Главная / Другое / Доклад на тему "Ақпараттық технологияларды қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану тиімділігі."

Доклад на тему "Ақпараттық технологияларды қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану тиімділігі."

hello_html_m29df7361.jpg Қостанай қаласы №10 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті Ахметгалиева Айгуль Кужамуратовна



Ақпараттық технологияларды қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану тиімділігі.


"Ауызша айтсаң-тез ұмыттым,

Көрсетсең-есте сақтаймын,

Іске кіріссең-үйренемін."

(қытай мақалы)


ХХІ ғасырда әлем өркениеті жаңа даму кезеңіне қадам басты.Бұл кезең кез-келген мемлекеттік даму деңгейін табиғат ресурстарымен емес, интеллектуалдық,шығармашылық потенциалымен,ғылымда жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру,,өндіру жетістіктерімен анықтайды.Осы тұрғыда білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыруға алып келеді.Сондықтан бүгінгі таңда білім беру жүйесін дамытпалы оқу технологиясына ыңғайлау қажеттігі туды,оған себеп көп.Сол себепті оқуда мұғалім де,оқушы да субъект ретінде алынуы қажет.

Қазақ тілі оқытудағы жалпы мақсат-оқушыларға ана тілімізді ғасырлар бойы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсем өрнегін,лексикалық байлығын таныту,қазақ тілінің қуатын,құдіретін,шешендігін жас ұрпақ бойына дамыту ,ана тілімізді қуатты әдеби тіл қатарынан түсірмей,мемлекеттік тіл мәртебесіне көтеру.Сондықтан да қазақ тілі мен әдебиетін компьютерлендіру оқушылардың оқуға деген қызығушылығына ықпалы болады.

"Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет",-деп елбасы атап көрсеткендей,электронды оқыту әдіс-тәсілдерін мектепке енгізу-жаңа білім берудің бірден-бір шарты.

Ұрпақ мүддесі үшін оқу үрдісін жетілдіру күн тәртібінен түспейді,ал қазіргі кезеңде ең өзекті мәселе ретінде қайта жалғасын тауып,дамуы тиіс.Мектепте жекеленген пәндерді оқыту кезінде компьютерді пайдаланудың жеке ұстанымдарын анықтауға мүмкіндік туып отыр.Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында өркениет көшінен қалмау үшін қандай болмасын мүмкіндіктерді қарастыру-күттірмейтін нәрсе.Осындай мәселелердің бірі-қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісін компьютерлендіру.Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторлары болып табылады.Барлық сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін компьютерлендіріп,компьютерлік бағдарламаларын пайдаланып,соның нәтижесінде оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға күш салу керек.Қазіргі уақытта білім берудің озық технологияларын меңгермейінде сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес.

Сонымен оқуды ұйымдастырудың өте құнды түрі-бағдарламалап компьютермен оқыту.Компьютерді қолданудың психологиялық тұрғыда тиімділігі- олар оқушының есту,көру,сөйлеу,түрлі ойындар ойнау,суреттер салуына септігін тигізеді.

Компьютермен оқыту- оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиісді түрі.Компьютермен оқыту үрдісін енгізу оқушылардың қызығуын арттыратын соншалық, олар сабақтан тыс уақытта да құлшыныс танытатын болады.Ал компьютерді толық меңгерген оқушының оған қызығуы одан бұрынғыдан да арта түседі.Түрлі тапсырмаларды компьютермен орындау оқушыны еркіндікке, төзімділікке,мақсаткерлікке баулиды.Компьютермен тапсырма орындауға мақсат айқын болғанмен, оған жетудің нақты жолдар көрсетілмейді.Сондықтан, бұдан діргірлік туындап, оқушының қиялдау мүмкінділігіне жол ашылады.,ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі.Компьютермен жұмыс істеу өте қызықты.нашар оқитын оқушы өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады,өйткені кейбір жағдайда компьютер бермеген жерін көрсетіп,көмекке келеді,соның нәтижесінде асықпай компьютермен еркін сырласа отырып,ойлануға қолын жеткізеді.

Бір назар аударатын жай,компьютерді қолдану мұғалімнің арнайы дайындығын қажет етеді.Мұғалім компьютерлік сауаттылықтың ғылыми негіздерін білуі шарт. Компьютерлік оқулықтар және компьютермен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқушының біліктілігі мен белсенділігін,пәнге деген қызығушылығын арттыру жүзеге асырылады.Сондықтан ад оқушы компьютерге жұмыс істеуге қажетті біліктілерді меңгеру қажет.

Қазақ тілі мен әдебиет пәндерін компьютермен оқытудың мақсаты-оқу жұмысының жоғары дәрежелі болуына жағдай жасайды,оқушының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша біліктілігі мен белсенділігін артырады, жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етеді,өзін-өзі реттеуді дамытады, оқушының мақсатты қызметін ынталандырады.Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен информацияларды білуге жол ашады.

Мультимедиа бағдарламасы бойынша ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуда географиялық картамен немесе көмекшім материалдармен жұмыс істеп, сарамандық жұмыс жүргізуге болады.Ақын-жазушылардың шығармаларын,сазгерлердің күйлерін тыңдау арқылы мәнерлеп оқуды,эстетикалық тәрбиені қалыптастырады.Мәтіндік редактор арқылы бақылау жұмыстарын жүргізуге болады (тест,диктант)

Компьютердің көмегімен жүргізілген бақылау жұмыстары оқушының білімін объективті бақылап,материалдық дұрыс өтілгенін немесе дұрыс өтілмегенін талдауға мүмкіндік береді.Бұрын адам ойында болмаған оқудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады.

Мысалы қазақ тілі сабағында мынандай тапсырмаларды да орындауға болады:компьютер экранына бір сөйлем жазылады.Ол сөйлем белгілі бір уақыттан кейін өшеді.Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап,қатесіз компьютерге енгізсе,онда ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап берілмесе,ойлану уақыты ұзартылады.Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем мағынасын түсіну, ойда сақтау дағдыларын қалыптастырады.Нәтижесінде,тапсырманы қандай дәрежеде орындағанына байланысты ұпай санын көрсету оқушының өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар әр түрлі компьютерлік бағдарламамен мәтіндер жазу,оқу,таалдау,тест шығару,сурет салу жұмыстарын үйренеді. Ал сабақтың бекіту кезіңінде мынандай тапсырма орындауға болады.Бұл кезеңді "Атыңнан айналайын,халық әні" деп атап,мультимедиа бағдарламасы бойынша халық әндерін тыңдай отырып,одағайларды тауып,үлгеріп жазып отырады.Сонымен бірге,әр түрлі мәтін құрау,мәтінге анотация талдау,диалог құру сияқты шығармашылық жұмыстар болады.Осындай сабақтар шәкірттерді халықтың салт-дәстүрлер негізінде тәрбиелеумен бірге,олардың шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға,жеке ақыл-ойын,ойлау қабілетін,ынтасын,коммуникативтік дағдыларын,интелектуалдық қабілеттерін дамытуға,алған білімдерін практикадан пайдалануға мүмкіндік береді.Қазақ әдебиеті сабағында әрбір тақырыпты өткен кезде ақын-жазушылардың өмірі, шығармашылығы немесе шығармаларының мазмұны,композициясы,сюжеті,көркемдік ерекшелігі туралы тірек-сілтемелер беруге болады.Оқушы тірек-сілтемелер арқылы ойын жинақтап, шығармашылық жұмыс істей алады.Сонымен бірге оқушылардың көмегімен бағдарламадан тыс материалдарды жинақтап,мультимедиа бағдарламы бойынша репортаж дайындауға,ұйымдастыру кезеңінде олардың фотосуретттерінен галерея ұйымдастыруға болады.

Компьютерді пайдалану сабақ сапасын көтерумен қатар оқушылардың ынтасын,белсенділігін арттыруда ерекше орын алады.Оқушының назарын пән мазмұнына аударады,өз бетінше практикалық жұмыстарды орындауға қызықтырады.Оқытушы көбінесе оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданған жөн.Көбінесе,проблемалық оқыту,ойын арқылы оқыту,инновациялық оқыту,саралап оқыту,тірек сигналдар арқылы оқыту,компьютерлік оқыту және жаңа технологиялар бойынша оқыту,электронды оқыту т.б.Компьютерлік технологияларды оқыту процесінде тиімді қолдану үшін,ең алдымен, өтетін пәнге талдау жасау керек,себебі,компьютерді жақсы меңгерген оқытушы ғана программистер көмегін қолдана отырып,копмьютерлік бағдарламалар,электрондық оқулықтар жасай алады.

Өткен ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса,компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемде тану құралы болып табылады. Олай болса,барлық пәнді,соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пән сабақтарын компьютердің қуаттауымен жүргізуді үйрену-бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі.

Оқыту процесінде шәкірт пен ұстаз арасында қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше.Осы тапты жақсы түсінген ұстаз ғана өз оқушыларының жүрегіне жол тауып, олардың компьютерге деген қызығушылығын, пәнді үйренуге деген ынта-жігерін құштарлығын арттырады.Дүниежүзілік өркениетке жету үшін ұрпағымыз білімді,парасатты,бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға ие болу үшін жан-жақты болып өсуі шарт.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1.Қ.Р.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты,2002 ж.

2.Қ.Р білім беруді дамытудағы 2005-2010 ж аралығындағы мемлекеттік бағдарлама.2004ж.

3.Қазақстан мектебі.2008ж.№6 "Ақпараттық технологиялардың тиімділігі"

4.Қазақстан мектебі.2006ж.№4 "Инновациялық педагогикалық техноогияларды қолдану тетіктері"

5.Қазақстан мектебі.2008ж.№7 "Ақпараттық технологиялар және білім сапасы"

Доклад на тему "Ақпараттық технологияларды қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану тиімділігі."
  • Другое
Описание:

Ақпараттық технологияларды қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану тиімділігі.

 

"Ауызша айтсаң-тез ұмыттым,

Көрсетсең-есте сақтаймын,

Іске кіріссең-үйренемін."

              (қытай мақалы)

 

  ХХІ ғасырда әлем өркениеті жаңа даму кезеңіне қадам басты.Бұл кезең кез-келген мемлекеттік даму деңгейін табиғат ресурстарымен емес, интеллектуалдық,шығармашылық потенциалымен,ғылымда жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру,,өндіру жетістіктерімен анықтайды.Осы тұрғыда білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыруға алып келеді.Сондықтан бүгінгі таңда білім беру жүйесін дамытпалы оқу технологиясына  ыңғайлау қажеттігі туды,оған себеп көп.Сол себепті оқуда мұғалім де,оқушы да субъект ретінде алынуы қажет.

       Қазақ тілі оқытудағы жалпы мақсат-оқушыларға ана тілімізді ғасырлар бойы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсем өрнегін,лексикалық байлығын таныту,қазақ тілінің қуатын,құдіретін,шешендігін жас ұрпақ бойына дамыту ,ана тілімізді қуатты әдеби тіл қатарынан түсірмей,мемлекеттік тіл мәртебесіне көтеру.Сондықтан да қазақ тілі мен әдебиетін компьютерлендіру оқушылардың оқуға деген қызығушылығына ықпалы болады.

 

      "Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай  мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет",-деп елбасы атап   көрсеткендей,электронды оқыту әдіс-тәсілдерін мектепке енгізу-жаңа білім берудің бірден-бір шарты.

Автор Ахметгалиева Айгуль Кужамуратовна
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 705
Номер материала 47865
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓