Инфоурок Другое СтатьиӘдістемелк кабинеттің мұғалім үшін маңыздылығы туралы мақала

Әдістемелк кабинеттің мұғалім үшін маңыздылығы туралы мақала

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

                                                                         Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі                 Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы

 

Жақсы әдістемелік кабинет- ізденіс кепілі

      Мұғалім еңбегінің жемісті болуы оның біліктілігіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты. Сондықтан да мектептегі әдістемелік жұмыс мұғалімнің идеялық-теориялық деңгейін көтеріп, озық әдістермен қаруландыруды, озат мұғалімдер тәжірибелерін жинақтап таратуды, педагогика мен психология жетістіктерін насихаттауды көздейді. Ал сол мектептегі әдістемелік жұмысты жетілдіріп, педагогтардың жұмыс мазмұнын байыту жұмысын ең алдымен әдістемелік кабинет атқарады.Әдістемелік кабинеттің ең басты міндеті әдістемелік жұмысты оқу-тәрбие жұмысымен байланыстыру, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістерін жұмыс жүйесіне енгізу. Соған орай әдістемелік кабинет мұғалімдерге арналған әдістемелік кітаптар мен баспа бетіндегі мақалаларды жіті қадағалап, солар бойынша пікір алысу ұйымдастырып, жаңа технология түрлеріне шолу жасап, мұғалімдердің шығармашылық есебін тыңдап, озат тәжірибені жинап, таратып отырады. Жаңа әдісті іске асыру мектепішілік тәжірибе тарату арқылы іске аспақ. Ол үшін мұғалім сабағына, сыныптан тыс жұмыстарға қатысып, мұғалім жұмысын зерттеп, жаңашыл әдістерін, жақсы тәжірибесін байқап, бағалап отыру керек. Мәселен, тарих пәні мұғалімі А. Ералиев пен бастауыш сынып мұғалімі Б. Дузалбаеваның тәжірибелерін мектепішілік, білім беруді үйлестіру орталығы арқылы аудан мектептеріне таратылып, олардың құндылығы талданып, түсіндірілуі сондай жұмыстың бір көрінісі.

   Оқушылардың білім сапасы мен тәрбиесі мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне, ізденісіне және жеке жауапкершілігіне тікелей қатысты екені мәлім.Cол себепті мектебімізде жас мқғалімдерге арналған «Жас мамандар» клубы ұйымдастырылды. «Білімді тәжірибе бекітеді» бөлімінде оқушылар білімін бағалау, сабақ жоспарын құру,сабақты талдау,тәжірибелі ұстаздар өткізген сабақ үлгілері, диагногстикалық карталар арқылы жеке оқушыны зерттеу жұмыстары, жаңашыл мұғалімдер тәжірибесі бойынша қорытылған материалдар жинақталған. Жас мамандар мен жұмыс жүргізетін тәлімгерлік жолға қойылған, тәлімгерлер жас мамандарға сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың жоспарларын жасау, сынып журналдарын тотыру, оқушылардың жеке іс құжаттарымен жұмыс істеу, оқушыларды зерттеу, ата-аналармен жұмыс, т.б. жөнінде ақыл-кеңестер беріліп, түрлі шаралар өткізіп отырады.

  Оқу процесіне педагогикалық талдау жасау мұғалім сабағына жиі қатысып отырған жағдайда ғана нәтижелі болатыны аян. Ондайда басты назар сабақтың өткізілу сапасына, оқушылардың өзіндік дайындығының ұйымдастырылуына, шәкірттердің жаңа материалды меңгеру қабілеттігіне, өтіп жатқан тақырыптың тәрбиелік ықпалына аударылады. Сабаққа қатысып, оны талдау кезеңінде мұғалімнің жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескріледі. Сабаққа қатысу әр түрлі мақсаттарды көздейді. Мысалы, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім сабақтарына қатысу мақсаты одан жұмыс тәжірибелері мен әдіс-тәсілдерін үйрену болса, кейбір мұғалімдердің сабақтарына кіру тек қана оған көмек көрсету мақсатында болады.Сабақтың сапалы болуы-оқытудың түрлі әдістерін пайдалануға ғана бойланысты емес, ол сабақ өткізуді дұрыс ұйымдастыру және оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі де.

    Мектепішілік бақылауда тек мұғалім сабағына қатысып, талдап қана қоймай, оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруіне, тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тарау бойынша әзірленген сұрақтар арқылы тексеріп, әдістемелік кеңесте жан- жақты талданып отыралды.

   Әдістемелік кабинетте «Мұғалімнің шығармашылық ізденісі» деген тақырыппен педагогикалық көрме ұйымдастырылып, оған жеке мұғалімнің сабақта қолданған сәтті көрнекі қралдары, сабақ жоспарлары, дидактикалық материалдар, оқушының жұмыс дәптерлері, жазба жұмыстары, т.б. шығармашылық жұмыс түрлері қойылады. Бұл әр мұғалімнің жаңалыққа, шығармашылық еңбекке жетелейді, жігерлендіре түседі.

   Ал, «Оқы. Үйрен. Пайдалан» бөлімінде сабақ беру әдісін жетілдіруге қажетті материалдар бар. Газет-журналдар, әдістемелік нұсқау хат, педагогика және психология мәселелері, оқу бағдарламалары, бұйрық кітапшалары, заң жинақтары, мемлекеттік стандарттар қойылған.

     «Жаңаша оқыту- заман талады» тақырыбындағы стендте жаңа технология түрлері мен оларды пайдалануға көмектесетін тірек сызбалар жинақталған. Бұл мұғалімдердің сабақта жаңа технологияны тиімді және ұтымды қолдануына арналған көмекші болып табылады.

   Кабинеттегі «Озат тәжірибе мектебі» қабырғасында іс-тәжірибесі мектепішілік таратылып отырған мұғалімнің еңбегі кеңінен зерттеліп жазылып, шығармашылық жұмыстары үшін бұрыш ұйымдастырылады. Әдістемелік кабинет қабырғасындағы стендтердегі материалдар өзгертіліп, жаңаланып отырылады. Кабинет заман талабына сай техникалармен жабдықталып, мұғалімнің толық қанды жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызуы шарт. Комьпютерлермен толықтырылып, интернет жүйесін пайдалануға мүмкіндік болуы керек.

Сонымен ойымызды түйіндесек, дұрыс ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс пен соған сай жасақталған әдістемелік кабинет мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, оқу-тәрбие сапасын арттырудың бірден бір қажетті шарты болып табылады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдістемелк кабинеттің мұғалім үшін маңыздылығы туралы мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 290 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.06.2019 497
    • DOCX 92.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жайлыханова Айша Айузаковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жайлыханова Айша Айузаковна
    Жайлыханова Айша Айузаковна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14173
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налогообложение реализации и доходов физических лиц

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов