Инфоурок Другое Другие методич. материалыЭссе жазудың шарттары Көңілдегі көркем ойды қағаз бетіне сол қалпында түсіру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол шығармашылықты талап ететін қиын жұмыс. Оқытушы ретінде алдыма қойған мақсатым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында студенттерд

Эссе жазудың шарттары Көңілдегі көркем ойды қағаз бетіне сол қалпында түсіру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол шығармашылықты талап ететін қиын жұмыс. Оқытушы ретінде алдыма қойған мақсатым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында студенттерд

Скачать материал

Эссе жазудың шарттары

Кенжетаева Тоты

Эссе жазудың шарттары

                                                                          Астана гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы  Т.Ж Кенжетаева

     Көңілдегі көркем ойды қағаз бетіне сол қалпында түсіру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол шығармашылықты талап ететін қиын жұмыс. Оқытушы ретінде алдыма қойған мақсатым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жазу мәдениетін қалыптастыру» болатын. Сол мақсатыма жетудің бірден бір жолын СТО бағдарламасымен танысқаннан кейін белсенді жүрді деп айтуға болады.

Бүгінгі күні эссе жазу арқылы студенттерімнің шығармашылық қабілетін дамыту арқылы жазу мәдениетін де қалыптастырып жатырмын деп айтуға болады .

Қазіргі уақытта Эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық және әдеби өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді.

Сондай-ақ, мұғалімдердің әртүрлі шығармашылық байқауларында да эссе жазу тапсырылады. Ойыңды қағаз бетінде жазбаша жеткізу шығармашылықты қажет ететін қиын жұмыс. Мұнда әрбір сөзің айқын түсінікпен сәйкес келіп, ойыңды, сезіміңді, идеяңды дәл бейнелеп беруі тиіс. Автордың өзіне тән ерекшелігіне сай тілі жатық, бейнелі әрі бай, стилі жеңіл болу керек.

Яғни, бұл ерте ме, кеш пе әрбір шығармашыл болмыс назар аударатын философиялық, әдеби, тарихи – библиографиялық проза жанры.

Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген.

Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты – әр түрлі тезистер,дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп,мысал келтіріледі.

Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке позицияның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды роль ойнайды. Әр түрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ өзіндік шығармашы-лық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады.

Қолыңа не үшін қалам алғаныңды ең алдымен өзің түсініп ал.

Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.

Ең алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой тол-ғайтын, талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакция-сын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.

Эссе жазуға қалай дайындалу керек?

Эссе жазуға кіріспес бұрын ең алдымен мына сұрақтарға жауап беру керек сияқты: «Мен неге және не үшін жазып отырмын?», «Менің жұмысымды кім оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?», «Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс-әрекеттерді күтемін?»

Эссе жазудың нақты мақсаты қандай?

Ол:

-Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;

-Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;

-Оқырмандарды ақпараттандыру;

-Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;

-Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рахатқа бөлеу;

-Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;

-Іс-әрекетке түрткі болу.

Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже шығатындай жағдайға дейінгі көлемде жазуы тиіс. Адам өзінің алдына қойған мақсатын білсе және өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті және айқын болады.

Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құндылығы мен эссенің тақырыбына деген өз көзқарастарын анықтауға тырысу керек.

Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны түсінікті, нақты, дәлелді түрде қалай баяндауға және қойылған мақсатқа сәйкес оқырмандар-ға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға көмекте-седі.

Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқың-ыз келетінін айқындай отырып,өзіңізге де эссе тақырыбының маңыздылығына баса назар аударуға көмектесе аласыз.

Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, көзқарасыңыз және ұсыныстарыңыз аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Кей-бір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді,ал кейбіреулері дәлел және фактілерсіз болады. Сондай-ақ,тақырыпты зерттеу барысында автор өзінің хабарлауына  енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар туындауы мүмкін. Эссе мазмұнын құрайтын автор позициясының негізінде автордың жеке әсері,толғанысы жатуы мүмкін бола тұра, эссе авторына (әсіресе жаңа бастаған) қосымша ақпараттар артықтық етпейді. Эссенің тақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл кітапхана, интернет ресурс-тары, сөздіктер, анықтамалықтар, қайта оқып шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ жаныңдағы адамдардан алынған ақпарат-тарды қажет. Сұрақ және эксперимент те болуы мүмкін.

Келесі кезең – дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру, жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау.

Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады: фактілерді тексеру керек, өнімді идеялармен істеп жатқаныңызға көз жеткізуіңіз керек, бар материал-дарды ретімен қойып, қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек.

Тезистер жұмыста ұсынылатын ақпараттарты жүйелеуге, идеялардың арасындағы сәйкестіктер мен сабақтас-тықты анықтауға көмектеседі. Ең жақсысы эссе жазуда көздеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды ақпараттың өзін таңдаудан бастаған дұрыс. Содан соң, онда басқа да маңыздырақ ақпараттар алынады.

Тезистері мағыналы әңгімеге қалай айналдыруға болады?

Жүйелі ақпарат,идеяларды нақтылайтын фактілер болып, автор оларды қандай реттілікпен ұсынатынын білсе, сонымен қатар өзінің хабарламасымен қандай нәтижеге жеткісі келетінін көре білсе – тезистерді ойды мағыналы баяндауға айналдыру қажет.

Көп жағдайда ауызша және жазбаша хабарламалар үш негізгі композициялық бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім.

Оқырманды қызықтыру үшін кіріспе бөлім жанды, нақты, күшті және мінсіз (өзіндік болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой, жеке тәжірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл ескертп т.б. болуы мүмкін. Кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы қатынас сақталуы керек. Егерде эссенің  жалпы көлемі 500 сөз болса, кіріспеге 50 сөз алу ұсынылады.

Негізгі бөлім тақырыптың бірізді баяндалуы болып табылады, жазылған мәселе бойынша ұсыныстар мен көзқарастарды бейнелі түрде жеткізеді, жазбаша хабарландырудың мақсаты мен бағытына сілтейтін ой желісін құрайды, дәлелдемелері мен сілтемелері бар, идеяны дәлелдемелер мен нақты мысалдар арқылы нақтылайды. Мұнда әр түрлі айқындау құралдары  қолданылады.

Қорытынды бөлімде әдеттегідей қорытынды жасалады, жазылған мәселе мәні мен мазмұнын күшейтеді, автордың ойымен сәйкес келетін көңіл-күй мен сезімді анықтайды. Эссенің қорытынды бөлімі негізгі бөлімнің көлемімен бірдей болу  керек.

Ал, баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе индуктивті-керісінше), эссенің тақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады.  Бұл арқылы жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады.

Автор неден бастап жазса да өз еркінде. Мүмкін кіріспе бөлімнен бастап, жайлап қорытындыға қарай

Қайта қарап шығу дегеніміз, хабарламаны сапасы мен нәтижесі тұрғысынан мәтінді редакциялау: ойдың айқындылығы, түсініктілігі, яғни мағыналық байланыс-тылығы, бірізділігі, сауаттылығы және стильдің дұрыс-тығын айқындау, қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі туындайды. Екінші нұсқа бойын-ша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып, кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден сөзге дейін талданады, сараланады. Баян-даудың жатықтығына,ойдың логикалық сабақтас-тығына, байланысына назар аудару керек.

Түзету сатысында мәтін рәсімделіп, сауаттылығы, сөздердің байланысы, тыныс белгісі, стилистикасына жете көңіл бөлінеді.

Мәтіннің шебер өңделуі соңына дейін жалғасады. Жаргон және қазіргі заманға сай сөздерді орынды қолдану керек, әйтпесе олар коммуникативті кедергі туғызуы мүмкін. Мәтінде  «жағымсыз» сөздердің пайда болмауын бақылап отыру артықтық етпейді. Әсіресе, көп мағыналы сөздерді пайдалану барысында  мұқият болуы керек: мағыналық реңкті араластыру түсіндіруді қиындатады.

Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме?  Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңа оқырманның көзқарасыимен қарауға тырысу,ең соңында адамдар-дың пікірін білу.

Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен

шығармаукерек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

 

 

 

 

 

 

7 мамыр « Ұландар мерекесіне » орай ұйымдастырылған             мектепшілік      Дзю – до   күресі   жарысында   І  орын алған     9   « Ә »  сынып  оқушысы Рүстемов    Саламат              м а р а п а т т а л а д ы

 

 

 

 

 

    Мектеп директоры:                      Ш.Джаулыев

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе жазудың шарттары Көңілдегі көркем ойды қағаз бетіне сол қалпында түсіру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол шығармашылықты талап ететін қиын жұмыс. Оқытушы ретінде алдыма қойған мақсатым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында студенттерд"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Эссе жазудың шарттары Көңілдегі көркем ойды қағаз бетіне сол қалпында түсіру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол шығармашылықты талап ететін қиын жұмыс. Оқытушы ретінде алдыма қойған мақсатым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жазу мәдениетін қалыптастыру» болатын. Сол мақсатыма жетудің бірден бір жолын СТО бағдарламасымен танысқаннан кейін белсенді жүрді деп айтуға болады.Бүгінгі күні эссе жазу арқылы студенттерімнің шығармашылық қабілетін дамыту арқылы жазу мәдениетін де қалыптастырып жатырмын деп айтуға болады .Қазіргі уақытта Эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық және әдеби өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді.Сондай-ақ, мұғалімдердің әртүрлі шығармашылық байқауларында да эссе жазу тапсырылады. Ойыңды қағаз бетінде жазбаша жеткізу шығармашылықты қажет ететін қиын жұмыс. Мұнда әрбір сөзің айқын түсінікпен сәйкес келіп, ойыңды, сезіміңді, идеяңды дәл бейнелеп беруі тиіс. Автордың өзіне тән ерекшелігіне сай тілі жатық, бейнелі әрі бай, стилі жеңіл болу керек.Яғни, бұл ерте ме, кеш пе әрбір шығармашыл болмыс назар аударатын философиялық, әдеби, тарихи – библиографиялық проза жанры.Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген.Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты – әр түрлі тезистер,дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп,мысал келтіріледі.Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке позицияның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды роль ойнайды. Әр түрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ өзіндік шығармашы-лық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 349 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2020 379
    • DOCX 25.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Яшина Александра Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Яшина Александра Сергеевна
    Яшина Александра Сергеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 89940
    • Всего материалов: 236

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 23 регионов

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 332 человека из 65 регионов