Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыӘбіш Кекілбайұлы «Ең бақытты күн» әңгімесі (семинар сабақ)

Әбіш Кекілбайұлы «Ең бақытты күн» әңгімесі (семинар сабақ)

Скачать материал

Күні: 6.12.

Қазақ  әдебиеті

9 «Б» сынып

Сабақтың   тақырыбы

Әбіш Кекілбайұлы  «Ең бақытты күн» әңгімесі (семинар сабақ)

Сілтеме

Күнтізбелік  жоспар,  орта  мерзімдік  жоспар,  оқулық.   Мұғалімге  арналған  нұсқаулық,  СТО  стратегиясы

Жалпы мақсаты

Әбіш кекілбаев мұрасын тереңдей оқытып, мазмұнын меңгерту, көркемдік ерекшелігін ашу. Логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарасын дамыту, шығармашылық белсенділігін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеуді дамыту.

Оқыту нәтижесі

СТО-ға үйрете отырып, мәнерлеп оқуға, оны талқылауға үйрету

Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі, тақырыпты аша алады, ережеге бағынады, бір-бірін тыңдай біледі

Оқыту   формасы

Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу

Оқуда  қолданылатын модульдер мен әдістер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.  Оқыту  үшін  және  оқуды бағалау. Топтастыру. Миға  шабуыл

Құрал – жабдықтар

АКТ, карта,оқулық, Әбіш портреті, кітаптар көрмесі, буклет, қоржын, асық, смайликтер. Ә.Кекілбаев. Әңгімелер мен хикаялар. 6-том. Алматы: «Жазушы» баспасы

Кезең

Мұғалімнің   іс-әрекеті

Оқушының   іс-әрекеті

1 кезең

 Ұйымдастыру 2 мин

 

 Үй тапсырмасын  тексеру 5мин

-Амандасу, оқушыларды түгендеу.

-Алтын ережемен таныстыру.

-Қоржынға салынған асықтар арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.

 

Бір бірімен амандасады.

 

Ережемен танысады, топқа бөлінеді

2 кезең

  Қызығушылықты  ояту

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны  тану 20мин  (жаңа  сабақ  бойынша  тапсырмалар,  сергіту  сәті  2 мин)

            Мағынаны  тану

Ә.Кекілбаевты кім деп танимыз? (топтастыру стратегиясы)

Оның еңбектері. (хранологиялық кесте)

Мәтінмен жұмыс.

Бүгін - әдебиетте аты алтын әріппен жазылған атақты жазушымыздың туған күні.  Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келген. 

Атақты қаламгердің әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

Ол Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылысындарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы.

Қазақстан Республикасының 20 жылдығына байланысты "Қазақфильм" тарапынан режисер Жаңабек Жетірудың "Әбіш Кекілбаев әлемі" атты фильмі жарық көрген болатын.

Әжесі – Айсәуле тоқсан сегізге қараған шағында дүниеден өтті. Әйелі –Клара, тұңғыш ұлы –Әулет. Заңгер, экономист. Екінші ұлы- Дәулет. Театр институтының түлегі. Үлкен қызы – Зәузат. Мұрағатшы. Кіші қызы – Сәулет. Экономист-социолог.

«Ең бақытты күн» әңгімесі – соғыс жылдарындағы қарапайым жанұяның тіршілік әрекеті, береке-бірлігі, азаматтарын күткен ана, асыл жардың үміті, тілегі, ерен еңбегі туралы әңгіме.

Бүкіл дала, осынау ауыл, қыбырлаған кәрі-жас – бәрі толғанысқа  толы тағдыр құшағында. Басты кейіпкер – Торғын сыры: сыпайы, мейірімді, шыдамды, еңбекқор. Осы қасиеттердің тек адалдық жолында ғана адамды бақытқа жеткізетін сөз болады.

«Ең бақытты күн» әңгімесінде Дәулет үйленгеніне он күн болмай майданға аттанады. Торғын ата-енесімен бірге қалады. Дәулет төр жылдан соң аман елге оралады, той жасалады. Тынымсыз еңбек, қуаныш, жұрттың еркін күліп, етек-жеңін жиған күн.

Әбіш прозасы – халық өмірінің жан-жақты әлеуметтік мәселелерін байланыстыра суреттейді. Оның басты ерешеліктері:

-          Тұрмыстық жіне этнографиялық детальдардың дәлдігі;

-          Кейіпкерлер іс-әрекетінің жан-жақтылығы, терең психологиясы;

-          Сюжет шымырлығы, композициялық тұтастығы;

-          Тіл көркемдігі;

Сүйекке берер нәрді жұлын арқылы, етке берер нәрді тамыр арқылы, ал жүрекке берер нәрді тылсым күш арқылы дарытар болар...

Әңгіме – бір ғана оқиға немесе бірнеше оқиға бірігіп кеткен шығарма.

                      

Әңгіменің сюжеттік-композициялық жоспарын құру

Басталуы. Ауылдың таңғы тірлігі.

Байланысуы. Берден мен Сақан қақтығысы.

Шиеленісуі. Майданнан оралу.

Шарықтау шегі. Ел қуанышы.

Шешімі. Бақытты күн.

 

Кейіпкелерін топтастыру

Торғын-басты кейіпкер, Дәулет- Торғынның күйеуі, почташы сағит, бригадир Берден, ауыл советінің хатшысы Баламан, ата-енесі, Сақан

 

Топпен жұмыс

Ә. Кекілбайұлының «Ең бақытты күн» әңгімесіндегі детальдарды табу, постар қорғау.

1.  Енесі орамал шетіне түйілген кілтті сыңғырлатып, төрде тұрған абаждай темір сандығын ашып ашып, көйлек ап тастады. Былтыр атасы ұзатқан қызына барғанда беріп жіберген көйлегі. Өрнегі ұсақ ақ шыт көйлек. Енесі сандығына үңіліп жатқанда, жинаулы көрпелердің астына тығып қойған айнасының сынығын ап үңілді. Торғынның айнаға қарауы да бақытты күннің бірі еді... (деталь)

2.  -  Жеңеше, сүйінші, сүйінші.

Мына бала не дейді. Қызылтанау боп жүгіріп келеді ғой. Дәулет келіп жүрмесін...

Ә, әне екі-үш солдатты кеп түсті.

Өкпесі өшіп бұ да жетті-ау. Арқасын метей соғып тастапты. Енесінің мойнынан құшақтап ап, жабысып айырылмай жүрген әне біреу кім? Ауыл советінің хатшысы Баламан ба?  Ол немене айтты екен.

-          Әй, балаң мында ..

-          Атасының даусы. Жалт қарады. Атасы мойнына асылған Дәулетті көкірегінен ажыратып жатыр.

-          Бар, бар. Шешеңе бар. О, байқұс әне адасып кетті. Бара сала Баламанды құшақтай  алғаны несі, доңыздың!

Байғұс кемпір жасты көзбен баласының қайсы екенін де ажырата алмапты. Дәулеттің кеудесіне барып сұлқ құлады.  Даусы да шықпай қалыпты.

3. - Торғын, құманда жылы су бар ма? Аяғымды жуып алайын,- деді солдаттың сыптима шалбарының белтірлігін шешіп.

-Бар...

Торғынның даусы бәсең шықты. Тіпті өзіне ерні күбірлегенімен дауысы шықпағандай боп көрінді. Дәулеттің аузынан өзінің атын төрт жылдан бері бірінші рет естіп отыр...

4. Төсек кемпір – шалға үйге, Дәулет екеуіне үйдің көлеңке бетіне сыртқа салынды. Торғын төсегіне келіп жатты.  Дір-дір еткен жасқаншақ қол иығын сипады. Торғынның алқымына жас тығылды. Орнынан аударылып түсті. Сол бір солдат махоркасы мен ащы тер иісі аңқыған ыстық көкірекке сіңіп кетті.

Шаңдақтағы қараша інген бырт-бырт күйсегенін қоя қойып, ботасына еміренді. Көрші үйлерде жұмыстан шаршап қайтқан пішеншілер қорылдайды.

Ауыл алаңсыз ұйқыға кетті.

 

 «Түртіп алу» әдісі. Суретті сөздікпен жұмыс

Метей сырты теріден тігілген, қақпағы бар су тасуға арналған ыдыс түрі

Қауға  шыңыраудан су шығаруға арналған теріден жасалған шелек түрі

Зерең – қымыз құюға арналған ағаш ыдыс

Мая шөп үйінді шөп

Аттырма  шөп жинайтын құрал

Үш бұт мосы қазан, шәугім асу үшін шәугімнің  тұтқасы ілініп, астына от жағылады, көшіп-қонуға ыңғайлы, үш аяқты темір ошақ түрі

Кебеже – ас-тағам, ыдыс-аяқ сақтауға арналған мүлік

Диірмен әр түрлі дақылдар дәндерін  женшіп, ұсақтауға арналған тас құрал. Алғашқыда қолмен немесе жануарлар күші, кейін су және жел күші пайдаланылды.

Шығармашылық жұмыс:

1-топ.Әңгімеде кездескен салт-дәстүрлерді табу.

Сүйінші  қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

Құдайы нан - жеті нан тарату. Қазақта жеті саны қасиетті сан.

2-топ.Торғынға мінездеме беру.

Мінездеме -  адамның болмысын, мінез-құлқын суреттеу./сыпайы, мейірімді, шыдамды, еңбекқор/.

 

3-топ. Әңгімеден портретті табу.

Портрет – адамның сыртқы келбетін суреттеу.

          Дәулет. Үйдің іші тым күңгірт болғандықтан ба Дәулеттің өңі қарауытып көрінеді. Баяғы монтиған толықша бала жігіт емес. Сүйек бітімі анық білініп, ысылып, тартылып кеткен. Шықшыттанып, бет алды да бұрынғы ұяңдықтан арылған.

           Сақан - қоңқақ мұрын қара бала. Беті-аузы ылғи сортаң жердей

жалақ-жалақ болады да жүреді.

 

4-топ. Табу дегеніміз не? Мәтінде табу бар ма? /Мифтік ескі наным-сенім бойынша атын тура атауға тиым салынған сөздер - табу деп аталады. Шырақ – қайнысы Сақанға жеңгесінің қойған аты/

 

 

 

 

Оқушылар жұптасып сұрақтарын талқылап, бір- біріне сұрақтар қою арқылы  және  тапсырмалар  арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайдтан көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар жоспар құрады

 

 

 

Постер қорғайды.

 

 

 

Сөздікпен жұмыс жасап, дәптерлеріне жазып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттерін көрсетемін, оқушылар сөздікпен жұмыс жасайды, дәптерге жазып отырады.

 

 

 

 

 

Оқушылар  тапсырмаларды орындайды, әңгімеден тауып дәлелдейді.

3 кезең

Сабақты  бекіту 5 мин

Ой толғаныс 

-     Бұл әңгіме қай жылдары болған оқиға деп ойлайсыңдар?   /1941-45ж.ж. ҰОС/

-     Жеңістің биылыл неше жылдығын тойлаймыз?  /Жеңістің 70 жылдығы/

 

INSERT  стратегиясы бойынша үлестірме қағаздарын толтырып, өз ойларын білдіреді.

Не білеміз?

Не білдік?

Не білгіміз келеді?

Ә.Кекілбаев өмірін, шығармаларын білеміз.

Әбіш туралы ой бөлістік, жазушыны таныдық.

Әбіш және оның қрпақтары туралы білгіміз келеді.

Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану

Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?

Смайликтер арқылы көңіл-күйін білдіреді.

Бағалау 3 мин

Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге  тапсырма  2 мин

1.Ә.Кекілбаевтың  өмірі мен шығармалаын тереңірек оқып танысу.

2. «Менің ең бақытты күнім» тақырыбына ойтолғау жазу.

3. Кестені толтыр.

Кейіпкерлер

Іс-әрекеті, ұстанымы

Жазушының суреттеуі

Менің ойым

Дәулет

 

 

 

Торғын

 

 

 

Сақан

 

 

 

Берден

 

 

 

Баламан

 

 

 

Рефлексия  3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әбіш Кекілбайұлы «Ең бақытты күн» әңгімесі (семинар сабақ)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Әбіш кекілбаев мұрасын тереңдей оқытып, мазмұнын меңгерту, көркемдік ерекшелігін ашу. Логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарасын дамыту, шығармашылық белсенділігін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеуді дамыту.

Бүгін - әдебиетте аты алтын әріппен жазылған атақты жазушымыздың туған күні.  Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келген. 

Атақты қаламгердің әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

Ол Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылысындарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы.

Қазақстан Республикасының 20 жылдығына байланысты "Қазақфильм" тарапынан режисер Жаңабек Жетірудың 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 810 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.06.2015 9824
    • DOCX 1.7 мбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Икенова Тилектес Дуйсенбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20645
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 398 человек из 63 регионов

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 33 регионов

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе