканы орындайды

А) Вокалдық-аспаптық ансамбль

В) Ұлт аспаптар оркестрі

С) Эстрадалық-симфониялық оркестр

D) Джаз оркестрі

Е) Үрмелі аспаптар оркестрі

3. «Ми» нотасының орналасуы

А) Қосымша сызықта

В) Бірінші сызықтың астында

С) Бірінші сызықтың бойында

D) Бірінші сызықтың үстінде

Е) Екінші сызықтың бойында

4. Алғаш эстрадалық-симфониялық оркестрдің құрылған жылы

А) 1946 жыл

В) 1956 жыл

С) 1945 жыл

D) 1955 жыл

Е) 1845 жыл

5. «Әлия» әнін эстрадалық-симфониялық оркестр сүйемелдеуімен орындаған қазақстандық әнші

А) Ермек Серкебаев

В) Нағима Есқалиева

С) Роза Рымбаева

D) Нұрғали Нүсіпжанов

Е) Әлібек Дінішев


 

VІ. Қорытындылау. Бағалау.

Кілт:

1.                 С

2.                 С

3.                 С

4.                 С

5.                 С



Тест тапсырмаларын орындау нәтижесі мен сабақ бойынша жалпы қорытынды сигналдық карталар көмегімен автоматтандырылған жүйеге енгізіліп, қорытындыланады, мысалы,

 

Үйге тапсырма:

1. Өзің танысқан аспаптардан   ұнағанын бейнелеп сал.
2. Дәптерге «ми» нотасын салып үйрен.

 

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эстрадалық- симфониялық музыка"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл сабақ жаңа технологияға негізделген сабақ. Музыка пәнінен құрылған. 6 сыныпқа арналған. Жас ұстаздарға дайын көмек болады. Жаңа технологияға негізделген. Әр түрлі қызықты тапсырмалар жүйесі бар. Оқушының деңгейі де қарастырылған. Өнерге қызығушылығын арттыру, топ алдында баяндама жасап, шағын аудиториямен жұмыс жүргізу негізінде коммуникативтік құзыреттіліктерін жетілдіру болып табылады. Жас ұрпақтың адамгершілік, рухани, мәдени дамуына бағыт беруге бағытталған.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 886 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.08.2020 904
    • DOCX 5.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Новикова Наталья Леонтьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Новикова Наталья Леонтьевна
    Новикова Наталья Леонтьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 82881
    • Всего материалов: 209

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 121 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Музыкально-эстетическое развитие младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 132 человека

Курс повышения квалификации

Развитие навыков успешного чтения с листа и выучивания наизусть нотного текста на уроках фортепиано в младших и старших классах ДМШ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 97 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания электромузыкальных инструментов и компьютерной музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек
Прямой эфир Загрузка...

Прямо сейчас в эфире

Инфофорум: «Всё, что волнует педагогов»