Главная / Иностранные языки / ЭССЕ "Менің инновациялық сабағым" /толық бір сабақ туралы/

ЭССЕ "Менің инновациялық сабағым" /толық бір сабақ туралы/

«МЕНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САБАҒЫМ»


Ешова Акерке Кусаумырзақызы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қызылжұлдыз орта мектебі


Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік өте қажет деп ойлаймын.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім. Мұғалімнің ұстанымының көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ол көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс - әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты бола алады.

Ол үшін оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп қана қоймай, оқушы білімін бағалауда да тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланған жөн. Сол сабептен мен өз сабақтарымда оқушының жетістіктерін дамыту үшін, сабақ тиімділігін арттыру үшін 7 модульді ықпалдастыра отырып жоспар құрамын. Сондай сабақтарымның біреуіне толық талдау жасайтын болсам: Бұл сабақтың тақырыбы - «Дастархан мәдениеті» /Table manners/ болатын. Сабақтың мақсаты - Оқушыларға дастарханда отыру және тамақтану мәдениеті туралы түсінік беру. жаңа сөздерді меңгерту, оларды қолдануға үйрету. Оқушылардың тыңдау, оқу, жазу қабілеттерін дамыту, тілдік – коммуникативтік құзіреттілігін арттыру. Сыни тұрғыдан ойлай отырып, бір - бірін бағалай білуге баулу. Бұл сабақтан оқушыларда дастарханда отыру және тамақтану мәдениеті туралы түсінігі қалыптасады. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгереді және оларды қолдана алады және де сыни ойлай отырып тақырыпты меңгереді деп нәтиже күтемін. Сабағымның түйінді идеясына: “Білімді, сауатты адамдар – бұл адамзат дамуының негізгі күші” деген ел президентінің сөзін алған болатынмын. Сабақтың барысында жаңа технология элементтерін кірістіруге тырыстым . Сабақта орындалатын тапсырмалар төмендегідей ретпен алынды :

  1. Кіріспе бөлімде - «Бұл қандай адам?» тренингі.

  2. Атыспақ әдісімен үй тапсырмасын тексеру

  3. Топқа бөлу

  4. Тұсаукесер бөлімінде - Дастархан басында отыру ережелерін жасау

  5. Негізгі бөлімінде - «Пирамидалық эссе» жазу

  6. Электронды оқулықпен жұмыс, «Түртіп алу» әдісімен грамматикалық тақырыппен танысу

  7. «Фишбоун» әдісімен сабақты қорытындылау.

Сабақтың әрбір кезеңіне жеке - жеке тоқталып өтер болсам, ең алдымен сабақта ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында «Бұл қандай адам?» тренингін өткіздім. Сиқырлы қобдишаға салынған айнаға қарап, оқушыларым өздерінің қандай екенін айтып өтті. Тренинг соңында аңғарғаным оқушыларда ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты, бір - біріне деген мейірімділік, қайырымдылық сезімдері одан әрі жанданып, диалогтық қарым –қатынасқа түсті. Бір-бірімен неғұрлым жақын пікірлесіп, ой бөліскен сайын оларда ұйымшылдық, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасатынына көзім жетті. Осыдан соң оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауы үшін , алдымен оларды топқа бөліп алдым . Оны оқушылардың қолына күні бұрын дайындап қойған «көңіл күй смайликтері» бейнеленген парақшаларды таратып , сол бойынша топқа бөлдім. Бұл кезең барысында оқушыларым топқа теп-тез бөлініп, шапшаңдық танытты. Топқа бөлінгеннен кейін үй тапсырмасын тиянақтап, өткен сабақ материалдарын еске түсіру үшін ортада шеңбер құрып «Атыспақ» ойыны арқылы оқушылар бір-біріне өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, сол сұрақтарға бар ынталарымен тұтастай жауап берді. Оқушылардың барлығы дерлік сұрақтар қойып, сол сұрақтарға дәл жауаптар алынды. Бұл тәсілді жүргізу нәтижесінде оқушылар жүйелі сұрақ қоюға дағдыланды, оқушылардың тіл байлықтары жетіліп, сөйлеуге ашылды. Қабілеті жоғары оқушылар күрделі сұрақтар қойып отырса, қабілеті төмендеу оқушылар сол сұрақтарға басқалардан қалыспай жауап беруге ұмтылыстарын көрсетті. Атап айта кетер болсам сыныбымдағы Тлеулина Лиза есімді қыз бала - өте тұйық, қабілеті төмендеу оқушы болатын. Бірақ осы тапсырманы орындау барысында өте күрделі сұрақ қойып мені таң қалдырды.

Жаңаша оқытудың басты мақсаты – жаңа тақырыпты мұғалімнің түсіндіруі емес, оқушының өзі шығарып алуы . Үй тапсырмасын қорытып және жаңа сабақты бастау үшін, жаңа сабаққа түсу мақсатында, мынадай тапсырма бердім. Сабағымның тұсаукесер бөлімінде әр топқа дастархан басында сақталуға тиісті ережелер жасауды ұсындым. Әр топ қағаздан бес саусақ суретін қиып алып әрбір саусаққа сыни тұрғыдан ойлай отырып, топта құрған ережесін орналастырды. Бұл ережелерді бес саусаққа орналастыру себебіміз осы ережелерді «бес саусақтай» жаттап алып өмірде қолдануға тәрбиелеу болатын. Бұл тапсырманы орындау барысында да қабілеті орташа оқушы – Айдынбаев Аслан топтық жұмысқа белсене қатысып, дастарханда отыру ережесін жасау барысында ұтымды ой айта білді. Ал, тұйық оқушым - Тлеулина Лиза болса - жақсы жауап берген сыныптастарына қарап өзін - өзі реттеп отырды. Сын тұрғысынан ойлай отырып ереже жасау тапсырмасында балалардың жан – жақты іздену қабілеттері дамыды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болды. Топтардың жұмысынан үзінділер көрсететін болсам: оқушылар сындарлы ойлай отырып дастарханда отырудың мына бір ережелерін жазыпты:

  1. Дастархан басында түзу отыру керек. (You should sit up straight

  2. Аузыңа саусағыңды салма. (You shouldn’t eat with your fingers)

  1. Саусағыңды жалама.( You shouldn’t lick your fingers)

  2. Шынтағыңды столға қоймай отыр.(You shouldn’t put your elbows on the table)

  3. Аузыңды тамаққа толтырып сөйлеме (You shouldn’t talk with your mouth full)

  4. Лас қасық, шанышқы, пышақ сынды ыдыстарды дастарханға қоймай тарелкенің үстіне қой, (You should put your dirty knife, spoon and fork on your plate)

  5. Ас ішіп болған соң «рахмет» айту керек - You should say “Thank you” after the meal деген сияқты ұтымды ойларын ортаға салды. Бұл тапсырманы орындау барысында да байқағаным - сыныптағы нашар оқитын оқушым Толысбаева Жайнагүл топта белсенділік танытып тартымды пікірлер айтуымен көзге түсіп отырды.

Бұдан кейін АКТ – ны қолдана отырып , интербелсенді тақтадан сурет көрсетіп соған әңгіме құрастыру болды. Төмендегі суретке қарап топтар өте

тартымды мәтіндер құрады. C:\Users\user\Documents\Ашык сабак 1.jpg

Бұл жерде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауымен қатар жұптық әңгіме стратегиясы жүзеге асты. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің ролі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рольдерде сыныптастарымен мұғалімдері, болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. (МАН, 39- бет) Бұл тапсырманы «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен бағалап, бір-бірін бағалауға дағдыланды. Бұл бағалауды жүргізу барысында оқушылар тек қана жақсы бағалармен емес, әділ түрде нақты бағалай алғандығын аңғардым. Құрастырылған мәтінмен жұмысты жалғастыру барысында «Пирамидалық эссе» әдісімен грамматикалық тапсырма орындаттым.

hello_html_mcd0e212.gifБұл тапсырма барысында оқушылар мәтіннен бір зат есім, сол сөзге бір синоним, 2 сын есім, 3 етістік және соңында толық бір сөйлем жазды. Мұндай тапсырмаларды орындауда оқушылар грамматикалық тақырыптарды еске түсіріп отырады және мәтінмен жұмыс дамиды деп сенемін. Пирамидалық эсседен оқушылардың орындаған бір жұмысына тоқталсам:

manners

Rules

Straight. dirty

Lay. Sit. Talk

You shouldn’t lick your fingers

Пирамидалық эссені «Семантикалық карта» әдісімен яғни бес жұлдыз - өте жақсы, төртбұрыш - жақсы, үшбұрыш - орташа деп бағалап өтті. Бұл тапсырманы орындата отырып, дарынды және талантты балаларды анықтадым десем де болады. Өйткені Дарынды балалардың сөздік қоры бай болады, сондықтан олар өз ойларын нақты және толық жеткізе алады. Олар қиын тапсырмалардың шешімін табуға құштар келеді. Дарынды балаға тән тағы бір қасиет, ол бұрын соңды кездеспеген қиын тапсырмаларды орындауға, шамасы жетпейтін дүниелерді шешуге ынтық келеді. Келесі тапсырма электрондық оқулықтан грамматикалық тақырыпқа шолу жасап, Модальдік should/ought to етістіктерінің қолданылуымен танысу болатын. Бұл ережелер: Should/ought to – модальдық етістігі көбінесе ақыл, кеңес, тілекті білдіреді деген сияқты ережелер болатын. «Түртіп алу» әдісімен: -маған таныс, «+»-мен үшін жаңа, «-» мен білетін түсінікке сәйкес келмейді, «?»-бұл туралы терең білгім келеді деп белгілеп отырды. Бұл тапсырмаларды оқушыларға бергенде 6 — шы модульді (оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу) есепке алдым. Себебі танымдық оқу баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті деп білемін. Осы грамматикалық тақырыпқа қорытынды жасау үшін сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының элемент Фишбоун (Балық қаңқасы) әдісін пайдаландым. Яғни бұл әдісте – балықтың басына - негізгі тақырыпты, жоғарғы сүйектеріне – тақырыптың негізгі ұғымдарын, төменгі сүйектеріне – сол ұғымдарға түсініктеме, құйрығына – қорытынды жазып жұмыс жасады. Бұл тапсырмамен сабағымды қорытқанымның пайдасы зор болды, себебі, өтілген грамматикалық тапсырма оқушыларымның есінде жатталып қалды деп сенемін. Сабағымның соңында Эдвард Де Бононың ББҮ әдісі арқылы кері байланыс орнаттым.

Қорыта айтсам өзімнің ұстанған ұстанымның дұрыс екеніне көз жеткізе отырып осы сабақ барысында: Оқушылардың сыныпта еркін ұстап, өз ойларын ашық білдіруіне қолайлы орта жасай білдім; Сабақ мәтіннің мағынасын ашу кезінде, топтастыру жасағанда, бірге қасында отырып, қалай жазу керектігін айта отырып, өздеріне жетекші сұрақтар қойып, ойлануларына мүмкіндік бердім; Жазған ойларын бір- біріне тыңдатып, пікірін айтқызып үйреттім деп ойлаймын.

Бұл сабақтың өн бойында не сәтті өтті: Оқушылармен топта ынтымақтаса жұмыс жасай алды, сыни ойлай отырып, түрлендірілген тапсырмаларды орындай алды, топта суретпен әңгіме құру барысында нәтиже сәтті шықты.

Нені дамытқым келеді: Оқушылардың қалай оқу керектігін түсіндіре отырып, жауапкершілігі мол, өздігінен білім алуға машықтанған сыни ойлауы жоғары, ұжымшыл, өз ойын ашық айта алатын оқушы. Алдағы сабақтарымда оқушыларымның сөздік қорларын байыту үшін әлі де тынбай жұмыс жасауым керек деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық /39 бет/


  1. Оқулық «Ағылшын тілі» 7-класс Т.Аяпова.

ЭССЕ "Менің инновациялық сабағым" /толық бір сабақ туралы/
  • Иностранные языки
Описание:

Эсседе бір сабақтың толық мазмұны туралы баяндалған. Заманауи білім берудің жеті модулін пайдалана отырып құрылған бір сабағым туралы толық мәлімет беріп отырмын десем болады.

Қорыта айтсам өзімнің ұстанған ұстанымның дұрыс екеніне көз жеткізе отырып осы сабақ барысында: Оқушылардың сыныпта еркін ұстап, өз ойларын ашық білдіруіне қолайлы орта жасай білдім; Сабақ мәтіннің мағынасын ашу кезінде, топтастыру жасағанда, бірге қасында отырып, қалай жазу керектігін айта отырып, өздеріне жетекші сұрақтар қойып, ойлануларына мүмкіндік бердім; Жазған ойларын бір- біріне тыңдатып, пікірін айтқызып үйреттім деп ойлаймын.


Автор Ешова Акерке Кусаумирзаевна
Дата добавления 05.01.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел
Просмотров 1238
Номер материала 35642
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓