Главная / Классному руководителю / Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама

Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама

Күні:
Тобы :1,3
Тәрбиешісі:Г.Дүйсенбаева

Тақырыбы: «Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты қағидалары: оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.
Түрі: өнегелі сағаты
Тәрбиелік бағыты: Салауатты өмір салты

Есірткі – жас өмірді улайды

Есірткі - ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да, оның жарасы асқынып бара жатқан секілді. Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнан таныс. Ғалымдар сөзімен айтқанда, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтар пайдаланған екен. Көкнәр, зығыр т. б. құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез - келген түкпірінде өсіріледі. Есірткінің түрлері: гашиш, морфин, опий, кокаин, апиын, героин. Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалық әсері бар заттар болып табылады.
Есірткі түрлерінің әрқайсысының әсері әр түрлі. Ацетон және желім секілді түрлі еріткіштерді иіскеп ләззат алатындар да бар, нашақорлықтың бұл түрін «токсикомания» деп атайды. Токсикоманияға айналған баланың қимыл - қозғалысы босаңдау, әрекеттері баяу болады, орынсыз күле береді. Жиі иіскеу салдарынан еске сақтау қабілеті бұзылып, ызақор болып кетеді. Транквилизаторларды, яғни тыныштандырғыш дәрі - дәрмектерді пайдаланса, баланың өңі қашып, сөйлеу мәнері өзгеріп, дөрекілік таныта бастайды. Атақты гашиш пен қара сора бала психикасына алғашында қоздырғыштық сипатта әсер етеді: күтпеген жерден күлкі қысады, қисынсыз нәрселерді айтып сандырақтай бастайды. Бұл жағдай біраз уақыттан соң түнеріңкі көңіл - күйге ұласады, көзінің көруі күрт нашарлайды. Апиын тектес заттарды пайдаланса бала әлсіреп, басы ауырып, құсқысы келеді. Есірткінің әсер етуі кезінде көз қарашығы кішірейе түсіп, жарықты ажырата алмайды. Ал есірткі тілеп, буын - буындары сынып ауырғанда көз қарашығы ұлғая түседі. Егу жолымен пайдаланатындар үнемі, тіпті аптап ыстықта да ұзын жеңді киім киіп жүреді. Жалғыздықты ұнатады, достарымен кездесуден бас тартады. Нашақорларды осы белгілері арқылы анықтауға болады.
Жасөспірімдердің осы жолға түсіп, тығырыққа тірелуінің себебі неде? Қатыгез әлемде пана іздеген бала ақша табу мақсатында есірткі сатып күнелткендердің құрығына оп - оңай - ақ түседі. Бала іші - бауырына еніп, жылы сөйлейтін жылпостарға бауыр басып, дегеніне көне береді. Жеткіншектер үнемі әр нәрсеге, әркім - ге еліктегіш. Жұлдыздардың ішінен өзіне ұнағанын пір тұтады. Егер оның жұлдызы есірткінің дәмін тартып көргенін білсе, ол да қалыспауға тырысады. Еліктеудің де жөні бар, қазақ «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп бекер айтпаған. Өнеріне табынамын деп, өмірінен үлгі алудың қажеті жоқ. Өнерімен көпшілікті тәнті етіп жүрген, үлгілі жанұяның мүшелері де есірткінің жетегінде кете барады. Нашақорлық өмірдегі қиындыққа шыдамаған, сәтсіздікке төзе алмаған адамнан шығады. Нашақорлар бір мезеттік рахат үшін бүкіл өмірін сарп етуге дайын. Бір рет шегіп немесе иіскеп көрген адамның нашаны өз еркімен тастап кетуі мұң. Сондықтан осы бастан есірткіден бойымызды аулақ ұстайық!

Қорытынды : Ертеңіміз ашық ,жарқын болсын десек есірткіден жанымызды аулақ ұстайық балалар.

Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама
  • Классному руководителю
Описание:

Автор Айымбетова Венера Болатовна
Дата добавления 02.10.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Планирования
Просмотров 722
Номер материала MA-060996
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓