Главная / Технология / Доклад на тему "«ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІМЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»"

Доклад на тему "«ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІМЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»"

«ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІМЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

Жайманова Лиза Акбулатовна

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі

«Технология және бейнелеу өнері» кафедрасының I-санатты оқытушысы

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алып, білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

Ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады.Оқытудың жаңа технологияларының принциптері – оқытудың ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалану студенттердің білім деңгейін заман талабына сай арттырады.

Мақсатты: Технология пәнін оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, студенттердің білімі мен біліктілігін қалыптастыру және оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыру.

Міндеттері:

  • Технология пәнін оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді енгізу және студенттердің білімі мен біліктілігін қалыптастыру;

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, студенттердің танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдің дәстүрлі білім беруге қарағанда студенттердің алған білімді жүйелеу;

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда мұғалімнің уақытын үдемдеу және технология оқытуда тиімді пайдалану.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару студенттердің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді.

Қолөнерді оқытуда теориялық білім беру мен әр жанрмен терең таныстыру, нақтылы бейнелеуге жаттықтыру ісімен тығыз байланысты жүргізіледі. Қолөнер туралы әңгіме жасағанда оқушыларды көркем бейнелеудің аса маңызды құралдарын ұғынуға үйреткен орынды. Сабақ барысында әр алуан әдіс тәсілдерді кеңінен пайдаланған жөн.Әр сабақ қызықты және әсерлі өту үшін әртүрлі қолөнердің әдіс тәсілдерін үйретуге дағдыландыру талап етіледі. Оқушыларға сәндік қолданбалы өнерді оқытқанда әр халықтың көркем мұралары сөз етіліп халық шеберлерінің еңбектерімен таныстырылады.Оқушылардың көркемдік теориялық білімін жетілдіру, практикалық іс әрекеті арқылы өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуге белсенділігін күшейтеміз.

hello_html_m4bb2d8c8.jpg hello_html_14d431e9.pngDSC04824F:\ \Наурыз 2013 жыл\IMG_0832.JPGDSC02656

Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны  таңдай алуы қажет деп ойлаймын.Осы бағытта студенттердің шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық  ептілікті,      шығармашылық белсенділікті болашақ маманның  шығармашылық-ізденушілік   дамыту   қажет.  Оған болашақ маманның ғылыми – зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік  жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады. Қазіргі таңда ұлттық ерекшеліктермен жасалған бұйымдарға сұраныстың артуы оқушыларды қазақ халқының кәсіптік қолөнер бұйымдарын дайындай білу іскерлігіне баулу қажеттігін тудырады. Бұл мәселені шешудегі негізгі себеп: жастарды жаңа экономикалық жағдайда еңбек етуге, өз бағыт-бағдарын анықтауға, мүмкіндіктерін іске асыруға даярлайды. Студенттерге қолданбалы-сәндік өнерге үйрету үшін қағазбен, матамен, жіппен, бисермен, былғарымен, ағашпен жұмыстар ұйымдастырылып,оқу процесінде жасалған жұмыстары шығармашылық көрмелерге қойылады



Жардемова ОC:\Users\НР\Desktop\Документы\эскиз\кожа\DSC00748.jpgБез имени-1

F:\технология кафедрасы\Искакова Э.С\отчет Эльмира !\выставка\Фото0268.jpgОписание: http://etnografiavko.kz/muzei-zapovednik/etno6_files/page24_2.files/9.jpg

Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен  ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция,  қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң  нәтиже көрсеткіші пайда болады.Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:  инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Студенттердің оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге қолөнерге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасаумызға болады:

-  білім алушылардың білім, білік сапасын  арттырудағы    жаңа   инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

- жаңа   инновациялык   технологияларды   енгізу   жүйелі  әрі   мақсатты  түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір         шарты  оқу   орындарындағы   білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті. Сондықтан  ғылыми-техникалық  прогрестен   қалыспай,   жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті болып табылады.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

- әрбір білім алушының білім  алу, даму, басқа да іс-әрекетін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

-  білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

-  өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

-  аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.





ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанның болашағы жасөспірім, жас ұрпақтар біз оларға болашақта үлкен сенім артамыз. Олардың сол сенімді орындауы үшін біз оларға үлкен жол көрсетуіміз керек. Әрбір оқытушы өз ісімен, шеберлігімен оқушыға жеткізе отырып, оны жан – жақты тәрбиелеп санасына құйып отырса, сонда қазақтың туын көкте желбіретіп, биіктерге асқақтатады және де білімді де білікті жастар саны артады деп сенемін.

Технология пәнінде студенттердің қызығушылығын арттырып, ұлтттық қолөнерді дамыту кезінде ішкі сезімін оятып, өзін танып біліп, кез келген әрекетке жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарау деңгейіне жеткізу.

  • Технолгияны оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді енгізу және студенттердің білімі мен біліктілігін қалыптастыратындығы дәлелденді;

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдер оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттырды;

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдер нәтижесінде дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушыларда алған білімді жүйелеу қабілетін меңгеруге мүмкіндік беретіндігі анықтылды;

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда мұғалімнің уақыты үдемделеді және технологияны оқытуда қолданғанда өте тиімді.


Әдебиеттер.

1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008

4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

6.А.Х.Марғұлан «Қазақ халқының қолданбалы қолөнері» Алматы «Өнер» 1987ж

7.О.С.Сатқанов «Қазақ халқының қолданбалы қолөнері» туралы әдістемелік нұсқау

8. «Мектептегі технология» журналы 2012-2013






Тіркеу түрі



1

Тегі, аты-жөні

Жайманова Лиза Акбулатовна


2

Гылыми атағы,дәрежесі

Окытушысы


3

Мекеме атауы,бөлімшесі

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі


4

Мекен-жайы, телефон

Аманжолова 108, 51-30-96


5

Мақала атауы

«ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІМЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»


6

Секция

Казіргі ұлттық білім жүйесі бәсекелестік ортасындағы оқытудың интербелсенді әдістері және инновациялық технологиялары

7

Техникалық-құралдар қажеттігі

Проектор,компьютер




Доклад на тему "«ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІМЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»"
  • Технология
Описание:

 

Қазіргі кезеңде Республикамызда  білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі  әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алып, білім беру саласы  қызметкерлерінің  алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы  педагогикалық технологияларды  меңгеру.

Ұрпаққа қоғам талабына сай  тәрбие мен білім  беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді  даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің  бірі және тұлғасын қалыптастыру  үрдісіндегі іс - әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Автор Жайманова Лиза Акболатовна
Дата добавления 17.01.2015
Раздел Технология
Подраздел Другое
Просмотров 637
Номер материала 54240
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓