Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыДоклат на тему "Өзін - өзі тану - бақытқа бастар жол"

Доклат на тему "Өзін - өзі тану - бақытқа бастар жол"

Скачать материал

Қазақ халқының бір туар ұлы Ахмет Байтұрсынов “Тәрбиелі ұрпақтан көреген дана халық тарайды”- деген екен. Бүгінгі күні ұрпақ тәрбиесі алдыңғы қатарлы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Біздің еліміздің алдыңғы қатарлы дамыған  елдердің қатарына кіріп, әлемдік деңгейде мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтаған, экономикасы қарқынды өрге басқан мемлекет болуының кепілі - болашақ ұрпақ білімі мен тәрбиесі. Сол себептенде, бүгінгі таңда білім кеңістігінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар білімнің сапасы мен мәнін көтеруге бағытталып отыр. Білім кеңістігінде “Өзін-өзі тану” бағдарламасы, баланың ішкі дүниесі мен бар болмысын үйлесімді етіп қалыптастыруға бағытталған, өзіндік ерекше мәні бар бағдарлама деп айтуға әбден болады.

   «Өзін-өзі танудың» басты мақсаты болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнары сіңіріп, мінез құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптерімен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыру. Атақты ұстаз Макаренконың: «Адамды бақыттылыққа үйрету мүмкін емес, бірақ бақытты болатындай етіп тәрбиелеуге болады» дегенін еске ала отырып, жас ұрпақтың көкірек көзін ашып, сапалы білім бере отырып, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті ірі тұлға етіп тәрбиелеу біздің бірден бір міндетіміз.

«Өзін-өзі тану бақыты» атты тарау оқушыларды өзін-өзі тану пәнімен таныстырады. Мұнда балаларды мектепке өзгеше бейімдеуге бағытталған сабақтар қарастырылады. Олар жаңа оқушы мәртебесін ұғынады, сыныптастарымен, мұғалімдермен, жалпы мектеппен танысады. Өзінің сыртқы келбетіне дұрыс қарауға, өзін-өзі түсінуге, өз мінезі, өздері орындап жүрген әлеуметтік рөлдер туралы ойлануға, өз эмоцияларын түйсінуге және оны басқара алу білігіне дағдылануға мүмкіндік алады. Балалардың қызықты танымдық материалдар арқылы адамгершілік құндылықтарды қабылдауы осы міндеттерді табысты орындауға ықпал етеді.

Бақыт — адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр. Арман сияқты Бақыт та мұраттың тылсымдық-эмоциялық көрінісі болып табылады. Мұрат тұлғаның болашаққа деген сенімін білдірсе, Бақыт оның іске асу деңгейін көрсетеді.

Күнделікті кішігірім аз ғана бақыттың дәмін сезбей ілгері ұмтыламыз. Адам өміріндегі ең маңызды, тәтті күндер, беймәлім тамаша уақыттар, жылдар өтіп, сағаттар білінбей ғана сырғып жатыр. Біреу келіп жатса, біреу кетіп жатыр. Осынау алып дүниедегі саналы мақұлық иесі, ерекше жаратылғаны – Адам. Өзін табиғат, дүние-мүліктің, алып жаратылыстың мәңгілік иесіндей сезінетіндер бар арамызда. Әрине оның бәрі Құдайдың жаратқаны, адам үшін керек, тіршілік етіп, қажетінше пайдаланып өмір сүруге. Ал адам алдымен Құдайға керек, содан кейін адам адамға. Бұл дүниеде адаммен адам сыйласпаса, қадірлемесе, алдап-арбап, жауапсыз әрекеттер жасаса онда оның адамшылық қасиетін немен бағалаймыз.

Ілгерілеу, алға ұмтылу – бәрі де бақыт үшін күрес. Бақытқа жету сатысына шығу үшін сабырмен аяңдау қажет. Уақыт тығыз, жан-жаққа байыппен, салмақпен қарап, ілгері жылжу керек. Қалай?-деген сұрақ туып отыр әрине. Ол үшін ең алдымен бақыттың қонатын тұстарын тұспалдап алайық. Бақыт адамға төменнен жоғары қарай қонады дейді. Ол былай:

Ең алдымен бақыт – аяққа қонады. Аяққа қонған бақытты ұстай алмағандар: олай-бұлай шалқақтауы мүмкін. Басында білімі болмаса, ол бақытын теуіп жіберуі мүмкін.

Содан көкірекке қонады. Ол кезде кейбір адам көкірегін керіп, кергиіп, адам менсінбей қалуы мүмкін. Басында білімі болмаса, ол бақытын кеудесімен итеріп, ұшырып жіберуі мүмкін.

Ауызға қонады. Ауызына ие бола алмай, мақтанышпен айтып, қолынан келсе, мазаққа айналдырып, жасап отырған ісін мақтанышпен айтып, барын жайып бөсуі мүмкін. Басында білімі болмаса, ол бақытын біреу аузынан қағып әкетіп, пайдалануы мүмкін.

Көзге қонады. Көзін шел басып, ештеңені көрмей, жоғары қарап, амандаспай өтіп кетуі мүмкін. Олай жасаған адамды қарғыс атады дейді. Адам менсінбеу барып тұрған имансыздық. Ондай адам жан жолдасын, жақсы адамдардан қол үзіп қалуы мүмкін. Ертең ол адамдардың жасаған жақсылығын ұмытқаны үшін, көзінен ұшырып алған бақытын кейін көре алмайтындай болады. Басында білімі болмағаны үшін ұшырып алған адамдарын қайтадан қайтара алмайды. Қайтарса да кеш...

Ең соңында адамның басына қонады. Бұдан бұрындағы қонып келе жатқан бақыттар ол адам үшін сынақ. Үлкен сынақ. Сол сынақтан сүрінбей өткен адамның басына қонатын бақ. Басыңа бақыт құсы қонды деген осы. Басыңа қонған бақыт – Білім! Шын бақыт осы. Білім деген сөзге бәрі сыяды. Кейбіреу қанша жерге білім алса да бәрібір ішкі түйсігі сыртық дүниені қабылдамай жатады. Рухани ой көзі ашылмаған адамдар болады.

Бақыт мәселесімен шұғылданатын ілімді фелицитология (грек. — Бақыт туралы ілім) деп атайды. Бақыт — көп мағыналы ұғым. Оның басты түсініктері: 1) бақ-дәулет, “қолға қонған құс”, ырыздық; 2) қуаныш, ләззат, рахат; 3) жақсылыққа, ізгілікке жету, даналық; 4) өмірден өз орнын табу, толыққанды тұлғаға айналу. “Құс ұшуға жаралған, адам бақытты болуға жаралған” дейді халық мақалы. Бақытты өмір сүру — қуанышты болу, дәулетке кенелу, рахатқа бөлену. Адамға қуаныш әкелетін оқиғалар — табысқа қол жеткізу, іс-әрекеттің марапатталуы, алға қойған мақсаттың орындалуы, бала-шағаның қызығы. Қуаныш сезімі адамға күш беріп, кісінің жігеріне жігер қосады. Алайда қуаныш пен Бақыттың арасында айырмашылық та бар. Қуаныш өткінші, жеке бір сәтке байланысты болса, Бақыт — адамның бүкіл өмірінің арқауы. Өмірде адамгершілікке жат, әдептілікке симайтын жалған қуаныштардың да кездесуі мүмкін. Қазіргі жағдайда Бақытты өмір сүру мәселесі өркениеттілік құндылықтарымен (нарық, демократия, адам құқыларын қастерлеу, т.б.) тікелей байланысты. Т. Джефферсон “Тәуелсіздік декларациясында” мемлекет өз табиғаты бойынша Бақытқа ұмтылуды қорғап, тұлғалардың іскерлігі мен дербестілігін ынталандыруы қажет екенін, бұл Бақыт үшін мәнді болып табылатынын атап көрсетеді.

  Адам өзінің адам болып, жеке тұлға болып қалыптасу жолында үздіксіз ізгілендіруді қажет етеді. Яғни, жеке тұлғаны қалыптастыру адамның барлық өмір жолында іске асырылып отырылуы керек. Тек осындай жағдайда ғана біздерге адамзат баласына қауіп төндіріп тұрған қатыгездік пен мейірімсіздіктен туындап отырған жағымсыз жағдайлардың алдын алып, тамырын кесуге мүмкіндік туады. Бұл жерде менің айтқым келіп отырған ойым адам баласы өзінің болмысында өте еліктегіш және қызықтауға құмар келеді. Қандай жаста болмасын оны жағымсыз іс - әрекеттерге жетелейтін түрткілер оның ойын жеңіп, еліктіруі мүмкін. Сол себептен де бүгінгі таңда біздер ізгілендіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуіміз керек. Бұл жұмыс бізге рухани бай қоғамды орнатуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда біздің қоғамымызды құрап отырған адамдардың барлығы адамгершілік - рухани тұлғасы биік азаматтар болса, онда жер бетінен адамдардың толық бақытты болуларына кедергі етіп отырған зұлымдық, өшпенділік, келіспеушілік, қиянат, мейірімсіздік, қайырымсыздық сияқты адамгершілік тұлғасы биік адамға жат қасиеттер мүлдем жойылар еді. Осы жерде менің ойыма Үнді елінің ғұламасы Саи Бабаның: “Бір ғана дін - махаббат діні бар,
Бір ғана тіл - жүрек тілі бар”, -  деп айтқаны еріксіз келіп тұр. Шынымен, егерде жер бетіндегі адамдардың барлығы адамгершілік қасиеттерді бойларына барынша сіңірген болса, онда олар қандай елдің, қандай нәсілді өкілі болмаса да ойларының бірліктерімен, жүректерінің қалауларының бірліктерімен бір тұтас болар еді.

   Бақытты болу сатылары осындай кішкентай дүниелерден бастау алады. Бақ қонады. Қонып та жүр. Дер кезінде ұстап қалу өзіңізге байланысты. Бағытыңды бақытым деп есепте. Бағала. Адал ұста. Паңдығың, мансабың, өркөкіректігің өзіңе кері болып қайта оралады. Бетіңе айтпаса да сырт көз сені солай қабылдайды. Бақыт деген қысқасы, А.П. Чехов айтқандай әдемілікті сүю, сөйлеген сөзіңнің, істеген ісіңнің, киген киіміңнің жарасымды болуы. Адамда бәрі әдемі болуы керек. Сол арқылы ұрпағыңа, айналадағы қоршаған ортаңа, достарыңа тәрбиелі де мәнді үлгі бола білу. Білмегенді үйрету, ұрысқанды кешіру, ұқпағанды түсіндіру, адасқанға жол сілтеу, сыйламай тұрғанды сыйлату, оны өзің сыйлау. Ол білместік танытса да, өзіңнің мәдениетіңді сақтап қалу. Бетегеден биік, жусаннан аласа болу. Адам бақыты сонысымен бағаланады.

     Бақыттылықтың бастауынан осылайша сусынын қандырып, қалыптасып, өзін –өзі тани еркін өсіп келе жатқандар үшін «Өзін- өзі тану» пәнінің ролі зор. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклат на тему "Өзін - өзі тану - бақытқа бастар жол""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Өзін-өзі танудың» басты мақсаты болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнары сіңіріп, мінез құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптерімен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыру. Атақты ұстаз Макаренконың: «Адамды бақыттылыққа үйрету мүмкін емес, бірақ бақытты болатындай етіп тәрбиелеуге болады» дегенін еске ала отырып, жас ұрпақтың көкірек көзін ашып, сапалы білім бере отырып, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті ірі тұлға етіп тәрбиелеу біздің бірден бір міндетіміз. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 797 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2015 478
    • DOCX 57.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муханбетжанова Нургуль Рысбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1126
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Решение школьных проблем: интеграция нейропсихологического подхода и подготовка детей к школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Психологическая консультация и реабилитация в спорте

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психологическое развитие эмоционального интеллекта у детей

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 44 регионов

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 41 региона