Инфоурок Другое Другие методич. материалыДоклад на тему ТІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ 2010-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ҮРДІСІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫН Қ

доклад на тему ТІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ 2010-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ҮРДІСІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫН Қ

Скачать материал

ТІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ 2010-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ҮРДІСІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫН ҚАРАСТЫРУ

 

Жукушева Күлтай Амангелдіқызы

 

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобанов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі

 

      Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемле-кеттік бағдарламасы   Қазақстан Республикасы Конституциясының  7  және  93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспа-рына;   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ-стан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орын-дау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бірлігі доктринасы-на;  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122  қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 - 2010 жылдарға арналған  тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.
      Іске асырылуы он жылға есептелген Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделген, тіл мәселелерімен айналысатын сарапшы-лар қауымының пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген.

Тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр.

      Алдағы онжылдықтағы (2011 - 2020 жылдардағы) тіл құрылысының қисыны елімізде бірқатар проблемалы аспектілердің бар болуымен байланысты.

      Қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі. Бұл  проблемалы аспект мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдіснамасы мен стандарттарының, қазақ тілі оқытушылары мен мамандарының даярлық дең-гейінің төмендігімен, қазақ тілін оқыту инфрақұрылымы қызметінің бірың-ғай стандарттарының болмауымен, мемлекеттік тілді меңгеру процесін ын-таландыру және мониторинг жасау жүйесінің болмауымен тікелей байланысты.
      Елдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі. Бұл бағыттағы проблемалы мәселелер, ең алдымен, халықаралық коммуникациялар, демалу мен ойын-сауық саласында  мемле-кеттік тілді белсенді қолдану аясының кеңеюіне, оны заңның, ғылымның және жаңа технологиялардың тілі ретінде дамытуға байланысты болып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде таныту сияқты мәселелердің маңызды тіз-бесі проблемалы болып табылады, сондай-ақ тіл саласындағы кейбір келең-сіз дақпырттар мен таптаурын пікірлер де осы проблемалардың қатарынан орын алып отыр.

      Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностар-дың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.
    Бағдарламалық мақсаттар:
      1) мемлекеттік тіл - ұлт бірлігінің басты факторы;
      2) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу;
      3) дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың әлеуеті;
      4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.
 Нысаналы индикаторлар:
       мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);
      мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 70%);
           қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);      

      үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15%).
  Міндеттер:
      1) мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;
      2) мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
      3) мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;
      4) мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру;
      5) мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
      6) қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
      7) тіл мәдениетін жетілдіру;
      8) коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі;
      9) Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;
      10) ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену.
1. Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау

      Қазақ тілін оқыту әдіснамасын жетілдіру үшін, ең алдымен, оқытудың тиісті стандарттарын жетілдіру мен үздіксіз білім беру моделі арқылы мемле-кеттік тілді меңгеруді бағалау жүйесін енгізу қарастырылып отыр.

       Көп деңгейлі стандартта тілді А1-А2 деңгейлерінде қарапайым пайда-лану, тілді В1-В2 деңгейлерінде өз бетінше пайдалану және тілді С1-С2 деңгейлерінде құзыретті пайдалану көзделуге тиіс.

       Құрылған стандартты жүйенің негізінде мемлекеттік тілді оқыту әдісна-масының негізін әзірлеу көзделеді.

       Осы шараның нәтижесінде мемлекеттік тілдің А-1 және А-2 деңгейіне мектепке дейінгі мекемелер мен мектептің төменгі сыныптарындағы балалар қол жеткізсе, мемлекеттік тілді меңгерудің В-1, В-2 деңгейіне мектептің орта және жоғарғы буындарында, сондай-ақ орта арнаулы білім алу кезінде оқитындар, ал С-1, С-2 деңгейіне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кезеңде білім алатындар қол жеткізетін болады.

       Бұған қоса, тілді меңгеру үлгілерін жетілдіру мен жаңғырту да көзделеді. Қазақ тілі толыққанды күнделікті қызметтік және кәсіптік қарым-қатынас тіліне айналуға тиіс.

       Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқытудың стандарты негі-зінде оқытудың жаңа әдістемелерін әзірлеуде шығармашылық педагогикалық ізденістің тұрақты үдерісі сөзсіз қажеттілікке айналатын болады.

      Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қазақ тілі оқытушыларын оқыту мен біліктілігін арттыру құрылатын жүйенің қажетті құрамдас бөлігінің біріне жатады.

       Мамандарды сапасы жоғары деңгейде оқытуды жүргізудің ұйымдасты-рушылық және әдістемелік мүмкіндігі бар ғылым-білім беру орталықтары санының аздығына байланысты қашықтықтан оқыту жүйесін кеңінен енгізу көзделеді.

2. Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту

      Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесінің ең қажетті екінші құрамдас бөлігі - мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының аккредиттеу желісін құру болып табылады

3. Мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру

Қойылған мақсатқа қол жеткізудің үшінші міндетті құрамдас бөлігі мемле-кеттік тілді оқыту үдерісінің мониторингін жүргізу және ынталандыру жүйе-сін құру болып табылады.

        Білім беру жүйесінің барлық сатыларында мемлекеттік тілді білу дең-гейін бағалау мен бақылау жүйесін жетілдіру мәселесін пысықтау болжа-нады. Қазақ тілі мемлекетаралық бақылау мен ұлттық бірыңғай тестілеудің қажетті және міндетті құрамдас бөлігіне айналуы тиіс.

      Қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытушы барлық тұлғаларға кеңінен мемлекеттік қолдау көрсету көзделген. Осы шаралардың қатарына – Мемле-кеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша курс-тарды ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттік-жеке меншік серік-тестік әдістерін қолдану көзделеді.

       Сонымен қатар, инновациялық нысандар мен оқыту әдістемелерін әзір-леу арқылы қазақ тілін қашықтықтан оқытуды кеңінен енгізу көзделеді.

      Мақсаты: «Мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын көпшілікке тарату»

       Екінші мақсатқа қол жеткізудің алгоритмі мемлекеттік тілдің беделін арттыру мен қолданылу аясын кеңейту жөніндегі жұмысты жүзеге асыруды меңзейді.

1. Мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру

      Бұл міндетті іске асыруға қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру мен орнықтыру арқылы қол жетеді. Осы ба-ғыттағы негізгі рөлге пиар-технологиялар ие болады. Бұл үшін мемлекеттік тілді көпшілікке тарату мен насихаттау жөніндегі арнайы жұмыстарды ұйым-дастыру көзделеді

       Аталған жұмыс блогы, сондай-ақ мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру үдерісіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігі мен мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үкіметтік емес сектордың шығармашыл әлеуетін тартуды көздейді.

2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру

      Қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші міндеті мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық саласына кіріктіру болып табылады.

       Осы ретте дәстүрлі және инновациялық тәсілдер негізінде жеке ғылыми-технологиялық тілдік базаны қарқынды дамыту барынша өзекті болып саналады.

       Сондай-ақ, қазақ тілін халықаралық қарым-қатынас, демалыс және ойын-сауық саласында да кеңінен қолдану көзделіп отыр.

       Бұқаралық мәдени, спорт және басқа да көпшілік іс-шараларды өткізген кезде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану міндетті қажеттілік болуы тиіс.

             Нәтиже көрсеткіштері:

       Мемлекеттік  тілді көпшілікке таратуға бағытталған мемлекеттік әлеу-меттік тапсырыстың үлесі (мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінен жыл сайын - 10%-дан кем емес);

      Үшінші бағыт. Қазақстандықтардың тілдік мәдениетінің деңгейін арттыру

      Мақсаты: «Дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың элеуеті»

1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу

       Қажетті шаралар қатарына қазақ терминологиясын жүйелеу жөніндегі жаңа талаптарды әзірлеу, терминдерді және атауларды негізгі қағидаларға, қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру жатады.

       Қажетті шаралар қатарына көрнекі және жарнамалық ақпарат құралдарында қазіргі әдеби қазақ тілінің тиісінше қолданылуын бақылауды күшейту жатады.

2. Тіл мәдениетін жетілдіру

 Қазақстандықтардың тіл мәдениеті деңгейін көтерудің қажетті құрамдас бөлігі тіл мәдениетін дамыту болуы тиіс.

       Айтыстар, мүшәйра, пікірталас турнирлерін және жыраулар мен жыршы-лар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу осы бағыттағы негізгі шаралар болып табылады.

 Төртінші бағыт. Лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау

  Мақсаты: «Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту»

      1. Коммуникативтік-тілдік кеңістікте орыс тілінің қолданылуын сақтау

      Төртінші бағытты іске асыру Қазақстанның коммуникативтік-тілдік кеңістікте орыс тілінің қолданылуын сақтау бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастыруды көздейді.

      2. Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау

      Осы міндеттің аясында, ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің ана тілдерін оқытуға жағдай жасау көзделеді.

 

    Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік    бағдарламасы  - білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздейді.

    Халықаралық  тəжірибе  ерте  балалық  шақтан  ересек  жасқа   дейін  адами  капиталға ,  атап  айтқанда,  білім  беруге  бөлінетін  инвестицияның  экономика мен  қоғамға  елеулі қайтарымы болатынын дəлелдеп отыр.

Қазақстанның  білім  беруді   түбегейлі  жаңғыртуы:  білім  беруге  салына-тын   инвестицияны   айтарлықтай   жəне  тұрақты   ұлғайтуы,  оның  сапасын  жақсартуы  қажет. Сондықтан  жаңа  ұлттық  пайымдау   ұсынылады: 2020  жылға   қарай  Қазақстан – білімді  мемлекет,  ақылмен  құрылған  экономика   жəне  біліктілігі жоғары  жұмыс  күші.  Білім  берудің  дамуы  еліміздің  болашақ  экономикалық, саяси  жəне əлеуметтік -мəдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы  тиіс.Білім  беру  саласындағы  Қазақстан   Республика-сының  мемлекеттік  саясатын  іске   асырудың   ұйымдастырушылық   негізі –  қазақстандық  білімді жаңғыртудың  жалғастырылуын  қамтамасыз   ететін   Қазақстан   Республикасында  білім беруді  дамытудың 2011 – 2020  жылдар-ға арналған мемлекеттік  бағдарламасы   болуы  тиіс .

Қазақстандағы  білім беру  реформаларының жалпы  мақсаты  білім  беру  жүйесін жаңа əлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу   болып табылады.

Орта білім. Білім беру жүйесінің базалық  деңгейі орта білім болып  табы-лады .  Оны  тегін алу  құқығына ел Конституциясы кепілдік  береді. Орта  білім  беру  жүйесінде   материалдық-техникалық,  оқу-əдістемелік  базаның   нашарлығына,  сондай-ақ   оқытудың  мазмұны  мен   əдістерін  жаңарту  қажеттілігіне  байланысты  проблемалар орын алған .

Қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  ерекшелігі  – мектептердің  жалпы  санының 56,5 %-ын  құрайтын (2005  жылы  – 52 %)  ШЖМ  болуы .  Оның ішінде ,   ауылдық жерлерде – 68,6 %.   Іс   жүзінде  əрбір  төртінші   мұғалім  ШЖМ-да  жұмыс  істеп ,  əрбір  алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ-да оқиды . Мүмкіндіктері  шектеулі  балалар   саны  өсуде . 

Қазіргі   заманғы   білім  беру  жүйесі,  оқытудың  инновациялық   нысандары  мен   əдістерін  енгізу   педагог  қызметкерлердің   тұлғасына   жəне  кəсіби  құзыреттілігіне  жоғары талаптар қоюда. Бүгінгі   таңда   педагог  еңбегін  материалдық  жəне  моральдық  жағынан  ынталандыратын  жəне  оның  əлеуметтік  мəртебесін  көтеретін  барабар  заңнамалық  база мен  жүйе құрылмаған. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың  басым бағыты өскелең  ұрпақты  тəрбиелеу  жүйесін дамыту болып  табылады .

Алайда,  білім беру ұйымдары  мен  балалардың  қоғамдық ұйымдарының  тəрбие беру əлеуетінің  тиімділігі төмен  болып  отыр.  Мектептерде ең-бекпен тəрбиелеу   жəне  кəсіптік  бағдарлау   жүйесі  жойылған,  Мектеп-тердегі  жəне  мектептен   тыс   ұйымдардағы   көркем  жəне  музыкалық  шығармашылық үйірмелерінің,  спорт   секцияларының  саны  жеткіліксіз .  Балалар  мен  мектептің  қоғамдық  ұйымдарының   қызметі   дұрыс   жолға   қойылмаған .  Балаларды  қосымша  білім  берумен   қамту   басқа   елдермен  (30 – 50 %) салыстырғанда 21,5 %- ды  ғана  құрайды . 

Орта  білімге  кері   əсер  ететін   факторлар – ескірген   əдіснамалар   мен 

білім  беру  мазмұнын   іріктеу   қағидаттары .  Ақпараттың  шамадан  тыс   болуы  оқуға  деген   ынтаның  төмендеуіне   жəне  оқушылар   денсаулығы-ның  нашарлауына  əкеледі.  Оқыту   тұлғаны   дамытуға  емес,  жалаң   нəти-желер  алуға  бағытталған. Осылайша,  қазіргі   бар    проблемалар  орта  білім  жүйесін  қазақстандық  қоғам    дамуының   қазіргі   заманғы   талапта-рына  жəне  əлемдік   білім  беру кеңістігіне  кірігу шарттарына   сəйкес жаңғыртуды  талап  етеді.

Жоғарыда келтірілген мәселерді ескере отырып бағдарлама алдында келесі мақсат қойылады:

Жалпы       білім беретін       мектептерде        Қазақстан  Республикасының

зияткерлік, дене  бітімі  жəне  рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның

тез     өзгеретін    əлемде        табысқа      жетуін        қамтамасыз        ететін білім         алудағы  қажеттіліктерін       қанағаттандыру,  еліміздің    экономика-лық         игіліктері  үшін   бəсекеге  қабілетті адами капиталды дамыту.  12 жыл-дық оқыту моделіне  көшу.

Міндеттері:

1. 12  жылдық оқыту    моделіне    көшуді  білім  беру мазмұнын  жаңғырту

арқылы жүзеге асыру.

2. ШЖМ проблемаларын шешу.

3. Мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру.

Білім  беру  жүйесін  жаңғыртудың  маңызды  міндеттерінің  бірі – өкілдері   бəсекеге  қабілетті  білімді  меңгерген ,  ой-өрісі  дамыған  ғана  емес, жоғары  азаматтық   жəне  адамгершілік  ұстанымы ,  отансүйгіштік  сезімі   мен  əлеуметтік  жауапкершілігі   қалыптасқан   зияткер   ұлтты   қалыптастыру   болып  табылады.

Бағдарламалық  мақсаттар:

-білім беру қызметіне  тең  қол  жеткізуді қамтамасыз  етуге бағдарланған  қаржыландыру  жүйесін жетілдіру;

-педагог мамандығының беделін  көтеру;

-білім беруді  басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру ;

-білім  беру  процесінің   барлық  қатысушыларының   үздік  білім  беру  ре-сурстары мен  технологияларына  тең  қол  жеткізуін қамтамасыз  ету;

-балаларды  мектепке  дейінгі  сапалы  тəрбиемен  жəне  оқытумен  толық  қамтудың ,  оларды  мектепке  даярлау   үшін  мектепке  дейінгі  тəрбиелеу   мен  оқытудың   əр түрлі бағдарламаларына тең  қол  жеткізуді қамтамасыз  ету;

-жалпы  білім  беретін  мектептерде   Қазақстан   Республикасының   зияткерлік ,  дене  бітімі  жəне  рухани  дамыған  азаматын  қалыптастыру ,  тез  өзгеретін  əлемде  оның  табысты   болуын  қамтамасыз   ететін   білім  алудағы  қажеттілігін  қанағаттандыру,  еліміздің  экономикалық   əл-ауқаты  үшін бəсекеге  қабілетті  адами   капиталды   дамыту.

-12 жылдық   оқыту   моделіне  көшу;

-қоғамның  жəне  экономиканың   индустриялық-инновациялық   даму сұраныстарына  сəйкес  ТжКБ  жүйесін  жаңғырту,  əлемдік   білім  беру кеңістігіне  кірігу;

-еңбек   нарығының,  еліміздің  индустриялық-инновациялық   даму міндеттері   мен   жеке  тұлғаның  қажеттіліктерін   қанағаттандыратын  жəне білім  беру  саласындағы  үздік  əлемдік    тəжірибелерге   сай   келетін   жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол  жеткізу;

-өмір бойы білім алу  жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз  ету;

-жастардың  бойында  белсенді  азаматтық   ұстанымды,  əлеуметтік  жауапкершілікті,  отансүйгіштік  сезімді,  жоғары  адамгершілік  жəне көшбасшылық  қасиеттерді  қалыптастыру .

Күтілетін нəтижелер:

2015  жылға   қарай   өтпелі   кезең   аяқталады   жəне  Қазақстанның  білім беру  жүйесі  құрылымы ,  мазмұны,  басқару   мен   қаржыландыру   тетіктері  бойынша дамыған елдер  моделіне сəйкес келетін болады. Білім  беру  жүйесінің  дамуы  бойынша  Қазақстан   ТМД  елдері  арасынан көшбасшылық  орындарға  шығады.2020  жылға   қарай   білім  беру  жүйесі  жоғары  білім  сапасы  мен  халықаралық индикаторлармен расталған  адами  капиталдың  даму деңгейі түрінде нəтиже беретін болады.

Бағдарламаны  іске   асыру  нəтижесінде  мынадай  əлеуметтік-экономикалық əсерлер қамтамасыз етіледі:

2015 жылға қарай :

1. Жаңа қаржы -экономикалық  тетік əзірлеу.

2. Электрондық оқыту  жүйесін құру .

3. Оқытудың 12  жылдық  моделіне көшудің  басталуы.

4. Ұлттық біліктілік  жүйесінің негізі жасалады .

5. Мектептің жəне жоғары білімнің  бағдарламалары  кіріктіріледі.

6. Білімді,  ғылымды  жəне өндірісті  кіріктіру  басталады.

2020 жылға қарай :

1. Адами  капиталдың   сапасын   арттыру   мен   еңбек   ресурстарын  пайдалану  тиімділігінен   туындаған   мемлекет  экономикасының   бəсекеге  қабілеттілігі  мен  тиімділігін  арттыру .

2. Ғимараттарды  жобалау ,  салу жəне қайта  салудың  жаңа принциптерін   ескере  отырып,  білім  беру  ұйымдарының   материалдық-техникалық  базасын   нығайту.  Тозған  жəне  апатты  білім  беру  объектілерін   жою .  Білім  берудің  технологиялық   жəне  əлеуметтік  инфрақұрылымын  жаңғырту ( ас-ханалар   мен   спорт   залдарын ,  автопарктерді ,  компью-терлік  техниканы  жаңарту  жəне т.б.).

3. Бюджет  қаражатын пайдаланудың  тиімділігін  арттыру .

4. Білім  беру  саласының  қолжетімділігін ,  сапасын ,  ашықтығын  арттыру;  корпоративтік басқару  принциптерін енгізу .

5.  Нормативтік -жан   басына  шағу  принциптері ,  ваучерлік  негізде біліктілікті   арттыру   жүйесі  негізінде  орта,  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру  ұйымдарын  қаржыландырудың   жаңа  қаржы -экономикалық   тетіктерін  енгізу .

6. Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен   оқытудың  вариативті   нысандарын  енгізу,   балалардың   мектепте  білім  алуға   дайындығының  жоғары  бо-луын  қалыптастыру ,  олардың жастай оңды əлеуметтенуін  қамтамасыз  ету.

7. Мектеп  оқушыларын   оқытудың  жеке  траекторияларын  пайдалану  арқылы  бейіндік  мектеп моделін  құру .

8. Оқушылардың əлемдегі барлық білім беру ақпараттық ресурстарына  on-line арқылы  қол  жеткізуін қамтамасыз  ету.

9. Білім беру сапасын  бағалаудың облыстық   жүйесін енгізу .

10.  Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балалар   мен   ересектерге   арналған  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен   оқытудың,  мектептегі   жəне  кəсіптік  білім  берудің  тиісті  деңгейін   қамтамасыз   ететін    оқытудың  инклюзивті  жүйесін  құру .

11.  Республикада  жаңа  тұрпаттағы  педагогтердің  қажетті  санын  жəне  тиісті  біліктілігін   қалыптастыру .  Білім  саласы  қызметкерлерінің  еңбегін  экономикалық   жəне  əлеуметтік  жағынан   ынталандыру  жүйесін, оқытушылардың   еңбекақысын  еліміздегі  орташа  еңбекақы  деңгейіне жеткізетін  жəне  жұмыс  сапасын   ынталандыратын  еңбекақы  төлеудің икемді жүйесін енгізуге  басымдық  беру.

12.  Ішкі   нарықта   білім  берудің  үлес  салмағын   арттыру ,  еліміздің  білім беру  жүйесіндегі  білім  беру  қызметінің   экспорттық  көлемі  мен   құрылымын  ұлғайту .

13.  Еңбек  нарығының талаптарына сай  келетін,   азаматтардың  кəсіптік, мансаптық  жəне  жеке  тұлға   боп   өсуіне   ықпал   ететін   үздіксіз  кəсіптік  білім  берудің икемді жүйесін қалыптастыру .

14.  Білім беруге мемлекеттік-жеке меншік əріптестікті енгізу .

15.  Кəсіптік  білім  бағдарламаларының ,  сондай-ақ   ұлттық  жəне   халықаралық  аккредиттеуден  өткен   жоғары  оқу  орындарының   санын   арттыру.

16.  Заманауи ғылыми  білім-білікке ие жəне еліміздің инновациялық  дамуына үлесін  қоса алатын ғылыми -педагог кадрларды даярлау .

17.  Бəсекеге қабілетті ғылыми -техникалық өнімді  жасау  жəне  өткізу .

18.  Жастар  саясаты   саласындағы  іс -шараларды  іске   асыруға  қатысатын  жастардың үлесін  55 %- ға  арттыру .


Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағадарламасы,  Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының қазақ тілі  пәнін оқыту үрдісімен сабақтастығы неде?

Аталған бағдарламаларды талдау барысында қазақ тілі мұғалімдерінің алдына келесі міндеттер жүктеледі:

1.     Қазақ тілінің даму жүйесі мен нормаларының меңгерілуін қамтамасыз ету;

2.     Қоғамдық-әлеуметтік рөлі мен қызметін дамытуға белсене ат салысу;

3.     Өзге ұлт өкілдеріне сапалы да, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып қазақ тілін тиісті деңгейде меңгерту;

4.     Қазақ тілін меңгерту барысында жаңа педагогикалық технологияларды игере отырып, ұтымды қолдана білу;

5.     Жаңашыл педагогтар арасынан  шығармашылық топтар құру арқылы оқу-əдістемелік  құралдар әзірлеу;

6.     Мемлекеттік  тілдің коммуникативтік қызметін нығайту үшін іс-шаралар ұйымдастырып және оны өткізуге белсенді араласу;

7.     Мектепішілік іс-шаралар арқылы тіл мәдениетіне оқушылар мен жасөспірімдерді баулу;

8.     Қазақ тілі мұғалімдерінің өткізген әр сабағы сапалы білім беруге, қазақ тілі мәртебесін көтеруге, тілге деген қызығушылықты арттыруға, шығармашылық жұмыстарға жетелеуі, сонымен қатар нәтижеге бағытталған болуы шарт.

Сонымен білім беру жүйесін модернизациялау, нәтижеге бағытталған білім беру сынды асқарлы міндеттер оқытудың тың, өзекті мәселелерін бүгінгі күн тәртібіне қойып отыр. Оқушыларды  ғылыми ізденіске, шығармашылық жұмыстарға баулу, пәнді құзырлылық, жалпы адамзаттық құндылық тұрғысында оқытуды жан-жақты қарастыру  мұғалімге жүктелген үлкен міндет. Сөзімді Ұлы Абайдың білім алу жолы туралы айтқан сөзімен аяқтағым келеді:

«Білім, ғылымды көбейтудің екі қаруы бар:

1.     ойлау, пікірлесу;

2.     сақтау, қорғау, «сонда білім зораяды»

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағадарламасы.

2.       Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

3.     Қ.Бітібаева. Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему ТІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ 2010-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ҮРДІСІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫН Қ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

ТІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ 2010-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ҮРДІСІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫН ҚАРАСТЫРУ

 

Жукушева Күлтай Амангелдіқызы

 

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобанов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі

 

      Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемле-кеттік бағдарламасы   Қазақстан Республикасы Конституциясының  7  және  93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспа-рына;   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ-стан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орын-дау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бірлігі доктринасы-на;  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122  қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 - 2010 жылдарға арналған  тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.
      Іске асырылуы он жылға есептелген Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделген, тіл мәселелерімен айналысатын сарапшы-лар қауымының пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген.

Тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр.

      Алдағы онжылдықтағы (2011 - 2020 жылдардағы) тіл құрылысының қисыны елімізде бірқатар проблемалы аспектілердің бар болуымен байланысты.

      Қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі. Бұл  проблемалы аспект мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдіснамасы мен стандарттарының, қазақ тілі оқытушылары мен мамандарының даярлық дең-гейінің төмендігімен, қазақ тілін оқыту инфрақұрылымы қызметінің бірың-ғай стандарттарының болмауымен, мемлекеттік тілді меңгеру процесін ын-таландыру және мониторинг жасау жүйесінің болмауымен тікелей байланысты.
      Елдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі. Бұл бағыттағы проблемалы мәселелер, ең алдымен, халықаралық коммуникациялар, демалу мен ойын-сауық саласында  мемле-кеттік тілді белсенді қолдану аясының кеңеюіне, оны заңның, ғылымның және жаңа технологиялардың тілі ретінде дамытуға байланысты болып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде таныту сияқты мәселелердің маңызды тіз-бесі проблемалы болып табылады, сондай-ақ тіл саласындағы кейбір келең-сіз дақпырттар мен таптаурын пікірлер де осы проблемалардың қатарынан орын алып отыр.

      Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностар-дың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.
    Бағдарламалық мақсаттар:
      1) мемлекеттік тіл - ұлт бірлігінің басты факторы;
      2) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу;
      3) дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың әлеуеті;
      4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.
 Нысаналы индикаторлар:
       мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);
      мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 70%);
           қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);      

      үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15%).
  Міндеттер:
      1) мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;
      2) мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
      3) мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;
      4) мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру;
      5) мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
      6) қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
      7) тіл мәдениетін жетілдіру;
      8) коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі;
      9) Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;
      10) ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену.
1. Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау

      Қазақ тілін оқыту әдіснамасын жетілдіру үшін, ең алдымен, оқытудың тиісті стандарттарын жетілдіру мен үздіксіз білім беру моделі арқылы мемле-кеттік тілді меңгеруді бағалау жүйесін енгізу қарастырылып отыр.

       Көп деңгейлі стандартта тілді А1-А2 деңгейлерінде қарапайым пайда-лану, тілді В1-В2 деңгейлерінде өз бетінше пайдалану және тілді С1-С2 деңгейлерінде құзыретті пайдалану көзделуге тиіс.

       Құрылған стандартты жүйенің негізінде мемлекеттік тілді оқыту әдісна-масының негізін әзірлеу көзделеді.

       Осы шараның нәтижесінде мемлекеттік тілдің А-1 және А-2 деңгейіне мектепке дейінгі мекемелер мен мектептің төменгі сыныптарындағы балалар қол жеткізсе, мемлекеттік тілді меңгерудің В-1, В-2 деңгейіне мектептің орта және жоғарғы буындарында, сондай-ақ орта арнаулы білім алу кезінде оқитындар, ал С-1, С-2 деңгейіне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кезеңде білім алатындар қол жеткізетін болады.

       Бұған қоса, тілді меңгеру үлгілерін жетілдіру мен жаңғырту да көзделеді. Қазақ тілі толыққанды күнделікті қызметтік және кәсіптік қарым-қатынас тіліне айналуға тиіс.

       Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқытудың стандарты негі-зінде оқытудың жаңа әдістемелерін әзірлеуде шығармашылық педагогикалық ізденістің тұрақты үдерісі сөзсіз қажеттілікке айналатын болады.

      Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қазақ тілі оқытушыларын оқыту мен біліктілігін арттыру құрылатын жүйенің қажетті құрамдас бөлігінің біріне жатады.

       Мамандарды сапасы жоғары деңгейде оқытуды жүргізудің ұйымдасты-рушылық және әдістемелік мүмкіндігі бар ғылым-білім беру орталықтары санының аздығына байланысты қашықтықтан оқыту жүйесін кеңінен енгізу көзделеді.

2. Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту

      Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесінің ең қажетті екінші құрамдас бөлігі - мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының аккредиттеу желісін құру болып табылады

3. Мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру

Қойылған мақсатқа қол жеткізудің үшінші міндетті құрамдас бөлігі мемле-кеттік тілді оқыту үдерісінің мониторингін жүргізу және ынталандыру жүйе-сін құру болып табылады.

        Білім беру жүйесінің барлық сатыларында мемлекеттік тілді білу дең-гейін бағалау мен бақылау жүйесін жетілдіру мәселесін пысықтау болжа-нады. Қазақ тілі мемлекетаралық бақылау мен ұлттық бірыңғай тестілеудің қажетті және міндетті құрамдас бөлігіне айналуы тиіс.

      Қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытушы барлық тұлғаларға кеңінен мемлекеттік қолдау көрсету көзделген. Осы шаралардың қатарына – Мемле-кеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша курс-тарды ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттік-жеке меншік серік-тестік әдістерін қолдану көзделеді.

       Сонымен қатар, инновациялық нысандар мен оқыту әдістемелерін әзір-леу арқылы қазақ тілін қашықтықтан оқытуды кеңінен енгізу көзделеді.

      Мақсаты: «Мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын көпшілікке тарату»

       Екінші мақсатқа қол жеткізудің алгоритмі мемлекеттік тілдің беделін арттыру мен қолданылу аясын кеңейту жөніндегі жұмысты жүзеге асыруды меңзейді.

1. Мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру

      Бұл міндетті іске асыруға қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру мен орнықтыру арқылы қол жетеді. Осы ба-ғыттағы негізгі рөлге пиар-технологиялар ие болады. Бұл үшін мемлекеттік тілді көпшілікке тарату мен насихаттау жөніндегі арнайы жұмыстарды ұйым-дастыру көзделеді

       Аталған жұмыс блогы, сондай-ақ мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру үдерісіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігі мен мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үкіметтік емес сектордың шығармашыл әлеуетін тартуды көздейді.

2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру

      Қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші міндеті мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық саласына кіріктіру болып табылады.

       Осы ретте дәстүрлі және инновациялық тәсілдер негізінде жеке ғылыми-технологиялық тілдік базаны қарқынды дамыту барынша өзекті болып саналады.

       Сондай-ақ, қазақ тілін халықаралық қарым-қатынас, демалыс және ойын-сауық саласында да кеңінен қолдану көзделіп отыр.

       Бұқаралық мәдени, спорт және басқа да көпшілік іс-шараларды өткізген кезде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану міндетті қажеттілік болуы тиіс.

             Нәтиже көрсеткіштері:

       Мемлекеттік тілді көпшілікке таратуға бағытталған мемлекеттік әлеу-меттік тапсырыстың үлесі (мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінен жыл сайын - 10%-дан кем емес);

      Үшінші бағыт. Қазақстандықтардың тілдік мәдениетінің деңгейін арттыру

      Мақсаты: «Дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың элеуеті»

1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу

       Қажетті шаралар қатарына қазақ терминологиясын жүйелеу жөніндегі жаңа талаптарды әзірлеу, терминдерді және атауларды негізгі қағидаларға, қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру жатады.

       Қажетті шаралар қатарына көрнекі және жарнамалық ақпарат құралдарында қазіргі әдеби қазақ тілінің тиісінше қолданылуын бақылауды күшейту жатады.

2. Тіл мәдениетін жетілдіру

 Қазақстандықтардың тіл мәдениеті деңгейін көтерудің қажетті құрамдас бөлігі тіл мәдениетін дамыту болуы тиіс.

       Айтыстар, мүшәйра, пікірталас турнирлерін және жыраулар мен жыршы-лар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу осы бағыттағы негізгі шаралар болып табылады.

 Төртінші бағыт. Лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау

  Мақсаты: «Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту»

      1. Коммуникативтік-тілдік кеңістікте орыс тілінің қолданылуын сақтау

      Төртінші бағытты іске асыру Қазақстанның коммуникативтік-тілдік кеңістікте орыс тілінің қолданылуын сақтау бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастыруды көздейді.

      2. Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау

      Осы міндеттің аясында, ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің ана тілдерін оқытуға жағдай жасау көзделеді.

 

    Қазақстан Республикасындабілім беруді дамытудың2011 – 2020 жылдарға арналғанМемлекеттік    бағдарламасы  - білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздейді.

    Халықаралық  тəжірибе  ерте  балалық  шақтан  ересек  жасқа   дейін  адами  капиталға ,  атап  айтқанда,  білім  беруге  бөлінетін  инвестицияның  экономика мен  қоғамға  елеулі қайтарымы болатынын дəлелдеп отыр.

Қазақстанның  білім  беруді   түбегейлі  жаңғыртуы:  білім  беруге  салына-тын   инвестицияны   айтарлықтай   жəне  тұрақты   ұлғайтуы,  оның  сапасын  жақсартуы  қажет. Сондықтан  жаңа  ұлттық  пайымдау   ұсынылады: 2020  жылға   қарай  Қазақстан – білімді  мемлекет,  ақылмен  құрылған  экономика   жəне  біліктілігі жоғары  жұмыс  күші.  Білім  берудің  дамуы  еліміздің  болашақ  экономикалық, саяси  жəне əлеуметтік -мəдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы  тиіс.Білім  беру  саласындағы  Қазақстан   Республика-сының  мемлекеттік  саясатын  іске   асырудың   ұйымдастырушылық   негізі –  қазақстандық  білімді жаңғыртудың  жалғастырылуын  қамтамасыз   ететін   Қазақстан   Республикасында  білім беруді  дамытудың 2011 – 2020  жылдар-ға арналған мемлекеттік  бағдарламасы   болуы  тиіс .

Қазақстандағы  білім беру  реформаларының       жалпы  мақсаты  білім  беру  жүйесін жаңа əлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу   болып табылады.

Орта білім. Білім беру жүйесінің базалық  деңгейі орта білім болып  табы-лады .  Оны  тегін алу  құқығына ел Конституциясы кепілдік  береді. Орта  білім  беру  жүйесінде   материалдық-техникалық,  оқу-əдістемелік  базаның   нашарлығына,  сондай-ақ   оқытудың  мазмұны  мен   əдістерін  жаңарту  қажеттілігіне  байланысты  проблемалар орын алған .

Қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  ерекшелігі  – мектептердің  жалпы  санының 56,5 %-ын  құрайтын (2005  жылы  – 52 %)  ШЖМ  болуы .  Оның ішінде ,   ауылдық жерлерде – 68,6 %.   Іс   жүзінде  əрбір  төртінші   мұғалім  ШЖМ-да  жұмыс  істеп ,  əрбір  алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ-да оқиды . Мүмкіндіктері  шектеулі  балалар   саны  өсуде . 

Қазіргі   заманғы   білім  беру  жүйесі,  оқытудың  инновациялық   нысандары  мен   əдістерін  енгізу   педагог  қызметкерлердің   тұлғасына   жəне  кəсіби  құзыреттілігіне  жоғары талаптар қоюда.Бүгінгі   таңда   педагог  еңбегін  материалдық  жəне  моральдық  жағынан  ынталандыратын  жəне  оның  əлеуметтік  мəртебесін  көтеретін  барабар  заңнамалық  база мен  жүйе құрылмаған. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың  басым бағыты өскелең  ұрпақты  тəрбиелеу  жүйесін дамыту болып  табылады .

Алайда,  білім беру ұйымдары  мен  балалардың  қоғамдық ұйымдарының  тəрбие беру əлеуетінің  тиімділігі төмен  болып  отыр.  Мектептерде ең-бекпен тəрбиелеу   жəне  кəсіптік  бағдарлау   жүйесі  жойылған,  Мектеп-тердегі  жəне  мектептен   тыс   ұйымдардағы   көркем  жəне  музыкалық  шығармашылық үйірмелерінің,  спорт   секцияларының  саны  жеткіліксіз .  Балалар  мен  мектептің  қоғамдық  ұйымдарының   қызметі   дұрыс   жолға   қойылмаған .  Балаларды  қосымша  білім  берумен   қамту   басқа   елдермен  (30 – 50 %) салыстырғанда 21,5 %- ды  ғана  құрайды . 

Орта  білімге  кері   əсер  ететін   факторлар – ескірген   əдіснамалар   мен 

білім  беру  мазмұнын   іріктеу   қағидаттары .  Ақпараттың  шамадан  тыс   болуы  оқуға  деген   ынтаның  төмендеуіне   жəне  оқушылар   денсаулығы-ның  нашарлауына  əкеледі.  Оқыту   тұлғаны   дамытуға  емес,  жалаң   нəти-желер  алуға  бағытталған.Осылайша,  қазіргі   бар    проблемалар  орта  білім  жүйесін  қазақстандық  қоғам    дамуының   қазіргі   заманғы   талапта-рына  жəне  əлемдік   білім  беру кеңістігіне  кірігу шарттарына   сəйкес жаңғыртуды  талап  етеді.

Жоғарыда келтірілген мәселерді ескере отырып бағдарлама алдында келесі мақсат қойылады:

Жалпы       білім  беретін       мектептерде        Қазақстан   Республикасының

зияткерлік, дене  бітімі  жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның

тез     өзгеретін    əлемде        табысқа      жетуін        қамтамасыз        ететінбілім алудағы  қажеттіліктерін    қанағаттандыру,  еліміздің     экономика-лық    игіліктері  үшін   бəсекеге  қабілетті адами капиталды дамыту.  12 жыл-дық оқыту моделіне  көшу.

Міндеттері:

1. 12  жылдық оқыту    моделіне     көшуді  білім  беру мазмұнын  жаңғырту

арқылы жүзеге асыру.

2. ШЖМ проблемаларын шешу.

3. Мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру.

Білім  беру  жүйесін  жаңғыртудың  маңызды  міндеттерінің  бірі – өкілдері   бəсекеге  қабілетті  білімді  меңгерген ,  ой-өрісі  дамыған  ғана  емес, жоғары  азаматтық   жəне  адамгершілік  ұстанымы ,  отансүйгіштік  сезімі   мен  əлеуметтік  жауапкершілігі   қалыптасқан   зияткер   ұлтты   қалыптастыру   болып  табылады.

Бағдарламалық  мақсаттар:

-білім беру қызметіне  тең  қол  жеткізуді қамтамасыз  етуге бағдарланған  қаржыландыру  жүйесін жетілдіру;

-педагог мамандығының беделін  көтеру;

-білім беруді  басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру ;

-білім  беру  процесінің   барлық  қатысушыларының   үздік  білім  беру  ре-сурстары мен  технологияларына  тең  қол  жеткізуін қамтамасыз  ету;

-балаларды  мектепке  дейінгі  сапалы  тəрбиемен  жəне  оқытумен  толық  қамтудың ,  оларды  мектепке  даярлау   үшін  мектепке  дейінгі  тəрбиелеу   мен  оқытудың   əр түрлі бағдарламаларына тең  қол  жеткізуді қамтамасыз  ету;

-жалпы  білім  беретін  мектептерде   Қазақстан   Республикасының   зияткерлік ,  дене  бітімі  жəне  рухани  дамыған  азаматын  қалыптастыру ,  тез  өзгеретін  əлемде  оның  табысты   болуын  қамтамасыз   ететін   білім  алудағы  қажеттілігін  қанағаттандыру,  еліміздің  экономикалық   əл-ауқаты  үшін бəсекеге  қабілетті  адами   капиталды   дамыту.

-12 жылдық   оқыту   моделіне  көшу;

-қоғамның  жəне  экономиканың   индустриялық-инновациялық   даму сұраныстарына  сəйкес  ТжКБ  жүйесін  жаңғырту,  əлемдік   білім  беру кеңістігіне  кірігу;

-еңбек   нарығының,  еліміздің  индустриялық-инновациялық   даму міндеттері   мен   жеке  тұлғаның  қажеттіліктерін   қанағаттандыратын  жəне білім  беру  саласындағы  үздік  əлемдік    тəжірибелерге   сай   келетін   жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол  жеткізу;

-өмір бойы білім алу  жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз  ету;

-жастардың  бойында  белсенді  азаматтық   ұстанымды,  əлеуметтік  жауапкершілікті,  отансүйгіштік  сезімді,  жоғары  адамгершілік  жəне көшбасшылық  қасиеттерді  қалыптастыру .

Күтілетін нəтижелер:

2015  жылға   қарай   өтпелі   кезең   аяқталады   жəне  Қазақстанның  білім беру  жүйесі  құрылымы ,  мазмұны,  басқару   мен   қаржыландыру   тетіктері  бойынша дамыған елдер  моделіне сəйкес келетін болады. Білім  беру  жүйесінің  дамуы  бойынша  Қазақстан   ТМД  елдері  арасынан көшбасшылық  орындарға  шығады.2020  жылға   қарай   білім  беру  жүйесі  жоғары  білім  сапасы  мен  халықаралық индикаторлармен расталған  адами  капиталдың  даму деңгейі түрінде нəтиже беретін болады.

Бағдарламаны  іске   асыру  нəтижесінде  мынадай  əлеуметтік-экономикалық əсерлер қамтамасыз етіледі:

2015 жылға қарай :

1. Жаңа қаржы -экономикалық  тетік əзірлеу.

2. Электрондық оқыту  жүйесін құру .

3. Оқытудың 12  жылдық  моделіне көшудің  басталуы.

4. Ұлттық біліктілік  жүйесінің негізі жасалады .

5. Мектептің жəне жоғары білімнің  бағдарламалары  кіріктіріледі.

6. Білімді,  ғылымды  жəне өндірісті  кіріктіру  басталады.

2020 жылға қарай :

1. Адами  капиталдың   сапасын   арттыру   мен   еңбек   ресурстарын  пайдалану  тиімділігінен   туындаған   мемлекет  экономикасының   бəсекеге  қабілеттілігі  мен  тиімділігін  арттыру .

2. Ғимараттарды  жобалау ,  салу жəне қайта  салудың  жаңа принциптерін   ескере  отырып,  білім  беру  ұйымдарының   материалдық-техникалық  базасын   нығайту.  Тозған  жəне  апатты  білім  беру  объектілерін   жою .  Білім  берудің  технологиялық   жəне  əлеуметтік  инфрақұрылымын  жаңғырту ( ас-ханалар   мен   спорт   залдарын ,  автопарктерді ,  компью-терлік  техниканы  жаңарту  жəне т.б.).

3. Бюджет  қаражатын пайдаланудың  тиімділігін  арттыру .

4. Білім  беру  саласының  қолжетімділігін ,  сапасын ,  ашықтығын  арттыру;  корпоративтік басқару  принциптерін енгізу .

5.  Нормативтік -жан   басына  шағу  принциптері ,  ваучерлік  негізде біліктілікті   арттыру   жүйесі  негізінде  орта,  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру  ұйымдарын  қаржыландырудың   жаңа  қаржы -экономикалық   тетіктерін  енгізу .

6. Мектепке  дейінгі  тəрбие  мен   оқытудың  вариативті   нысандарын  енгізу,  балалардың   мектепте  білім  алуға   дайындығының  жоғары  бо-луын  қалыптастыру ,  олардың жастай оңды əлеуметтенуін  қамтамасыз  ету.

7. Мектеп  оқушыларын   оқытудың  жеке  траекторияларын  пайдалану  арқылы  бейіндік  мектеп моделін  құру .

8. Оқушылардың əлемдегі барлық білім беру ақпараттық ресурстарына  on-line арқылы  қол  жеткізуін қамтамасыз  ету.

9. Білім беру сапасын  бағалаудың облыстық   жүйесін енгізу .

10.  Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балалар   мен   ересектерге   арналған  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен   оқытудың,  мектептегі   жəне  кəсіптік  білім  берудің  тиісті  деңгейін   қамтамасыз   ететін    оқытудың  инклюзивті  жүйесін  құру .

11.  Республикада  жаңа  тұрпаттағы  педагогтердің  қажетті  санын  жəне  тиісті  біліктілігін   қалыптастыру .  Білім  саласы  қызметкерлерінің  еңбегін  экономикалық   жəне  əлеуметтік  жағынан   ынталандыру  жүйесін, оқытушылардың   еңбекақысын  еліміздегі  орташа  еңбекақы  деңгейіне жеткізетін  жəне  жұмыс  сапасын   ынталандыратын  еңбекақы  төлеудің икемді жүйесін енгізуге  басымдық  беру.

12.  Ішкі   нарықта   білім  берудің  үлес  салмағын   арттыру ,  еліміздің  білім беру  жүйесіндегі  білім  беру  қызметінің   экспорттық  көлемі  мен   құрылымын  ұлғайту .

13.  Еңбек  нарығының талаптарына сай  келетін,   азаматтардың  кəсіптік, мансаптық  жəне  жеке  тұлға   боп   өсуіне   ықпал   ететін   үздіксіз  кəсіптік  білім  берудің икемді жүйесін қалыптастыру .

14.  Білім беруге мемлекеттік-жеке меншік əріптестікті енгізу .

15.  Кəсіптік  білім  бағдарламаларының ,  сондай-ақ   ұлттық  жəне   халықаралық  аккредиттеуден  өткен   жоғары  оқу  орындарының   санын   арттыру.

16.  Заманауи ғылыми  білім-білікке ие жəне еліміздің инновациялық  дамуына үлесін  қоса алатын ғылыми -педагог кадрларды даярлау .

17.  Бəсекеге қабілетті ғылыми -техникалық өнімді  жасау  жəне  өткізу .

18.  Жастар  саясаты   саласындағы  іс -шараларды  іске   асыруға  қатысатын  жастардың үлесін  55 %- ға  арттыру .


Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағадарламасы,  Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының қазақ тілі  пәнін оқыту үрдісімен сабақтастығы неде?

Аталған бағдарламаларды талдау барысында қазақ тілі мұғалімдерінің алдына келесі міндеттер жүктеледі:

1.     Қазақ тілінің даму жүйесі мен нормаларының меңгерілуін қамтамасыз ету;

2.     Қоғамдық-әлеуметтік рөлі мен қызметін дамытуға белсене ат салысу;

3.     Өзге ұлт өкілдеріне сапалы да, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып қазақ тілін тиісті деңгейде меңгерту;

4.     Қазақ тілін меңгерту барысында жаңа педагогикалық технологияларды игере отырып, ұтымды қолдана білу;

5.     Жаңашыл педагогтар арасынан  шығармашылық топтар құру арқылы оқу-əдістемелік  құралдар әзірлеу;

6.     Мемлекеттік  тілдің коммуникативтік қызметін нығайту үшін іс-шаралар ұйымдастырып және оны өткізуге белсенді араласу;

7.     Мектепішілік іс-шаралар арқылы тіл мәдениетіне оқушылар мен жасөспірімдерді баулу;

8.     Қазақ тілі мұғалімдерінің өткізген әр сабағы сапалы білім беруге, қазақ тілі мәртебесін көтеруге, тілге деген қызығушылықты арттыруға, шығармашылық жұмыстарға жетелеуі, сонымен қатар нәтижеге бағытталған болуы шарт.

Сонымен білім беру жүйесін модернизациялау, нәтижеге бағытталған білім беру сынды асқарлы міндеттер оқытудың тың, өзекті мәселелерін бүгінгі күн тәртібіне қойып отыр. Оқушыларды  ғылыми ізденіске, шығармашылық жұмыстарға баулу, пәнді құзырлылық, жалпы адамзаттық құндылық тұрғысында оқытуды жан-жақты қарастыру  мұғалімге жүктелген үлкен міндет. Сөзімді Ұлы Абайдың білім алу жолы туралы айтқан сөзімен аяқтағым келеді:

«Білім, ғылымды көбейтудің екі қаруы бар:

1.     ойлау, пікірлесу;

2.     сақтау, қорғау, «сонда білім зораяды»

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағадарламасы.

2.       Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

 

3.     Қ.Бітібаева. Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 325 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2015 876
    • DOCX 97 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жукушева Культай Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10482
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе