Главная / Начальные классы / ертеңгілік " Қош бол алғашқы білім баспалдағым "

ертеңгілік " Қош бол алғашқы білім баспалдағым "

Қош бол, алғашқы білім баспалдағым!

Мақсаты: -бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігін салтанатты түрде өткізу

  • Оқушылардың төрт жыл бойы алған білім-біліктерін, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, үлкен өмірге қадам басуға даярлау, адамгершілікке, достыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: гүлдер, нақыл сөздер, шарлар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (вальс билеп, ортаға шығады)

Ұлан: Ассалаумағалейкум, ағайын.

Меруерт: Армысыздар, құрметті ата-аналар!

Азамат: Армысыздар, ұстаздар және келген қонақтар!

Айым: 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.

Хор: Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің

Ұша білсек болмас-ау тіпті қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін

Бастауыштың билейміз соңғы биін.

Мұғалім сөзі: - Иә, бүгін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол – осыдан 4жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне ес біліп, етек жиған шәкірт болды.

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың,

Жүргенін көрген бір мұрат. – деген екен қазақ даналары. Сондықтан да алғашқы басқыш бастауышты тәмәмдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсаңдар. 4 жыл бойы сендерге сапалы білім беріп, үлгілі тәрбие берген пән мұғалімдер мен ата-аналардың қосқан үлесі шексіз. Өйткені ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салып, малын бағып, тер төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз. Ал сендерге тілерім, еліміздің келешек тізгінін ұстай алатын, егеменді Қазақстан елінің парасатты, адамгершілігі мол, ақылды, білімді, денсаулықтарың мықты болсын демекпіз. Ал ата-аналар, балаларыңыздың бір басқыштан өткелі тұрған мерейтойы қайырлы болсын! Балаларымыз бәрімізге бақыт пен қуаныш әкелсін. «Қош бол, алғашқы білім баспалдағым» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

  • Ал енді осы алғашқы білім алған мектеп туралы не дер екен?

Айым: Алтын ұя мектебім – мақтанышым,

Сенен асқан құтты қадам таппадым.

Сен арқылы білім деген атаудың

Қасиетті босағасын аттадым.

Ұлан: Аяулы менің мектебім

Өзіңде өткен көктемім.

Өзіңнен алар әлі де,

Арманым асқақ көп менің.

Меруерт: Алғашқы басқан өткелім,

Білімді сарқып өткенім.

Алатын шыңым көп менің,

Аяулы менің мектебім.

Азамат: Арманым сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Ән: «Алтын ұям» Өмірқанова Айым

Мұғалім сөзі: - Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр десеңші. «Мұғалім – мектептің жүрегі». Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білім мен тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Ол – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау, мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі күш, сондықтан ұстаздың еңбегң – ұлы еңбек.

Айым: Әлі есімде мектепке алғаш келгеніміз

Келгеніміз сыныпқа енгеніміз

Жасқаншақтап, тысырқап тұрған шақта.

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз

Бар баланың сенгені өздеріңіз

Сол сенімді ақтаумен өрледіңіз.

Құтты болсын мерекеңіз ұстазым

Жана берсін жасампаз еңбегіңіз.

Ұлан: Мейлі жас, мейлі кәрі бол

Дана деп сені, пана деп сені ұғамын.

Көктемнің нұры, нәрі бол

Диқансың және кеншісің және мұғалім.

Анадай бесік тербеткен

Түн қатып сансыз

Дәптерге қанша түнейсің

Суарып, білім тербеткен

Дүниеден бізге, жақсылық қана тілейсің.

Меруерт: Есімде әлі ұстаздың қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тасталғаны

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен, кім білсін

Ұстаз – ана жасады мына бізден

Ел таңғалар бір-бір шықты.

Ән: «Ұстазым» хор

Мектеп өмірінен көрініс.

Мұғалім: Ұлан маған столды орнынан қозғалтуға көмектесіп жіберші.

Ұлан: Тағы да мен. Әне Азамат кетіп барады ғой. Әй Азамат, столды орнынан қозғалтуға көмектесші (Азамат көмектеседі)

Мұғалім: Ұлан гүлге су құя салшы

Ұлан: тағы да мен бе, Айым сен құя салшы

Мұғалім: Ұлан! Айымға, Азаматқа үй тапсырмасын апарып бере қойшы. Міне, көрдіңіздер ғой халайық. Ұлансыз еш шаруа бітпейді.

Жалқаубек пен мұғалім диалогы

Мұғалім: Азамат 6*6 қанша болады?

Азамат: көп ойланып, әрең дегенде 25 деп жауап берді.

Мұғалім: Сен міне, бүгін бастауыш сыныпты бітіргелі отырсың. Көбейту кестесін әлі білмейсің. Бастауыш сыныпты бітірген соң не болады?

Азамат: Каникул! Алақай! Каникул 25 жыл болса ғой тағы да , тағы да

Мұғалім: Жоқ, Азамат. Бастауыш сыныптан кейін не бір асулар күтіп тұр. Сол асулардан сүрінбей өтулерің керек. Ол асу – өмір. Өмір дегеніміздің өзі – күрес.

Мқғалім: Иә, бүгін бізде қуаныш, бүгін бізде үлкен той. 4 жыл бойы білім беріп, ой-санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан, оқулықтарымыз жайлы айтып кетсек.

Айым: Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл-білім үйреткен.

«Ана тілін» оқимын

Ерекше зор құрметпен.

Ұлан: Қазақ тілім – таусылмайтын жыр маған

Қазақ тілім – қасиетті тұмарым.

Сондықтан да қазақ тілім мен сені

Әрқашанда биік ұстап тұрамын.

Меруерт: Математика сабағын

Жақсылап ұғып аламын.

Сәулесі деп сананың

Мәнінен ой табамын.

Азамат: Қуанамыз, қолдаймыз

Даламыздың сан көркін.

Дүниетану сабағын

Құрметпенен сыйлаймыз.

Айым: Ана тілі пәнінен ақын-жазушылардың көптеген шығармаларын оқыдық. Ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақ жаттадық. Солар арқылы ата-бабаларымыздың өткен тарихын білдік. Олардың адамгершілік қасиеттерінен үлгі алдық.

Ұлан: Абай, Ыбырай, Шоқан, Мағжан, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар сияқты ағаларымыз туралы және олардың шығармаларын оқыдық.

Меруерт: Әлия, Мәншүк, Талғат, Нұркен, Төлеген, Бауыржан сияқты батырлар, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар туралы оқып білдік.

Азамат: Кең байтақ Отанымыз – Қазақстанның байлығымен таныстық. Табиғатты аялауға, жамандықтан жиренуге, жақсыдан үйренуге тәрбие алдық.

Мұғалім: Біз 4 жыл ішінде біз тек өз ана тілімізде ғана емес, өзге тілді де үйрендік. Ана тілімізбен қатар оқып келе жатқан тіл, орыс тілі.

Айым: Самое прекрасное на свете – Родина. У каждого человека есть родина. И каждый любит ее. Любить место, где он родился и живет. Любить родные леса и поля, свою зиму, свое лето, свою весну, и свою осень.

Меруерт: Человек любит людей, с которыми они живут, любит свой народ . Любит свой родной язык и песни своего народа, сказки, танцы, книги .

Ұлан: Без Родины и без своего народа человек не может жить . Родина – самое важное слово .

Азамат: Слышишь песенку ручья,

Это - Родина твоя

Слышишь голос соловья,

Это - Родина твоя .

Школа где твои друзья,

Это – Родина твоя .

Руки матери твоей,

Звон дождей,

И шум ветвей

И в лесу смородина

Это – Тоже Родина .

Ән : «Чему учат в школе»

«Голубой вагон»

Мұғалім: Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалім еңбегі. Сол нұрды жас жеткіншектердің жүрегіне жеткізу үшін қаншама тер төгілді десеңші! Шәкірт жүрегіне жол тауып, талай азаматтарды қияға қанат қақтырып, абырой мен құрметке не ұстазға бауыр басқанбыз. Айналып мектеп үйіне дей келе енді 4 жыл бойы оқу дәрісін сусындатқан ұстаздарға өлең, жырлардан шашу шашайық.

Айым: - Алдыңа келіп, ұстазым

Тұңғыш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен

Мейірімді сезінгем.

Хормен: Біздің Бақытгүл апай осындай

Меруерт: Сөз сөйлесе жарқын-ақ

Күлімдейді жарқылдап.

Қызық өтіп сабағы

Өсіреді ой-сананы.

Айым: Келешекті кезінде

Кесіп айтар өзіңе.

Өнеге мол өзінде

Өсиет көп сөзінде.

Хормен: Күлтай, Күләй, Асемгүл, Махаббат, Айнұр апайлар осындай.

Ұлан: Түзеттіріп шалалықты

Есейттіңіз балалықты

Ойсыз кейбір еркені

Түзеп жөнге салдыңыз.

Азамат: Сабырыңыз құрыштай

Жөн айттыңыз ұрыспай.

Төрғызбай-ақ бұрышқа

Хормен: Мейірбек, Дулат ағайлар осындай.

Би:

Ән: «Қазақтай ел қайда»

Мұғалім: Бүгін біздің ортамызға мектеп табалдырығын енді ғана аттағалы отырған кішкентай бүлдіршіндер келіп отыр. Ортаға шақырайық.

Айым: Кішкентай ізбасарлар, бүгін сіздерге әріп танып, білім алған бастауыш сыныбымызға рахмет айта отырып, білім негізінің алғашқы сатысының кілті – білім кілтін тапсырғалы отырмыз. Бұл сендердің жарқын болашақтыңа жол аманаты болмақ. (Әр оқушы кілт ұсынып мойындарына тағады. Жас бүлдіршіндер аға-апаларына арналған тілектерін, тақпақтарын айтады)

Мұғалім: Ақ сүтін беріп аялаған

Бізден барын аямаған

Жанашырым саялаған

Ол кім?

Хормен: Аяулы анамыз

Меуерт: анасы туралы жазған шығармасын оқиды.

Мұғалім: Олай болса, келесі сөз кезегін аяулы аналарымызға береміз. (Меруерттің апасы тілек айтады)

Ән: Әке, бала

Ұлан: Бал білгенін аямаған

Өз гүліндей аялаған

Хор: Мың рахмет ұстаздарға.

Хор: Қамқор әкем, аяулы анам

4 жыл бойы нұрын төккен

Аттандырған ақ тілекпен

Хор: Ұстаз үмітін ақтаймыз деп,

Серт береміз шын жүректен.

Мұғалім: Осы мектеп қабырғасынан сендер не үйрендіңдер.

Оқушылар: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді, үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды, халқымызды әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін үйрендік.

Мұғалім: Сендер нені сүйесіңдер?

Оқушылар: Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы-құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарды, алтын ұя мектебімізді.

Мұғалім: Біз нені ажырата білеміз?

Оқушылар: Жақсылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты, ақ пен қараны

Мұғалім: Сендерді болашаққа не бастайды?

Оқушы: Ұстаздың көрсеткен жолы, Ата-ананың ақылы, болашаққа деген сенім.

Оқушылар: Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер, нағыз азамат боламыз.

Мұғалім сөзі: Бүгінгі күні әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонаққа, - дей келе құттықтау сөзді оқу ісінің меңгерушісі Гульфайра апайларыңа, Әсемгүлғ Күләй апайларыңа сөз береміз.

Қорытынды: Оқитын әрі жазатын

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың сауатты,

Білімнің тегін қазатын, - деп тілек тілеп, бүгінгі «Қош бол, алғашқы білім баспалдағым!» атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.

ертеңгілік " Қош бол алғашқы білім баспалдағым "
  • Начальные классы
Описание:

Қош бол, алғашқы білім баспалдағым!

Мақсаты: -бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігін салтанатты түрде өткізу

  • -Оқушылардың төрт жыл бойы алған білім-біліктерін, ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, үлкен өмірге қадам басуға даярлау, адамгершілікке, достыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: гүлдер, нақыл сөздер, шарлар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (вальс билеп, ортаға шығады)

Ұлан: Ассалаумағалейкум, ағайын.

Меруерт: Армысыздар, құрметті ата-аналар!

Азамат: Армысыздар, ұстаздар және келген қонақтар!

Айым: 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.

Хор: Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің

Ұша білсек болмас-ау тіпті қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін

Бастауыштың билейміз соңғы биін.

Мұғалім сөзі: - Иә, бүгін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол – осыдан 4жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне ес біліп, етек жиған шәкірт болды.

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың,

Жүргенін көрген бір мұрат. – деген екен қазақ даналары. Сондықтан да алғашқы басқыш бастауышты тәмәмдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсаңдар. 4 жыл бойы сендерге сапалы білім беріп, үлгілі тәрбие берген пән мұғалімдер мен ата-аналардың қосқан үлесі шексіз. Өйткені ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салып, малын бағып, тер төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз. Ал сендерге тілерім, еліміздің келешек тізгінін ұстай алатын, егеменді Қазақстан елінің парасатты, адамгершілігі мол, ақылды, білімді, денсаулықтарың мықты болсын демекпіз. Ал ата-аналар, балаларыңыздың бір басқыштан өткелі тұрған мерейтойы қайырлы болсын! Балаларымыз бәрімізге бақыт пен қуаныш әкелсін. «Қош бол, алғашқы білім баспалдағым» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

  • -Ал енді осы алғашқы білім алған мектеп туралы не дер екен?

Айым: Алтын ұя мектебім – мақтанышым,

Сенен асқан құтты қадам таппадым.

Сен арқылы білім деген атаудың

Қасиетті босағасын аттадым.

Ұлан: Аяулы менің мектебім

Өзіңде өткен көктемім.

Өзіңнен алар әлі де,

Арманым асқақ көп менің.

Меруерт: Алғашқы басқан өткелім,

Білімді сарқып өткенім.

Алатын шыңым көп менің,

Аяулы менің мектебім.

Азамат: Арманым сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Ән: «Алтын ұям» Өмірқанова Айым

Мұғалім сөзі: - Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр десеңші. «Мұғалім – мектептің жүрегі». Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білім мен тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Ол – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау, мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі күш, сондықтан ұстаздың еңбегң – ұлы еңбек.

Айым: Әлі есімде мектепке алғаш келгеніміз

Келгеніміз сыныпқа енгеніміз

Жасқаншақтап, тысырқап тұрған шақта.

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз

Бар баланың сенгені өздеріңіз

Сол сенімді ақтаумен өрледіңіз.

Құтты болсын мерекеңіз ұстазым

Жана берсін жасампаз еңбегіңіз.

Ұлан: Мейлі жас, мейлі кәрі бол

Дана деп сені, пана деп сені ұғамын.

Көктемнің нұры, нәрі бол

Диқансың және кеншісің және мұғалім.

Анадай бесік тербеткен

Түн қатып сансыз

Дәптерге қанша түнейсің

Суарып, білім тербеткен

Дүниеден бізге, жақсылық қана тілейсің.

Меруерт: Есімде әлі ұстаздың қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тасталғаны

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен, кім білсін

Ұстаз – ана жасады мына бізден

Ел таңғалар бір-бір шықты.

Ән: «Ұстазым» хор

Мектеп өмірінен көрініс.

Мұғалім: Ұлан маған столды орнынан қозғалтуға көмектесіп жіберші.

Ұлан: Тағы да мен. Әне Азамат кетіп барады ғой. Әй Азамат, столды орнынан қозғалтуға көмектесші (Азамат көмектеседі)

Мұғалім: Ұлан гүлге су құя салшы

Ұлан: тағы да мен бе, Айым сен құя салшы

Мұғалім: Ұлан! Айымға, Азаматқа үй тапсырмасын апарып бере қойшы. Міне, көрдіңіздер ғой халайық. Ұлансыз еш шаруа бітпейді.

Жалқаубек пен мұғалім диалогы

Мұғалім: Азамат 6*6 қанша болады?

Азамат: көп ойланып, әрең дегенде 25 деп жауап берді.

Мұғалім: Сен міне, бүгін бастауыш сыныпты бітіргелі отырсың. Көбейту кестесін әлі білмейсің. Бастауыш сыныпты бітірген соң не болады?

Азамат: Каникул! Алақай! Каникул 25 жыл болса ғой тағы да , тағы да

Мұғалім: Жоқ, Азамат. Бастауыш сыныптан кейін не бір асулар күтіп тұр. Сол асулардан сүрінбей өтулерің керек. Ол асу – өмір. Өмір дегеніміздің өзі – күрес.

Мқғалім: Иә, бүгін бізде қуаныш, бүгін бізде үлкен той. 4 жыл бойы білім беріп, ой-санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан, оқулықтарымыз жайлы айтып кетсек.

Айым: Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл-білім үйреткен.

«Ана тілін» оқимын

Ерекше зор құрметпен.

Ұлан: Қазақ тілім – таусылмайтын жыр маған

Қазақ тілім – қасиетті тұмарым.

Сондықтан да қазақ тілім мен сені

Әрқашанда биік ұстап тұрамын.

Меруерт: Математика сабағын

Жақсылап ұғып аламын.

Сәулесі деп сананың

Мәнінен ой табамын.

Азамат: Қуанамыз, қолдаймыз

Даламыздың сан көркін.

Дүниетану сабағын

Құрметпенен сыйлаймыз.

Айым: Ана тілі пәнінен ақын-жазушылардың көптеген шығармаларын оқыдық. Ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақ жаттадық. Солар арқылы ата-бабаларымыздың өткен тарихын білдік. Олардың адамгершілік қасиеттерінен үлгі алдық.

Ұлан: Абай, Ыбырай, Шоқан, Мағжан, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар сияқты ағаларымыз туралы және олардың шығармаларын оқыдық.

Меруерт: Әлия, Мәншүк, Талғат, Нұркен, Төлеген, Бауыржан сияқты батырлар, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар туралы оқып білдік.

Азамат: Кең байтақ Отанымыз – Қазақстанның байлығымен таныстық. Табиғатты аялауға, жамандықтан жиренуге, жақсыдан үйренуге тәрбие алдық.

Мұғалім: Біз 4 жыл ішінде біз тек өз ана тілімізде ғана емес, өзге тілді де үйрендік. Ана тілімізбен қатар оқып келе жатқан тіл, орыс тілі.

Айым: Самое прекрасное на свете – Родина. У каждого человека есть родина. И каждый любит ее. Любить место, где он родился и живет. Любить родные леса и поля, свою зиму, свое лето, свою весну, и свою осень.

Меруерт: Человек любит людей, с которыми они живут, любит свой народ . Любит свой родной язык и песни своего народа, сказки, танцы, книги .

Ұлан: Без Родины и без своего народа человек не может жить . Родина – самое важное слово .

Азамат: Слышишь песенку ручья,

Это - Родина твоя

Слышишь голос соловья,

Это - Родина твоя .

Школа где твои друзья,

Это – Родина твоя .

Руки матери твоей,

Звон дождей,

И шум ветвей

И в лесу смородина

Это – Тоже Родина .

Ән : «Чему учат в школе»

«Голубой вагон»

Мұғалім: Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалім еңбегі. Сол нұрды жас жеткіншектердің жүрегіне жеткізу үшін қаншама тер төгілді десеңші! Шәкірт жүрегіне жол тауып, талай азаматтарды қияға қанат қақтырып, абырой мен құрметке не ұстазға бауыр басқанбыз. Айналып мектеп үйіне дей келе енді 4 жыл бойы оқу дәрісін сусындатқан ұстаздарға өлең, жырлардан шашу шашайық.

Айым: - Алдыңа келіп, ұстазым

Тұңғыш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен

Мейірімді сезінгем.

Хормен: Біздің Бақытгүл апай осындай

Меруерт: Сөз сөйлесе жарқын-ақ

Күлімдейді жарқылдап.

Қызық өтіп сабағы

Өсіреді ой-сананы.

Айым: Келешекті кезінде

Кесіп айтар өзіңе.

Өнеге мол өзінде

Өсиет көп сөзінде.

Хормен: Күлтай, Күләй, Асемгүл, Махаббат, Айнұр апайлар осындай.

Ұлан: Түзеттіріп шалалықты

Есейттіңіз балалықты

Ойсыз кейбір еркені

Түзеп жөнге салдыңыз.

Азамат: Сабырыңыз құрыштай

Жөн айттыңыз ұрыспай.

Төрғызбай-ақ бұрышқа

Хормен: Мейірбек, Дулат ағайлар осындай.

Би:

Ән: «Қазақтай ел қайда»

Мұғалім: Бүгін біздің ортамызға мектеп табалдырығын енді ғана аттағалы отырған кішкентай бүлдіршіндер келіп отыр. Ортаға шақырайық.

Айым: Кішкентай ізбасарлар, бүгін сіздерге әріп танып, білім алған бастауыш сыныбымызға рахмет айта отырып, білім негізінің алғашқы сатысының кілті – білім кілтін тапсырғалы отырмыз. Бұл сендердің жарқын болашақтыңа жол аманаты болмақ. (Әр оқушы кілт ұсынып мойындарына тағады. Жас бүлдіршіндер аға-апаларына арналған тілектерін, тақпақтарын айтады)

Мұғалім: Ақ сүтін беріп аялаған

Бізден барын аямаған

Жанашырым саялаған

Ол кім?

Хормен: Аяулы анамыз

Меуерт: анасы туралы жазған шығармасын оқиды.

Мұғалім: Олай болса, келесі сөз кезегін аяулы аналарымызға береміз. (Меруерттің апасы тілек айтады)

Ән: Әке, бала

Ұлан: Бал білгенін аямаған

Өз гүліндей аялаған

Хор: Мың рахмет ұстаздарға.

Хор: Қамқор әкем, аяулы анам

4 жыл бойы нұрын төккен

Аттандырған ақ тілекпен

Хор: Ұстаз үмітін ақтаймыз деп,

Серт береміз шын жүректен.

Мұғалім: Осы мектеп қабырғасынан сендер не үйрендіңдер.

Оқушылар: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді, үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды, халқымызды әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін үйрендік.

Мұғалім: Сендер нені сүйесіңдер?

Оқушылар: Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы-құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарды, алтын ұя мектебімізді.

Мұғалім: Біз нені ажырата білеміз?

Оқушылар: Жақсылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты, ақ пен қараны

Мұғалім: Сендерді болашаққа не бастайды?

Оқушы: Ұстаздың көрсеткен жолы, Ата-ананың ақылы, болашаққа деген сенім.

Мұғалім: Сендерді болашаққа не бастайды?

Оқушылар: Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер, нағыз азамат боламыз.

Мұғалім сөзі: Бүгінгі күні әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонаққа, - дей келе құттықтау сөзді оқу ісінің меңгерушісі Гульфайра апайларыңа, Әсемгүлғ Күләй апайларыңа сөз береміз.

Қорытынды: Оқитын әрі жазатын

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың сауатты,

Білімнің тегін қазатын, - деп тілек тілеп, бүгінгі «Қош бол, алғашқы білім баспалдағым!» атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.

Автор Баталова Токтасын Советкановна
Дата добавления 29.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 523
Номер материала 58609
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓