Главная / Другое / Доклад на тему: "Бүгіннің күннің талабы"

Доклад на тему: "Бүгіннің күннің талабы"

hello_html_m5c37ba5a.gifБаяндама: «Бүгінгі күннің талабы.»

Ақтөбе облысы,Хромтау аданы

Аққұдық орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Сагидуллина Даригуль Саиновна.

Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі білім беру ордаларында мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа  заман  ағымына   сай  білім  саласында  жаңа  технологиялар  қолданудың  маңызы зор .

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі – математика.

12 жылдық білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық  және саяси өміріне белсене қатысуға дайын  бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдынды тұрған негізгі міндет табысты  және тиімді  әрекетке дайын өзінің пікірін  білдіруге және өзінің   іс- әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы,  қоғамдағы,  ұжымдағы  әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны  қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық   іс-әрекетті, іздемпаздықты  қалыптастыру, жүйелі қортынды  жасай білу, дәлелді  пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын  сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.

Заман талабына сай білім беру — бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамассыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.

Оқушыларға математикалық  жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін  өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін – мұғалім. Мұғалімнің бүкіл өмір жолы жақсылық пен адамгершілікке, өнегелі рухани борышқа толы.

Мұғалімдердің  мақсаты — оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру.

Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу — әр мұғалімнің  негізгі міндеті.

Математика — ерекше құдіретті ғылым.

Қазіргі заман — математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық  технологияның  озық  жетістіктерін  математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.

Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интрактивті тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат — оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қәзіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету.

Математиканы оқытудағы негізгі талап — оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде мұғалім,  шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы қозғау салып, шәкірттердің құзіретілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретемін. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.

Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасай дағыдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін.

Математика сабағында сыни тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа ақпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы — есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.

 Мұғалімнің білімі — оның негізгі құралы, білімсіз мұғалімнің бір сарынды. Леонардо да Винчи  «Сүйкімді асты  қабылдаудың еш  жағымды әсер болмайтыны тәрізді, ынтасыз, зердесіз  білім қабылдауда ақыл ойды тоздырады, айтылған ақпараттар бойға сіңбейді, жақсы тәрбиелі ұрпақ қалыптаспайды» — деген еді.Яғни оқушыларды тәрбиелеу мұғалімнен басталады.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәденеиет – бұл әңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп,талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет.   Қазіргі кезде республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы (РБАО) негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбекүн дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе,оны оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі мәтериалдармен толықтыра отырып,әрі қарай жетілдіре алады.

Тест соңында оқушылар өзі қателескен сұрақтарды тексеріп көрсете алады және бағасын да көреді.Білім беруде «Электрондық оқулықтарды » пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі теориялық тақырыптарды графикалық иллюстация түріндегі әртүрлі суреттер сызба нұсқалар арқылы береді.Оқулықтың ерекшелігі әрбір тақырып қажетті суреттермен көркемдеп безендірілген.

Әр модуль қысқаша теориялық кіріспеден, суреттермен анимациялық материялдардан, есеп шығару үлгілерімен өз бетінше шығаруға арналған есептерден және бақылау жұмысынан тұрады. Оқушылар үшін – электрондық оқулықтар мектепте оқылған жылдардың барлығындада өздері толықтыра отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайндалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады. Оқулық-диспелей экраныныда көрінетін жай ғана мәтін емес ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жете меңгеруге арналған күрделі,көп сатылы жүйе.

Қорытынды. 

Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем.

Оқушының дамуына әсер етуші әлеуметік фактор негізінде оқушы, мұғалім, ата-ана басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек.

Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Осы ақпараттық технология көмегімен өткізген бір сабақ үлгісін ұсынамын.

 Сабақтың тақырыбы: Пропорция.Пропорцияның негізгі қасиеті.

Сабақтың мақсаты: 1. Пропорция ұғымдарын дамыта оқыту;

2.Ұйымшылдыққа,бірлікке,достыққа тәрбиелеу;

3. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,сабаққа деген қызығушылығын

ояту, белсенділігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнына қатысты суреттер, интерактивті тақта, слайдтар,электронды

оқулық, тапсырмалар.

Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояту, ойын, сұрақ – жауап.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың барысы:

І.Бағдарлау – мотивациялық кезең

Бұл сабақ жаңа ұғымды ашу үшін бейне сөзді шешуден басталады .

1.Қызығушылығын ояту.

,,Бұл сабаққа келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап,сан-цифр термек үшін.

Көрсетіп есептеудің жолын қалай,

Келдім оларды айтып бермек үшін,, -деп сабағымызды бастаймыз .

Бейнесөз шешу арқылы төмендегі сөзді шығарып аламыз

,,,,hello_html_6e461573.png , hello_html_5bc6f471.png, ,hello_html_m399108c9.png hello_html_413594b6.png hello_html_6e52af4d.png ,,,,,


/ПРОПОРЦИЯ/

Мұғалім:-Енді осы жаңа сөздің тарихына шолу жасайық,алғаш рет кім енгізген,қандай сөзден шыққан,қандай мағынаны білдіреді екен.

2.Тарихи мәлімет.

«Пропорция» сөзі латынның proportio сөзінен шыққан, ол «өлшемдес», бөліктер арасындағы өзара қатынас мағынасын білдіреді. Қатынастар мен пропорциялар теориясы Евклидтің «Бастамалар» (Біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда) кітабында баяндалған.

Евклид өзінің осы еңбегінде пропорцияның негізгі қасиетін де дәлелдеді.



hello_html_6d7fd073.png

Біздің заманымызға дейінгі ІV ғасырда пропорцияның жалпы теориясын ежелгі грек ғалымдары жасаған, олардың ішінде аса көрнекті орын алғандары Теэтет пен Евдокс болған еді.

Пропорционалдық тәуелділік архитектура мен өнерде жиі пайдаланылады.

hello_html_m7a6cd6e8.pngПирамида-Астана.jpghello_html_m11a7be99.png


Себебі құрылыстың, кескіннің көрнекті, үйлесімді әсем болуы ондағы пропорционал үндестіктің сақталуымен байланысты.

Моцарт шығармаларының, Бетховеннің бесінші симфониясының,музыкалық шығармаларының белгілі бір қатаң тәртіпке бағынатынын құрылымдары пропорцияны көрсетеді



hello_html_180ddd92.png


Тіпті , Страдивари да ,өзінің ерекше скрипкасын жасағанда пропорцияны пайдаланған.hello_html_695e5636.png

Әр түрлі кезеңдерде пропорцияны әр түрлі жазған.

Орта ғасырдадағы ислам елдерінің математиктері еңбектерін араб тілінде оңнан солға қарай жазып, қазіргі түрдегі 8:15=96:180 пропорциясын 180 hello_html_aea7ca.gif 96 hello_html_aea7ca.gif 15 hello_html_aea7ca.gif 8 түрінде жазған, ал XVII ғасырдағы француз математигі Рене Декарт осы пропорцияны 8/15/96/180 түрінде жазған.

Пропорцияны қазіргіше жазуды 1693 жылы неміс физигі,өнертапқыш әрі математик Г.В.Лейбниц енгізген.


3. Жаңа ұғымды түсіндіру электронды оқулықтан көрсетіледі.

hello_html_m545270c7.png



Оқулықтың түсіндіру кезіндегі тапсырмаларды сол жерде орындатып, тексеріліп отырады

hello_html_m7389efdc.pnghello_html_m6a5982b0.png


hello_html_2fb9955a.pnghello_html_625da6d3.png


ІІ . Операциялық – орындаушылық кезең.

1.Оқулықпен жұмыс:

53/1,2/ пропорцияның белгісіз мүшесін табу.

55/1,3,5/ пропорцияның белгісіз мүшесін табу.

2. ,,Ойлан,тап,,

Электронды оқулықтағы тапсырмаларды шығару.

1-тапсырма:

hello_html_7f444f9d.png

Жауабын белгіленген уақыттан соң тексереміз.

hello_html_7b07b7e.png


2-тапсырма:


hello_html_185eba2f.pnghello_html_267a924a.png


3.Ой қозғау

Ойланбаса ми сасиды,

Қозғалмаса су сасиды.

hello_html_m20f9bfed.png


4.Ой –тұжырымдамасы:

Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады.

Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.








ІІІ.Рефлексиялық - бағалау кезең.

Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.

1.hello_html_3ea43f41.png

hello_html_3dc9bb81.png

2.hello_html_m25cae533.png

hello_html_12884b37.png

3.hello_html_1672f3c4.png

hello_html_5331513a.png

4.hello_html_539c28a7.png

hello_html_m360d6637.png

Дұрыс жауаптары:

1.С 2.Д 3.Д 4.В

Тесттің жауаптары интерактивті тақта арқылы тексеріледі.

Өзін-өзі бағалау парағының үлгісі

р/с


Тапсырмалар

Мұғалім берген

ұпай саны

Оқушының жинаған ұпай саны

Баға

1

Қызығушылығын ояту

2



2

Ауызша есеп

/электронды оқулықтағы/

5


3

Оқулықпен жұмыс

5


4

Ойлан,тап

5


5

Ой қозғау

5


6

Тест

5


барлығы


27




25-27 ұпай«5», 20-24 ұпай «4», 10-19 ұпай «3».


Үйге тапсырма : № 57,58,59


Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы. Астана, 2004-46 б.

2. Ақпараттық технологияларды сабақта қолдану М.Ғалымжанова Информатика негіздері. №3, 2006 ж.

3. Қашықтықтан оқыту технологиясы Ү.М.Бекеш-Білім- Образование 2006, №4, 66 б.

4.Компьютерді қолданудың педагогикалық мәселелері Қ. Шәдиев, Қазақстан мектебі ,№5, 2006-7 б.

5.Болашақ мамандарды даярлау. Ұлт тағылымы -№4. 2005, 32б.

6.Математика-6. Т.А.Алдамұратова.Алматы, «Атамұра»,2011

Доклад на тему: "Бүгіннің күннің талабы"
  • Другое
Описание:

Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі білім беру ордаларында мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа  заман  ағымына   сай  білім  саласында  жаңа  технологиялар  қолданудың  маңызы зор .

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі – математика.

12 жылдық білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық  және саяси өміріне белсене қатысуға дайын  бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдынды тұрған негізгі міндет табысты  және тиімді  әрекетке дайын өзінің пікірін  білдіруге және өзінің   іс- әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы,  қоғамдағы,  ұжымдағы  әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны  қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық   іс-әрекетті, іздемпаздықты  қалыптастыру, жүйелі қортынды  жасай білу, дәлелді  пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын  сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды

Автор Сагидуллина Даригуль Саиновна
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 536
Номер материала 47446
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓