Главная / Другое / Ертеңгілік : "Жыл басына таласқан хайуанаттар"

Ертеңгілік : "Жыл басына таласқан хайуанаттар"

«Айгөлек» балабақшасы




Ойын – сауық

Тақырыбы:

«Жыл басына таласқан

хайуанаттар»




Тәрбиеші: Шуканаева Р. С




Бадамша ауылы.

2010ж.


Жыл басыны таласқан хайуанаттар.

Ерте, ерте ертеде хайуанаттар жыл басы болуға таласыпты.

Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап

жиылған көпке айтады:

  • Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын дейді.

  • Өзгелері қарап тұрғанда түйе өзінің бойына сеніп: «менен бұрын кім көрер дейсің»,- деп тышқанның сөзін қостайды.

Сонда сиыр айтады: Диана.

Мө деп мөңіредім,

Молшылық төңірегім.

Жыл басы боламын деп,

Ертерек келіп едім.

Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, сүтімнен құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.


Барыс: Шоқан.

Ырр-ырр,Барспын, Барспын, Күшіме сенемін, сенемін,

Бәріңе таныспын,таныспын. Бәрін де жеңемін, жеңемін.

Айналама сыйлымын, сыйлымын, Жыл басы болуға,

Сезімсізбен сыйлымын, сыйлымын. Шіреніп келемін!


Қоян. Арсен.

Қоян байғұс қорқақ аң,

Үрейленеді әр неден.

Дәмеленсең сорпадан,

Жақсы көңіл бөл деген.


Ұлу. Қарлығаш.

Ұлу деген мықтымын,

Жарқын, жарқын шықты үнім.

Ойым озар өзімнен,

Ақыл, ой бар сөзімде.


Жылан. Камила.

Үйім бірге өзіммен,

Сабыр етем төзіммен.

Күшпен көрік құлпырар,

Салиқалы сөзімнен.



Жұт жатады жалғасып,

Дәйім жылан жылына.

Қайтадан бақ алмасып,

Ел бастайды тыныға.


Сонда Жылқы айтыпты. Байрам.

Алысқа шауып барамын,

Адамының бабын табамын.

Пайдасы мол жылқымын,

Жыл басы мен боламын.

Мен адам мінсе алысты жақын қыламын. Күшім болса көреді,

сүтім болса ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен

пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын,-дейді.


Түйе айтады: Жұлдыз.


Түйе, Түйе,Түйемін, Жан-жағыма қарймын,

Жануармын киелі. Күн мен түнді санаймын

Кім таласар бойыма, Мен өзімді даланың,

Жыл басына иемін. Кербезіне балаймын

Сен адамның жұмысын қыласын, шөп тасыйтының , тамағың үшін

құл болдың, міне мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше

айшылық алыс жерлерге барамын.Аш болдым деп арпа, сұлы

сұрамаймын. Көде болса көде, жусан болса жусан, не кез келсе,

соны қорек етем, табылса су ішіп, табылмаса шөлде жолға жүре

беремін . Жыл басы болу маған лайық.



Қой айтады. Арсен.

Бә, бә, бә мен Қоймын,

Көк шөпке тойдым,

Жыл басы болуға

Келіп тұр ойым.

Қарандаршы, қаңдаймын,

Аппақ болған таңдаймын

Жыл басына лайық

Жарқырап тұр маңдайым.

Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт – май алады, шаруаға менен пайдалысы жоқ, жыл басына мен лайықпын.


Маймыл. Лаура.

Аты даулы бұл жылдың,

Айтса біреу пішін деп.

Тағы біреу түн жүрген,

Түсіндірген мүсін деп

Маймыл десе бір кісі

Мешін дейді бір ғалым.

Келсе де елдің білгісі.

Айтпай тұр ол жұмбағын.


Тауық. Мөлдір.

Қо, қо, қо, қо, қоқ Құрт- құмырсқа жемтігім,

Жыл әлі неге жоқ? Жоқ ешбір кемтігім

Жұмыртқамды жегесін, Бәрің де бос мақтанып

Барлық бала тоқ Шаршамаңдар ентігіп

Мен болсам кісі ерте жұмысына барма алмай ұйықтап қалар еді.

Мен ерте тұрып таң атты деп шақырып , хабар айтамын. Кеш болса,

жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын. Жыл басы мен боламын.


Ит айтады. Әлтайыр.

Абалап үремін, Ит Болғансын үремін,

Үй қорып жүремін, Сергек өмір сүремін.

Адамның көмекші, Жеті қазынаның бірімін,

Досының бірімін. Адамды қорып жүремін.



Мен болмасам, сендердің көбіңді ұрылар ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңды күзетемін, дүшпан көрінсе үріп абалап иеме хабар беремін. Жыл басы болу маған лайық деп ойлаймын.


Доңыз. Мейіржан.

Доңыз жылы жотадан,

Еседі бір жылы леп.

Қазақ оны атаған,

Қара киік жылы деп.


Ән: «Жануарлар хоры»

Жылды қарап тұрайық,

Ойын- сауық құрайық,

Бұрын көрген батырды,

Жыл басы деп ұғайық.


Тышқан қулық ойлайды,

Келіспеске қоймайды.

Шығып алып түйенің,

Өркешімен ойнайды.


Осылай бәрі қарасып тұрады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз

көреміз», - деп тұрағанда, ең биікте отырған тышқанды көріп, бәрі

таң қалады.


Тышқан: Құрбанғалы Мадина.

Алақай, алақай,

Күнді көрдім, алақай,

Қулығыммен, ақылыммен,

Бәрін жеңдім, алақай!

Жыл басы енді мен боламын, мен боламын дейді.

Осылай жылды бәрінен бұрын тышқан көріп хабар беріп, жыл

басы болыпты. Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты.


Жүргізуші. Әлемир.


Тышқан деген батырың

Таңды көзбен атырды.

Төбесінен түйенің ,

Жылды көріп қатырды.


Барлығың да қараңдар,

Енді үйге тараңдар

Жылды көрегн тышқанды

Жыл басы деп санаңдар.



Ертеңгілік : "Жыл басына таласқан хайуанаттар"
  • Другое
Описание:

Жыл басыны таласқан хайуанаттар.

Ерте, ерте ертеде хайуанаттар жыл басы болуға таласыпты.

Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап

жиылған көпке айтады:

- Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын дейді.

-Өзгелері қарап тұрғанда түйе өзінің бойына сеніп: «менен бұрын кім көрер дейсің»,- деп тышқанның сөзін қостайды.

-Сонда сиыр айтады: Диана.

Мө деп мөңіредім,

Молшылық төңірегім.

Жыл басы боламын деп,

Ертерек келіп едім.

Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, сүтімнен құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.

Барыс: Шоқан.

Ырр-ырр,Барспын, Барспын, Күшіме сенемін, сенемін,

Бәріңе таныспын,таныспын. Бәрін де жеңемін, жеңемін.

Айналама сыйлымын, сыйлымын, Жыл басы болуға,

Сезімсізбен сыйлымын, сыйлымын. Шіреніп келемін!

Қоян. Арсен.

Қоян байғұс қорқақ аң,

Үрейленеді әр неден.

Дәмеленсең сорпадан,

Жақсы көңіл бөл деген.

Ұлу. Қарлығаш.


Ұлу деген мықтымын,

Жарқын, жарқын шықты үнім.

Ойым озар өзімнен,

Ақыл, ой бар сөзімде.

Жылан. Камила.

Үйім бірге өзіммен,

Сабыр етем төзіммен.

Күшпен көрік құлпырар,

Салиқалы сөзімнен.

Автор Калдыбекова Алия Сайпеновна
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 2009
Номер материала 59366
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓