Главная / Начальные классы / «Еңбек бәрін жеңбек» ашық сабақ

«Еңбек бәрін жеңбек» ашық сабақ

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы “Үшағаш негізгі орта мектебі” коммунал...
 «Еңбек бәрін жеңбек.» 2 - сынып
Мақсаты:  «Еңбек »адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндетт...
Шаттық шеңбері Кел, билейік! М. Әлімбаева Кел, билейік, кел, билейік, Неге тұ...
Мәтінмен жұмыс “Жақсылардың жақсысы.” /Аңыз./ 1.Неліктен әкесі ұршық, өрмек, ...
Жаттығу – ойлану. 1-тапсырма.Еңбек туралы мақал айтып, оның мағынасын ашу. 2-...
Тыныштық сәті. -Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ың...
“Еңбек түбі береке.” тақырыбына әңгіме жазу. Шығармашылық жұмыс.
  Дәптермен жұмыс. Берілген суреттерді пайдаланып, сөйлемдерді оқыңдар. Суре...
Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Тапсырма
Еңбек еткен адам білімді, өнерді үйреніп меңгереді. Ұлы Абай аталарың айтқанд...
Жүректен жүрекке “Еңбек.” Н.Жанаев. Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты---ЕҢБЕК. К...
1 из 12

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы “Үшағаш негізгі орта мектебі” коммуналдық
Описание слайда:

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы “Үшағаш негізгі орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жумаева Бағдагүл Сапиоллақызы

№ слайда 2  «Еңбек бәрін жеңбек.» 2 - сынып
Описание слайда:

«Еңбек бәрін жеңбек.» 2 - сынып

№ слайда 3 Мақсаты:  «Еңбек »адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері
Описание слайда:

Мақсаты:  «Еңбек »адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: -  еңбектің адамөміріндегі мәні туралы түсінік беру; -еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; -еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер , жеміс ағаштары, себет, дәптер, оқулық.

№ слайда 4 Шаттық шеңбері Кел, билейік! М. Әлімбаева Кел, билейік, кел, билейік, Неге тұрсы
Описание слайда:

Шаттық шеңбері Кел, билейік! М. Әлімбаева Кел, билейік, кел, билейік, Неге тұрсың билемей? Кел, билейік, іркілмейік, Неге отырсың үндемей? Қайырмасы: Жалығуды білмейміз, Жабығуды білмейміз. Жауқазындай көзі тартып, Жайраң қағып билейміз.

№ слайда 5 Мәтінмен жұмыс “Жақсылардың жақсысы.” /Аңыз./ 1.Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кіт
Описание слайда:

Мәтінмен жұмыс “Жақсылардың жақсысы.” /Аңыз./ 1.Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты “жақсылардың жақсысы ”дейді? 2.Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?

№ слайда 6 Жаттығу – ойлану. 1-тапсырма.Еңбек туралы мақал айтып, оның мағынасын ашу. 2-тап
Описание слайда:

Жаттығу – ойлану. 1-тапсырма.Еңбек туралы мақал айтып, оның мағынасын ашу. 2-тапсырма. Н.Жанаев. “Еңбек сүйсең.”

№ слайда 7 Тыныштық сәті. -Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғай
Описание слайда:

Тыныштық сәті. -Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс Алуларыңды бақылап,бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал, енді көзімізді ашамыз!

№ слайда 8 “Еңбек түбі береке.” тақырыбына әңгіме жазу. Шығармашылық жұмыс.
Описание слайда:

“Еңбек түбі береке.” тақырыбына әңгіме жазу. Шығармашылық жұмыс.

№ слайда 9   Дәптермен жұмыс. Берілген суреттерді пайдаланып, сөйлемдерді оқыңдар. Суретте
Описание слайда:

  Дәптермен жұмыс. Берілген суреттерді пайдаланып, сөйлемдерді оқыңдар. Суреттерді бояңдар.

№ слайда 10 Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Тапсырма
Описание слайда:

Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Тапсырма

№ слайда 11 Еңбек еткен адам білімді, өнерді үйреніп меңгереді. Ұлы Абай аталарың айтқандай
Описание слайда:

Еңбек еткен адам білімді, өнерді үйреніп меңгереді. Ұлы Абай аталарың айтқандай талап,еңбек – бес асыл істің бірі. Сол асылды бойымызға дарыта білейік. Талаптанған, еңбектенген адам өз арманына жетеді, қандай қиындық болса да жеңбей қоймайды. Ол үшін адам ерінбей, шыдамдылық, тұрақтылық таныта білу керек екен. Қорытындылау

№ слайда 12 Жүректен жүрекке “Еңбек.” Н.Жанаев. Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты---ЕҢБЕК. Кест
Описание слайда:

Жүректен жүрекке “Еңбек.” Н.Жанаев. Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты---ЕҢБЕК. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты-ЕҢБЕК. Сабағыңды жөндеп, Әзірлесең-ЕҢБЕК. Қиындықтың бәрін, ЕҢБЕК қана жеңбек.

«Еңбек бәрін жеңбек» ашық сабақ
  • Начальные классы
Описание:

Еңбек - бәрін жеңбек (2 - сынып)
Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап.
Абай
Мақсаты: «Еңбек»адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекті құралдар: сюжетті суреттер, жеміс ағаштары, түрлі - түсті қағаздар, дәптер, оқулық
Сабақ елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен басталады. (1 - слайд)
Шаттық шеңбері (2 - слайд)

Кел, билейік!

М. Әлімбаева

Кел, билейік, кел, билейік,

Неге тұрсың билемей?

Кел, билейік, іркілмейік,

Неге отырсың үндемей?

Қайырмасы:

Жалығуды білмейміз,

Жабығуды білмейміз.

Жауқазындай көзі тартып,

Жайраң қағып билейміз.


Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, ән айтады:

Болайықшы осындай
Сөзі мен әнін жазған: А. Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым - ай
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.

Әңгімелесу (3 - слайд)
Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстыру мақсатында әңгімелесу жүргізеді.
* Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
* Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
* Өздерің еңбектің қай түрімен айналысқанды ұнатасыңдар?
* Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары.
- Дұрыс айтасыңдар! Ауа, су, тағам. Ауа, су - табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні - нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін қажетті заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.
Тапсырма (жұппен жұмыс)
Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау үшін балаларға тапсырма береді. (2 оқушыға 1 суреттен беріледі)
Мәтінмен жұмыс (4 - слайд)
Мұғалім еңбектің маңызын түсіндіру үшін оқулықта берілген Б. Әділовтың «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» деген мысал әңгімесін оқып береді. Балалар сұрақ бойынша өз ойларын айтады.
Балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазады. (5 - слайд)
Сахналау
Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады.
Үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ) рөлдерде өлеңді мәнерлеп оқиды.
Қайдан келдің бауырсақ?
Ө. Тұрманжанов
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім
Нан сатқан,-
Деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жақтан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер - анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.

Оқулықтағы суреттер бойынша(жаюлы дастархан үстінде шашылып жатқан бауырсақтың, нан дүкені сөрелеріндегі неше түрлі нандардың, нан жауып тұрған наубайшының, диірменнің, егіс даласының) оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы «Нан дастарханға қандай еңбекпен к еледі?»- деген сұрақ аясында шығып сөйлейді.
«Нан дастарханға қалай келді?» (6 - слайд) (бидай, наубайхана, дүкен сөрелері, бауырсақ пісіріп тұрған әженің суреттері)
Сергіту сәті. (7 - слайд) «Бауырсақ» ертегісі бойынша би қимылдарын жасау.
Дәптермен жұмыс
Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.
«Еңбек - бақыт бастауы» тақырыбында әңгіме жазыңдар.
Шығармашылық жұмыс.
«Еңбекқорлар елін» безендіру. Оқушылар жемістер мен көкөністердің суреттерін салып, қиып, жапсырып, бақшаны гүлдендіреді.
Жүректен - жүрекке (8 - слайд) 2 - сынып оқушыларының суреті.
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, бір - біріне жүрекжарды тілектерін айтады

 

Автор Жумаева Бағдагүл Сафиоллақызы
Дата добавления 16.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров 2093
Номер материала 54175
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓