Инфоурок Другое Другие методич. материалыДоклад на тему "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі"

Доклад на тему "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі"

Скачать материал

Ахметгалиева А.Қ

Қостанай қаласы №10 орта мектептің

қазақ тілі мен  әдебиет пәнінің мұғалімі

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғыснан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Осы технология бойынша арнайы семинар-курстан өттім.
Мен осы
баяндамамды  «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының басты ерекшеліктері мен қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы қолданылу жолдарына тоқталмақмын.
Алдымен, бұрыннан өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтар. Мен қазіргі жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым.
Дәстүрлі сабақтар үрдісінде

Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
1. Тақырып түсіндіреді.
2. Кейіпкерлер туралы немесе қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіру.
3. Шығарманың идеясын анықтайды, талдайды.
4. Шығарма жазу тапсырылады. 1. Мазмұнын айтып береді.
2. Кейіпкерлерге мінездеме береді, қазақ тілі бойынша ережені айтады, жаттығу орындайды.
3.
Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
4. Тақырып бойынша шығарма жазады.

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген сабақтар үрдісіндегі өзгерістер және нәтижесі

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. Топқа бөліп, ой қозғайды.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды.
3. Шығармадағы ең құнды мәселелерді анықтау ұсынылады, зерттеледі.
4. Образдылық ерекешелігін тануға бағыттайды, орнына өздерін қойып қарайды, салыстырады.
5. Ойларын жазуды ұсынады.
6. Қорытынды жасауға бағыттайды. 1. Топтарда жұмыс жасайды.
2. Мәтінмен өздері танысады.
3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралайды.
4. Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді.
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.
6. Тұжырымдама жасайды.

Осы салыстыру кестелерінен «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының негізгі қағидаларының шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталғандығын көреміз. Академик Лернер бойынша білім-мәліметтер мен деректер, икемділіктер мен дағдылар, шығармашылық іс-әрекеттер, көңіл-күй құндылық бағдарларынан тұрады. Осыны ескерсек, сын тұрғысынан ойлау сабақтарында осы аталған бағдарлардың іске асып, нәтижесін беретіндігіне күмән болмайды.
Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.
• Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
• Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;
• Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану кезеңінде/;
• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
• Өздеріне белгілі пайдалана алады;
• Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғады.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуда шығарма жазуды үйретудің стратегияларын практикамен сабақтастыру тәсілінің өзіндік үлгілері бар. Соларға тоқталайық. 7-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен С.Мұратбековтің «Жусан исі» тақырыбын «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы тұрғысынан өткіздім.

І.Қызығушылықты ояту барысында оқушылыларға әңгімені талқыламастан бұрын сөзден үй салып, мықты үйді, мықты біліммен құраймыз. Үй салу үшін ең бірінші іргетасын  құрайық.

І.
1. Әңгіменің авторы туралы кім не біледі?
2. Осы автордың өткен сыныптарда оқыған шығармаларын білесіңдер ме?
3. Қандай шығармасын өттік? Мазмұны қалай еді?

ІІ.
1. Әңгіме оқиғасы қай жылдарды болып еді?
2. Әңгімеде халыққа түскен ауыртпалық пен қиыншылықтар, қайғы-қасірет қалай суреттеледі?

ІІІ.
1. Аянның алғашқы ертегісі қандай оқиғаға байланысты айтылатын еді?
2. Оның «ертеде бір жетім бала болыпты» деп басталуымен қандай байланысы бар?

ІV.
1. «Жылауды әркім біледі. Мықты болсаң нағыз еркектерше қиыншылыққа жыламай бақ», – дегенің қандай, мінез қасиеттерді байқауға болады? Бұл қасиетін қай сәттерден көруге болады?
2. Жусан исінің Аян үшін қандай маңызы бар?

Осы сұрақтар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырамыз.Білім арқылы үй құраймыз. Үй – іргетас – шатыр – терезе арқылы білімнен үй құраймыз. Сабақ барысында оқушылар «Екі түрлі түсініктеме» күнделігін пайдаланып, дәптердің бетін вертикаль сызықпен бөледі.

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады. (Нені еске түсіреді,себеп салдары қандай, қандай сұрақтар бар т.б.)

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырамын. Осы стратегия арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушылар ойланады, ізденеді, бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік туады., жұппен жұмыс істеуге үйренеді. Ой түю арқылы, керекті дәйектемені іздеп таба біледі, оны пайдалана білуге үйренеді.
6-сыныпта М.Әуезотің «Абай жолы» роман-эпопиясынан «Біржан сал Абай ауылында» тақырыбын қорытындылауға сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары мықты білім нәтижесін көрсете білді. Оқушылар сабаққа түгел қамтылды. Сабақ «Блум таксономиясы» бойынша жүргізілді. Оны стратегия арқылы мәтінге толық талдау жүргізілді. Оқушылардың білімі, деңгейі, әрекет түрлері, ақпаратты толық тануы ескерілді. Оқушылар мәтінді түсінді, әрі өз сөзімен жеткізді. Мәтінге анализ болды. Синтез /жинақтау бойынша/ оқушылар сахналық көрініс арқылы шығарманы жинақтады. Осы сабақ барысында біраз нәрселер қамтылды. Оқушылардың шығармашылық деңгейі қалыптасты. «Эссе» стратегиясы бойынша «Абай ағаға хат», «Біржан ағаға хат» орындалды.
Эссе мына үлгіде жазылды: «Абай аға, сіздің құлақтан кіріп, бойды алар әніңіз бен ақиқат үшін шырылдаған, елді бірлікке шақырған, татулыққа үндеген өлеңдеріңіз бізге қатты әсер етті, тебірентті, толғантты. Сіз армандаған өнер құдіреті қазір шарықтауды…»
«Эссе» стратегиясы бойынша өз ойынан әр түрлі пікірлер құрастырып, оны дәлелдеуге үйренеді.
«Сауалнама-интервью» стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге үлкен септігін тигізеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытындылауға болады.
Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулимыз. әрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелейміз. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиеленеді. Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйретеміз.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау, жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.
Сонымен, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытыныдыға келдім:
1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапты.
2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)
3. Өзіндік қорытындылары
н, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды.
4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз.
5. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/
6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.
7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.
8. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
9. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірл
ерімен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқан
бай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғыснан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Осы технология бойынша арнайы семинар-курстан өттім.
Мен осы
баяндамамды  «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының басты ерекшеліктері мен қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы қолданылу жолдарына тоқталмақмын.
Алдымен, бұрыннан өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтар. Мен қазіргі жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым.
Дәстүрлі сабақтар үрдісінде

Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
1. Тақырып түсіндіреді.
2. Кейіпкерлер туралы немесе қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіру.
3. Шығарманың идеясын анықтайды, талдайды.
4. Шығарма жазу тапсырылады. 1. Мазмұнын айтып береді.
2. Кейіпкерлерге мінездеме береді, қазақ тілі бойынша ережені айтады, жаттығу орындайды.
3.
Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
4. Тақырып бойынша шығарма жазады.

 

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген сабақтар үрдісіндегі өзгерістер және нәтижесі

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 981 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2015 449
    • DOCX 38.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметгалиева Айгуль Кужамуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7163
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек