Главная / Биология / Дәрілік өсімдіктерге жалпы шолу

Дәрілік өсімдіктерге жалпы шолу

hello_html_m83c8590.gifhello_html_12337a25.gifСабақ: 1

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Кіріспе

Дәрілік өсімдіктерге жалпы шолу

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы кең мағлұмат бере отырып, пайдасы

туралы түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және  аурудың  алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шайұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер

Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Мысалы: алоэ, арша, валериан, долана, қарақат, қожақат, таңқурай, итмұрын,т.б.



C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\итмурын.jpgC:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\кожакат.jpgC:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\казтабан.JPGC:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\кара мендуанаа.JPG

C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\кадимги жангагы.jpg C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\сасык.jpg C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\самырсын карагайы.jpg





Сабақ: № 2

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Өсімдік – жанға сая, дертке шипа

Жантақ, мия дәрілік өсімдіктерінің қасиеті мен маңызы

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы кең мағлұмат бере отырып, пайдасы,

қасиеті мен маңызы туралы түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Жантақ (Alhagі)—бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Бұтақталып өседі. Қазақстанның шөл далалық аудандарында сұр, құмайт және сортаң топырақты жерлерде, өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде өседі. Арамшөп ретінде суармалы егістікте де кездеседі. 4 түрі бар, ең жиі кездесетіні — кәдімгі жантақ (A. pseudalhagі) және қырғыз жантағы (A. kіrghіsorum). Олардың биіктігі 30 — 100 сантиметр. Тамыры ұзын (10 метрге жетеді), тамыр сабақтары 20 — 30 сантиметр тереңдікте болады, көбіне осы тамырлары арқылы көбейеді. Сабағы бұтақтанып біткен, тікенді, сырты жылтыр, бүртікті. Жапырағы жұмыртқа пішінді, домалақ, бүтін жиекті. Гүлі — қызыл. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі — бұршақ. Дәні бүйрек пішіндес не төрт бұрышты. Жантақ— дәрілік өсімдік, оның қабығындақант, илік заттар, эфир майы, ал тамырында алкалоидтар, глюкозидтер, шайыр, бояғыш заттар болады. жантақтан алынған дәріні қуыққа тас байланғанда, өт, несеп жолдары қабынғанда ішеді. Оның тұнбасынан геморройға қарсы ванна жасайды. Гүлінен ара бал жинайды. Жантақты түйе сүйсініп жейді.Жүгері, қамыспен бірге жақсы сүрленеді.

Мия (Glycyrrhіza) – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар. Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі. Биіктігі 10 – 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – қабықты бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2 – 3 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қызыл мия және миятамырдеген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.

C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\жантак1.jpg C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\кызыл мия.jpg C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\мия.jpg





Сабақ: № 3

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Өсімдік – жанға сая, дертке шипа

Емен, қайың ағаштарының дәрілік қасиеті.

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы кең мағлұмат бере отырып, емен мен

қайың ағаштарының қасиеті туралы түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Емен (лат. Quercus, орыс тілінде Дуб ) – шамшат тұқымдасына жататын,жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы,Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қоспасы дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат – танинге бай, олар медицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кеме, вагон, жиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады.

Қотыр қайың немесе Сүйелді қайың (лат. Bétula péndula) - синонимы: Betula verrucosa - қайың тұқымдасына жататын ағаш.

Қайыңдар тұқымдасының Солтүстік жарты шарда кеңінен таралаған. Бұрынғы КСРО-ның Европалық бөлігінде Батыс Сібірде, Батыс Европада, Жерорта теңізі аймағы Балканда, солт Африкада, Алдыңғы және Орталық Азияда кездеседі. Қазақстан-ның жазық даласында: мысалы жалпы сырт сілемдері, Тобыл-Есіл, Ертіс, Семей, Көкшетау, Мұғалжар, Ембі, Батыс және Шығыс Сарыарқа жотасы, Зайсан, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Батыс Тянь-Шань т.б. 15 түрі өседі.[1] Ең көп тараған түрі – Сүйелді қайың (лат. Bétula péndula).

Дүниесі: Өсімдіктер

Бөлімі: Жабықтұқымдылар

Класы: Қосжарнақтылар

Тұқымдасы: Қайындар

Түрі: Сүйелді қайың

Қолданылуы:

  • Қайыңның бүршігі мен жапырағында, гүлі мен діңінің қабығында және ағашы мен шырынында емдік қасиеттер бар. Оның бүршіктері мен жапырақтарының құрамында эфир майы, қара май, флавоноидтар, сапониндер мен С дәрумені бар. Медицинада бүршігі мен жапырағын бүйрек ауруларына қарсы ем ретінде қолданады.

  • Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш, оларды елді мекендерді көгалдандыру, әсемдік үшін саябақтарда көшеттерінен немесе тұқымынан қолдан өсіреді.

  • Қайың ағашының бұтағы мен діңі берік, әрі шымыр. Сүрегі құрылыста және жиһаз жасау үшін, жас жапырағы мен бүрі және оның діңінде өсетін қайың қара саңырауқұлағы (чага) медицинада және парфюмерияда пайдаланылады.

  • Қайың қабығын тіліп, одан ағатын шырынды ішуге болады. Қайың шырынында 20%-дай қант, кальций оксиді және хош иісті заттар бар. Оны несеп жүргізетін, ішек құртын түсіретін, қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады.

  • Сүйелді қайыңды егіс қорғайтын орман алқабы үшін отырғызады.

  • Жанғыштық қасиеті жоғары болғандықтан, отын ретінде пайдаланады.



Емен мен қайың қан қысымын төмендетеді, сондықтан гипертониямен ауыратын адамдардың осы ағаштарға жақын жүргені жөн екен. Әр адамның өзіне сай ағашы бар 
Астрологтардың айтуынша, әр адамның өзіне сай ағашы, ал ағаштың өзіндік психологиялық коды болады. Мәселен, тоқты жұлдызындағылардың ағашы - қарағай. Торпақтарға акация ағашы жарасады. Сондай-ақ торпақтарға емен де сай келеді. Бәрінен де сай келетіні - шетен ағашы. Бұл ағаш - отбасындағы бақыт пен тыныштықтың символы, кепілі. Сондықтан ертеде үй маңына отырғызуға тырысқан. 
Егіздер үшін алмұрт ағашынан жақыны жоқ. Ал шаян шоқжұлдызында туғандарға үйеңкі ағашы жақсы көмектеседі. Арыстандар үшін рухани және дене күшін сыйлауда емен ағашы лайық. Бикеш жұлдызында туғандарға алма ағашынан артығы жоқ. Таразыларға қайың ағашы сай келеді. Сарышаян жұлдызындағылардың ағашы - қарағай. Мергендерге қайың көмекке келеді. Тауешкілердің жанына шырша ағашы жағады. Суқұйғыштардың энергиялық көзі қарағай ағашында. Балықтардың ағашы - тазалық пен пәктіктің, нәзіктіктің символы саналатын қайың ағашы. Балықтар үшін тағы бір энергия көзі - көктерек. 
Емен мен қайың барлық жұлдызда туғандар үшін жағымды күй сыйлайды. 
Қысқасы, ағаштар, бізді қоршаған айналамыз сияқты, ғарыштан үздіксіз энергия аулайды, оны бойына сіңіреді, өзінде сақтайды. Адам ағашпен оңашада сырласқанда биоэнергетикалық алмасулар жүреді. Бұл үдеріс кезінде ағаш тек ғарыш пен адам арасында делдалдың қызметін атқаратынын ұмытпаған жөн. 

C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\емен.JPG C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\кайын.jpg













Сабақ: № 4

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Өсімдік – жанға сая, дертке шипа

Қарақат, қоңыр итмұрын дәрілік өсімдіктері

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы кең мағлұмат бере отырып, қарақат

пен итмұрын туралы түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Қарақат (Rіbes)– тасжарғандар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсірілетін 11 түрі бар. Биіктігі 60 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Бұтағы тікенекті, жапырағы жалпақ, 3 – 5 қалақшасы болады. Гүлі ұсақ, екі үйлі, көбінесе қос жынысты кейде дара жынысты. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемісі піседі. Жемісі – жидек. Жеміс шоғында 2 – 18 түйір жеміс болады. Жеміс құрамында 12 – 20% құрғақ зат, 78 – 83% су, 5 – 10% қант, 2 – 4% түрлі қышқылдар,витаминдер 1, С, Р), сондай-ақ пектин, илік заттар, минералды тұздар бар. Қара қарақатты халық медицинасында кеңінен қолданады. Жидегі тәбет ашады, тер шығаратын және несеп жүргізетін қасиеті бар. Жидегі организмде витамин жетіспеген жағдайда, қан азайғанда және жүдеген кезде пайдалы. Қызыл және жабайы қарақат тек жемісін жинау үшін емес, будандастыру арқылы жаңа сорттар шығару үшін де пайдаланылады. Жидек ретінде қара, қызыл және ақ қарақат көп өсіріледі. Негізгі зиянкестері: бүршік кенесі, өрмекші кенесі, жылтыр көбелектер; ауруы: ақұнтақ кеселі.

Итмұрын деп раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктердің жемісін атайды.Раушан туыстастарының жидегі жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдыңкөмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады.

Итмүрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинаданегізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.

Қоңыр итмұрын(шиповник)

Қоңыр итмұрын- көп жылдық, бұталы өсімдік.

Сипаты

  • Биіктігі 1,5-2метрге жететін көп жылдық, бұталы өсімдік.

  • Бұтақтары қызыл қоңыр түсті, қабығы жылтыр.

  • Гүлі бар бұтақтарының түп жағында тікенектер екі-екіден, жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан қауырсын тәрізді, қосалқы жапырақшалары бар.

  • Гүлдері ірі, ашық қызыл түсті.

  • Жемісі-ішінде бір ғана тұқымы бар жаңғақша, оның ішкі қабырларын түк басқан.

Мамыр айынан шілде айына дейін гүлдейді.

Емдік қасиеті

  • Әлсіреген организмге қуат беруге пайдаланады.

  • Өт айдайды, қабануды басады, асқазанның және ішектің қызметін жақсартады.

  • Несеп айдайды.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

Итмұрынның ұнтақталған жемістерінің 20 грамын қайнап тұрған 2 стакан суға салып 10 минут қайнатады. Суығаннан кейін сүзіп алып, әр ішкенде 1 стаканнан күніне 2 рет ішеді.





C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\каракат.JPG C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\итмурын.jpg





























Сабақ: № 5

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Өсімдік – жанға сая, дертке шипа

Қалақай, меруертгүл дәрілік өсімдіктері

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы кең мағлұмат бере отырып, қалақай

мен меруертгүл туралы түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ



Қалақай (лат. Urtica) — қалақай тұқымдасынан бір туысы. Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Ұсақ гүлдері масақ тәрізді гүл шоғын құрайды.



Қоныржай және тропик аймақта 40-тан астам, Қазақстанда 3 түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Қазақстандың барлық түрінің құрамында ақуыз көп болады. Жемшөптік маңызды түрі — үйлі (лат. Urtica dioica) сондай-ақ Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, жапырақтары өркенге қарамауылықарсы орналасады. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе түктің ұшы морт сынып, түбіндегі (ішіндегі) сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. Халық аузындағы «қалақай шақты» деген осы. Бұл туысқа жататын өсімдіктер бір үйлі, кейде екі үйлі болады. Гүлшоғырлары сырғагүл, жай және күрделі масақ тәрізді, жартылай шатыр болып жапырақ қолтығынан немесе сабақтың ұшынан дамиды. Аталық гүлінде біркелкі 4 тостағанша жапырақша, 4 аталық (жай гүлсерікті) бар. Аналық гүлінде 4 тостағанша жапырақшаның екеуі сыртқы, екеуі ішкі шеңберде орналасқан. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді. Жемісі – бір-бірімен біріккен қос жаңғақша. Қос үйлі қалақай – құнарлы мал азығы. Малға туралған және булаған түрінде беріледі. Тұқымын жылқы мен құс сүйсініп жейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералдытұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.





Меруертгүл(Convallarіa majalіs), май інжугүлі  лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 см, тамыры ұзындығы Жемісі – қызыл жидек (кейде сары). Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.



Меруертгүлдің елімізде табиғи өсетін түрі бар. Ол лалагүлдер тұқымдасына жатады. Көгалдандыруда мамырлық меруертүлдің (Convallaria majalis) деген түрі қолданылады. Ол сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Гүлдерінің түсі сұрпына қарай ақ немесе қызғылт түсті. Жапырағы жалпақ, ширатылып келеді. Гүлсидамы жапырақтарының ортасынан шығады. Бір гүлсидамында 6-20 дана кішкене қоңырау секілді гүлдері болады. Меруертгүл өте нәзік өсімдік. Оны көгалдандыруда көбінесе топтап егеді. Меруертгүлді тал, теректердің астына, альпі шоқысына немесе көктемгі гүлзардың жиегіне егеді. Гүлдеп болған соң қып-қызыл моншақ тәрізді жеміс салады.

Меруертгүлдің барлық бөлігі тұтастай улы болып келеді, соған қарамастан табиғаттағы меруертгүл ерекше қорғауға алынған. Себебі оның көктемгі әдемі гүлімен қатар, жидегі дәрілік мақсатта қолданылады.



Дүниесі: Өсімдіктер Өсімдіктер

Бөлімі: Жабықтұқымдылар Жабықтұқымдылар

Класы: Қосжарнақтылар Даражарнақтылар

Тұқымдасы: Қалақай Лалагүлділер

Түрі: Шаншарлы қалақай Меруертгүл





C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\калакай.jpgC:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\меруертгул.jpg













































Сабақ: № 6

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Зертханалық жұмыс №1

Дәрілік шөптерден тұңба жасап көру

Мақсаты: Дәрілік шөптерден тұңба жасап көрсету

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ



Итмұрыннан дәріні дайындау және қолдану тәсілі

Итмұрынның ұнтақталған жемістерінің 20 грамын қайнап тұрған 2 стакан суға салып 10 минут қайнатады. Суығаннан кейін сүзіп алып, әр ішкенде 1 стаканнан күніне 2 рет ішеді.



Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшердеболатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К, Рдәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады.

Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады.

Итмұрын
Итмұрын шайы антиоксиданттар, флавоноидтер, дәрумендер (С, К), минералдарға бай. Диарея ауруы кезінде ішуге кеңес береміз.
Трилоджи
Итмұрын майы ерін бальзамы 7ml/0.24oz
• Ультра нәрлендіретін кремді ерін бальзамы
• Құрамында ерінді нығайтып, түзейтін, ылғалдандыратын расталған органикалық итмұрын майы бар
• Сергітіп, салқындататын бұрышты жалбыз майы қосылған
• Ерінді жұмсартып, жайландыратын жұмсартқыш какао майымен қаныққан
• Қоршаған ортаның зақымдайтын әсерінен ерінді қорғайды.







Сабақ: № 7

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Өсімдіктер – сыр шертеді

Долана, ормантау бүлдіргені

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы кең мағлұмат бере отырып долана

мен ормантау бүлдіргені туралы түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Долана (Crataegus)–Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі.  Раушан гүлділертұқымдасына жатады. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең таралған. Тікенекті бұталы өсімдік немесе шағын ағаш түрінде кездесетін долананың биіктігі шамамен 2-8 м болып келеді. Жапырақтарының ұзындығы 6 см, ені 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман гүлдеп бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ жеміс береді. Жас көшеті жеті жылдан кейін ғана жеміс салады. Долананың шаң мен газға төзімділігін және ауа тазартатын қасиетін ескере отырып, оны қала көшелеріне молынан егеді. Бірақ, қала көшелеріне егілген долананың жемісін жеуге болмайды. Бойы аса биік емес, әрі тікенекті болғандықтан долананы көбінесе жасыл қоршау жасауға қолданады. Жаз айларында қырқып-пішіндеуге болады. Өсуі жай болғанымен, долана төзімді ағаш болып саналады. Дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады.

Бүлдірген (Fragarіa) – раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл. Бүлдіргеннің Қазақстанда 2 түрі: орман Бүлдіргені (F. verca), жасыл Бүлдірген (F. vіrіdіs) бар. Олар көбінесе таулы аудандарда, ормандардың ашық беткейлерінде және өзендердің бойында өседі. Бүлдіргеннің биіктігі 5 – 25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш-үштен топтасады. Гүлі ақ немесе сары, қос жынысты, гүлшоғыры – көпгүлді қалқанша. Жемісі – жидек (қызыл, қызғылт шырынды). Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Бүлдіргенде қант, органикалық қышқылдар, А, В, С, Р дәрумендері, каротин, өзек, пектин, темір, фосфор, марганецбар. Бүлдіргеннің жемісі мен жапырағы медицинада кең қолданыс тапқан. Жапырақтары ұнтақ немесе қайнатып алынған тұнба түрінде қызылшамен ауырған адамның дене қызуын түсіру және асқазан сөлінің қышқылын азайту үшін қолданылады. Сонымен қатар жидегінің шырынына бал мен талқан қосып, туберкулез ауруы бар адамға жегізеді. Бүлдіргеннің шырынын іш ауруына ішкізеді. Жапырағынан шай қайнатып, бүйрек тасын шығаруға, аяқ-қол ісуін басуға, ревматизмді, бауыр ауруларын, ішек ауруын емдеуге қолданады. Бүлдірген жапырағын ерте көктемнен бастап күзге дейін жинап, қараңғы жерде кептіреді. Бүлдіргеннен тосап, қақ, сусын жасайды. Кондитерлік өнімдерге қосады.

C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\долана.jpg C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\булдирген.JPG





Сабақ: № 8

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Өсімдіктер – сыр шертеді

Өгейшөп, орман қазтабаны дәрілік өсімдіктері

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы кең мағлұмат бере отырып, өгейшөп

пен орман қазтабаны туралы түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Өгейшөп (Tussіlago) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Өзен жағалауында, жыра ішінде, тау баурайында, саз топырақты жерде өсетін 1 түрі – кәдімгі өгейшөп (Tussіlago farfara) бар. Оның биіктігі 20 – 100 см. Сабағы өрлеп өседі. Жапырақтары ірі, қабыршақ тәрізді, қоңыр-күрең түсті, сабаққа кезектесіп орналасады. Сарғылт түсті гүлі қос жынысты, жеке-жеке сабақтың ұшында жетіледі, жапырағынан бұрын пайда болады. Гүлшоғы – себет. Наурыз – сәуірде гүлдеп, мамыр – маусым айларында жеміс салады. Жемісі – дәнек. Өгейшөптің жапырағының құрамында глюкозид, эфир майы, инулин, илік заттар, аскорбин қышқылы болады. Халық медицинасында өгейшөпті  Гиппократ пен 

Авиценна заманынан бері қолданып келеді. Оны қолқа демікпесін, созылмалы бронхитті, ларингитті, жоғары тыныс жолдарының қабынуын емдеуге пайдаланады. Тұнбасын жөтелді басу үшін ішеді.

Қазтабан (Potentilla) - раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Бір-екі жылдығы өте сирек кездеседі. Қазақстанның биік таулы аймақтарында орман-тоғай шетінде, далалы жерлер мен шалғындықта, су жағасында өсетін (тек шөлді жерде өспейді) 48 түрі бар. Олардың биікт. 3-70 см. Тамыры жуан, тамырсабағы түйнек тәрізді болады. Сабақтары тік, кейбір түрлерінде төселмелі келеді. Жапырақтары үшқұлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді күрделі. Ақ, сары, қызыл гүлдері қалқанша - сыпыртқы гүлшоғырын құрайды, кей түрлерінде жеке орналасады. Гүліндегі тостағанша жапырақшалары 5 немесе 4-тен сыртқы және ішкі шеңбер құрып орналасады. Күлте жапырақшаларының саны 5, кейбір түрінде — 4. Аталық саны 10-нан 30-ға дейін, басым көпшілігінде 20. Аталық жіпшелері біз тәрізді жіңішке. Гул табаны дөңес, ойыс келеді. Көктемнен қоңыр күзге дейін гүлдейді. Жемісі - құрғақ келген, көп жаңғақша. Қның шөбінде, әсіресе түйнек тәрізді тамырсабағында илік заттар мол, балауыз, крахмал, қына қышқылыбар. Қ. — дәрілік өсімдік, оның суда дайындалған тұнбасын тырыспаға, ішек түйілгенде және асқазан ауруларына қарсы қолданады. Сондай-ақ, сіңір тартылғанда, тері ауруларына қарсы ванна немесе компресс жасауға болады. Жапырақтары мен жас өркендерін үй құстарына жем ретінде береді.



C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\огейшоп.JPGC:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\дәрілік өсімдіктер\казтабан.JPG

Сабақ: № 9

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Өсімдіктер – сыр шертеді

Қожақат, таңқурай дәрілік өсімдіктері

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы кең мағлұмат бере отырып, қожақат

пен таңқурай туралы түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Қожақат (Rubus fruticosus)раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда барлық жерде кездеседі. Орманда, бұта арасында, өзен мен жылға жағасында, бау-бақшада өседі. Сабағы тік. Жапырағы үш салалы. Гүлі қос жынысты, ірі, ақ түсті, шашақты гүл шоғырына жиналған. Жемісі шырынды келеді, қара түсті, оның қабығы жұқа, тез сыдырылады, тосап, қою шырын және кисель т.б. күйінде пайдаланылады. Жидегінде 2,88—3,64% глюкоза, 3,12-3,24% фруктоза, 0,35-0,58% сахароза бар. Мата және жіп бояу үшін де қолданылады. Сондай-ақ шірнелі, витаминді өсімдік. Қожақат құрамында глюкоза, фруктоза, қант, аскорбин қышқылы, каротин, органикалық қышқылдар, илікті, пектинді заттар, С, Р, К, Е және В 

тобының дәрумендері, минералды заттар, макро, микроэлементтер бар. Қожақаттан жасалған қайнатпаны несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады.Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, қан қысымын төмендетуге, іш тоқтатуға, қан аздықта, жүйке ауруларында, бронхитте, жөтелде де қолданады. Қожақат жемісін сол қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе, халық медицинасында жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып, шай орнына ішеді. Сонымен қатар қожақаттан тосап, сусын, шырын, джем жасайды. Кондитерлік тағамдарға қосады.

Таңқурай (Malus domestica)раушангүлділер тұқымдасының бір түрі. Биіктігі 1—3 м, сабағы тікенді, жапырағы қалың, атпа тамырлы, көп жылдық шала бұта. Жемісі сүйекті, түсі қызыл, сары. Жемісінің құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар, С, А, В витаминдері, хош иісті заттар бар. Жемісін жеуге және тосап, шырынсу, шырын,шарап, т.б. дайындауға пайдаланады.

Таңқурай – раушангүлдер тұқымдасына жататын, жартылай бұталы көпжылдық өсімдік. Таңқурайдың бұталары алғашында шөптесін болып, кейіннен бұтаққа айналады. Жапырағы күрделі пішінді, жиегі аратісті, үстіңгі беті қою жасыл, ішкі жағы ақ түсті. Гүлдері ақ немесе ашық қызғылт болады. Гүлі 5 күлтелі, аздаған гүлшоқтар болып жеке-жеке өседі. Гүлдеуі маусымнан күзге дейін жалғасады. Сондықтан пісу мерзіміне қарай, өнімін жинау бірнеше айға созылады. Жидегі өте нәзік, күлгін- қызғылт түсті. Дәмі тәтті, аздаған қышқылдығы бар. Таңқурай ұсақ сүйекшелерден құралған бірнеше дәндердің бірігуінен тұрады. Жабайы түрінде бұл дәндер бір-бірінен оңай ажыратылып алынады. Ал, екпе түрлерінде сүйекшелері бірігіп кеткен тәрізді болып көрінеді. Жалпы пісу кезеңі шілде, тамыз айлары. Нәзік хош иісті. Табиғатта таңқурай аралас ормандарда, қылқанжапырақты ағаштар арасында жақсы өседі. Өзен аңғарларында, бұталардың арасында, көлеңкелі, ылғалды жерлерде кездеседі.

Таңқурай құрамында адам ағзасы үшін пайдалы заттар өте көп, атап айтқанда: аскорбин қышқылыглюкоза,органикалық қышқылдарспирттеркетондарақуыздарпектиндеразот қоспаларыилік заттар,САВ топ дәрумендері. Таңқурайдан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге қарсы қолданады. Таңқурай жемісін табиғи қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе, тибет медицинасында таңқурайдың жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып шайдың орнына ішеді. Сонымен қатар таңқурайдан тосап, сусын, шырын, джем жасайды. Кондитерлік тағамдарға қосады.







C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\2015-2016\Факультатив\дәрілік өсімдіктер\кожакат.jpg C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\2015-2016\Факультатив\дәрілік өсімдіктер\танкурай.jpg





































Сабақ: № 10

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Өсімдіктер – сыр шертеді

Қара меңдуана, сасық меңдуана дәрілік өсімдіктері

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы кең мағлұмат бере отырып, қара

меңдуана, сасық меңдуана туралы түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Қара меңдуана (лат. Нyoscyamus niger)  алқалар тұқымдасы, меңдуанатуысына жататын екі жылдық шөп тектес, ұнамсыз иісі бар улы өсімдік.

  • Өсімдіктің сабағы тік, бұтақтары көп, биіктігі 20-120 см-ге дейін жетеді.

  • Өне бойын түгелдей жұмсақ ақ түсті, жабысқақ түкбасқан.

  • Жапырақтары жұмсақ түкті, пішіні жұмыртқатәріздес, кезектесіп орналасқан, оның үстіңгі беті қошқыл жасыл, ал астыңғы беті сұрғылт түсті. Төменгі жапырақтары жертаған, ұзын сағақты,эллипс тәрізді. Сабақ жапырақтары қондырмалы.

  • Гүлдері - ірілеу, бұтақшалардың ұшына таман, жапырақтарының қуысында орналасқан. Гүлінің түсі сарғыштау немесе сұрғылт ақ, күлгін, сия-көк жүйкелері бар. Маусым-шілде айларында гүлдеп, шілде-тамызда жемісі пісіп жетіледі.

  • Жемісі - көп тұқымды, құмыра тәрізді қорапша, қақпағы бар.

  • Тұқымдары майда сұрғылт түсті.

Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Ол тұрғын үй, мал қораларының маңында, жол бойында, егістіктің шетінде, керексіз қоқыс төгетін жерлерде жиі өседі.

Қара меңдуана дәрілік шикізаты және одан жасалған препараттар  жүйке жүйесін  тыныштандыруға,  аяқ-қолдың дірілін басуға қолданылады.

Өсімдік жапырағының ұнтағы "астматол" препаратының құрамына кіреді, ол кеңірдектің демікпе ауруына қарсы пайданалады. Меңдуана майы адамды тыныштандыруға, сондай-ақ ревматизм, радикулит ауруларына қарсы қолданылады.
Қара меңдуанамен уланғанда жүйке жүйесінің қозуы тежеліп, әлсіреп, тынысы тарылады, ондай жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет. Қара меңдуананың жапырақтары
 маталарды сарғыш жасыл түске бояйды.



Сасық меңдуана (лат. Datura stramоnium)[1]  алқа тұқымдастарына жататын өте жағымсыз иісі бар, біржылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұталар.

  • Биіктігі 1 метрден асады.

  • Сабағының сырты тегіс, іші қуыс, тік өседі.

  • Жапырақтарының ұштары сүйір, салалы, ірі, шеттерінде ойықтары бар, сағақтары ұзын, үстіңгі жағы қою жасыл, төменгі бұтақты жерінде олар жалғыз-жалғыздан орналасқан.

  • Гүл тәжі ұзын түтікше тәрізденіп, гүл тостағаншасынан асып тұрады. Шілде, тамыз айлары аралығында гүлдейді.

  • Ұрығы - ұзындығы 3-4 сантиметрлік сырты тікенді, жұмыртқа тәрізді қауашақ. Жемісіпіскен кезде ішінен 500-ге жуық үлкен қара дәнектері төгіледі.

Қазақстанның барлық аймақтарында (тек таулы жерлерде өспейді) кездесетін 1 түрі — кәдімгі Сасық меңдуана (D. stramonіum). Ол үй маңында, бақшада, кейде қоқысты жерлерде топтанып өседі.

Сасық меңдуана — дәрілік өсімдік, оның құрамында гиосциамин, атропин, скополамин алкалоидтары, эфир майы(0,04%), каротин (0,1%), илік заттар (0,7%) болады. Тұқымында 45%-дай линол глицериді, 40%-дай олеин, 20% стеарин бар. Сасық меңдуананың емдік қасиеті көне заманнан белгілі. Дәрілік мақсатқа өсімдік гүлдеген кезде жапырақтарын жинап алып кептіреді. Медицинада Сасық меңдуанадан алынған препаратты өкпе демікпесі, тыныс алу жүйесі,  теңіз  және  биіктікке байланысты  ауруларға қарсы пайдаланады. Халық медицинасында  буын  ауруларын,  невралгияны,  жүйке  ауруларын емдеу үшін қолданылады[2].



C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\2015-2016\Факультатив\дәрілік өсімдіктер\кара мендуана.jpgC:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\2015-2016\Факультатив\дәрілік өсімдіктер\кара мендуанаа.JPGC:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\2015-2016\Факультатив\дәрілік өсімдіктер\сасык.jpgC:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\2015-2016\Факультатив\дәрілік өсімдіктер\сасык мендуана.jpg



































Сабақ: № 11

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Өсімдіктер – сыр шертеді

Қарағай, тасжарған дәрілік өсімдіктері

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы кең мағлұмат бере отырып, қарағай,

тасжарған туралы түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Қарағай (Pinus) – еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқан жапырақты мәңгі жасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады.

Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады.

Қарағайдың бүршіктеріэфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.

Бұл ағаштардың биіктігі 35 м-дей, діңі мықты, бұтақ шоғыры дөңгелек болып келеді. Қабығы үгілмелі, қызыл қоңыр түсті, бұтағында жарықтары болады. Жапырағы (инесі) 2 – 5-тен шоқтанып бүршігінде орналасқан, бүршіктері күрделі. Бүрі 2 – 3 жылда піседі, оны жеуге болады. Мамыр айында гүлдейді. Аталық гүлі масақты, сары не қызыл түсті. Аналық бүрі жас өркен ұшында 2 – 3-тен орналасады, 2 жылда пісіп жетіледі. Тұқымы – қара, не сұр түсті; қанатты кейде қанатсыз болады. Қарағай ағашы 300 – 500 жыл жасайды.

Еуразияның қоңыржай және субтропиктік аймақтары мен Солтүстік Америкада өсетін 100-ге жуық түрі белгілі.

Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай – дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор.

Қазақстанда 2 түрі: кәдімгі Қарағай (P. sіlvestrіs) және самырсын Қарағайы (P. sіbіrіca) бар. Бұлар республиканың солтүстік-шығыс, орталық бөліктеріндегі аралас ормандарда, басқа қылқан немесе жалпақ жапырақты ағаштар арасында өседі. Қазақстанда ботан. бақтарда Қарағайдың: сары Қарағай, тау Қарағайы, Веймутов Қарағайы түрлері қолдан өсіріледі.





Тасжарған (Saxіfraga) – тасжарғандар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Жетісу(Жоңғар), Күнгей, Іле Алатауларының альпілік, субальпілік белдеулерінде, өзен, бұлақ, тұма жағалауларында, жартастар мен тастақты беткейлерде өсетін 10 түрі бар, ең жиі кездесетіндері – батпақ Тасжарған (S. hіrculus) мен нүктелі Тасжарған (S. punctata).

Тамырсабағы жерге көлбей төселіп, топыраққа жайылып өседі. Сабағы тік, топтанып не жеке-жеке дамиды. Топтанып өскен сабақтары шым түзеді. Сабағында безді және жай түктері бар. Дамымай қалған жапырақтарының шырынды, қалың сағақтарымен жабылған түйнекті-бүршік түзетін жер асты өркендері болады. Жапырақ тақтасы тегіс жиекті, араларында тілімделгендері де (3-ке, 5-ке, т.б.) кездеседі. Олардың пішіндері қандауыр, ромб, бүйрек,жүрек, т.б. тәрізді. Гүлдері 4 – 8-ден топтанып қалқанша, 2 – 7-ден – сыпыртқы не масақ гүлшоғырын түзеді. Олар сабақ ұшында жетіледі не 2 – 3-тен жеке орналасады. Жеке гүлінде бір-бірімен тұтасып, кіріккен 5 тостағанша, ақ, жасыл, ашық сары, қызғылт, сарғыш қызыл түсті 5 күлтесі, 10 аталығы, жатыны 2 ұялы аналығы болады.

Көпшілік түрлерінде протандрия (гүл аталықтарының аналықтарынан ертерек пісіп жетілуі) байқалады; көп жағдайда жәндіктер арқылы, кейбір түрі өздігінен тозаңданады. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – көп тұқымды, қос мүйізді қауашақ. Тасжарғандардың көпшілік түрін бау-бақшалар мен үйде сәндік үшін өсіреді.

Мал дәрігерлігі практикасында тасжарғанның тамыры қақырық түсіретін, зәр жүргізетін, асқазан – ішек жұмысын реттейтін, нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады. Өсімдік тамырының суданашар еруіне байланысты, оның көбінесе спирттік тұнбасы пайданылады. Тұнба жасау үшін 50 грамм майдаланып, туралған тамыр 70 градустық 150 мл этил спиртінде 7 – 10 күн бойы ашытылады. Сөйтіп суға араластырып бұзау мен құлынға – 3 – 8 мл, қозыға – 2 – 3 мл, қойға – 3 – 5 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.

C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\2015-2016\Факультатив\дәрілік өсімдіктер\кадимги карагай.jpgC:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\2015-2016\Факультатив\дәрілік өсімдіктер\самырсын карагайы.jpgC:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\2015-2016\Факультатив\дәрілік өсімдіктер\кадимги жангагы.jpg





















Сабақ: № 12

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Зертханалық жұмыс №2

Дәрілік шөптерден тұнба жасап көру

Мақсаты: Дәрілік шөптерден тұнба жасап көрсету

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ



Тасжарғаннан дәріні дайындау және қолдану тәсілі

Мал дәрігерлігі практикасында тасжарғанның тамыры қақырық түсіретін, зәр жүргізетін, асқазан – ішек жұмысын реттейтін, нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады. Өсімдік тамырының суданашар еруіне байланысты, оның көбінесе спирттік тұнбасы пайданылады. Тұнба жасау үшін 50 грамм майдаланып, туралған тамыр 70 градустық 150 мл этил спиртінде 7 – 10 күн бойы ашытылады. Сөйтіп суға араластырып бұзау мен құлынға – 3 – 8 мл, қозыға – 2 – 3 мл, қойға – 3 – 5 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі.











































Сабақ: № 13

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Өсімдіктердің қасиеттері

Қызылбас жоңышқа, қызыл бұрыш дәрілік өсімдіктері

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы кең мағлұмат бере отырып, Қызылбас

жоңышқа, қызыл бұрыш туралы түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Жоңышқа (Medіcaqo) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік.Қызылбас жоңышқа- көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

  • Биіктігі жарты метрге жететін көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

  • сабағы қысқа,жапырақтары үш-үштен топталып тұрады .

  • Төменгі жағындағы жапырақтарының пішіндері жұмыртқаға ұқсас,шеттері майда ара тісті, ал жоғарылары сопақша келген, шеттері бүтін.

  • Гүлдері майда, ашық қызыл түсті,өсімдіктің жоғарғы жағынан шар сияқтанып шоғырланып тұрады

Мамыр айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді.

Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің гүлін жоғарғы жағындағы жапырақтарымен қосып жинап алады

  • Құрамында С витамині,каротин, эфир майлары, глюкозидтер,трифолин бар.

  • Қан азайғанда,дененің қуаты кемігенде және қақырық түсіретін, несеп айдайтын, микробтарды жоятын дәрі ретәнде қолданады .

  • Дене сыртыңдағы іріңді жараларға, шиқанға қызылбас жоңышқаның жас жапырағы мен гүлдерін басады.

  • Халық арасында қызылбас жоңышқаның кептірілген гүлдерінен жасалған дәрілерді өкпе ауруларын,ревматизмді емдеуге пайдаланады.

Қызыл бұрыш (Capsіcum annuum) — алқа тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс өсімдігі. Қызыл бұрыш ауа райы 13С-тан төмен болмайтын аудандарда егіледі. Қазақстанда оның ащы және тәтті түрлері көшеттенөсіріледі. Тармақ сабақты, негізгі сабағының биіктігі 30 — 130 см. Гүлі ірі, ақ, ақшыл, сары түсті. Жемісі көп тұқымды (салмағы 0,25 — 190 г).. Өсімдік шілде – тамыз айларында гүлдейді,ал жемісі тамыз айларында піседі.

Құрамында С витамині, А витамині, каротин (көгінде 1,62 — 2,35%, піскен жемісінде 13,9 мг %), қант (2,0 — 8,4%), белок (1,5%) бар. Бұрыштың ащылығы жеміс құрамындағы капсаицин алкалоидына (1,9%) байланысты. Қызыл бұрыш тағам ретінде (жас және өңделген күйінде), сондай-ақ, медицинада пайдаланылады. Аудандастырылған сорттары Болгар-79, Қарлығаш, т.б. Негізгі зиянкестері: қоңыр көбелек, шыртылдақ дернәсілі, т.б.; жиі кездесетін аурулары: солу, шіріме.[1] Дәрілік шикізат ретінде оның жемісі жиналады.

C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\2015-2016\Факультатив\дәрілік өсімдіктер\жон.jpgC:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\2015-2016\Факультатив\дәрілік өсімдіктер\б9рыш.jpg

Сабақ: № 14

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Өсімдіктердің қасиеттері

Қалампыр, рауғаш дәрілік өсімдіктері

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы кең мағлұмат бере отырып, Қалампыр,

рауғаш туралы түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Қалампыр (Dianthus) — қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Қалампырдың Азияда, Африкада, Еуропада шөп және бұта болып есетін 300-дей түрі бар. Солардан бұрынғы КСРО жерінде өсетіндері — 80. Қалампыр топтанып өседі. Гүлінен эфир майы алынады. Қалампырдың бірнеше түрі декорация ретінде теплицаларда, құмыраларда өсіріледі. Кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Қазақстанның далалық аймақтарында, су алабындағы шалғындарда, тасты төбе баурайында, шалғынды тау бөктерінде өсетін 29 түрі бар. Еуразия мен Африкада, негізінен, Жерорта теңізі жағалауларында кездесетін 300-ге жуық түрі белгілі. Кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Қазақстанның далалық аймақтарында, су алабындағы шалғындарда, тасты төбе баурайында, шалғынды тау бөктерінде өсетін 29 түрі бар. Бұлардың биіктігі 15 – 50 см-дей, жапырағы таспа немесе қандауыр тәрізді болады. Қалампыр туысының өзіне тән ерекшелігі – бірігіп кеткен тостағанша жапырақшаларының түбі қабыршақтанып келіп, гүл жапыраққа жабысып тұрады. Көбінесе қызыл, қызғылт, ақ, ала түсті, хош иісті, дара гүлдері сабағы мен бұтағының басында жетіледі. Гүл жапырақшаларының шеті тілімденген не ара тісті ирек. Көбелектермен тозаңданады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Қытай, түрік, бақша, гренадин, Шабо қалампырлары Қазақстанның гүл өсіретін шаруашылықтарында әсемдік үшін өсіріледі. Ала қалампыр мен қытай қалампыры халықтық медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Емдік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеп тұрған кезінде жинайды

Рауғаш (Латын атауы:Rheum rhaponticum) - қара құмық тұқымдастарға тиесілі өсімдіктердің тегі болып табылады. Ол Орта АзияБолгария және Оңтүстік Сібір аумағынан шығады. Рауғаш көкөніс ретінде өсіріледі. Бұл көкөністің пайда болуы қызықты болып табылады. Онда рауғаш 3000 жыл бойы белгілі қытай асханасынан ол - Волга жағалауына, ал одан Ежелгі Грекияға жәнеЕжелгі Римге қоныс аударды. Грек тілінде рауғаш «рабарбарос» деп аталады, аударғанда «Волга жағалауынан әкелінген жат көкөніс» дегенді білдіреді.

Рауғаштың еліктіруі Рауғаш алғашқы көктемгі жемістердің бірі болып табылады. Әсіресе ол бізді өзінің жаңа піскендігімен қызықтырады. Рауғаш тамаққа оның жасыл немесе қызыл түсті сабақтарын қолдану үшін өсіріледі. Оның өзгеше қышқыл және шөл басатын дәмі бар және одан шырынкомпот, ұннан пісірілген өнімдерге салынды әзірлеу үшін тамаша болып табылады

C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\2015-2016\Факультатив\дәрілік өсімдіктер\калампыр.jpgC:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\2015-2016\Факультатив\дәрілік өсімдіктер\рау5аш.jpg

Сабақ: № 15

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Өсімдіктердің қасиеттері

Тікенді қара өрік(алхор), шие дәрілік өсімдіктері

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы кең мағлұмат бере отырып, алхоры мен

шие туралы түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Алхоры (лат. Prunus spinosa) – раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Отаны – Кіші Азия, Кавказ және солтүстік Иран. Қазіргі кезде мәдени алхорының 2000-ға жуық түрі бар. Жер шарының барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Ағаштың биіктігі 3-12 м аралығында болады. Кейбір түрлерінің бұтақтары тікенекті болып келеді. Жапырағының жиектері аратісті. Сұрпына қарай гүлі ақ, қызғылт түсті болады. Жемісі ірі. Жемісінде салыстырмалы үлкен сүйегі бар. Түсі алғашында жасыл, кейін піскенде күлгін болып өзгереді. Түсі сары, күңгірттеу сарғылт, жасыл, қоңыр-көк алхорылар да бар. Жемістің пішіні сұрпына қарай сопақша, сопақша-домалақ және домалақ болады. Дәмі де сұрпына қарай тәтті, қышқылтым-тәтті және қышқылдау болып келеді. Еті тығыз, шырынды, сүйегінен оңай ажыратылады. Алхоры ағзаны холестериннен тазалауға жақсы көмектеседі. Кептірілген алхорыны ішті жүргізуге, несеп айдағанға қолданады. Алхорыдан компот, шырын, тосап, қақ жасайды.

Шие (лат. Prunus subgen. Cerasus) – раушангүл тұқымдасына жататын ағаш және бұта типтес өсімдік.Гүлі ақ, кейде қызғылт. Гүл шоғыры шатырша. Етжең, шырынды жемісінің сүйегі бар. Жер жүзінде шиенің 150 түрі, Қазақстанда 7 түрі таралған. Шиенің жемісінде 7,3 – 17,5% қант, 0,8 – 2,4% әр түрлі органикалық қышқылдар, 0,15 – 0,88% илік заттар мен витаминдер болады. Жемісінен тосап, компот, шарап жасайды және кондитер тағамдарына қосады.Шие көшет, екпе шыбықтарын телітушіге ұластыру арқылы көбейтіледі. Тұқымы арқылы көбейту селекция саласында жаңа сорттар шығару үшін қолданылады. Шие құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі. Бұлардан басқа далалық және орманды далалық шие (Cerasus frutіcosa),құмдық шие (Cerasus pumіla) деген түрлері бар. Шие ағашының жемісі өте пайдалы әрі тәтті. Шие қантқа, органикалық қышқылдарға, ферменттерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В, РР дәрумендеріне, каротинге, сонымен қатар минералдар мен кальций, темір,фосфор, магний, калий мен микроэлементтерге бай, әсіресе, мыстың мөлшері көп. Шиені медицинада гемоглобинді көтеру, қан тоқтату, суық тигенде ыстықты басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитта жөтел мен қақырық шығаруға қолданады. Шиеден шырын, тосап, компот, джем, шәрбәт жасайды. Шие аспаздықта түрлі десерттер жасауға қолданылады.



C:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\алхоры.jpgC:\Users\Ералы-Гульбарам\Desktop\шие.jpg

Сабақ: № 16

Күні: ___________

Сыныбы: 6 «А»

Тақырыбы: Өсімдіктердің қасиеттері

Шайшөп, шырмауық дәрілік өсімдіктері

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы кең мағлұмат бере отырып, шайшөп,

шырмауық туралы түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Бекіту

ІV. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Шырмауық (Convolvulus) – өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық (кейде бір жылдық) шөптесін өсімдік не шала бұта. Негізінен қоңыржай белдеулерде өсетін 250-ден астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық өңіріндегі далалы, тастақты жерлерде, өзен аңғарларында тараған 14 түрі бар. Олардың биіктігі 7 – 130 см. Сабағы шырмала немесе тік өседі, кейде оның бұтағы көп болады. Жиектері бүтін, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлі қызғылт, ақ, күлгін түсті, жеке-жеке, кейде үш-үштен жапырақ қолтығында орныққан, шашақ тәрізді гүлшоғырына топталған. Сәуір – тамызда гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – төрт дәнегі бар қосұялы қорапша. Далалық шырмауық (С. arvensіs) – қаулап өсетін арамшөп, ал кірпі шырмауық (С. erіnaceus) – құнарлы мал азығы.

Шырмауық – аралия тұқымдасына жататын, аты айтып тұрғандай шырмалып өсетін өсімдік. Отаны – Еуропа, Азия мен солтүстік Африка аймақтарына таралған. Табиғатта ауа тамырымен ағаштарға оралып, 15-20 м биіктікке өседі. Ал, үй жағдайында 3-4 метрге жетеді. Сонымен қатар жоғарыдан төменге қарай жайыла және жерге төселіп те өседі. Табиғи 15-ке жуық түрі белгілі, 400-ге жуық сұрыпты түрі бар. Шырмауық-әдемі жапырақты өсімдікке жатады. Қою жасыл, ала, көкшіл түстері бар. Сонымен қатар ұсақ жапырақты және жай өсетін сұрыптары бар. Күтімі жеңіл. Ол әртүрлі жағдайларға шыдамды әрі бейімделгіш келетіндіктен гүлпаздардың, флорашылар мен дизайнерлердің көптеп қолданатын сүйікті гүліне айналған. Үй жағдайында аспалы түбектерде, композициялар мен ыдыста орналастырылған шағын бөлме бақшаларын жасауға қолданады. Түбек ішіне бамбуктен немесе темір сымнан доғал, үшбұрыш, ирек пішінді тіреу орнатуға болады. Өсімдік тіреуге шырмалып, белгілі бір пішін сақтап өсуі үшін сабағын байлап, кесіп, реттеп отыру керек.

















Өсімдік туралы[өңдеу]

Шырғанақ – бұталы немесе шағындау ағаш болып саналатын тікенді өсімдік. Жапырағы мен гүлі бір уақытта ашылады. Қазақстан жерінде бір ғана түрі кездеседі. Тау етегінде, тоғайлы алқапта, өзен-су жағалауларында, жартасты, тасты тау беткейлерінде өседі. Жапырағы күміс түстес. Сәуір, мамыр айларының аралығында гүлдейді. Гүлдеп біткен соң жеміс салады. Жемісі қазан айында піседі. Күзде жемісінде болатын ащы дәм алғашқы қара суықтан кейін жоғалады. Жемісінде 8 % шырғанақ майы бар, каротинге бай. Құрамындағы дәрумендердің қасиетін жоғалтпау үшін жемісін ағаш бөшкелерде, күн көзінен таса жерлерде сақтау керек. Шырғанақтың жемісінен шырынды сусындар, қайнатпа, тосап жасалады. Шырғанақ майы терідегі жаралар мен күйіктерді жазады. Адамның ішкі ағзасының жұмысын жақсартып, бауырдың негізгі қасиетін сақтауға көмектеседі. Көптеген қатерлі ісіктерді емдеуге, хирургиялық операциялардан кейін де қолданылады. Өсімдіктің бұтасы тығыз және қатты болып келеді. Сондықтан оны жылжитын құмдардыңжолына егіп, таудағы жүретін көшкінге тосқауыл ретінде жартасты тау беткейлеріне егуге болады. Көгалдандыруда жеке немесе топтап егуге және жасыл қоршау ретінде өсіруге болады.

Шырғанақ (лат. Hippóphaë rhamnoídes) — гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар класындағы жиде тұқымдас кішкене ағаш немесе бұталы өсімдік . Биіктігі 1,5—6 метр. Шырғанақ туыстардың 3 қана түрі бар . Ең көп тараған түрі — итшомырт шырғанақ.

Сары түсті, шырынды жемісі бұта басында тізбектеліп, жабысып өседі. Гүлдеу мерзімі – сәуір, мамыр айлары. Қыркүйек-қазан айларында жемістері піседі. Шырғанақтың жемісі аскорбин қышқылына, В1, В2, В6 дәрумендеріне, ал дәні майға (12,5 %), каротин мен В1, В2, Е дәрумендеріне бай. Жемісінен әртүрлі тосап, кисель тағы да басқа дәруменді заттар дайындайды. Шырғанақ – Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде көп кездесетін дәрілік өсімдіктердің бірі.

Емдік қасиеті[өңдеу]

  • Дәрумендердің жетіспестігінең болған қан аздыққа 3 ас қасық шырғанақ шырынын жарты стақан райхан жалбыздың қайнатылған тұнбасына қосып, оған бір ас қасық бал қосып араластырады да тоңазытқыштың астына қойып, екі сағат бұқтырады. Осыдан әр жолы жарты стақаннан астан бұрын екі рет ішеді. Бір емделу барысы 14 күн.

  • Аллергиялық аурудан тері бүлінгенде бір ас қасық шырғанақ жемісін 250 г қайнап тұрған суға салып, 10 минут ақырын қайнатады. Жарты сағат бұқтырады. Осыдан ас алдында 2 ас қасықтан ішеді. Суын жылытып, теріге компресс жасайды. Әр 15 минут сайын ауыстыруға болады. Бір емделу барысы 15 күн.

  • Сусамыры бар адамдардың зат алмасуы бұзылған кезде 3 ас қасық итмұрын жемісіне 1 шай қасық қаражидек жемісін қосып, 1 литр қайнап тұрған суға салып, жарты сағат жабық термоста ұстайды. Осыдан соң оны сүзіп, үстіне 4 ас қасық жылы шырғанақ шырынын, 3 ас қасық бал салып, бәрін араластырады да, 3 апта күніне 3 реттен жарты стақаннан ішеді. 21 күн осылай емделіп, 15 күн демалып, қайта жалғастыруға болады.

  • Тұмау тиіп жөтеліп қалған кезде бір стақан қайнап тұрған сүтке бір шай қасық шырғанақ майын, пышақтың ұшымен ас содасын қосып, араластырып, жатарда ішіп, жазылғанша жалғастыруға болады.

  • Тіс түбі босап, қанап ауырған кезде шырғанақ жапырағын 10 минут ақырын қайнатып, астан соң жылыдай ауызды шайып отырады. Күніне 5-6 рет. Бір апта жасаса нәтижесі көрінеді.

  • Жұтқыншақтың бірнеше түрлі ауруына, мұрынның іші ауырғанда таза дәкеге сіңірілген шырғанақ майымен ауыз қуысын, жұтқыншақ төңірегін, танау ішін ауық-ауық сүртіп отыру керек. Бір емделу барысы 10 күн.

  • Көз ауруларының бірі тауық соқыр деп аталады. Бұл көбінше кешке қарай көздің көру қабілеті төмендеп кетеді. Мұндайда бір стақан шырғанақ жемісін күні бойы жеп тауысып отырады. Ол аз немесе жоқ болғанда шырғанақтың жас бұтақтарынан аз мөлшерде алып, жарты литр қайнаған суға 10 минут ақырын қайнатып, термоста ұстайды. Осыдан әр жолы жарты стақаннан күніне үш рет ішеді. Емді бір айға жалғастырса нәтижесі көрінеді.

  • Ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға бір ас қасық шырғанақ жемісін қайнап тұрған суға салып, тағы біраз қыздырып, жарты сағат бұқтырады. Осыдан күн сайын ас алдында жарты стақаннан күніне үш рет ішеді. Қажетінше қолдануға болады.

  • Көбінше балалардың мұрын қуысына томпиып ет өседі. Ол бірден ота жасамаса алына қоймайды. Ота жасаудың өзіндік киындықтары бар. Сондықтан да оған шырғанақ майымен дәрі жасайды. 3 ас қасық шырғанақ майына бір ас қасық енді ғана сығылған пияз шырыны, 2 ас қасық зәйтүн майы, 1 ас қасық ерітілген бал қосып араластырады. Осыны дәкеге сіңдіріп, мұрынға 20 минуттан күніне екі рет қояды. Емді үш аптаға созса нәтижесі көріне бастайды.

  • Созылмалы іш қатуға бір ас қасық шырғанақ жемісін 300 г суға 15 минут ақырын қайнатып, бұқтырып, ас арасында бөліп-бөліп ішеді. Ішек жұмысы дұрысталғанша жалғастыруға болады.

  • Бауыр ауруларының алдын алуға шырғанақ жапырағынан, қарақат, шие, шырмалғыш шайшөптен тең мөлшерде алып араластырып, ас қасықты 500 г суға бір қайнатып, 2 сағат термоста бұқтырады. Осыдан жылыдай әр жолы 100 грамнан күніне 3-4 рет ішеді. Әр жолғы емді үш аптаға созып, жылына 4-5 рет қайталауға болады.

  • Жатыр мойнының эрозиясына шырғанақ майына батырылған таза дәкіні жатарда жатыр ауызына қойып отырады. Бір емделу барысы 10-12 күн. Арада бір апта өткізіп қайталауға болады.

  • Қатерлі ісігі бар адамдар 500 г жаңа жиналған шырғанақ жемісін қайнап тұрған суға бір салып алып, таза банкіге салып, үстінен бір килограмм ерітілген таза қарақұмық балынан құйып, салқын жерге бір ай жабық ыдыста ұстайды. Осыдан соң сығып таза ыдысқа құйып

алады да ас соңынан 2 ас қасықты ішіп, соңынан жаңа сауылған піскен сүт ішеді. Бір емделу екі аптаға созылады. Осыншама демалып, қайта жалғастыруға болады.

  • Ревматизм мен сор буын ауруына шырғанақ жапырағы мен жемісінен тең мөлшерде алып 500 г қайнап тұрған суға салып, тағы да 5 минут ақырын қайнатып, бұқтырады. Осыдан күнделікті астан 20 минут бұрын ішеді. Бір емделу барысы 20 күн. Осыны ішіп жүрген кезде аптасына 2-3 рет шөп моншасын жасауға болады. Ол үшін шырғанақтың жас бұтақтарын ұсақтап, қарағайдың жас қылқаны мен шишкаларын 1,5 литр суық суға салып, 2 сағаттан соң 20 минут ақырын қайнатып, астаудың суын 38-39 градус жылы ұстап қосады да шомылады. Соңынан жақсылап сүртіп, ауырған буынды күнбағыстың тазартылмаған майымен сылап орайды. 10-12 күнге созылады бір ем.

  • Жазылмай жүрген жараларға бір шай қасық шырғанақ майына жарты шай қасық алоэ шырынын қосып, таза дәкіге сіңдіріп, жараның үстінен орап таңады. Бір емделу барысы 10-15 күн.

  • Қан ұйып, тамыр тығындалған кезде астан соң шырғанақ жемісінің шырынынан бір шай қасықты ішіп, соңынан көк шай ішеді. Бір емделу барысы 10-14 күн.

  • Шаш ойылып түсе бастаса 2 ас қасық шырғанақ жас бұтағын ұсақтап, 300 г суға 7 минут ақырын қайнатып, 3 сағат бұқтырады. Осы сумен жылыдай шаш түбіне жұмсақ уқалап, сіңдіріп, басты полиэтиленмен жауып, сәлден соң алып тастайды да, орамалмен орап қояды. Бір сағаттан соң басты жылы сумен жуып тастайды. Мұны жатарда істеп, 2-3 айға созуға болады.

  • Шиқанға, іріңді котырларға 1,5 ас қасық шырғанақ майына бір шай қасық вишневский май қосып, араластырып, жатарда таза дәкімен аталған сырқаттарға жауып орайды. Жатарда жасап, жазылғанша жалғастыруға болады.

  • Асқазан жарасына, эрозиялық асқазан сырқаттарына да шырғанақ майын пайдаланса сырқаттың жылдам сауығуына ықпал жасайсыз.

















Шегіргүл (лат. Víola) - шегіргүл тұқымдасына жататын бір жылдық, көп жылдық шөп тектес, кейде бұталы өсімдік.

Мазмұны

  [жасыру

Ботаникалық сипаты[өңдеу]

Тұқымы

  • Сабағы тік, жапырақтары кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді.

  • Гүлі дара, қос жынысты, гүлсерігі екеу. Аналыққа қысылған аталығы бесеу, жіпшелері қысқа, алдыңғы екі аталығы қапшық сияқты шірнелік. Аналығы бір ұялы, көп тұқымды түйін, аналық аузы қатпарлы.

  • Жемісі - екі жағына ашылатын қорапша.

  • Тұқымы - ақуызды ұрықтар.

Түрлері, өсетін жері мен таралу аймағы[өңдеу]

Жер бетінде 500-ге жуық түрі кездеседі, негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінде таралған. Кейбір түрлері Солтүстік Америкада, Анд тауларында эндемикөсімдік ретінде, Жапонияда өседі. Аздаған түрлері Бразилияның субтропикалық аймағында, Оңтүстік Америка, Австралия, Жаңа Зеландияның тропикалық аймақтарында да кездеседі. Қазақстанда үш түсті шегіргүл (Viola tricolor), хош иісті шегіргүл (Viola odorata) және т.б. түрлері өседі.[1]

Қолданысы[өңдеу]

  • Шегіргүлден алынған препараттар бронх бездерінің қызметін күшейтеді. “Тривиолин” препараты жөтелге ем.

  • Шегіргүлді ежелден әсемдік, сондай-ақ эфир майын алу үшін өсіреді.

  • Үш түсті шегіргүл (Viola tricolor) — дәрілік өсімдік, оның құрамында глюкозидтер, сапониндер, қышқылдар, флаволоидтар, алкалоидтар, каротин және дәрумендер (С, Е, Р) бар. Халық медицинасында өсімдіктің қайнатпасы мен тұнбасын ішіп немесе теріге жағып, сары ауруды, ұшықты, қышыма қотырды, т.б. тері ауруларын емдеуге, сондай-ақ несеп жүргізіп, тер шығаруға, қан тазартуға кеңінен қолданады.[2][3]

























































Тасшөп (Thymus serpyllum) – жебір туысына жататын жартылайбұта. Қазақстанда Алтайдың аласа тау жоталарында,Сарыарқада кездеседі. Биіктігі 12 – 13 см, діңі сүректі, бұтақтары тік, жиегі тегіс жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Гүлтостағаншасы қоңырау пішінді, күлтесінің ұзындығы 6 – 8 мм, алқызғылт түсті. Ұсақ гүлдері масақ гүлшоғырына топтанған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Тасшөптің құрамында илік заттар және шайыр, флавоноидтар, әр түрлі қышқылдар, минералды тұздар және эфир майы бар.

Медицинада Тасшөп препаратын қақырық түсіруге, жүйкені тыныштандыруға, радикулит және неврит кездерінде құрысуға қарсы қолданады. Халық медицинасында Тасшөпті тыныс жолы,бүйрек пен қуық, іш ауырғанда, ұйқы қашқанда, бас ауырғанда, өкпе туберкулезіне шалдыққанда береді. Сондай-ақ косметикалық бұйымдар жасауда, тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.[1]

Мазмұны

  [жасыру

Табиғатта таралуы.[өңдеу]

Тас, шөп республикамыздың орманды және кейбір далалы аймақтарында, құмды өңірде өседі. Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің гүлдеп тұрған кезінде сабақтарын жапырақтармен қоса орақпен ептеп орып алып, кептіреді де, құрғақ орындарда сақтайды.

Химиялық құрамы.[өңдеу]

Дәрілік шикізатының құрамында ащы және илік заттар, флавноидтар, шайыр, кейбір минералды тұздар, урсоль және олеаноль қышқылдары, майлар және басқа да заттар бар.

Қолданылуы.[өңдеу]

Мал дәрігерлігі практикасында тас шөптітыныс алу органдары ауруы кезінде қақырық түсіру үшін, өңеш қуысын кеңейту үшін,сондай – ақ ішектің кебуін басу үшін және зәр, тер шығаруды үдету мақсатымен қолданады. Құрағақ дәрілік шикізат ірі қара мен жылқыға – 20 – 60 г, қой мен ешкіге – 10 – 15 г, бұзау мен құлынға – 20 – 30 г, қозыға – 5 – 10 г мөлшерінде беріледі. Тұүнба 1:10 қатынаста жасалады. Майдаланған тас шөп малдың іріңді жаралары мен сыздауығын емдеуге де қолданылады. Көзі ауырған малды емдеу үшін 50 – 60 грамм дәрілік шөп қайнап тұрған 1 литр суға салып, 15 – 20 минут тұндырылады да, екі қайтары сүзіліп, малдың көз алмасын шаяды.[2] [3]











Тасшүйгін (Patrіnіa) –шүйгіншөптер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Семейдіңқарағайлы ормандарында, Сарыарқада, Алакөл  Балқаш атырабында, Алтай, Тарбағатай, Кетпен, Жетісу(Жоңғар), Күнгей, Іле Алатауларында таралған. Таудың тасты бөктерлерінде, өзендердің тасты жағалауларында, боз-селеу өскен далалық алқаптарда өсетін 2 түрі: сібір Тасшүйгіні (Р. sіbіrіca) және орта Тасшүйгін (Р. іntermedіa) бар. Бұлардың биіктігі 10 – 50 см. Кіндік тамырының ұштары тарамдалған. Сабақтары түкті немесе жалаң.Жапырақтары екі реттен тарамдалып, жиектері ара тісті болады. Тостағанша жапырақшалары білінбейді, қоңырау тәрізді күлтесі сары түсті. Гүлдері қос жынысты, аталығы – төртеу, аналық мойны ұзын болады. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі сопақша, сыртын қылтанды түк жапқан. Тасшүйгіннің тамырында эфир майы, тритерпекоидтар, алкалоидтар, сапониндер, кумариндер, ал жер бетіндегі бөлегінде фенол-карбон қышқылдары, С витамині, каротин бар. Тасшүйгіннен алынған тұнбаның ауруды басатын, бактерияларды жоятын қасиеті бар. Оны сары ауруды, асқазан, ішек қабынуын, өкпе ауруын және жараны емдеуге қолданады. Тасшүйгінді мәдени түрде де өсіреді.[1]

Дәрілік өсімдіктерге жалпы шолу
  • Биология
Описание:

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктермедицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.

Автор Киякбаева Гульбарам Асхатовна
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Биология
Подраздел Планирования
Просмотров 1008
Номер материала MA-065921
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓