Главная / Музыка / Ел бірлігі – ең асыл қасиет

Ел бірлігі – ең асыл қасиет

Ақтөбе облысы , Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қалалық №4 орта мектеп

Музыка пәнінің мұғалімі

Сейтова Зеркүл Қалиқызы



Тақырыбы: Ел бірлігі – ең асыл қасиет

1 – жүргізуш: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар, тіл жанашырлары!

2 – жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар!

Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!

1 – жүргізуші:

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері

Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.

Толқыныда тарихың қуғын көрген,

Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Зобаланда көп шеккен қасіретті,

Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.

Риза көңілменен елге деген,

Арнайды барша халқы ақ тілекті.

2 – жүргізуші:Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

1 – жүргізуші: Тіл мәртебесін көтеру – елдің мерейін үстемдетіп көкке шарықтау. «Қазақ» деген атқа лайық, қазақ екенін дәлелдейтін ұлттың сұлу да сазды, көркейген тілі болу керек. Сол тілді биікке самғататын ұл – қыздар, жас ұрпағы болу керек болса, сол ұрпақ алдарыңызда тұр.

Ән: Қазақ тілі

2-жүргізуші:

Ортақ менен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан

Ортақ жердің байлығы

Еңбек ортақ, жыр ортақ,ъортақ бізге барлығы.

1 – жүргіуші:

Тілі бөлек болғанменен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр. – дей келе әр ұлтымыз өздерінің ұлттық тағамдарымен тансытырса дейміз.

  • Ендеше, әрбір ұлт көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін ортаға шақырасыз. (әр ұлт тілектерін айтады)

Ән: Ағайынды бәріміз.

2-жүргізуші: бүгін біздің кешімізге орыс биі ғана емес, өзбек қыздары да би билеуге келіп тұр. Ендеше, Қазбек биіне кезек берейік.

1-жүргізуші:

Мы дружно семьей живем в Казахстане,

Татары, уйгуры и русские с нами.

Так пусть же крепнет во веки веков

Дружба народов всех возрастов. Деп орыс биіне берейік.

2-жүргізуші:

Жер анамыз жасайды тарлық кімге

Кетпеу үшін мәңгілік қалықп түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады.

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

1-жүргізуші:

Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам

Қырвн құсы көгінде мың самсаған!

Тілегі бір,

Жүрегі бір,

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да берік біздің іргеміз!

Президентіміз Н.Назарбаев биылғы жылғы жолдауында 3 бірдей тілде сөйлеу мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып отыр. Үш тұғырлы тілді қатар білсек, биік белестерді бағындра отырып, 30 елдің қатарына қосылатынымызға еш күмәні келмек емес. Ендеше үш тұғырлы тілде ән орындайтын: Танжарова Аяжан, Русланова Аяжан.

Ән: Туған жер.

2-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз.

1-жүргізуші: халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешікімге тиіспеген елміз.

2-жүргізуші: шыдамның шегіне жеткенде, намыс роты еті түгілі, сүйегінен өткенде, кеудесінен жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қаврап анталап тұрған жаудың алықаннының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынынан жұлып бір – ақ тоқтаған қазапыз.

1-жүргізуші: сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

Ән: Атамекен.

2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

2-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

1-жүргізуші: Ынтмақтастық жасасын!

2-жүргізуші: Қазақстан жасасын!

1-жүргізуші: Қазақстан халықтарынң бірлігі жасасын!

2-жүргізуші: осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

1-2 жүргізуші: Сау – саламатта болыңызлар!

Ел бірлігі – ең асыл қасиет
  • Музыка
Описание:

Сабақтың тақырыбы:   «Ел бірлігі- асыл қазына» . Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» атты салтанатты жиынға шақыру. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Тіл мәртебесін көтеру – елдің мерейін үстемдетіп көкке шарықтау. «Қазақ» деген атқа лайық, қазақ екенін дәлелдейтін ұлттың сұлу да сазды, көркейген тілі болу керек. Сол тілді биікке самғататын ұл – қыздар, жас ұрпағы болу керек болса, сол ұрпақ алдарыңызда тұр. Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр. – дей келе әр ұлтымыз өздерінің ұлттық тағамдарымен тансытырса дейміз.әрбір ұлт көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін ортаға шақырасыз. (әр ұлт тілектерін айтады) Президентіміз Н.Назарбаев биылғы жылғы жолдауында 3 бірдей тілде сөйлеу мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып отыр. Үш тұғырлы тілді қатар білсек, биік белестерді бағындра отырып, 30 елдің қатарына қосылатынымызға еш күмәні келмек емес.Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі  ынтымақтастық пен бейбіт өмір! Ел бірлігі – ең асыл қасиет Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Ендеше, бейбітшілік жасасын! Ынтмақтастық жасасын!  Қазақстан жасасын   Қазақстан халықтарынң бірлігі жасасын деген ұранмен аяқтайды. Кеште   пәнаралық байланыс: музыка, сурет, тарих пәндері арқылы жасалған. Күнделікті өмірмен байланыстылығы ескерілген Түрі :  дәстүрлі,   аралас сабақ  Көрнекілігі:  баннер, презентация Күтілетін нәтиже: оқушыларда патриоттық сезім оянады. Өз Отаны үшін , халқы үшін мақтаныш сезімі ұялайды. Халықтар ассамблеясы жылы туралы толық мағлұмат алады.

 

 

Автор Есалина Айнаш Согимбаевна
Дата добавления 18.03.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другое
Просмотров 740
Номер материала 58317
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓