Инфоурок География Другие методич. материалыОтан тарихын үйренуде өлкетану материалдарын қолдану әдістемесі

Отан тарихын үйренуде өлкетану материалдарын қолдану әдістемесі

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: « Мен және менің сүйікті отбасым»

Сабақтың мақсаты: А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;

Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, оқушыны шығармашылығынан тұратын көрме, отбасы туралы слайд, мультимедиа.

Барысы:

І. Құрметті ұстаздар, ата-аналар!

«Мен және менің сүйікті отбасым» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.

ІІ. Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын мынандай ойын ойнап жіберейік. Бұл ойынды мынадай жұмбақтар шешу арқылы ойнаймыз

1.     Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?

2.     Әкелеріңнің анасы кім болады?

3.     Отбасының тірегі кім?

4.     Үйдегі алтын қазық кім?

5.     Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім?

6.     Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?

(Әр жұмбақтың шешуіндегі адамдарды тақтаға іліп, отбасы сөзін шығару)

    ІІІ. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. 

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.

    ІV. Балалардың отбасы туралы жыр шумақтары:

1-оқушы  Абылай

Бала,бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

 

2-оқушы Руслан

Атамның ән-күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мерейі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.

 

3-оқушы Гузель

Әке деген-биік шыңы адамның,

Әке деген-тірегі ғой ғаламның.

Әке деген-бойында аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.

Не десеңде әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.

 

4-оқушы Томирис

Бойға қуат береді.

«Әй, жарайсың» дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді.

 

5-оқушы Гулнияз

Әкем шытса қабағын,

«Байқа, балам» дегені

Алған көп-ақ сабағым

Жақсы көрем мен оны.

 

6-оқушы Нурдаулет

Сабағымнан қалмаймын

Бес аламын бәрінен

Озат оқып әрдайым

Қуантамын әкемді

 

7-оқушы Аманат

Ойнаймыз, күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Әкені сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз.

 

8-оқушы Алия

Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,

Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

 

9-оқушы Бейбарыс

«Балам аман болсын» деп көз ілмеген,

Қуат алдың, анажан, өзің неден?!

Адамдардан жақсылық күте алмаймын

Ана жүрек мейірін түсінбеген

 

10-оқушы Мадияр

Әжемнің саясында ер жетіп мен,

Аялы ақ бесікте тербетілген

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаспын айналсам да жер бетінен

 

11- оқушы Мирас

Ер жетіп есейгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы

Иіскеп маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой әжелердің алақаны

 

12- оқушы Мадина

Дүниенің жарық күні-анамыз

Жарық күннен қуат алған санамыз.

Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,

Дана болсақ-анамене данамыз.

Өмірге мына бізді ала келген,

Дүние қымбат екен анаменен

V. Ән: «Асыл әжем»

VІ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер

1.     Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.

2.     Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.

3.     Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

4.     Ата-бәйтерек, бала-жапырақ

5.     Балалы үйдің еңсесі биік.

6.     Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.

VІІ. Оқушылар шығармашылығынан тұратын «Менің отбасым » тақырыбындағы көрмемен таныстыру. Оқушыларға шығармаларын оқыту.

VІІІ. Жалғыз-дара өзіңсің

Атасының көзісің,

Әжесінің сөзісің

Аппақ мөлді сезімсің

Мен барымды аяман

Ботақаным, сен үшін- деп, үнемі балапандарының маңдайынан сүйіп, еркелететін арамызда ата-аналарымыз отыр. Ендеше, қонаққа келіп отырған ата-аналарымызды ортаға шығарып, бірнеше ойындар ойнасақ.

Бірінші ойын: «Гүл бейнесін келтіру»

-Бала-әр ата-ананың болашағы. Ол-оның өмірінің жалғасы деп  жатады халқымыз. Олай болса сіздер үшін бала деген кім? Осы сұраққа бір-бір жауапты мына гүлдің жапырақтарына жаза отырып, бір гүлдің бейнесін құрап шығаруларыңыз керек (Аналардың жауабы: бауыр етіміз, болашағымыз, үміитіміз, сүйенішіміз, мұрагеріміз, ізбасарымыз…)

Екінші ойын: «Біз екеуміз бірге…»

-Бұл ойында ата-ана баласымен бірге үнемі не істейтіндері жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.

Үшінші ойын: «Сезім гүлі»

-Бұл ойында мұғалім ұсынған жауқазынға ата-ана өз баласын қалай жақсы көретінін жазу және дауыстап айтып баласын шақырып беру керек.

ІХ. Оқушыларға арналған ситуациялық жағдайлар:

1.     Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған

ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?

1.     Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап

өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?

1.     Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыркүнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің? 

Х. Ата-аналарға сауалдар:

1. Сіздің балаңыз-озат оқушы. Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?

2. Қызыңыз кешкі астан кейін ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отырып алды. Қандай әрекет қолданасыз?

3. Балаларыңыздың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз?

ХІ. Көрініс: «Ананың жүрегі»

ХІІ. 13-оқушы «Ұлыма сыр» Айгерим

Екі нәрсе қадірлі тірі адамға,

Сол екеуі мәңгілік дос дер едім.

-Не дейсің ғой, айтайын:

-Бірі-Анаң да,

Бірі-Отаның туған жер, өскен елің!

Осы екеуі-бақытың, үміт таңың

Осы екеуі-ашатын жігіт бағын

Дүниеде бар нәрсе өзгермелі,

Осы екеуі-мәңгілік  ұмытпа ұлым!

Осы екеуін әрқашанда пәк түсін де,

Осы екеуін арманым, ақ құсым де!

Өз арыңды лайлап алмау үшін,

Осы екеудің арына дақ түсірме!

Биіктер көп, бәрінен ғасыр биік,

Бермес саған ол бірақ жасын қиып

Қуансаң да, мұңайып қайғырсаң да

Осы екеуге тағзым ет, басыңды иіп.

ХІІІ. Қорытынды

Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Әкем біреу, анам да біреу менің

Мен жығылсам сүйенер тілеулерім

Олар барда мереке

Көрген емес қабақтарын, шытқанын, түнергенің

Менің досым әкесін жек көреді

Бізбен ісі жоқ оның деп сөгеді.

Жамандайды, сыртынан тістенеді.

Бір-біріне бітпейді өкпелері

Дос тапса да адамдар, тапсадағы

Әке жалғыз табылмас ақшаға да

Жамандасаң әкеңді саған әкеп

Жақсы әкесін береме басқа бала

Әке білек, саусағы балалары

Қан тамырымен жалғасқан аналары

Ана тамыр бойымен беріледі

Тіршіліктің жылуы таралады

 

           А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

 

 

Тәрбие сағаты

 

Тақырыбы:

«Мен және менің сүйікті отбасым»

 

                                  Өткізген : Бастауыш сынып мұғалімі Сапарова.Н.С

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

2016-2017 оқу жылында 3 «А» сыныбында «Мен және менің сүйікті отбасым» тақырыбында өткен ашық тәрбие сағатының      жүргізілуі туралы анықтама

 

     Мақсаты:  Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімізді  балалардың бойына дарыту;  Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

    Тәрбие сағатына сыныптағы 16 оқушы  және 11 ата-ана қатысты. Сабақ ойын ойнау арқылы басталды. Жұмбақтар қойылды. Әр жұмбақтың шешуіндегі адамдарды тақтаға ілу арқылы отбасы сөзі шығарылды. Отбасы туралы мұғалім сөз сөйледі. Содан кейін балалардың отбасы туралы жыр-шумақтары тыңдалды. Балалар өлеңдерін әсерлі орындап берді. «Асыл әжем» әнін балалар хормен нақышына келтіре орындап болған соң кезек мақал-мәтелдерге келді. Оқушылар мақалдардың жасырылған бөлігін тауып, жалғастырды. Келесі кезеңде әрбір оқушының отбасылық фотосуреттерінен құралған көрмені тамашалады. Және әрбір оқушы өзінің отбасы туралы шығармасын оқып берді. Ата-аналар мен балаларының қарым-қатынасын нығайту мақсатында ойындар ойналды. «Гүл бейнесін келтіру» ойынында сіз үшін бала деген кім? деген сұраққа гүлдің жапырақтарына жаза отырып, гүлдің бейнесін құрап шықты. «Біз екеуміз бірге» ойыны әсерлі болды. Оқушыларға арналған ситуациялық сұрақтар дайындалды. Оқушылар қызықты нұсқаларын ортаға салды. Балалар көңілді қатысты. Ата-аналарға да сауалдар қойылды. Айгерим «Ұлыма сыр» өлеңін мәнерлеп оқып берді. Тәрбие сағатын «Әрқашан күн сөнбесін » әнімен қорытындылады. Оқушылар да ата-аналар да көңілді әрі белсене қатысты.

Ұсыныс: Ата-аналар мен балаларының қарым-қатынасын нығайту және бауырмалдыққа  баулу мақсатында осындай тәрбие сағаттарын жиі ұйымдастыру.

 

 

                                                                                                                   

                                                          Сынып жетекші:               Сапарава Н.С

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Отан тарихын үйренуде өлкетану материалдарын қолдану әдістемесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

      Білім қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Тек білім ғана қоғамды алға жетелеп,  болашағымызды  жарқын етеді. Кез келген елдің  өсіп-өркендеуі, әлем елдері  арасында  өзіндік орнын  алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму  бағытына байланысты.  Еліміздегі білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, өзара бірлік-байланыста интеграциялау қажеттілігі уақыт талабына айналды. Жаһандану үдерісі, дамыған елдердің үздік үлгісін бақылап-зерделеп, ұлттық ерекшеліктерімізге сай  ұтымды, тиімды жақтарын тәжірибеге еңгізу білім кеңістігін дамытудың бір жолы саналады. .  Заманауи әлемде елдің әлеуеті бірінші біліммен, қабілетімен өлшенеді.  Алған білімін өмірде қолдану, қажетіне жарата білу, тәрбиелі де саналы жастар тәрбиелеу—мұғалімдер қауымының міндеті болып саналады.

    Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы ғылымы  жаңа сапалық са­тыға көтерілді. Оған серпіліс берген, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған тарихи құжаттары. Әрине, олардың ең бастысы «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы. Жол­дауда Елбасы инновациялық зерттеулерді дамы­ту­дың жаңа саясатын паш етті, бүкіл­қазақ­стандық бірегейлікті халқы­мыз­дың та­ри­хи санасының өзегіне айналдыру­ды жаңа патриотизмнің алғышарты ре­тін­де айрықша атап өтіп,  «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру  жұмысын жалғастыруымыз керек» - деген болатын.

    Kөп ұлтты Қазақстан халқының болашағын қамтамасыз ету үшін  жас ұрпақты  жалпы ұлттық құндылықтарды құрметтеп, қастерлеуге бағдарланған патриоттық тәрбие беру өзекті мәселеге айналуда. Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.

       Қазақ тарихын зерттеуші ғалым Ш.Уәлиханов отансүйгіштік сезімнің қалыптасуы туралы «менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен, өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел жұртымды, руластарымды, одан соң халқымды қадірлеймін», - деген еді.

    «Патриотизм, - дейді ұлтымыздың батыры Б.Момышұлы, - Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді». Мектеп оқушыларын қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ұстаздар алдына үлкен міндеттер жүктейді. Тарих сабағында өлкетану материалдарын халықтық педагогика қағидаларын ұстана отырып, оқушыларды өз елі мен жерін сүюге баулу жүзеге асады. .

   Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. «Өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпы адамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып мектепте Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, өлке тарихы отан тарихының құрамы ретінде «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы танудың негізін  қалайды

    Отанымыздың барлық  өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқулық жоқ. Сондықтанда «өлкетану» сабағы мұғалім мен оқушылардың ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделіп жасалынады. Бұл оқушылардың қызығушандығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытады, жиналған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке курстар ұйымдастыру  керек. 

     Мен  өз әдістемемде  әлемдік тәжірибелерді пайдаланумен қатар этнопедагогиканы да жиі пайдаланамын. Сабақтарымда  өлке тарихы туралы көп айтамын. Өлке тарихын, оның танымал тұлғаларын жақсы білген оқушыда туған жерді, елді сүю, құрметтеу сияқты сезімдер тезірек қалыптасады. Өзінің туған жері мен ұлы адамдары үшін мақтанады. Өздері де сондай болсам екен дейді. Туған жеріме өз пайдамды тигізсем, өз үлесімді қоссам деп армандайды. 
     Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы : Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» деген еңбегінде орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Өлкетануды» міндетті оқу курсына енгізу туралы тапсырма берген болатын. Туған жерге деген құрмет отаншылдықтың негізі болып табылады. Сондықтан да өлке тарихынан мәліметтер беру және өлкетануды оқыту әдістемесіне енгізу арқылы жастарымызды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелей аламыз. Өйткені, өз отанын шын сүйген, өз елінің нағыз патриоты болған ұрпақтан жақсы нәтиже күтуге болады
Менің педагогикалық ұстанымым - «Жақсы ұстаз өзі білмейтін нәрсені де басқаға үйрете алуы керек». Өйткені, үйрету арқылы өз білмегенімізді де үйренуге болады,оқушыларға да өз тәжірибемнен үйретуге тырасамын. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 056 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2015 1270
    • DOCX 529 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарыбаева Динара Эркиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сарыбаева Динара Эркиновна
    Сарыбаева Динара Эркиновна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19721
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в преподавании географии детям с ОВЗ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 145 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 369 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 162 человека из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 87 человек