Главная / Другое / Ертеңгілік: "Орман дәрігері"

Ертеңгілік: "Орман дәрігері"


Құстар біздің досымыз

«Орман дәрігері» ертегісінен көрініс.

Жүргізуші: Саламатсыздарма қонақтар,хош келдіңіздер

Қане бір сәт үнтаспаға көңіл аудайықшы...

Балалар ненің дауысын естідіңдер?

Балалар: құстардың.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар.Ал ендеше бүгін біздің «Ақбота» тобының балалары «Құстар біздің досымыз» атты тақырыпта «Орман дәрігері» ертегісін қойып береді.

Тақпақтар мен ән.



1.Айтсақ-әніміз Ардақтасақ –сәніміз Көнілдің хошы, Табиғаттың досы, Сәлем сендерге,қанаттылар!

2.Құс анасын айтпаймыз

қыста жемдеп баптаймыз

Бауырмал боп бәріне

Қорғау заның сақтайм

3.Құстар тойын тойлаймыз

Қуанамыз, қолдаймыз

Ұя жасап,ұқыптап

Біз оларды қолдаймыз.



Ән: Қаз үйрек.

Ертекші: Әлібек.

Баяғы заманда орманда бір терек өмір сүріпті,ол жылда әдемі болып өсіп,орманның көркін келтіріп тұрады екен.Күндердің-күнінде терек қартайып, қатты ауырады.

Ортада кәрі теректің суреті, бала. Азамат.

Терек: Уһ жаным-ай.Енді не қылайын? Құрт ауруына шалдықтым,тесіп жеп өлтіріп барады. Кеудем ауырады, бұтақтарым сықырлайды, жапырақтарым сыздайды, жәрдем беріңдер, дәрігер шақырып емдеңдер?...

Ертекші: Теректің осы көңілсіз дауысын естіп бір көгершін теректің қасына келіп:

Көгершін: -Терек ата,ауруыңыз жаман екен. Бірақ мен дәрігердің кім екенін, қайда екенін білмеймін.Дегенмен іздеп көрейін,бір хабарын берейін (ұшып кетеді)

Ертекші: - Терек сарнап қала беріпті. Көгершін ұшып келе жатады,бір кезде бір төбенің басында сүйек-саяқты шұқып отырған сауысқанды көреді. Көгершін:

- Уа сауысқан,сауысқан сөзді тыңда туысқан ? Ыстық түнде сая болған ,күн жауғанда пана болған Терек науқастаныпты,құр сүрдері қалыпты. Теректі емдеп бір жақсылық етсең қайтеді.

Сауысқан: - Менің сауысқан екенім рас. Бірақ мен аты шулы күзетшімін. Жұмысты тастап,қалай кетемін.



Осы маңдағы аңдар мен құстарды қырылыстырмай, аман-есен сақтап келемін. Мен сондай құспын, кешір асығыспын. Тамағым тоқ,көйлегім көк,жұмысым көп. (ұшып кетеді)

Ертекші: Көгершін әрі қарай ұшып келе жатып, жайылып жүрген қораз бен тауықтарға келіп сәлем береді

Көгершін: Айша.


- Уа қораз –ау,қораз сөзім қысқа,уақыт аз. Орманда терек ата қатты науқастаныпты, маған еріп жүрсең қайтеді.

Қораз: Ку-ка-ре-ку!Айналайын көгершінім,айту керек сөздің шынын, тауықтар көп,мен жалғызбын. Соның бәрін өзім бағып жүрмін.Ылғи таң атпай тұрамын,айқай салып шақырамын,елді ұйқыдан оятамын мен бара алмаймын.

Би: «Шөжелерім»



Ертекші: Көгершін ұшып келе жатады,келе жатады, бір кезде ағаш басында сайрап отырған бұлбұлды көреді.

Көгершін: Уа! әнші бұлбұл. Әнің қандай ғажап, сен осындай ғажап үніңмен мүмкін ауырып жатқан терек атаны да емдерсің, ана тоғайда ыстық күнде пана болған, күн жауғанда сая болған терек ата өте қатты науқастанып қалған, бір көмегіңді бер.

Бұлбұл: - Құлағың сал әңіме, сен маған ренжіме,мен атақты әншімін, бұл ежелгі кәсібім.Тоғайды дамылсыз аралап жүремін,құстарға, аңдарға ән салып беремін. Ойлашы сонда мен қалай саған еремін. Жоқ, жоқ мен бара алмаймын. (өлеңдетіп ұшып кетеді)

Ертекші: Көгершін дәрігер іздеп тағы да әр қарай ұша беріпті. Арада бір күн өткенде торғайға кез болыпты.

Көгершін: - Уа торғай,торғай,торғайсың,

Жақын келіп қонғайсың.

Терек ата науқас

Барып емдеп қайтқайсың.

Торғай: Терекке баруға уақытым жоқ,қолым тимейді. Бау-бақшаны шарлаймын, құрт-құмырсқан аулаймын. Сонан соң қалай қолым тисін?

Жүргізуші: Амалы қалған көгершін ары қарай ұша береді,барлық құстардың өз жұмыстары бар,енді не істесем екен деп келе жатқанда айдын көлде жүзіп жүрген Аққуға кездеседі.

Көгершін: - Уа құс аруы аққуым,ыстық күнде сая болған,күн жауғанд пана болған,терек ата науқастаныпты,ешқандай құс қолы тимей, бара алмады.

Аққу: Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркін сыйлаған

Мылтығын кезеп еш мерген.

Атуға көзі қимаған.

Киелі,ақылға құспын ежелден. Жұмысым көп кете алмаймын, кейбіреуі тіпті жылып келеді.Ақыл кеңес беремін.Көгершінім-ау асықпа сәл аялда,қамықпа.Саған ақыл берейін,берірек кел жақында. Мазалама жұмысы бар құстарды.Тоғайда жұмыссыз жүрген құстар көп, сен солардың бірін тауып ал. Саған мүмкін сол көмектесер.Жүргізуші: - Көгершін аққуға алғыс айтып,тоғайға ұшып келеді.

Би: «Хафиз» Жүргізуші: - Көгершін Ұшып келе жатады, келе жатады, бір кезде бұтаққа қонып отырған бір құсты көреді.

Көгершін: -Уа қарағым айтшы атың не өзіннің?Сені мүлде танымаймын. Құс (тоқылдақ) : -Аты-жөні белгісіз,үй-күйсіз,жұмыссыз жүрген құспын.



Көгершін: Іздегенім сен едің кәсіп тауып берейін,жүр менің ізіме ер.



Жүргізуші: - Осылайша көгершін аты-жөні белгісіз құсты терекке алып келіп,қарашы мына терек атаны. Тоқылдақ теректі айналып жүреді.



Көгершін: Бірақ ол былай деп ойланады. Келте тұмсық,аяғы быртық, өзінің түрі жоқ, қанаты бос,құйрығы шолақ, сірә,болар іске олақ. Әй,қадам?! Осы құс теректі емдей алама екен? – деп күмән келтіріпті.

Жүргізуші: Бір күні құстар, Теректі бір құс емдеп жатыр дегенді естіп Сауысқан, Қораз, Бұлбұл, Торғай, Аққу бесеуі келіп:





Сауысқан : - Көгершін –ау, бұл неқылған құс?

Көгершін: Е-е не қыласың Теректі емдеп жазып берді. Өнерлі құстардың бәрінің де аты бар өзіне лайық,бұл құстың аты жоқ. Кәнекей,ойланып,бұған бір ат қояйық.

Ақылгөй аққу: - Бұл құстың аты өзіне сай Тоқылдақ болсын.

Ертекші: Аққудың бұл ойын бәрі қолдай кетті. Осыдан бері тоқылдақты – Орман дәрігері деп атаған екен.

















«Айгөлек» балабақшасы.



Ертеңгілік: "Орман дәрігері"
  • Другое
Описание:

Құстар біздің досымыз

«Орман дәрігері» ертегісінен көрініс.

Жүргізуші: Саламатсыздарма қонақтар,хош келдіңіздер

Қане бір сәт үнтаспаға көңіл аудайықшы...

Балалар ненің дауысын естідіңдер?

Балалар: құстардың.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар.Ал ендеше бүгін біздің «Ақбота» тобының балалары «Құстар біздің досымыз» атты тақырыпта «Орман дәрігері» ертегісін қойып береді.

Тақпақтар мен ән.


1.Айтсақ-әніміз Ардақтасақ –сәніміз Көнілдің хошы, Табиғаттың досы, Сәлем сендерге,қанаттылар!

2.Құс анасын айтпаймыз

қыста жемдеп баптаймыз

Бауырмал боп бәріне

Қорғау заның сақтайм

Автор Шуканаева Рая Сайпеновна
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 758
Номер материала 59369
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓