Главная / Биология / Дәрілік өсімдіктер туралы шағын анықтамалық.

Дәрілік өсімдіктер туралы шағын анықтамалық.





Айтказина Лязат Болатовна




Дәрілік өсімдіктер туралы шағын

анықтамалық.



5-7 сыныптарға арналған




В Маркакольском заповеднике задержаны заготовители редких ра…


ББК 74.262.8


А 32


Айтказина Л.Б.


«Дәрілік өсімдіктер туралы шағын анықтамалық» атты әдістемелік құрал, жалпы білім беретін мектептің 5-7 сыныптарына арналған.-Семей:2014.-39 бет.



Кітапшаға енген дәрілік шөптер ежелден ел аузында айтылып, ұрпақтан –ұрпаққа ауызша ауысқан, тиімділігі, қарапайымдылығы, қолдануға қолайлылығымен жинақталған.

Осы әдістемелік оқу құралы биология пәні мұғалімдеріне, оқушыларға көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.



Пікір беруші:

Семей қаласының Шәкарім атындағы Мемлекеттік университетінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты М.Ғ. Қуанышбаева
























© Айтказина Л.Б.

Алғы сөз


Бұл кітапшаның мақсаты оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы мағлұматтар беруді, табиғат арасындағы өзара тығыз байланыстарды үйлесімді түрде жүргізуді, ұлттық тәрбиенің озық,өнегелі дәстүрлерімен таныстыруды, табиғаттың таңқалдырар тамашалылығын танытуда жаңаша экологиялық ой-сананы қалыптастыруды көздейді.

Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.

Бірақ, адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар көбіне оны қате пайдаланады. Біз өз өлкеміздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысамыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтағымыз келеді.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.









































Кіріспе

Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан - ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған.

Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.

Әбу - Насыр - Әл Фараби, Әбу - Әли Ибн - Сина, Беруни, Әл - Джуржани қазақ халқының медицинасының дамуына әсері дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 -%- ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс - тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем - дом» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек.

Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз.

Қазақ емшілерінің ауру - сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғатты өсімдіктер дүниесі. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі - өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі - дәрмек алуға болады.

Дәрілік өсімдіктер жиналып алғаннан кейін, жас күйінде бірден пайдаланудан қалғандарын кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады.

Қазіргі кездің өзінде отандық ғылыми медицинада 216-дан астам дәрілік өсімдік түрлері қолданылады. Оларды қалай болса солай ысырапсыз жинап, тұқымын құртып алудан әрқашанда сақ болғанымыз абзал.

Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер

Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.

Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Оны Рим дәрігері Гален өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуын олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Дәрілік өсімдіктердің біразына тоқталсақ.

Алтын тамыр (лат. Rhodiola rosea)— ірі, әрі жуан тамыры бар, жасаңшөп тұқымдасының семізөт туысына жататын көп жылдық, шөп тектес, өте бағалы дәрілік өсімдік. Халық медицинасында тамырынан жасалған дәрілерді адамның еңбек ету қабілетін күшейтетін, шаршағандықты басатын дәрі ретінде,асқазан мен жүйке ауруларын емдеуге, жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін де кеңінен қолданады.Өсімдікті қайнатып трахоманы да емдейді.Фармакологиялық зерттеулер бұл өсімдік тамырының денеге қуат беретін қасиетін толық анықтады.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/2/28/%D0%90%D0%BB%D1%82%D1%8B%D0%BD_%D1%82%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%80.jpg/220px-%D0%90%D0%BB%D1%82%D1%8B%D0%BD_%D1%82%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%80.jpg

Алоэ, сабыр (Aloe) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Қазақстанда « ағаш тәрізді Алоэ» (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.



Растения в косметике Образ жизни: красота и здоровье Page 4



Арша (лат. Juníperus) - кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грекияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланадыАршамен тіс тазалау пайдалы..



Өсімдіктің жалпы түрі

Аралия (лат. Arália) —жабайы өсімдік. Оның тамырларынан спиртті тұндырма және «сапарал» препараты дайындалады. Емдік қасиеттері жөнімен женьшень препараттарына жақын: орталық нерв жүйесін сергітеді, организмді әлдендіреді. Аралия препараттарын дәрігердің бақылауымен ғана қолданады.



http://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=85434f95bd142f8ac8670a802afe347e-69-144&n=21

Ақшайыр (Gnaphalium) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір, екі, көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда жусанды-сораңды алқаптарда, шабындық жерлерде, аласа тау баурайларында өсетін 6 түрі белгілі. Бұлардың биіктігі 10 – 35 см, сабақтары түбіне қарай қатаң, қалың киіз түкті. Жапырақтары кезектесе орналасқан, жиегі тегіс. Себеттері көп гүлді, масақ немесе қалқан шоғыр құрайды. Гүлдері түтікті, тозаңқаптары ұзынша келеді. Маусым – тамызда гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Тұқымдары жұмыртқа немесе ұршық тәрізді, сыртын емізікшелер жапқан айдаршасы болады.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a4/Moerasdroogbloem_plant_Gnaphalium_uliginosum_uitgebloeid.jpg/300px-Moerasdroogbloem_plant_Gnaphalium_uliginosum_uitgebloeid.jpg





Аюқұлақ (Primula auricula) — Батыс Европаның тауларында өсетін, хош иісті, ірі гүлді қызғалдақтың бір түрі. Аюқұлақ – улы, дәрілік өсімдіктер. Гүлінен, жапырағынан алынған ұнтақ пен тұнбаны әр түрлі ауруларды емдеуге пайдаланады. Жапырағынан қайнатып алынған тұнбаны суалған сиырларға береді. Тұқымын тышқан улауға қолданады. Кейбір түрлері сәндік үшін өсіріледі.

PrimulaAuricula.jpg



Ащы ермен (лат. Artemísia absínthium)- күрделі гүлділер тұқымдасына жататын, жусан туысына Ащы ерменді ата-бабамыз ертеден-ақ әр түрлі ауруларға қолданған. Бастың сақинасына, аяқ-қол сырқырағанда буланған. Асқазан ауруына тұнбасын ішкен. Қолданылуы:1. Тамаққа тәбет ашуға; 2. Асқазан бүріп ауырғанда; 3. Аяқ астынан дене құрысып, қалтырап діріл пайда болғанда (лихорадка); 4. Әсіресе аяқтағы көктамыр бадырайып шығып білініп тұрғанда; 5. Қан жасушалары азайғанда; 6. Бауыр, көкбауыр ауырғанда; 7. Суық тигенде; 8. Ұйқы қашқанда; 9. Іштегі паразит құрттарды түсіруге

Artemisia absinthium - Köhler–s Medizinal-Pflanzen-164.jpg

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын, буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Адыраспан – улы өсімдік, дәмі ащы, мал жемейді.

http://meninkyzmetim.ucoz.kz/garmala.jpg

Балқарағай (лат. Lárix) — қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі — Сібір Балқарағайы (Lárix sіbіrіca) бар. Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.



http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/cf/M%C3%A9l%C3%A8ze_en_Automne.JPG/450px-M%C3%A9l%C3%A8ze_en_Automne.JPG

Долана (Crataegus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын бұта не ағаш.. Көбірек тарағаны – алқызыл долана (C. sangvіnea). Жарық сүйгіш, аяз бен құрғақшылыққа төзімді, топырақ талғамайды. Бұтақтары тікенді, кейбір түрлері тікенсіз болады, биіктігі 1 – 4 м. Жапырақтарының жиегі тілімденген. Мамыр – шілдеде гүлдеп, жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, жемісі қыста ағаш басында тұра береді. Гүлі ақ немесе қызғылт, қызыл, жартылай шатырша не қылқан тәрізді гүлшоғырын түзеді, қос жынысты. Жемісі – жидек, ұсақ, алқызыл, сары не қара түсті, 1 – 5 сүйекті, кейбір түрі жеуге жарамды, витаминге бай. Тұқымынан көбейеді. Аралар арқылы тозаңданып, жануарлар арқылы таралады. Долананың 50-ге жуық түрлері қолдан өсіріледі. Долана медицинада дәрі-дәрмек жасауда пайдаланылады.

http://s017.radikal.ru/i418/1201/02/5d25b2da08b5.jpg



Дәрмене немесе ақ жусан (лат. Artemisia cina) – Астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шала бұта. Орта Азияның (Оңтүстік Қазақстан) эндемигі. Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар науқастарға пайдаланады. Дәрілік шикізат ретінде тамырымен есепсіз жұлынғандықтан, бүгінде қатары қатты сиреген. Улы өсімдік. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда, жапырақтарында улы зат – сантонин пайда болады. Сол себепті, одан жасалған дәріні дәрігердің кеңесінсіз пайдалануға болмайды.

Artemisia cina - Köhler–s Medizinal-Pflanzen-165.jpg

Етжапырақ бадан  (лат. Bergenia crassifolia) — тасжарған тұқымдасы бадан туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның биік таулы аймағының тасты беткейлерінде, альпілік белдеулерінде өседі. Алтайда кең тараған. Биіктігі 5 — 50 см. Тамыр сабағы өте жуан, жерге төселіп өседі. Қалың, ірі, жүрек пішінді жапырағы сабақ түбін айнала қоршай орналасады. Қызыл гүлдері қалқанша гүлшоғырына топтасады. Тұқымынан және тамырсабағынан көбейеді. Етжапырақ баданның тамырсабағында 18 — 25%-тей илік заттар болғандықтан, тері илеуге, ал өсімдік құрамындағы глюкозидтерді фотосурет шығаруға қолданады. Жапырағын қайнатып шай орнына ішеді, тұнбасынан қара, қоңыр бояу алынады.

Общий вид растения. - Бадан толстолистный



Есекмия - тықыр кекіре (Oxytropis glabra) - бұршақ тұқымдасының кекіре туысына жататып көп жылдық шөптесін өсімдік. Маусым-шілдеде гүлдейді. Орта Азияда, Бат. және Шығ. Сібірде, Моңғолияда кездеседі. Қазақстанда шөлді аймақтар мен биік тау басынан басқа жерлердегі шалғындарда, өзен бойларында өседі. Есекмия - мал, әсіресе жылқы үшін улы өсімдік. Тұқымының сырты жылтыр, түсі қоңыр. Бұлар негізінен бояу,бал беретін және бағалы дәрілік өсімдіктер.

S. chrysophylla flowers and leaves

Жалбыз (лат. Méntha piperíta)- ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Ол- хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі - ментол. Ментол парфюмерия, косметика кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай- ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жұйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі .

Мята фото



Жалбызтікен (Althaea) — құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 3 түрі бар. Көбірек тарағаны: дәрілік Жалбызтікен Барлық жерде: далада, шалғында, өзен аңғары мен жағалауларында, орман-тоғайда, шабындықтарда, бұта арасында өседі. Дәрілік, шірнелі өсімдік. Жалбызтікеннің тамыры, жапырағы мен гүлдерінің дәрілік қасиеттері бар. Тамырында пектин, крахмал, аспарагин заттары бар. Жалбызтікен тамырынан көптеген дәрілер жасалады. Тамыр тұнбасы, шырыны, сығындысы тыныс жолдары ауруларын емдейтін дәрі ретінде қолданылады.



Лекарственные растения

Женьшень- (Рапах gіnseng) тіршілік тамыры – аралия тұқымдасы, панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Табиғи жағдайда Қытай, Корея, Ресейде (Приморье және Хабаров өлкесінде) өседі. Қазақстанда мәдени түрде өсіріледі. Биіктігі 50 см-дей. Тамыры жуан, бұтақтанған, сыртқы қабығы ақ, қатты. Женшень өте баяу өседі. 10 – 11 жылдан кейін жеміс бере бастайды. 100 жылдай жасайды. Женьшень – бағалы дәрілік өсімдік. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшень тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада организмнің жалпы тіршілік қабілетін, ауруға төзімділігін арттыруға, кейбір жүйке және жүрек-қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады

Женьшень- свойства, сбор, заготовка, действие, эффект Медицинская помощь

Жолжелкен (Psyllіostachys) – қорғасыншөптер тұқымдасынажататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Жолжелкеннің құрамында әр түрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен тұздар мол.Мәселен, ол адамның тәбетін ашып, қандағы гемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. Сондай-ақ қан тамырының қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына, өкпе туберкулезіне, созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының қабынуы тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, өқан қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды.

http://www.shram.kiev.ua/img/health/images/stories/travnik/plantago-major-0.jpg

Жөке ағашы (лат. Tília орысша Липа) – жөке тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаш.. Жөкенің гүлінен дәрі жасалады және ара бал жинайды, сүрегінен жиїаз, музыкалық аспаптар, ыдыстар, әр түрлі әшекей бұйымдар, тінінен жөке, арқан жіп, тұқымынан май алынады. .Жөке гүлдерін дәрілік мақсатта қолданады және шай ретінде ішеді. Гүлдерін гүлдеу кезінде жинап алу керек, одан кешірек жинайтын болса, гүлдердің емдік қасиеті төмендейді. Гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробтарды жояды, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады. Жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді. Жөке ағашының гүлімен қатар діңінің қабығы, жапырақтары мен дәндері медицинада кеңінен қолданылады.

http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/1/81/81_html_mddedf63.jpg

Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар.Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/71/Artemisia-maritima.JPG/300px-Artemisia-maritima.JPG

Итбүлдірген (Vaccіnum vіtіs-іdeae) – қаражидек туысына жататын шала бұта. Қазақстанда Көкшетауда, Алтайда аралас орманда, қылқан жапырақты ағаштардың арасында өседі. Ашық түсті қызыл жемісі жеуге жарамды келеді. Итбүлдірген. жемісінің құрамында 8 – 12% қант және органикалық қышқылдар, глюкозидтер, вакцилин, т.б. заттар бар. Жемісі жақсы сақталады, тосап, маринад дайындалады, кондитер өнеркәсібінде пайдаланады. Жапырағында 5 – 7% арбутин, глюкозид, флавонол, илік заттар болады. Жапырақтарын суға қайнатып, ревматизмге қарсы және несеп айдауға қолданады. Гүлінен ара бал жинайды.

Итбүлдірген



Итжидек (Atropa belladonna) – алқа тұқымдасына жататын көп жылдық жарық сүйгіш, шөптесін өсімдік. Сабағы дара, тік сыртын қалың бездер жапқан. Биіктігі 0,6 – 2 м. Жапырағы үлкен. Жапырақ қойнауынан дара гүлдері жетіледі. Гүлінің жоғарғы бөлігі қоңыр күлгін, кейде сарғыш. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі қара, жидегі жылтыр, шиеге ұқсас. Итжидектің құрамында алколоидтар (атропин, гиоциамин, т.б.) және улы заттар болады. Жапырағы мен тамырынан экстракт пен тұндырма дайындайды. Итжидекті медицинада, ветеринарияда дәріге пайдаланады.

Итжидек

Итмұрын деп раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктердің жемісін атайды. Итмүрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.



http://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=0c7e05501a33d0ee173e5a259f7bd555-28-144&n=24



Итошаған (Bіdens) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Итошаған – дәрілік өсімдік, халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері ауруы кезінде зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Қан кетуді тоқтатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Үштармақты итошағанның жапырағы мен гүлін қайнатып, балалар шірінше (золотуха) ауруымен ауырғанда ішкізеді. Сондай-ақ жібекті, жүнді сары, ашық жасыл және қоңыр түске бояу үшін қолданылады.



Smooth Beggarticks (Bidens laevis) being pollinated by a bombyliid fly

Қалақай (лат. Urtica) — қалақай тұқымдасынан бір туысы.Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.



http://img1.liveinternet.ru/images/attach/c/4/80/384/80384227_krapiva_2.jpg



Қалампыр (Dianthus) — қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Қалампырдың Азияда, Африкада, Еуропада шөп және бұта болып есетін 300-дей түрі бар. Ала қалампыр мен қытай қалампыры халықтық медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Емдік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеп тұрған кезінде жинайды.

A.

Қаражидек (Vaccіnіum) – қаражидектер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Қаражидек құрамында су, ақуыз, көмірсулар, органикалық қышқылдар, калий, натрий, кальций, магний, фосфор, темір, мыс, марганец, кобальт, никель, В1, В6, РР, С дәрумендері, фитонцидтер, өзектер, илікті, пектинді заттар бар. Қаражидектің адам ағзасы үшін пайдасы өте көп., С дәрумені, илік заттар, эфир майы бар. Сондықтан жапырақтарынан жасалған қайнатпаның антисептикалық қасиеті жоғары болады. Диабет ауруы бар адамдарға қаражидек жапырақтарының қайнатпасы және жидегі аса пайдалы. Қаражидек жеген адамның көз тамырының қан айналымы жақсарады. Асқазан қабыну ауруларына, қан аздыққа, жұқпалы іш ауруларына, түрлі инфекцияларға қарсы, бүйрек тасын шығаруға қаражидектің пайдасы өте көп. Қаражидектің жапырақтарын бұқтырып, шайдың орнына ішеді.

Plante din regiunea alpina



Қырықбуын (лат. Equisétum) — қырықбуындар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдас тармағы. Қырықбуындар дәрілік өсімдіктер ретінде медицинада кеңінен қолданылады.Сабақтарын егеу арқылы қағаз ретінде де пайдалануға болады.

Дала қырықбуыны

Қазтамақ (Pelargonium) - қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майы алынады) бар. Қазтамақтың кейбір түрлері: орман қазтамағы, шалған қазтамағы, Роберт қазтамағы және сібір қазтамағы - дәрілік өсімдіктер. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, ревматизм мен радикулитті емдеуге, сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі.

Geranium dissectum

Қыша (Sinapis) [1]— крестгүлділер тұқымдасына жататын даражарнақты шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Қыша тұқымынан 35-47%-ке дейін май шығатын өсімдік. Кейбіреулерінің тұқымынан медицинада қолданылатын дәрі жасалады. мирозиназа дейтін фермент синигринді бөлшектеп глюкоза, калий бисульфаты және аллилдік қыша майы деген заттарға айырады, бұлардың ең соңғысы теріге тисе күйдіріп жіберетін улы зат. Улы қышаны гүлдеместен бұрын қой, сиыр және шошқа жейді, ал гүлдегеннен соң және онан кейін жеген мал уланады; улы қышаның тұқымында 30%-ке дейін майы болады.



Курсовая работа - Фитонцидтер - Studmed.ru

Қасқыржидек (лат. Daphne)– көкендер тұқымдасына жататын бұта. Қасқыржиек - өте улы өсімдік.Қасқыржидектің жемісі мен қабығынан дәрі жасалады.Гүлі өте әдемі болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі. Жер бетінде 70-ке жуық түрі кездеседі. Қазақстанда 2 түрі бар. Алтай, Сауыр, Маңырақ және Тарбағатай жоталарының биік таулы тастақты жерлеріндегі жалпақ және қылқан жапырақты ормандарында өседі. Алтай қасқыржидегін қазақтар усойқы деп те атайды. Бұл өте сирек кездесетін өсімдік.



Daphne laureola.jpg.

Лапыз —(Colchicum luteum) лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Пиязға ұқсас баданалы эфемерлі (вегетац. мерзімі қысқа болады). Қазақстанда өсетін 2 түрі: сары Лапыз және Кессельринг Лапызы (Colchicum Kеelrіngіі) бар. Биіктігі 10 — 20 см. Сабағы қысқа, жапырағы қандауыр пішіндес, жұмыр, төселмелі. Тамыз — қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі — қорапша. Лапыз улы өсімдік. Құрамында колхицин алкалоиды бар. Медицинада Лапыздан жүрек әлсіздігінен болатын ентігуді басатын, шемен, көкжөтел, ревматизм, т.б. ауыруларды емдейтін дәрі алынады. Уланған малға танин ерітілген су ішкізеді, терісінің астына апиын не морфин егеді.

ГОМЕОПАТИЯ. БЕЗВРЕМЕННИК (COLCHICUM AUTUMNALE)

Меруертгүл (Convallarіa majalіs), май інжугүлі – лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 см, тамыры ұзындығы Жемісі – қызыл жидек (кейде сары). Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Меруертгүлдің елімізде табиғи өсетін түрі бар. Гүлдеп болған соң қып-қызыл моншақ тәрізді жеміс салады. Меруертгүлдің барлық бөлігі тұтастай улы болып келеді, соған қарамастан табиғаттағы меруертгүл ерекше қорғауға алынған. Себебі оның көктемгі әдемі гүлімен қатар, жидегі дәрілік мақсатта қолданылады.

http://cs3.livemaster.ru/zhurnalfoto/b/3/8/140518124137.jpg



Маралшөп тамыры (лат. Rhaponticum carthamoides) - күрделігүлділер тұқымдасы маралшөп туысына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік.Бұғылар күз, көктемде бұл өсім-діктің тамырын тұяғымен қа-зып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері – көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орна-ласқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.



http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/3/3e/%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%88%D3%A9%D0%BF_%D1%82%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%80%D1%8B.jpg/200px-%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%88%D3%A9%D0%BF_%D1%82%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%80%D1%8B.jpg

Мойыл (лат. Padus) – раушангүлдер тұқымдасына жататын ағаштар және бұталар..Биіктігі 3,5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады.



Prunus padus hägg.jpg

Мия (Glycyrrhіza) – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар. Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі. Биіктігі 10 – 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.



http://bnews.kz/picture/380/news/594948b1dbc5dcc42aff877e46944010.jpg

Өгейшөп (Tussіlago) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Өгейшөптің жапырағының құрамында глюкозид, эфир майы, инулин, илік заттар, аскорбин қышқылы болады. Халық медицинасында өгейшөпті Гиппократ пен Авиценна заманынан бері қолданып келеді. Оны қолқа демікпесін, созылмалы бронхитті, ларингитті, жоғары тыныс жолдарының қабынуын емдеуге пайдаланады. Тұнбасын жөтелді басу үшін ішеді. Гүлінен ара бал жинайды.



A.

Рауғаш (Латын атауы:Rheum rhaponticum) - қара құмық тұқымдастарға тиесілі өсімдіктердің тегі болып табылады. Рауғаш көкөніс ретінде өсіріледі. Рауғаштың құрамында магний, калий, кальций, темір, фосфор, натрий, B тобының дәрумендері, C дәрумені және каротин бар..Рауғаш темір мен С дәруменінің молшылығымен белгілі. Ол ас қорытылуына мүмкіндік туғызады, гастритті емдейді, тәбетті жақсартады. Әсіресе ішекті тазартып, оның жиырылуын жақсартады. Рауғаш асқазан сөлінің және өт бөлінуіне себепші болады, бұл зат алмасуын жеделдетеді. Рауғаш тіпті семірумен күресте пайдаланылады. Артриттен, бүйрек тасы ауруынан және асқазан-ішек жолы ауруынан азап шегуші тұлғалар емдәмінде рауғаштан аулақ болуы тиіс.



Rheum rhabarbarum.2006-04-27.uellue.jpg

Таңқурай - раушангүлділер тұқымдасының бір түрі. Жемісінің құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар, С, А, В витаминдері, хош иісті заттар бар. Таңқурай құрамында адам ағзасы үшін пайдалы заттар өте көп, атап айтқанда: аскорбин қышқылы, глюкоза, органикалық қышқылдар, спирттер, кетондар, ақуыздар, пектиндер, азот қоспалары, илік заттар,С, А, В топ дәрумендері. Таңқурайдан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге қарсы қолданады.

Таңқурай

Түймедақ (лат. Matricária chamomílla) құрамында эфир майы бар, қышқыл, аскорбин қышқылы, каротин бар дәрілік өсімдік. Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады.Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттері бар. Сонымен қатар қан тоқтататын, микробты жоятын, өт айдайтын, етеккірдің келуін реттейтін дәрі ретінде де қолданады.Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанныңтоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректіңқуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады.

http://stat18.privet.ru/lr/0a3019b9a55acd397d615be83fc68dc2

Тобылғы- Раушан гүлділер тұқымдасы, көп жылдық, шөп тектес өсімдік – тобылғының тұнбасы, майы көп ауру-ға ем. Гүлінің, жапырағының тұнбасымен малдың бүйрек, қуық ауруларын, асқазан – ішектің түйілуін, денесіндегі түрлі ісіктерді емдейді. Тобылғы майын малдың, адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазады.



http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5d/Filipendula-ulmaria.JPG/220px-Filipendula-ulmaria.JPG

Сәлбен (лат. Salvia), шалфей – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұта. Маңғыстаудың таулы шатқалдарында өседі. Олардың биіктігі 20 – 100 см. Гүлдерінің түсі жабайы өсетін түрлерінде қою сиякөк, ал гүлзарлардағы түрлерінде ашық қызыл. Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Сәлбен – хош иісті, дәрілік өсімдік. Одан алынатын эфир майы медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.





Lamium purpureum L.



Сүйелшөп - (лат. Chelidónium majus) - көкнәрлер тұқымдасына жататын улы көпжылдық шөптесін өсімдік. Ертеден келе жатқан аңыздарда қарлығаш өзінің көзі көрмей қалған балапандарын сүйелшөптің нәрсуымен емдейді депті.Ал қазақша "сүйелшөп" деп аталғаны - ол халықтық медицинада сүйелді кетіруге пайдаланғандықтан. Халық емшілері сүйелшөп және сүтттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын, сары ауруды емдеген.



Chelidonium majus

Сасық меңдуана (лат. Datura stramоnium)[1] — алқа тұқымдастарына жататын өте жағымсыз иісі бар, біржылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұталар. Сасық меңдуана — дәрілік өсімдік, оның құрамында гиосциамин, атропин, скополамин алкалоидтары, эфир майы (0,04%), каротин (0,1%), илік заттар (0,7%) болады. Тұқымында 45%-дай линол глицериді, 40%-дай олеин, 20% стеарин бар. Сасық меңдуананың емдік қасиеті көне заманнан белгілі. Дәрілік мақсатқа өсімдік гүлдеген кезде жапырақтарын жинап алып кептіреді.Медицинада сасық меңдуанадан алынған препаратты өкпе демікпесі, тыныс алу жүйесі, теңіз және биіктікке байланысты ауруларға қарсы пайдаланады.Халық медицинасында буын ауруларын, невралгияны емдейді.



Fleur datura epanouie.jpg

Олеандр (лат. Nerium) — қолдан өсірілетін өсімдік. Жапырағы жүрек-тамыр қызметін жақсартатын дәрі жасауға пайдаланылады.



Oleander stablo.jpg



Шәңкіш (лат. Viburnum)[3] — ұшқаттар тұқымдасына жататын бұта немесе аласа ағаш.Дәрілік мақсатқа өсімдіктің қабығын, жемісін, гүлін жинайды. Құрамында - вибурнин глюкозиді, валериан, илік заттар, шайыр және органикалық қышқылдар, ал жемісінде қант, илік заттар бар. Олар халық медицинасында кеңінен қолданылады:Қабығынан алынған тұнба қан тоқтады, қан тамырларын тарылтады, жүйкені тыныштандырады. Жемісі жүрекке әсер етеді, несеп айдайды, өт жүргізеді, қабынудан қорғайды және жараларды жазады.Қысқы қатты аязда түсіп қалған жемісі жеуге жарамды болады. Сонымен қатар тер шығаратын, құстыратын, іш жүргізетін дәрі есебінде және асқазан қышқылы кемігенде емдеуге болады. Жемістерін балмен қосып қайнатып, жоғары тыныс жолдары мен өкпе қабынғанда, деміккенде, іш өткенде, бауыр ауырғанда, дене сарғайғанда, дауыс қарлыққанда пайдаланады.Гүлдеп тұрған бұтақтарының қайнатындысын қақырық түсіру үшін қолданады.

Viburnum opulus fruit

Шетен (лат. Sórbus орыс тілінде Рябина) .Дәрілік мақсатта жаңадан үзілген және кепкен жемістері пайдаланылады. Шетен жемісінің ағзаға дәрумен жетіспегенде, асқазан қышқылы азайғанда емдік қасиеті зор. Бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады. Шетен ағашын музыкалық аспаптар жасауда кеңінен қолданады. Діңінің қабығынан қызғылт-қоңыр, бұтақтарынан қара, ал жапырақтарынан қоңыр бояу алады.



http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d7/Rowanberries_in_late_August_2004_in_Helsinki.jpg/180px-Rowanberries_in_late_August_2004_in_Helsinki.jpg

Шүйгіншөп (Valeriana chionophila) Шүйгіншөптер тұқымдасы — Түсініксіз түр (популяциясының саны мен жағдайы толық зерттелмеген). Қазақстан Қызыл кітабынің екінші басылымына енгізу ұсынылған болатын. Анда-санда, бірақ Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда, Қаратау, Шу-Шле тауларында және Бетпақдала шөлінің оңтүстігінде кең таралған. Қазақстан жерінен тыс Тянь-Шань тауынан басқа, Памир-Алай тауларында кездеседі. Ерте гүлдейтін сәнді түр, шағыл тасты және ұсақ топырақты беткейлерде жазықтықтан субальпі белдеуіне дейін өседі.



http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/1/81/81_html_57901ce8.jpg

Шайшөп( – биіктігі 15-20 сантиметр келетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік өседі, сыртын киіз тәрізді тұтаса түк басқан, түсі ақшыл. Шайшөп өттің жүруін жақсартады, асқазан бездерінің жұмысын күшейтеді. Ол мұнымен қатар несеп айдағыш дәрі ретінде және қан қысымын арттыру үшін де қолданылады. Жоғарғы айтылғандарға байланысты шайшөпті өт жолдары қабынғанда және асқазан, бауыр ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Бір-екі күннің ішінде-ақ аурудың жағдайы күрт жақсарады: жүректің айнуы және құсу азаяды, бауыр кішірейіп орнына келеді, бауыр тұсының ауырғаны тоқтайды, көз қабыршығының және дененің сарғаюы біртіндеп жойылады.



http://medya.todayszaman.com/kazakistan/2010/08/06/jai.jpg

Шайқурай (Hyperіcum) - шайқурай тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер.Дәрілік мақсатқа өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады. Шайқурайды тыныс органдары ауруларына, бауырға тас байланғанда, іш өткенде, қуықтың қызметі бұзылғанда, әйелдердің жыныс аурулары кезінде, кейбір қабыну процестерінде, іріңді ісіктерге, жараға, шиқанға қарсы пайдаланады. Халық медицинасында Шайқурайды қан тоқтату, қарын ауруларын, қан аралас іш өтуді емдеу үшін қолданады. Шайқурайдан шай қайнатып ішеді, ол жүйкені тыныштандырады және кейбір түрлерін бальзам алуға пайдаланады.

A.

Шырғанақ (лат. Hippóphaë rhamnoídes) — гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар класындағы жиде тұқымдас кішкене ағаш немесе бұталы өсімдік . Шырғанақтың жемісі аскорбин қышқылына, В1, В2, В6 дәрумендеріне, ал дәні майға (12,5 %), каротин мен В1, В2, Е дәрумендеріне бай. Жемісінен әртүрлі тосап, кисель тағы да басқа дәруменді заттар дайындайды. Аллергиялық аурудан тері бүлінгенде бір ас қасық шырғанақ жемісін 250 г қайнап тұрған суға салып, 10 ми¬нут ақырын қайнатады. Жарты сағат бұқтырады. Осыдан ас алдында 2 ас қасықтан ішеді. Суын жылытып, теріге компресс жасайды. Әр 15 минут сайын ауыстыруға болады. Бір емделу барысы 15 күн.



Hippophae rhamnoides-01 (xndr).JPG

Шытыр (лат. Ranunculus аcris)- сарғалдақтар тұқымдасына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. 100-ге жуық түрі бар. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі пайдаланылады.Шытырдың құрамында протоанемонин, аскорбин қышқылы, каротин, илік заттар, алкалоидтар, жүрек глюкозидтері және флавонды қосылыстар бар.Шытырдың микробтарды жоятын қасиеті бар. Онымен тері туберкулезін, подаграны (сарыпты), ревматизмді, асқазан және бас ауруларын емдейді. Тері ауруларын, оның ішінде қышыма қотырды, есекжемді, тері жегісін (волчанканы) емдеуде де бұл өсімдіктің шипалық қасиеті мол.

Miyama-kinpouge.jpg

Элеутерококк (лат. Eleutherocóccus) — жабайы өсімдік. Тамырынан бойды сергітетін спиртті сұйық сығынды жасалады. Бұл дәрі адамның организмін әлдендіреді және жұмыс қабілетін күшейтеді. Әсері женьшень препараттарына жақын.

Eleutherococcus gracilistylus BotGardBln1105 LeavesFallFruits.JPG

Дәрілік өсімдіктер туралы мақал- мәтелдер

1.Жалғыз ағаш орман болмас.

2.Ақыл басқа бітеді, қына тасқа бітеді.

3.Жігіттің екі сөйлегені өлгені, еменнің иілгені сынғаны.

4.Қорада малың болсын, көшеде талың болсын

5.Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады.

Дәрілік өсімдіктер туралы жұмбақтар

1.Қар астында қыстайды, ақпен бүркіп тастайды.

2.Өзіне шап-шақ, киген қалпағы аппақ, балалары тұр қаптап .

3.Тіршіліктің қуатын өз бойына жинайтын,

Жинай-жинай азықты, адамзатқа сыйлайтын.

4.Дәні алтын, асырайды халқын.

5.Тау-тау үйілген ақ алтын, табады оның кім атын?

6.Бойы бір қарыс, сақалы екі қарыс.

Дәрілік өсімдіктер туралы өлеңдер

Тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,

Сүттіген, еңлік мүйіз, киізкиік.

Ақшалғын, көкемарал, бетеге, раң,

Жапырақ теңге, бұйра, қисық, иық.



Балдырған, у қорғасын, атқұлақты,

Елік жүр сонысында соны қиып.

Желкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр,

Сауыны бие емшектің кеп тұр иіп.



Мың тамыр, жуа, рауғаш, жаужапырақ,

Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ.

Сыбызғы жалғыз, құлмақ, қарақияқ,

Шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ.



Ішінде сол қурайдың сұлу болар

Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ.

Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып

Бөлінеді жуалар мен таусарымсақ.

Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге,

Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ.









Дәрілік өсімдіктердің қазақша –орысша атауы.

А

Адыраспан --------------------------------------------- Гармала обыкновенная

Адамшөп ----------------------------------------------- Женьшень

Алмас ----------------------------------------------------- Алмаз (ядовитый минерал)

Алтын тамыр ------------------------------------------ Золотой корень

Алабота -------------------------------------------------- Лебеда

Алоэ ------------------------------------------------------ Алоэ

Ақ жусан------------------------------------------------- Полынь белая

Ақ жалбыз------------------------------------------------Мята белая

Ақнар ---------------------------------------------------- Чистотел

Ақ қайың ------------------------------------------------ Береза

Ақ қыша -------------------------------------------------Горчица белая

Ақ қорғасын ---------------------------------------------Чемерица белая

Ащы тамыр ----------------------------------------------Горький корень

Аю бадам ------------------------------------------------ Бузина черная

Аюбас тікен --------------------------------------------- Мордовник обыкновенный

Аюқұлақ ------------------------------------------------ Толокнянка обыкновенная

Аюбалдырған--------------------------------------------Дягиль лекарственный

Б

Балауыз --------------------------------------------------Прополис

Балқарағай ----------------------------------------------Лиственница

Балдыр шөп----------------------------------------------Ряска маленькая

Бауыр құрт-----------------------------------------------Жостер слабительный

Бақбақ-----------------------------------------------------Одуванчик

Болғар бұрышы------------------------------------------Перец болгарский

Бозбұға-----------------------------------------------------Куркумы

Бозжалбыз ------------------------------------------------Мята серая

Бозжиде---- ------------------------------------------------Лох узколистный

Бүйі --------------------------------------------------------Тарантул

Бүйда кендір-----------------------------------------------Конопля круголистная

Г

Гүл буын----------------------------------------------------Пустырник

Грек жаңғағы----------------------------------------------Орех грецкий

Д

Долана-------------------------------------------------------Боярка

Дермене-----------------------------------------------------Полынь

Е

Емен жанғағы----------------------------------------------Желудь дуба

Елік балдырған--------------------------------------------Левзия сафлоровидная

Есек мия----------------------------------------------------Софора японская

Есек желімі------------------------------------------------Ослинный клей

Ермен-------------------------------------------------------Полынь горькая

Ешкі тал----------------------------------------------------Ива козья

Ешкі сүті---------------------------------------------------Козье молоко

Ж

Жанаргүл--------------------------------------------------Горицвет весенник

Жалбыз----------------------------------------------------Шалфей лекарственный

Жауын құрт----------------------------------------------Червяк дождевой

Жантақ ----------------------------------------------Верблюжья колючка

Желкек---------------------------------------------------Хрен

Жұмыршақ----------------------------------------------Пастушья сумка

З

Зайтүн ---------------------------------------------------Олива

И

Итошаған------------------------------------------------Череда трехраздельная

Итмұрын-------------------------------------------------Шиповник

Иір --------------------------------------------------------Аир болотный

К

Көкбас қурай--------------------------------------------Душица

Көкбек --------------------------------------------------Синюха

Көккекіре------------------------------------------------Василек синий

Кәріқыз--------------------------------------------------Дурничник

Қ

Қаражидек--------------------------------------------Черешня

Қызыл кызылша-------------------------------------Красная свекла

Қызыл шұғынық-------------------------------------Марьин корень

Қызыл мия--------------------------------------------Солодка голая

Қызыл темір тас-------------------------------------Красный железный камень

Қызымық----------------------------------------------Брусника

Қырыққабат-------------------------------------------Капуста

Қырық буын------------------------------------------Хвощ полевой

Қызыл құлақ------------------------------------------Клюква

Қымыздық--------------------------------------------Шавель

Қылша-------------------------------------------------Эфедра хвойник

Қоға----------------------------------------------------Рогоз

Қоңырау гүл------------------------------------------Колокольчик синий

Қой балдырған---------------------------------------Дудник бараний

Құлмақ------------------------------------------------Хмель

Құлан қурай -----------------------------------------Шток роза

Қоңыр итмұрын-------------------------------------Коричневый шиповник

Қырмызы гүл----------------------------------------Календула

Қалақай ----------------------------------------------Крапива

Қалампыр--------------------------------------------Гвоздика

Қазтабан---------------------------------------------Лапчатка гусиная

Қарақат----------------------------------------------Смородина

М

Мергия-----------------------------------------------Деревьяный гриб

Мақсары--------------------------------------------Сафлор красильный

Мейіз------------------------------------------------Киш-миш

Мүкжидек------------------------------------------Клювка четырехлистная

Меруертгүл----------------------------------------Ландыш

Ө

Өгейшөп--------------------------------------------Мать-и- мачеха

Р

Рауағаш----------------------------------------------Ревень

С

Сары қараған---------------------------------------Желтая акация

Саумалдық------------------------------------------Кислица обыкновенная

Сарана -------------------------------------------------- Гиппеаструм дворцевый

Сасық мендуана -----------------------------------Дурман обыкновенный

Сасыр-------------------------------------------------Горичник

Сары ағаш-------------------------------------------Барбарис

Сарбас қурай----------------------------------------Бессмертник

Сары мия---------------------------------------------Желтая софора

Сана---------------------------------------------------Сенна

Сәбіз---------------------------------------------------Морковь

Сиыр жоңышқа--------------------------------------Чечевица

Сиыр сілекей-----------------------------------------Кровохлебка лекарственная

Сиякөк-------------------------------------------------Синюха

Су бұрышы--------------------------------------------перец водяной

Сұлы----------------------------------------------------Овес

Сұңғыла------------------------------------------------заразиха кочи

Сиыр бүлдірген---------------------------------------Ежевика

Су жалбыз----------------------------------------------Водяная мята

Сүлік-----------------------------------------------------Пиявка

Сұлу шаш-----------------------------------------------Портулак огородный

Сүттіген-------------------------------------------------Молочай

Сірке суы-----------------------------------------------Уксус

Т

Тараққұйрық--------------------------------------------Тысячелистник

Торғай шөп----------------------------------------------Спорыш

Тасшүйгін-----------------------------------------------Валериана

Тауық ----------------------------------------------------Курица

Тасжарған------------------------------------------------Камнеломка

Тасшөп----------------------------------------------------Тимьян

Тауқалақай-----------------------------------------------Яснотка белая

Таңқурай--------------------------------------------------Малина

Таспа жоңышқа------------------------------------------горец птичий

Тауитжүзім------------------------------------------------Паслен сладкогорький

Тәлік--------------------------------------------------------Минерал

Тірі ағаш---------------------------------------------------Живое дерево

Түйе сүті---------------------------------------------------Верблюжье молоко

Түкті үшқат-----------------------------------------------Бузина шерстистая

Түйнек қонақ----------------------------------------------Бусенник обыкновенный

Түймедақ---------------------------------------------------Ромашка

Томар бояу-------------------------------------------------Красильник

Түймешетен------------------------------------------------Пижма обыкновенная

Түйе бұршақ-----------------------------------------------Фасоль верблюжья

Тікен қурай------------------------------------------------Колючка

Түйе жоңышқа--------------------------------------------Донник лекарственный

У

Уқорғасын-------------------------------------------------Оконит

Усарымсақ-------------------------------------------------Чеснок

Уылдырық-------------------------------------------------Головка рогоза

Усойқы-----------------------------------------------------Волчник

Ү

Үпілмәлік--------------------------------------------------Первоцвет белый

Үш қырлы өлең-------------------------------------------Купена лекарственная

Ш

Шашыратқы----------------------------------------------Цикорий

Шетен------------------------------------------------------Рябина

Шылан-----------------------------------------------------Хурма

Шалқан----------------------------------------------------Редька белая

Шәңкіш----------------------------------------------------Калина

Шырғанақ-------------------------------------------------Облепиха

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Н.И.Иващенко.

Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы. «Алматы».2006 ж

2. С. Қалиев.

Қазақ емінің рецептері мен Тибет медицинасының аудармалары. «Алматы».1997 ж

3.Қ. Сыбанбеков .

Жасыл әлем сырлары. «Рауан» баспасы.1990 ж

4. Н.Ш. Карипбаева.

Гүлді өсімдіктер анықтамасы . «Семей» 2008ж

































Мазмұны:

1.Алғы сөз. 2 бет

2.Кіріспе. 3 бет

3. Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер. 4 бет

4.Дәрілік өсімдіктер туралы мақал- мәтелдер 30 бет

5.Дәрілік өсімдіктер туралы жұмбақтар 30 бет

6.Дәрілік өсімдіктер туралы өлеңдер 31 бет

7. Дәрілік өсімдіктердің қазақша –орысша атауы. 32 бет

8. Пайдаланылған әдебиеттер. 38 бет



































Дәрілік өсімдіктер туралы шағын анықтамалық.
  • Биология
Описание:

Айтказина Лязат Болатовна

 

 

 

Дәрілік өсімдіктер туралы шағын

 анықтамалық.

 

 

                   5-7 сыныптарға арналған

               

 

ББК 74.262.8

 

 А 32

 

Айтказина Л.Б.

 

 «Дәрілік өсімдіктер туралы шағын анықтамалық»  атты әдістемелік құрал, жалпы білім беретін мектептің 5-7 сыныптарына арналған.-Семей:2014.-39                       бет.

 

 

Кітапшаға енген дәрілік шөптер ежелден ел аузында айтылып, ұрпақтан –ұрпаққа ауызша ауысқан, тиімділігі, қарапайымдылығы, қолдануға қолайлылығымен жинақталған.

Осы әдістемелік  оқу  құралы  биология пәні мұғалімдеріне, оқушыларға көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

 

 

Пікір беруші:

Семей қаласының Шәкарім атындағы Мемлекеттік университетінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты  М.Ғ. Қуанышбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ©Айтказина Л.Б.

Алғы сөз

 

Бұл кітапшаның мақсаты  оқушыларға  дәрілік  өсімдіктер  туралы  мағлұматтар  беруді,табиғат  арасындағы өзара  тығыз  байланыстарды  үйлесімді  түрде жүргізуді,ұлттық тәрбиенің озық,өнегелі дәстүрлерімен  таныстыруды,табиғаттың  таңқалдырар  тамашалылығын  танытудажаңаша  экологиялық  ой-сананы   қалыптастыруды  көздейді.

Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.

Бірақ, адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар көбіне оны қате пайдаланады. Біз  өз өлкеміздегі  осындай шөптерді зерттеуге тырысамыз  және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтағымыз келеді.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан - ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған.

Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.

Әбу - Насыр - Әл Фараби, Әбу - Әли Ибн - Сина, Беруни, Әл - Джуржани қазақ халқының медицинасының дамуына әсері дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 -%- ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс - тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем - дом» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек.

Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз.

Қазақ емшілерінің ауру - сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғатты өсімдіктер дүниесі. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі - өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі - дәрмек алуға болады.

Дәрілік өсімдіктер жиналып алғаннан кейін, жас күйінде бірден пайдаланудан қалғандарын кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады.

Қазіргі кездің өзінде отандық ғылыми медицинада 216-дан астам дәрілік өсімдік түрлері қолданылады. Оларды қалай болса солай ысырапсыз жинап, тұқымын құртып алудан әрқашанда сақ болғанымыз абзал.

Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер

Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.

Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Оны Рим дәрігері Гален өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуын олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Дәрілік өсімдіктердің біразына тоқталсақ.

Алтын тамыр (лат. Rhodiola rosea)— ірі, әрі жуан тамыры бар, жасаңшөп тұқымдасының семізөт туысына жататын көп жылдық, шөп тектес, өте бағалы дәрілік өсімдік. Халық медицинасында тамырынан жасалған дәрілерді адамның еңбек ету қабілетін күшейтетін, шаршағандықты басатын дәрі ретінде,асқазан мен жүйке ауруларын емдеуге, жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін де кеңінен қолданады.Өсімдікті қайнатып трахоманы да емдейді.Фармакологиялық зерттеулер бұл өсімдік тамырының денеге қуат беретін қасиетін толық анықтады.

 

Алоэ, сабыр (Aloe) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Қазақстанда « ағаш тәрізді Алоэ» (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады. 

 

 

 

Арша (лат. Juníperus) - кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы.  Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грекияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланадыАршамен тіс тазалау пайдалы..

 

 

Аралия (лат. Arália) —жабайы өсімдік. Оныңтамырларынанспирттітұндырмажәне «сапарал» препараты дайындалады. Емдікқасиеттеріжөнімен женьшень препараттарынажақын: орталық нерв жүйесінсергітеді, организмдіәлдендіреді. Аралия препараттарындәрігердіңбақылауыменғанақолданады.

 

 

 

Ақшайыр (Gnaphalium) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір, екі, көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда жусанды-сораңды алқаптарда, шабындық жерлерде, аласа тау баурайларында өсетін 6 түрі белгілі. Бұлардың биіктігі 10 – 35 см, сабақтары түбіне қарай қатаң, қалың киіз түкті. Жапырақтары кезектесе орналасқан, жиегі тегіс. Себеттері көп гүлді, масақ немесе қалқан шоғыр құрайды. Гүлдері түтікті, тозаңқаптары ұзынша келеді. Маусым – тамызда гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Тұқымдары жұмыртқа немесе ұршық тәрізді, сыртын емізікшелер жапқан айдаршасы болады.

 

 

 

Аюқұлақ (Primula auricula) — Батыс Европаның тауларында өсетін, хош иісті, ірі гүлді қызғалдақтың бір түрі. Аюқұлақ – улы, дәрілік өсімдіктер. Гүлінен, жапырағынан алынған ұнтақ пен тұнбаны әр түрлі ауруларды емдеуге пайдаланады. Жапырағынан қайнатып алынған тұнбаны суалған сиырларға береді. Тұқымын тышқан улауға қолданады. Кейбір түрлері сәндік үшін өсіріледі.

 

 

Ащы ермен (лат. Artemísia absínthium)- күрделі гүлділер тұқымдасына жататын, жусан туысына Ащы ерменді ата-бабамыз ертеден-ақ әр түрлі ауруларға қолданған. Бастың сақинасына, аяқ-қол сырқырағанда буланған. Асқазан ауруына тұнбасын ішкен. Қолданылуы:1. Тамаққа тәбет ашуға; 2. Асқазан бүріп ауырғанда; 3. Аяқ астынан дене құрысып, қалтырап діріл пайда болғанда (лихорадка); 4. Әсіресе аяқтағы көктамыр бадырайып шығып білініп тұрғанда; 5. Қан жасушалары азайғанда; 6. Бауыр, көкбауыр ауырғанда; 7. Суық тигенде; 8. Ұйқы қашқанда; 9. Іштегі паразит құрттарды түсіруге

 

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын, буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Адыраспан – улы өсімдік, дәмі ащы, мал жемейді.

 

Балқарағай (лат. Lárix) — қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі — Сібір Балқарағайы (Lárix sіbіrіca) бар. Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.

 

 

 

Долана (Crataegus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын бұта не ағаш.. Көбірек тарағаны – алқызыл долана (C. sangvіnea). Жарық сүйгіш, аяз бен құрғақшылыққа төзімді, топырақ талғамайды. Бұтақтары тікенді, кейбір түрлері тікенсіз болады, биіктігі 1 – 4 м. Жапырақтарының жиегі тілімденген. Мамыр – шілдеде гүлдеп, жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, жемісі қыста ағаш басында тұра береді. Гүлі ақ немесе қызғылт, қызыл, жартылай шатырша не қылқан тәрізді гүлшоғырын түзеді, қос жынысты. Жемісі – жидек, ұсақ, алқызыл, сары не қара түсті, 1 – 5 сүйекті, кейбір түрі жеуге жарамды, витаминге бай. Тұқымынан көбейеді. Аралар арқылы тозаңданып, жануарлар арқылы таралады. Долананың 50-ге жуық түрлері қолдан өсіріледі. Долана медицинада дәрі-дәрмек жасауда пайдаланылады.

 

 

Дәрмене немесе ақ жусан (лат. Artemisia cina) – Астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шала бұта. Орта Азияның (Оңтүстік Қазақстан) эндемигі.Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар науқастарға пайдаланады. Дәрілік шикізат ретінде тамырымен есепсіз жұлынғандықтан, бүгінде қатары қатты сиреген.Улы өсімдік. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда, жапырақтарында улы зат – сантонин пайда болады. Сол себепті, одан жасалған дәріні дәрігердің кеңесінсіз пайдалануға болмайды.

 

 

Етжапырақ бадан (лат. Bergenia crassifolia) — тасжарған тұқымдасы бадан туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның биік таулы аймағының тасты беткейлерінде, альпілік белдеулерінде өседі. Алтайда кең тараған. Биіктігі 5 — 50 см. Тамырсабағы өте жуан, жерге төселіп өседі. Қалың, ірі, жүрек пішінді жапырағы сабақ түбін айнала қоршай орналасады. Қызыл гүлдері қалқанша гүлшоғырына топтасады. Тұқымынан және тамырсабағынан көбейеді. Етжапырақ баданның тамырсабағында 18 — 25%-тей илік заттар болғандықтан, тері илеуге, ал өсімдік құрамындағы глюкозидтерді фотосурет шығаруға қолданады. Жапырағын қайнатып шай орнына ішеді, тұнбасынан қара, қоңыр бояу алынады.

 

 

Есекмия - тықыр кекіре (Oxytropis glabra) - бұршақ тұқымдасының кекіре туысына жататып көп жылдық шөптесін өсімдік. Маусым-шілдеде гүлдейді. Орта Азияда, Бат. және Шығ. Сібірде, Моңғолияда кездеседі. Қазақстанда шөлді аймақтар мен биік тау басынан басқа жерлердегі шалғындарда, өзен бойларында өседі. Есекмия - мал, әсіресе жылқы үшін улы өсімдік. Тұқымының сырты жылтыр, түсі қоңыр. Бұлар негізінен бояу,бал беретін және бағалы дәрілік өсімдіктер.

 

Жалбыз (лат. Méntha piperíta)- ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Ол- хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі - ментол. Ментол парфюмерия, косметика кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай- ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жұйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі .

 

 

Жалбызтікен (Althaea) — құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 3 түрі бар. Көбірек тарағаны: дәрілік Жалбызтікен Барлық жерде: далада, шалғында, өзен аңғары мен жағалауларында, орман-тоғайда, шабындықтарда, бұта арасында өседі.   Дәрілік, шірнелі өсімдік. Жалбызтікеннің тамыры, жапырағы мен гүлдерінің дәрілік қасиеттері бар. Тамырында пектин, крахмал, аспарагин заттары бар. Жалбызтікен тамырынан көптеген дәрілер жасалады. Тамыр тұнбасы, шырыны, сығындысы тыныс жолдары ауруларын емдейтін дәрі ретінде қолданылады.

 

 

Женьшень- (Рапах gіnseng) тіршілік тамыры – аралия тұқымдасы, панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Табиғи жағдайда Қытай, Корея, Ресейде (Приморье және Хабаров өлкесінде) өседі. Қазақстанда мәдени түрде өсіріледі. Биіктігі 50 см-дей. Тамыры жуан, бұтақтанған, сыртқы қабығы ақ, қатты. Женшень өте баяу өседі. 10 – 11 жылдан кейін жеміс бере бастайды. 100 жылдай жасайды. Женьшень – бағалы дәрілік өсімдік. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшень тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада организмнің жалпы тіршілік қабілетін, ауруға төзімділігін арттыруға, кейбір жүйке және жүрек-қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады

 

Жолжелкен (Psyllіostachys) – қорғасыншөптер тұқымдасынажататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Жолжелкеннің құрамында әр түрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен тұздар мол.Мәселен, ол адамның тәбетін ашып, қандағыгемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. Сондай-ақ қан тамырының қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына, өкпе туберкулезіне, созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының қабынуы тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, өқан қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды.

 

Жөке ағашы (лат. Tília орысша Липа)  – жөке тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаш.. Жөкенің гүлінен дәрі жасалады және ара бал жинайды, сүрегінен жиїаз, музыкалық аспаптар, ыдыстар, әр түрлі әшекей бұйымдар, тінінен жөке, арқан жіп, тұқымынан май алынады. .Жөке гүлдерін дәрілік мақсатта қолданады және шай ретінде ішеді. Гүлдерін гүлдеу кезінде жинап алу керек, одан кешірек жинайтын болса, гүлдердің емдік қасиеті төмендейді. Гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробтарды жояды, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады. Жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді. Жөке ағашының гүлімен қатар діңінің қабығы, жапырақтары мен дәндері медицинадакеңінен қолданылады.

 

Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар.Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.

 

Итбүлдірген (Vaccіnum vіtіs-іdeae) – қаражидек туысына жататын шала бұта. Қазақстанда Көкшетауда, Алтайда аралас орманда, қылқан жапырақты ағаштардың арасында өседі. Ашық түсті қызыл жемісі жеуге жарамды келеді. Итбүлдірген. жемісінің құрамында 8 – 12% қант және органикалық қышқылдар, глюкозидтер, вакцилин, т.б. заттар бар. Жемісі жақсы сақталады, тосап, маринад дайындалады, кондитер өнеркәсібінде пайдаланады. Жапырағында 5 – 7% арбутин, глюкозид, флавонол, илік заттар болады. Жапырақтарын суға қайнатып, ревматизмге қарсы және несеп айдауға қолданады. Гүлінен ара бал жинайды.

 

 

Итжидек (Atropa belladonna) – алқа тұқымдасына жататын көп жылдық жарық сүйгіш, шөптесін өсімдік. Сабағы дара, тік сыртын қалың бездер жапқан. Биіктігі 0,6 – 2 м. Жапырағы үлкен. Жапырақ қойнауынан дара гүлдері жетіледі. Гүлінің жоғарғы бөлігі қоңыр күлгін, кейде сарғыш. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі қара, жидегі жылтыр, шиеге ұқсас. Итжидектің құрамында алколоидтар (атропин, гиоциамин, т.б.) және улы заттар болады. Жапырағы мен тамырынан экстракт пен тұндырма дайындайды. Итжидекті медицинада, ветеринарияда дәріге пайдаланады.

 

Итмұрын деп раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктердің жемісін атайды. Итмүрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы  парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.

 

 

 

Итошаған (Bіdens) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.  Итошаған – дәрілік өсімдік, халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері ауруы кезінде зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Қан кетуді тоқтатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Үштармақты итошағанның жапырағы мен гүлін қайнатып, балалар шірінше (золотуха) ауруымен ауырғанда ішкізеді. Сондай-ақ жібекті, жүнді сары, ашық жасыл және қоңыр түске бояу үшін қолданылады.

 

 

Қалақай (лат. Urtica) — қалақай тұқымдасынан бір туысы.Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.

 

 

 

Қалампыр (Dianthus) — қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Қалампырдың Азияда, Африкада, Еуропада шөп және бұта болып есетін 300-дей түрі бар.Ала қалампыр мен қытай қалампыры халықтық медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Емдік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеп тұрған кезінде жинайды.

 

Қаражидек (Vaccіnіum) – қаражидектер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Қаражидек құрамында су, ақуыз, көмірсулар, органикалық қышқылдар, калий, натрий, кальций, магний, фосфор, темір, мыс, марганец, кобальт, никель, В1, В6, РР, С дәрумендері, фитонцидтер, өзектер, илікті, пектинді заттар бар. Қаражидектің адам ағзасы үшін пайдасы өте көп., С дәрумені, илік заттар, эфир майы бар. Сондықтан жапырақтарынан жасалған қайнатпаның антисептикалық қасиеті жоғары болады. Диабет ауруы бар адамдарға қаражидек жапырақтарының қайнатпасы және жидегі аса пайдалы. Қаражидек жеген адамның көз тамырының қан айналымы жақсарады. Асқазан қабыну ауруларына, қан аздыққа, жұқпалы іш ауруларына, түрлі инфекцияларға қарсы, бүйрек тасын шығаруға қаражидектің пайдасы өте көп. Қаражидектің жапырақтарын бұқтырып, шайдың орнына ішеді.

 

 

 

Қырықбуын (лат. Equisétum) — қырықбуындар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдас тармағы. Қырықбуындар дәрілік өсімдіктер ретінде медицинада кеңінен қолданылады.Сабақтарын егеу  арқылы қағаз ретінде де пайдалануға болады.

 

Қазтамақ(Pelargonium) - қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майы алынады) бар. Қазтамақтың кейбір түрлері: орман қазтамағы, шалған қазтамағы, Роберт қазтамағы және сібір қазтамағы - дәрілік өсімдіктер. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, ревматизм мен радикулитті емдеуге, сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі.

 

Қыша (Sinapis) [1]— крестгүлділер тұқымдасына жататын даражарнақты шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Қыша тұқымынан 35-47%-ке дейін май шығатын өсімдік. Кейбіреулерінің тұқымынан медицинада қолданылатын дәрі жасалады. мирозиназа дейтін фермент синигринді бөлшектеп глюкоза, калий бисульфаты және аллилдік қыша майы деген заттарға айырады, бұлардың ең соңғысы теріге тисе күйдіріп жіберетін улы зат. Улы қышаны гүлдеместен бұрын қой, сиыр және шошқа жейді, ал гүлдегеннен соң және онан кейін жеген мал уланады; улы қышаның тұқымында 30%-ке дейін майы болады.

 

 

Қасқыржидек (лат. Daphne)– көкендер тұқымдасына жататын бұта. Қасқыржиек - өте улы өсімдік.Қасқыржидектің жемісі мен қабығынан дәрі жасалады.Гүлі өте әдемі болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі.Жер бетінде 70-ке жуық түрі кездеседі. Қазақстанда 2 түрі бар. Алтай, Сауыр, Маңырақ және Тарбағатай жоталарының биік таулы тастақты жерлеріндегі жалпақ және қылқан жапырақты ормандарында өседі. Алтай қасқыржидегін қазақтар усойқы деп те атайды. Бұл өте сирек кездесетін өсімдік.

 

.

Лапыз —(Colchicum luteum) лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Пиязға ұқсас баданалы эфемерлі (вегетац. мерзімі қысқа болады). Қазақстанда өсетін 2 түрі: сары Лапыз және Кессельринг Лапызы (Colchicum Kеelrіngіі) бар. Биіктігі 10 — 20 см. Сабағы қысқа, жапырағы қандауыр пішіндес, жұмыр, төселмелі. Тамыз — қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі — қорапша. Лапыз улы өсімдік. Құрамында колхицин алкалоиды бар. Медицинада Лапыздан жүрек әлсіздігінен болатын ентігуді басатын, шемен, көкжөтел, ревматизм, т.б. ауыруларды емдейтін дәрі алынады. Уланған малға танин ерітілген су ішкізеді, терісінің астына апиын не морфин егеді.

 

Меруертгүл (Convallarіa majalіs), май інжугүлі – лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 см, тамыры ұзындығы Жемісі – қызыл жидек (кейде сары). Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Меруертгүлдің елімізде табиғи өсетін түрі бар. Гүлдеп болған соң қып-қызыл моншақ тәрізді жеміс салады. Меруертгүлдің барлық бөлігі тұтастай улы болып келеді, соған қарамастан табиғаттағы меруертгүл ерекше қорғауға алынған. Себебі оның көктемгі әдемі гүлімен қатар, жидегі дәрілік мақсатта қолданылады.

 

 

Маралшөп тамыры (лат. Rhaponticum carthamoides) - күрделігүлділер тұқымдасы маралшөп туысына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік.Бұғылар күз, көктемде бұл өсім-діктің тамырын тұяғымен қа-зып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері – көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орна-ласқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.

 

 

Мойыл (лат. Padus) – раушангүлдер тұқымдасына жататын ағаштар және бұталар..Биіктігі 3,5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады.

 

 

 

Мия (Glycyrrhіza) – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар. Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі. Биіктігі 10 – 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.

 

 

Өгейшөп (Tussіlago) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Өгейшөптің жапырағының құрамында глюкозид, эфир майы, инулин, илік заттар, аскорбин қышқылы болады. Халық медицинасында өгейшөпті Гиппократ пен Авиценна заманынан бері қолданып келеді. Оны қолқа демікпесін, созылмалы бронхитті, ларингитті, жоғары тыныс жолдарының қабынуын емдеуге пайдаланады. Тұнбасын жөтелді басу үшін ішеді. Гүлінен ара бал жинайды.

 

 

Рауғаш (Латын атауы:Rheum rhaponticum) - қара құмық тұқымдастарға тиесілі өсімдіктердің тегі болып табылады. Рауғаш көкөніс ретінде өсіріледі. Рауғаштың құрамында магний, калий, кальций, темір, фосфор, натрий, B тобының дәрумендері, C дәрумені және каротин бар..Рауғаш темір мен С дәруменінің молшылығымен белгілі. Ол ас қорытылуына мүмкіндік туғызады, гастритті емдейді, тәбетті жақсартады. Әсіресе ішекті тазартып, оның жиырылуын жақсартады. Рауғаш асқазан сөлінің және өт бөлінуіне себепші болады, бұл зат алмасуын жеделдетеді. Рауғаш тіпті семірумен күресте пайдаланылады. Артриттен, бүйрек тасы ауруынан және асқазан-ішек жолы ауруынан азап шегуші тұлғалар емдәмінде рауғаштан аулақ болуы тиіс.

 

 

Таңқурай - раушангүлділер тұқымдасының бір түрі. Жемісінің құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар, С, А, В витаминдері, хош иісті заттар бар. Таңқурай құрамында адам ағзасы үшін пайдалы заттар өте көп, атап айтқанда: аскорбин қышқылы, глюкоза, органикалық қышқылдар, спирттер, кетондар, ақуыздар, пектиндер, азот қоспалары, илік заттар,С, А, В топ дәрумендері. Таңқурайдан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге қарсы қолданады.

 

Түймедақ(лат. Matricária chamomílla) құрамында эфир майы бар, қышқыл, аскорбин қышқылы, каротин  бар дәрілік өсімдік.Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады.Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуғақарсыәсерететін, тер шығаратын, ауырғанжерлердітыныштандыратын қасиеттері бар. Сонымен қатар қан тоқтататын, микробты жоятын, өт айдайтын, етеккірдің келуін реттейтін дәрі ретінде де қолданады.Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанныңтоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректіңқуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады.

 

 

Тобылғы-Раушан гүлділер тұқымдасы, көп жылдық, шөп тектес өсімдік – тобылғының тұнбасы, майы көп ауру-ға ем. Гүлінің, жапырағының тұнбасымен малдың бүйрек, қуық ауруларын, асқазан – ішектің түйілуін, денесіндегі түрлі ісіктерді емдейді. Тобылғы майын малдың, адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазады.

 

 

Сәлбен (лат. Salvia), шалфей – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұта. Маңғыстаудың таулы шатқалдарында өседі. Олардың биіктігі 20 – 100 см. Гүлдерінің түсі жабайы өсетін түрлерінде қою сиякөк, ал гүлзарлардағы түрлерінде ашық қызыл. Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Сәлбен – хош иісті, дәрілік өсімдік. Одан алынатын эфир майы медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.

 

 

 

 

Сүйелшөп - (лат. Chelidónium majus) - көкнәрлер тұқымдасына жататын улы көпжылдық шөптесін өсімдік. Ертеден келе жатқан аңыздарда қарлығаш өзінің көзі көрмей қалған балапандарын сүйелшөптің нәрсуымен емдейді депті.Ал қазақша "сүйелшөп" деп аталғаны - ол халықтық медицинада сүйелді кетіруге пайдаланғандықтан. Халық емшілері сүйелшөп және сүтттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын, сары ауруды емдеген.

 

 

Сасық меңдуана (лат. Datura stramоnium)[1] — алқа тұқымдастарына жататын өте жағымсыз иісі бар, біржылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұталар. Сасық меңдуана — дәрілік өсімдік, оның құрамында гиосциамин, атропин, скополамин алкалоидтары, эфир майы (0,04%), каротин (0,1%), илік заттар (0,7%) болады. Тұқымында 45%-дай линол глицериді, 40%-дай олеин, 20% стеарин бар. Сасық меңдуананың емдік қасиеті көне заманнан белгілі. Дәрілік мақсатқа өсімдік гүлдеген кезде жапырақтарын жинап алып кептіреді.Медицинада сасық меңдуанадан алынған препаратты өкпе демікпесі, тыныс алу жүйесі, теңіз және биіктікке байланысты ауруларға қарсы пайдаланады.Халық медицинасында буын ауруларын, невралгияны емдейді.

 

 

Олеандр (лат. Nerium) — қолдан өсірілетін өсімдік. Жапырағы жүрек-тамыр қызметін жақсартатын дәрі жасауға пайдаланылады.

 

 

 

Шәңкіш(лат. Viburnum)[3] — ұшқаттар тұқымдасына жататын бұта немесе аласа ағаш.Дәрілік мақсатқа өсімдіктің қабығын, жемісін, гүлін жинайды. Құрамында - вибурнин глюкозиді, валериан, илік заттар, шайыр және органикалық қышқылдар, ал жемісінде қант, илік заттар бар. Олар халық медицинасында кеңінен қолданылады:Қабығынан алынған тұнба қан тоқтады, қан тамырларын тарылтады, жүйкені тыныштандырады. Жемісі жүрекке әсер етеді, несеп айдайды, өт жүргізеді, қабынудан қорғайды және жараларды жазады.Қысқы қатты аязда түсіп қалған жемісі жеуге жарамды болады. Сонымен қатар тер шығаратын, құстыратын, іш жүргізетін дәрі есебінде және асқазан қышқылы кемігенде емдеуге болады. Жемістерін балмен қосып қайнатып, жоғары тыныс жолдары мен өкпе қабынғанда, деміккенде, іш өткенде, бауыр ауырғанда, дене сарғайғанда, дауыс қарлыққанда пайдаланады.Гүлдеп тұрған бұтақтарының қайнатындысын қақырық түсіру үшін қолданады.

 

Шетен (лат. Sórbus орыс тілінде Рябина) .Дәрілік мақсатта жаңадан үзілген және кепкен жемістері пайдаланылады. Шетен жемісінің ағзаға дәрумен жетіспегенде, асқазан қышқылы азайғанда емдік қасиеті зор. Бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады. Шетен ағашын музыкалық аспаптар жасауда кеңінен қолданады. Діңінің қабығынан қызғылт-қоңыр, бұтақтарынан қара, ал жапырақтарынан қоңыр бояу алады.

 

 

Шүйгіншөп (Valeriana chionophila) Шүйгіншөптер тұқымдасы — Түсініксіз түр (популяциясының саны мен жағдайы толық зерттелмеген). Қазақстан Қызыл кітабынің екінші басылымына енгізу ұсынылған болатын. Анда-санда, бірақ Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда, Қаратау, Шу-Шле тауларында және Бетпақдала шөлінің оңтүстігінде кең таралған. Қазақстан жерінен тыс Тянь-Шань тауынан басқа, Памир-Алай тауларында кездеседі. Ерте гүлдейтін сәнді түр, шағыл тасты және ұсақ топырақты беткейлерде жазықтықтан субальпі белдеуіне дейін өседі.

 

 

Шайшөп( – биіктігі 15-20 сантиметр келетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік өседі, сыртын киіз тәрізді тұтаса түк басқан, түсі ақшыл. Шайшөп өттің жүруін жақсартады, асқазан бездерінің жұмысын күшейтеді. Ол мұнымен қатар несеп айдағыш дәрі ретінде және қан қысымын арттыру үшін де қолданылады. Жоғарғы айтылғандарға байланысты шайшөпті өт жолдары қабынғанда және асқазан, бауыр ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Бір-екі күннің ішінде-ақ аурудың жағдайы күрт жақсарады: жүректің айнуы және құсу азаяды, бауыр кішірейіп орнына келеді, бауыр тұсының ауырғаны тоқтайды, көз қабыршығының және дененің сарғаюы біртіндеп жойылады.

 

 

Шайқурай (Hyperіcum) - шайқурай тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер.Дәрілік мақсатқа өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады. Шайқурайды тыныс органдары ауруларына, бауырға тас байланғанда, іш өткенде, қуықтың қызметі бұзылғанда, әйелдердің жыныс аурулары кезінде, кейбір қабыну процестерінде, іріңді ісіктерге, жараға, шиқанға қарсы пайдаланады. Халық медицинасында Шайқурайды қан тоқтату, қарын ауруларын, қан аралас іш өтуді емдеу үшін қолданады. Шайқурайдан шай қайнатып ішеді, ол жүйкені тыныштандырады және кейбір түрлерін бальзам алуға пайдаланады.

 

Шырғанақ (лат. Hippóphaë rhamnoídes) — гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар класындағы жиде тұқымдас кішкене ағаш немесе бұталы өсімдік . Шырғанақтың жемісі аскорбин қышқылына, В1, В2, В6 дәрумендеріне, ал дәні майға (12,5 %), каротин мен В1, В2, Е дәрумендеріне бай. Жемісінен әртүрлі тосап, кисель тағы да басқа дәруменді заттар дайындайды. Аллергиялық аурудан тері бүлінгенде бір ас қасық шырғанақ жемісін 250 г қайнап тұрған суға салып, 10 ми¬нут ақырын қайнатады. Жарты сағат бұқтырады. Осыдан ас алдында 2 ас қасықтан ішеді. Суын жылытып, теріге компресс жасайды. Әр 15 минут сайын ауыстыруға болады. Бір емделу барысы 15 күн.

 

 

Шытыр (лат. Ranunculus аcris)- сарғалдақтар тұқымдасына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. 100-ге жуық түрі бар. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі пайдаланылады.Шытырдың құрамында протоанемонин, аскорбин қышқылы, каротин, илік заттар, алкалоидтар, жүрек глюкозидтері және флавонды қосылыстар бар.Шытырдың микробтарды жоятын қасиеті бар. Онымен тері туберкулезін, подаграны (сарыпты), ревматизмді, асқазан және бас ауруларын емдейді. Тері ауруларын, оның ішінде қышыма қотырды, есекжемді, тері жегісін (волчанканы) емдеуде де бұл өсімдіктің шипалық қасиеті мол.

 

Элеутерококк (лат. Eleutherocóccus) — жабайы өсімдік. Тамырынан бойды сергітетін спиртті сұйық сығынды жасалады. Бұл дәрі адамның организмін әлдендіреді және жұмыс қабілетін күшейтеді. Әсері женьшень препараттарына жақын.

 

 

Дәрілік өсімдіктер туралы мақал- мәтелдер

1.Жалғыз ағаш орман болмас.

2.Ақыл басқа бітеді, қына тасқа бітеді.

3.Жігіттің екі сөйлегені өлгені, еменнің иілгені сынғаны.

4.Қорада малың болсын, көшеде талың болсын

5.Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады.

Дәрілік өсімдіктер туралы жұмбақтар

1.Қар астында қыстайды, ақпен бүркіп тастайды.

2.Өзіне шап-шақ, киген қалпағы аппақ, балалары тұр қаптап .

3.Тіршіліктің қуатын өз бойына жинайтын,

  Жинай-жинай азықты, адамзатқа сыйлайтын.

4.Дәні алтын, асырайды халқын.

5.Тау-тау үйілген ақ алтын, табады оның кім атын?

6.Бойы бір қарыс, сақалы екі қарыс.

 

Дәрілік өсімдіктер туралы өлеңдер

Тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,

Сүттіген, еңлік мүйіз, киізкиік.

Ақшалғын, көкемарал, бетеге, раң,

Жапырақтеңге, бұйра, қисық, иық.

 

Балдырған, у қорғасын, атқұлақты,

Елік жүр сонысында соны қиып.

Желкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр,

Сауыны биеемшектің кеп тұр иіп.

 

Мың тамыр, жуа, рауғаш, жаужапырақ,

Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ.

Сыбызғы жалғыз, құлмақ, қарақияқ,

Шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ.

 

Ішінде сол қурайдың сұлу болар

Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ.

Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып

Бөлінеді жуалар мен таусарымсақ.

Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге,

Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ.

 

 

 

 

           Дәрілік  өсімдіктердің қазақша –орысша атауы.

                                                          А

Адыраспан ---------------------------------------------   Гармала обыкновенная 

Адамшөп -----------------------------------------------  Женьшень

Алмас ----------------------------------------------------- Алмаз (ядовитый минерал)

Алтын тамыр ------------------------------------------ Золотой корень

Алабота -------------------------------------------------- Лебеда

Алоэ ------------------------------------------------------ Алоэ

Ақ жусан------------------------------------------------- Полынь белая

Ақ жалбыз------------------------------------------------Мята белая

Ақнар ---------------------------------------------------- Чистотел

Ақ қайың ------------------------------------------------ Береза

Ақ қыша -------------------------------------------------Горчица белая

Ақ қорғасын ---------------------------------------------Чемерица белая

Ащы тамыр ----------------------------------------------Горький корень

Аю бадам ------------------------------------------------Бузина черная

Аюбас тікен --------------------------------------------- Мордовник обыкновенный

Аюқұлақ ------------------------------------------------ Толокнянка  обыкновенная

Аюбалдырған--------------------------------------------Дягиль лекарственный

                                                   Б

Балауыз --------------------------------------------------Прополис

Балқарағай ----------------------------------------------Лиственница

Балдыр шөп----------------------------------------------Ряска маленькая

Бауыр құрт-----------------------------------------------Жостерслабительный

Бақбақ-----------------------------------------------------Одуванчик

Болғар бұрышы------------------------------------------Перец болгарский

Бозбұға-----------------------------------------------------Куркумы

Бозжалбыз ------------------------------------------------Мята серая

Бозжиде----         ------------------------------------------------Лох узколистный

Бүйі  --------------------------------------------------------Тарантул

Бүйда кендір-----------------------------------------------Конопля круголистная

      Г

Гүл буын----------------------------------------------------Пустырник

Грек жаңғағы----------------------------------------------Орех грецкий

   Д

Долана-------------------------------------------------------Боярка

Дермене-----------------------------------------------------Полынь

  Е

Емен жанғағы----------------------------------------------Желудь дуба

Елік балдырған--------------------------------------------Левзия сафлоровидная

Есек мия----------------------------------------------------Софора японская

Есек желімі------------------------------------------------Ослинный клей

Ермен-------------------------------------------------------Полынь горькая

Ешкі тал----------------------------------------------------Ива козья

Ешкі сүті---------------------------------------------------Козье молоко

Ж

Жанаргүл--------------------------------------------------Горицвет весенник

Жалбыз----------------------------------------------------Шалфей лекарственный

Жауын құрт----------------------------------------------Червяк дождевой

Жантақ      ----------------------------------------------Верблюжья колючка

Желкек---------------------------------------------------Хрен

Жұмыршақ----------------------------------------------Пастушья сумка

                                                  З

Зайтүн---------------------------------------------------Олива

И

Итошаған------------------------------------------------Череда трехраздельная

Итмұрын-------------------------------------------------Шиповник

Иір --------------------------------------------------------Аир болотный

    К

Көкбас қурай--------------------------------------------Душица

Көкбек--------------------------------------------------Синюха

Көккекіре------------------------------------------------Василек синий

Кәріқыз--------------------------------------------------Дурничник

Қ

Қаражидек--------------------------------------------Черешня

Қызыл кызылша-------------------------------------Красная свекла

Қызыл шұғынық-------------------------------------Марьин корень

Қызыл мия--------------------------------------------Солодка голая

Қызыл темір тас-------------------------------------Красный железный камень

Қызымық----------------------------------------------Брусника

Қырыққабат-------------------------------------------Капуста

Қырық буын------------------------------------------Хвощ полевой

Қызыл құлақ------------------------------------------Клюква

Қымыздық--------------------------------------------Шавель

Қылша-------------------------------------------------Эфедра хвойник

Қоға----------------------------------------------------Рогоз

Қоңырау гүл------------------------------------------Колокольчик синий

Қой балдырған---------------------------------------Дудник бараний

Құлмақ------------------------------------------------Хмель

Құлан қурай -----------------------------------------Шток роза

Қоңыр итмұрын-------------------------------------Коричневый  шиповник

Қырмызы гүл----------------------------------------Календула

Қалақай ----------------------------------------------Крапива

Қалампыр--------------------------------------------Гвоздика

Қазтабан---------------------------------------------Лапчатка гусиная

Қарақат----------------------------------------------Смородина

 М

Мергия-----------------------------------------------Деревьяный гриб

Мақсары--------------------------------------------Сафлор красильный

Мейіз------------------------------------------------Киш-миш

Мүкжидек------------------------------------------Клювка четырехлистная

Меруертгүл----------------------------------------Ландыш

    Ө

Өгейшөп--------------------------------------------Мать-и- мачеха

                                                     Р

Рауағаш----------------------------------------------Ревень

 С

Сары қараған---------------------------------------Желтая акация

Саумалдық------------------------------------------Кислицаобыкновенная

Сарана-------------------------------------------------- Гиппеаструм дворцевый

Сасық мендуана -----------------------------------Дурман обыкновенный

Сасыр-------------------------------------------------Горичник

Сары ағаш-------------------------------------------Барбарис

Сарбас қурай----------------------------------------Бессмертник

Сары мия---------------------------------------------Желтая софора

Сана---------------------------------------------------Сенна

Сәбіз---------------------------------------------------Морковь

Сиыр жоңышқа--------------------------------------Чечевица

Сиыр сілекей-----------------------------------------Кровохлебка лекарственная

Сиякөк-------------------------------------------------Синюха

Су бұрышы--------------------------------------------перец водяной

Сұлы----------------------------------------------------Овес

Сұңғыла------------------------------------------------заразиха кочи

Сиыр бүлдірген---------------------------------------Ежевика

Су жалбыз----------------------------------------------Водяная мята

Сүлік-----------------------------------------------------Пиявка

Сұлу шаш-----------------------------------------------Портулак огородный

Сүттіген-------------------------------------------------Молочай

Сірке суы-----------------------------------------------Уксус

Т

Тараққұйрық--------------------------------------------Тысячелистник

Торғай шөп----------------------------------------------Спорыш

Тасшүйгін-----------------------------------------------Валериана

Тауық ----------------------------------------------------Курица

Тасжарған------------------------------------------------Камнеломка

Тасшөп----------------------------------------------------Тимьян

Тауқалақай-----------------------------------------------Яснотка белая

Таңқурай--------------------------------------------------Малина

Таспа жоңышқа------------------------------------------горец птичий

Тауитжүзім------------------------------------------------Паслен сладкогорький

Тәлік--------------------------------------------------------Минерал

Тірі ағаш---------------------------------------------------Живое дерево

Түйе сүті---------------------------------------------------Верблюжье молоко

Түкті үшқат-----------------------------------------------Бузина шерстистая

Түйнек қонақ----------------------------------------------Бусенник обыкновенный

Түймедақ---------------------------------------------------Ромашка

Томар бояу-------------------------------------------------Красильник

Түймешетен------------------------------------------------Пижма обыкновенная

Түйе бұршақ-----------------------------------------------Фасоль верблюжья

Тікен қурай------------------------------------------------Колючка

Түйе жоңышқа--------------------------------------------Донник лекарственный

У

Уқорғасын-------------------------------------------------Оконит

Усарымсақ-------------------------------------------------Чеснок

Уылдырық-------------------------------------------------Головка рогоза

Усойқы-----------------------------------------------------Волчник

Ү

Үпілмәлік--------------------------------------------------Первоцвет белый

Үш қырлы өлең-------------------------------------------Купена лекарственная

Ш

Шашыратқы----------------------------------------------Цикорий

Шетен------------------------------------------------------Рябина

Шылан-----------------------------------------------------Хурма

Шалқан----------------------------------------------------Редька белая

Шәңкіш----------------------------------------------------Калина

Шырғанақ-------------------------------------------------Облепиха

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Н.И.Иващенко.

Қазақстан өсімдіктер әлемінің  асыл қазынасы. «Алматы».2006 ж

2. С. Қалиев.

Қазақ емінің рецептері мен Тибет медицинасының аудармалары. «Алматы».1997 ж

3.Қ.Сыбанбеков .

Жасыл  әлем  сырлары. «Рауан» баспасы.1990 ж

4. Н.Ш.Карипбаева.

Гүлді  өсімдіктер  анықтамасы . «Семей»  2008ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

1.Алғы сөз.                                                                           2 бет

2.Кіріспе.                                                                              3 бет

3.Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер.                            4 бет

4.Дәрілік өсімдіктер туралы мақал- мәтелдер                    30 бет             

5.Дәрілік өсімдіктер туралы жұмбақтар30 бет   

6.Дәрілік өсімдіктер туралы өлеңдер                                  31 бет

7. Дәрілік  өсімдіктердің қазақша –орысша атауы.            32 бет

8. Пайдаланылған әдебиеттер.                                             38 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор Айтказина Лязат Болатовна
Дата добавления 22.02.2015
Раздел Биология
Подраздел Другое
Просмотров 10037
Номер материала 56883
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓