Тақырыбы:
Ерлікке тағзым
Тәрбие
сағатының мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу, оқушылардың өз
Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін қорғай білуге
тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабамыздың ерлік ісін
қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және
нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тәрбие
сағаты.
Көрнекілігі:
интербелсенді тақта, кітап көрмесі
Өткізілу барысы:
1. Кіріспе
2. «Отан үшін отқа түскендер» деректі фильмнен үзінді.
3. Ешкімде, еш нәрседе ұмытылмайды! (мәнерлеп оқу)
4. Ер елі үшін туады. (мақалды жалғастыру)
5. Қаһарман ұрпаққа мың тағзым (Сұрақ –
жауап)
6. «Кім шапшаң» ойыны. (ұяшықты ашу)
7. Отты күндер елесін, кітаптан оқып білесің.(кітап
көрмесі)
І Кіріспе.
Тәрбиеші:
Армысыздар,
құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат
мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан
ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.
Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен
бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен
түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға
болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ерлікке тағзым» атты ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске,
Жеңіс себепкерлеріне арналады.
«Отан үшін отқа түскендер» деректі
фильмнен үзінді.
«Катюша» биі. 7-8 сыныптың бір топ
тәрбиеленушілері.
ІІ. Ешкімде, еш нәрседе ұмытылмайды!
(мәнерлеп оқу)
«Майданға хат» (үзінді)
оқитын Қазақова Нұржанат.
Құлыншағым аман ба?
Қолыма тиді сенен хат.
Хабарыңды есітіп,
Қуанып қалды ғаламат.
Күніге тоқсан тілеймін,
Құлыным кел деп саламат.
Жүрегім – жалын, ішім у,
Жанымда ауыр жарақат.
Суретің келді хатыңда,
Шекпен киген жалаңқат.
Ерге лайық бес қару,
Асыныпсың автомат.
Суретіңе қарасам,
Емшегім иіп, сүт тамад.
Көзімнің жасы төгіліп,
Ұйқыдан кетті рахат.
Отаның үшін қарағым,
Арың қымбат жаныңнан.
Бөбектерің аман-сау,
Ас жейді әзір қолымнан.
Ербеңдеген ермегім,
Тастамаймын қолымнан.
Лақ-қозы қайырсам,
Қалмайды сүйем соңымнан.
Жағдайсыз емес келінім,
Оны да көрем бағымнан.
Қайырмайды тілімді,
Жібектей майда жамылған.
Көңілімде алаң жоқ,
Жаны сүйген жарынан.
Уһілеп кейде демалып,
Шығады түтін жалыннан.
Хабарыңды жиі жаз.
Өтпесін көп күн арадан.
Талқандап жауды аман қайт,
Бұлт серпіліп көгімде.
Жазылсын жүрек жарадан!
«Майданнан хат» (үзінді)
оқитын Мұханбетжанов Еламан
Хат жазамын майданнан,
Мейірімшіл ғазиз-анама
«Жақыным-жарым» дегенмен,
Анаңдай жақын бола ма?
Көңілінде тілек, көзде жас,
Екі қолың жағаңда.
Қасірет шегіп, қан жұтып,
Сарғайдың ба санаға?
Сағынған соң мен ойлап,
жүрегің оттай жана ма?
Ет бауырың елжіреп,
Қайғыра берме балаңа.
Сабырдың суын бере көр,
Жаныңдаға жараңа.
Ажалсыз адам өлмейді.
Мезгілсіз шөлмек сына ма?
Ердің басы ел үшін,
Арыма жаным садаға.
Бұлт жамылып қар төсеп,
Мен жатырмын далада.
ІІІ. Ер елі үшін туады. (мақалды
жалғастыру)
1. Отан үшін отқа түс, … (күймейсің)
2. Отан оттан да ... (ыстық)
3. Туған елдей ел болмас, (туған жердей
жер болмас).
4. Ит тойған жеріне...(ер туған жеріне).
5. Батыр туса, ел ырысы ... (Жаңбыр
жауса, жер ырысы).
6.Туған жердің күні де ыстық ... (түні де
ыстық).
7. Ел болам десең, ... (бесігіңді
түзе)
8. Отансыз адам ... (ормансыз бұлбұл)
9. Ер бір рет өледі, ... (қоқақ мың рет
өледі).
10. Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,... (батыр
болсаң, жауыңа найзаң тисін).
ІҮ. Қаһарман ұрпаққа мың тағзым (Сұрақ
– жауап)
- Ұлы Отан соғысы батырларын ата?
- Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
- “Шығыстың қос жұлдызы” кімдер?
- Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры?
- Соғыс дегенді қалай түсінесің?
- Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?
- Ұлы Отан соғысы батырларын ата?
- Кеңес Одағының екі мәрте батыры,
ұшқыш?
- Әлия мен Мәншүкке жасаған ерліктері
үшін қандай атақ берілді?
- Бейбітшілік дегенді қалай түсінесің?
Ү. «Кім шапшаң» ойыны. (ұяшықты ашу)
Ұяшықта соғыс кезінзе пайдаланылған соғыс
техникалары, құрал-жабдықтар, қару-жарақтар жасырылған. Осы ұяшықты ашып,
көрсетілген суреттегі заттың атын табу.
ҮІ. Отты күндер елесін, кітаптан оқып
білесің.(кітап көрмесі).
Тәрбиеші:
Ұлы Жеңісті жақындатуға шалқар ауданы
халқы да зор үлес қосты. Шалқар ауданы бойынша 4872 адам майданға аттанып, 1521
жауынгер майдан даласында қаза тапты. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен
үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Олардың ішінде
жерлестеріміз Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев,
Даңқ Орденінің Ковалері І, ІІ, ІІ дәрежелі Шамсудиновтер бар.
Хор: «Туған жер»
Тәрбиеші:
Міне,
ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел
болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен
көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Елімізде
бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы
естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан
болсын деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!
4-оқушы: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер
адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті,
50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы
саны 5,5 миллион адамға жетті.
5-оқушы: Қазақстандықтар Брест қамалын
қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы
шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ
жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30
сәуірде тікті.
Рақымжан Қошқарбаев туралы
бейнематериал көрсетіледі:
6-оқушы: Біздің халқымыз қазақтың батыр
қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін
мақтанышпен атайды.
Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық
шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау
жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған
бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл
таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою
үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді
жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз
жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия»
қатарына алынды.
1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы
Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс
соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен
ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып,
өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.
7-оқушы: 1942 жылы Әлия өз
еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа
дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне
рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ
жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін
фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны
оны қатты алаңдататын еді.
1943 жылы Снайперлер дайындау орталық
әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар
бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші
Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін
жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники
ауданында қаза тапты.
Әлия мен Мәншүк туралы ән орындалады.
Әлия туралы бейнематериал көрсетіледі:
8-оқушы: Оны – «дала сермеңдесі», «көк
тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай
текті құстың болмысы қазақтың арда ұлы, Кеңес одағының батыры атағын екі рет
алған қыран текті Талғат Бигелдинов еді.
Дүниежүзілік екінші соғыстың ажал
қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан,
Қараөткелден түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305
рет көтерген екен.
9-оқушы: Қабиденұлы Төлеген
Тоқтаров – қатардағы жауынгер. 1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін
Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңгені үшін» медалімен
марапатталған.
10-оқушы: Ұлы Отан соғысының ержүрек
батыры, халқымыздың біртуар перзенті – Қасым Қайсенов 1918
жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген.1941
жылдың қараша айында Оңтүстік-Батыс майданның штабына аттандырылып, басқыншылар
қолында қалған Украина жерін азат ету үшін жау тылына түсіріледі. Қайсенов
атамыз сол жерде Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының
басқарушысы болады. Бұдан кейін, 1944 жылдың соңына дейін Чехославакия (қазіргі
Чехия), Румыния, Молдавия елдеріндегі партизан қозғалыстарына қатысты. Соғыс
аяқталған жылдардан соң бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында,
баспа мекемелерінде қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін,
жауынгерлердің ерлігін суреттейтін «Жас партизандар» (1954), «Ажал аузында»
(1959), «Жау тылындағы бала» (1961), «Жау тылында» (1973) секілді көптеген
шығармалардың авторы.
«Әрқашан күн сөнбесін» әні үш тілде орындалады.
11-оқушы: Соғыс жылдарында айырықша көзге
түскен ақындардың бірі – Нұрсұлтан Жұбатұлы. Ауылда мұғалім болып істейтін
сауатты кісі болған. Оның майдан даласынан оралмай қалған батырдың бірі
Ү.Түктібаевтың анасы Наурызбикеге арнап жазған «Майданнан хат» және анасының
атынан жауынгер ұлына арнап жазған «Майданға хат» атты толғаулары осы күнге
дейін ел есінде. Енді осы толғауларды тыңдап көрейік. Оқушы домбырамен
орындайды:
«Майданнан хат» (үзінді):
Хат жазамын майданнан,
Мейірімшіл ғазиз-анама
«Жақыным-жарым» дегенмен,
Анаңдай жақын бола ма?
Көңілінде тілек, көзде жас,
Екі қолың жағаңда.
Қасірет шегіп, қан жұтып,
Сарғайдың ба санаға?
Сағынған соң мен ойлап,
жүрегің оттай жана ма?
Ет бауырың елжіреп,
Қайғыра берме балаңа.
Сабырдың суын бере көр,
Жаныңдаға жараңа.
Ажалсыз адам өлмейді.
Мезгілсіз шөлмек сына ма?
Ердің басы ел үшін,
Арыма жаным садаға.
Бұлт жамылып қар төсеп,
Мен жатырмын далада.
«Майданға хат» (үзінді):
Құлыншағым аман ба?
Қолыма тиді сенен хат.
Хабарыңды есітіп,
Қуанып қалды ғаламат.
Күніге тоқсан тілеймін,
Құлыным кел деп саламат.
Жүрегім – жалын, ішім у,
Жанымда ауыр жарақат.
Суретің келді хатыңда,
Шекпен киген жалаңқат.
Ерге лайық бес қару,
Асыныпсың автомат.
Суретіңе қарасам,
Емшегім иіп, сүт тамад.
Көзімнің жасы төгіліп,
Ұйқыдан кетті рахат.
Отаның үшін қарағым,
Арың қымбат жаныңнан.
Бөбектерің аман-сау,
Ас жейді әзір қолымнан.
Ербеңдеген ермегім,
Тастамаймын қолымнан.
Лақ-қозы қайырсам,
Қалмайды сүйем соңымнан.
Жағдайсыз емес келінім,
Оны да көрем бағымнан.
Қайырмайды тілімді,
Жібектей майда жамылған.
Көңілімде алаң жоқ,
Жаны сүйген жарынан.
Уһілеп кейде демалып,
Шығады түтін жалыннан.
Хабарыңды жиі жаз.
Өтпесін көп күн арадан.
Талқандап жауды аман қайт,
Бұлт серпіліп көгімде.
Жазылсын жүрек жарадан!
«Қариялар азайып бара жатыр" әні
орындалады.
2-Жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
1-Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні
қорымен орындалады:
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.
Қайырмасы:
Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!
Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды.
Қайырмасы:
Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.
Қайырмасы.
Материалды дайындау барысында
"Мектептегі мерекелер" журналы пайдаланылды
Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы
мына материал көрсетіледі:
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.