Главная / Информатика / Электронды оқулықтарды сабақта пайдаланудың тиімділігі

Электронды оқулықтарды сабақта пайдаланудың тиімділігі


Электронды оқулықтарды сабақта пайдалану тиімділігі


Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақ-саттарының бірі жан жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлға-ны тәрбиелеу.

«Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің басты міндеті «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағ-дайлар жасау» делінген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға мін-детті білім беру стандартында оқу бітіруші түлектердің біліміне қойылатын талап-тардың ішінде былай делінген:

  • өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру;

  • өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық жобала-рымен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу.

Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесін де білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәре-жеге жеткізу болып табылады. Білім берудің кез келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондық-тан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай ал-ға жылжу мүмкін емес.

Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі арналары: есіту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын мәлі-меттердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі – есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог – психологтардың зерттеулері бо-йынша берілетін білім оқушының ішкі мұқтаждығымен сәйкес келмесе, онда оқу процесінде қиындық туындайды. Тәжірибе тұрғысынан информатика пәнін ала-тын болсақ, компьютермен жұмыс істеу кезінде жаңа ұғымдармен таныс болмауы-нан және техника құралын бірінші рет пайдаланып отырғандықтан, оның мүмкін-шілігі мен қажеттілігін білмеуі салдарынан оқушылардың өздеріне деген сенімсіз-дігі туады.

Қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қа-лыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық, саяси экономикалық, білімді-лік және ақпараттық сауаттылық т алап етілуде. Ол заман талабына сай білім бе-руде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі

мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.


Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағы-нан мектептің техникалық материалдық базасының жабдықталуы да әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек. Соңғы кез-дері мектебіміз сабаққа қажетті электронды оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды.

Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең озық әдіс-

темелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен жұмыс істеуде. Солардың ішінде оқушы үшін электронды оқулықты пайдалану арқылы:

- оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу материалын саналы игеруге жеткізеді;

- абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді;

- оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;

- мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады.

Қазіргі таңда дайындалған электронды оқулықтарда мынадай жағдайларды ескеру керек:

  • белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;

  • электрондық оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатыс-ты дәріс конспектісін қамтитын негізгі материалдар;

  • зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдар;

  • материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші материалдар;

  • аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест;

  • материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері қамтылуы.

Информатикадан оқушы үшін электронды оқулықты қолдану тиімді. Электронды оқулықты қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:

- Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;

- Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін - өзі тексеруге;

- Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;

- Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;

- Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;


- Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.

Ақпараттық технологиялардың мүмкіндері пайдаланып жасалынған электрон-ды баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың өздігінен жұмыс жасай алады. Әсіресе аталған электронды оқулықты пайдалану оқушы-лардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындалулары-на мүмкіндік туғызады. Электронды оқулықты қолдану барысында графикалық безендірулер және сұқбат терезесі түрінде пайдаланушы интерфейсі оқушыларды бұл кітап пайдалануға деген қызығушылығын арттырады.

Электронды оқулықты қолдану саласы өте кең: электронды – оқыту жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге деген талпы-ныс бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай мүмкіндігін көп дер-бес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша оқушылардың дағдыларды қа-лыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның дамуының тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, мұғалімнің жұмысын жеңілдете түседі.

Мен өз сабағымда электронды оқулықтарды пайдаланып өтемін. Бұның тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялық кө-ріністер, оқушыларды машықтандыру (практикалық және тәжірибелік) фильмдері, анықтама сөздік, оқушы білімін бекітетін дидактикалық материалдар бар. Әр та-раудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары(есептер, диктант) оқушы білімін бақылауда және оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор.

hello_html_762a557d.gif


Электронды оқулықты пайдалану арқылы:

  • сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;

  • мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;

  • оқушының пәнге қызығушылығы;

  • алынған білім, дағды деңгейі;

  • білімнің тереңдігі;

  • тексеру түрлері, бағалау;

  • практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.


Қорыта келгенде электронды оқулықты қолдану барысында оқушылардың са-баққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де өзде-ріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыру-ға болады. Сонымен қатар электронды материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің кө-мегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлай-мын.

Электронды оқулықтарды сабақта пайдаланудың тиімділігі
  • Информатика
Описание:

Электронды оқулықтарды сабақта пайдалану тиімділігі

 

      Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақ-саттарының бірі жан жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлға-ны тәрбиелеу.

«Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің басты міндеті «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағ-дайлар жасау» делінген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға мін-детті білім беру стандартында оқу бітіруші түлектердің біліміне қойылатын талап-тардың ішінде былай делінген:

·        өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру;

 

·        өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық жобала-рымен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу.

Автор Мусаева Меймангуль Зайнидиновна
Дата добавления 11.12.2014
Раздел Информатика
Подраздел Другое
Просмотров 1461
Номер материала 6964
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓