Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДоклад на тему "КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КІЛТІ - БІЛІМДЕ"

Доклад на тему "КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КІЛТІ - БІЛІМДЕ"

Скачать материал

 

МАЗМҰНЫ:

 

1.                      «Тәрбиелі ұрпақ –ел болашағы»

 

2.                      «Баланың кейбір ерекшеліктері»

 

3.       «Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»

 

4.     «Білім – болашақ бастауы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пшанова Гүлнұр Абубакирқызы

 

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы,

Сарыбұлақ ауылы

№78 орта мектеп

 

КЕМЕЛ  КЕЛЕШЕК  КІЛТІ  - БІЛІМДЕ

Тәрбиелі ұрпақ – ел болашағы

 Еліміздің болашағы – ертеңгі  тәртіпті де тәрбиелі  ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті,  тәрбиелі ұрпақ өсіру  -  баршаға ортақ,  әрі міндет.ел ертеңі  - жастар деп те айтылып жатады. өкінішке орай қоғамда  жүгенсіз кеткен  ұл-қыздарымызда жоқ емес. Асауын ауыздықтап, тентегін жөнге салар – ұлттық тәрбие.

«Тәрбиесі жаманға  жақсы ұстаздан пайда жоқ», «Жасында әдеп үйренбеген кісіден  өскен соң қайран жоқ» деген С.Сарийнның сөзі өте  орындыайтылған. Бала тәрбиесін ертеден бастаған жөн. Баланы тәртіпке, адамгершілікке,  үлкенді сыйлауға т.б үйретуге  ата-ананың міндеттері зор. Жақсы қылыққа,  адалдыққа тәрбиелеуде ата-ананың ықпалы  балаға үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан, құрметті  ата-аналар, балаларыңыздың бойынан жат қылық көрсеңіздер, мұғалімдерді, жолдастарын, қоғамды кінәлаудан гөрі, «мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кетті,  баламның бойына  жақсы әдет сіңіруде,  жақсытәрбие беруде қай жерден жаңылдым» деген ой түйсеңіздер екен. Тәрбие от басынан басталары сөзсіз. Күнделікті «беті қолыңды жу,  тісіңді тазала, жақсы жүр,  өтірік айтпа т.б»   деген сияқты сөздер айтуға жеңіл болғанымен  осы сөздердің тәрбиелік мәні зор  екенін естен шығармасақ.  Осыдан  бала  тазалыққа, шыншылдыққа үйретеді.

Қатал тәртіп бар жерде тәрбие бар,

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде.

Өнерімен қуантады түбінде

«Қатал ұста боп жүрмесін сандалып,

Тәртіп болса,  өсер бала сомдалып» - деп Ж.Баласағұн айтқандай, баланы қатал тәртіппен тәрбиелеудің  пайдасы  зор.

Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көрері ата-ана, ал ата-ана өмірінің жалғасы – бала. Өмірінің жалғасы баласының  керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі, үлгілі, ақылды, кішіпейіл, бауырмашыл, қайырымды, мейірімді, қанағатшыл болып өсуін кім қадағалайды?! Солай өсуіне ендеше ортақтасып  ықпал жасайық. «Тәрбие басы – тал бесік» , «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің , «Тәрбие ата-ана тәлімінен», «Қызға қырық үйден тыю» деген сияқты, арғы ата-бабаларымыз өсиет етіп қалдырған дана сөздері текке айтылмаса керек.

Бала тәрбиесіне ата-анасының бір-біріне  деген қатынасы,  қалай  сөйлесетіндігі, туған-туыс, көрші-көлемдермен қалай араласатындығы,  кішіге қалай ізет көрсететіндігі, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны,  дастархан басындағы әдептілігі,  қалай киінетіндігіне дейін әсер етеді, әрі өте маңызды.

Баланы үнемі ұрып соғып қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің  қажеті жоқ. Ақылмен мысал келтіре отырып түсіндіре білу  керек. Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа,  жақсы әдепке,  әдемілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуге болады. «Сөз жүйесін тапса –ырыс», «Жақсы сөз –жан азығы», - деп атамыз қазақ сөздің қадір-қасиетін дәріптеп кеткен екен.

Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. «Жас ұрпақ – келешектің қожасы» деп В.Г.Белинский айтқандай  болашағымыз бен келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті,  тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз  қолымызда.

            Отбасы -   адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі. Ал, бала өмірінің қайнар көзі – ата –ана.  Кез – келген ата – ана  өз баласының болашағы жарқын болғанын қалайды және де сол үшін қолынан келгенін аянып  қалмайды.

            Бала – біздің болашағымыз. Бала тәрбиесіндегі ұстаз бен ата –ананың атқаратын міндеті өте ауыр.  Ең бірінші кезекте  ата –ана, яғни баланың іштей дұрыс тәрбиеленуі – тәрбиенің алғашқы қадамы деп санаймын. Бала ана құрсағында  ананың жылы лебізін, мейірімділігін сезінуі керек. Сол  сәби ата – ана

құшағында  бесікте тәрбиелене келе, өмір табалдырығын баса бастайды. Содан соң балабақшада тәрбиеленіп,  одан кейін «Мектеп» атты үлкен білім кемесіне мініп, білім нәрімен сусынданады.

           Бұл орайда әріп танытып,  білім беріп,  дұрыс жол меңзеп, үлкен қадамға бастау болатын үлы тұлға – ұстаз.  Ұстаз есімі әрқашанда қадірлі қасиетті ұғым. Ұстаз – екінші анасы .  Кез – келген мамандық иегерлері  ұстаз алдынан біліп алып, білім мен тәрбие атты егіз ұғымды игеріп,  өмірден өз орындарын табады.

          Қазіргі таңда ұстаз бен ата – анаға жүктелетін міндет өте ауыр, себебі дұрыс тәрбие көрмеген бала болашақта қоғамға өз зиянын тигізеді, ал дұрыс тәрбиеленген бала, яғни адамгершілігі мол, мейірімді,

білікті де білімді  тұлға қоғам үшін  өте маңызды.  Тәрбие мен білім егіз ұғым,  осы егіз ұғымды бала бойына сіңіріп, тәрбиелейтін ата – ана мен ұстаз.

 

 

 

             Алға қояр мақсатымыз – сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып,  өркениетті, адамгершілігі мол, өзге елдермен тең дәрежеде бәсекелесе алатын,  биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса біздің мақсатымыз  бен міндетіміз айқын. Сондықтан  «жұмыла көтерген жүк жеңіл» -  демекші ата – ана мен ұстаздар бірігіп, еліміздің болашағы  үшін жұмыс жасайық. Баланың тәрбиесі  – болашақтың тәрбиесі. Елдің ертеңгі іргетасын қалайтындарда бүгінгі балалар.

           «Адамға ең бірінші  білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - дейді Әл Фараби. Жас ұрпаққа тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата-аналар болып қолға алсақ,  болашағымыздың жарқын болары сөзсіз.

 

«Баланың кейбір ерекшеліктері»

          Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.

Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды. Ы.Алтынсарин бойынша оқытудың жеке әдіс — тәсілдеріне:

а) оқыту әдісі — бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;

ә) сабақта баланың ой-әрекетін жаттықтыру. «Маңыздысы, оқушының өз бетінше ойлана білуі»

           Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы жүзеге асады. Осы пәннің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді: «Оқытатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән -  ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді». Ал ана тілін оқыту арқылы шығармашылық іс — әрекетті қалыптастыру дегеніміз- өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Осыған орай В.В.Давыдов: «Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктерді оқу әрекетіндекөрінеді, даму өнімі- оқуға құштарлық, ынталылық» — дейді. Ал шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден-бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану. Мен өз тәжірибемде жаңа технологияларды қолдану арқылы біраз нәтижеге жеттім. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды.

          Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдына
мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.

          Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:

1.       Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;

2.       Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;

3.       Ертегіні ұжым болып тыңдау;

4.       Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;

5.       Қиялдау арқылы сурет салғазу, ролмен ойнату;

6.       Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.

Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау
              Өз бетінше еркін ойлай білу қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгерту барысында өзіндік көмегі бар іс-әрекет. Еркін ойлата

білудің негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тәсілдерді пайдалана

отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын қалыптастырып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер және технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың әдебиеттік оқыту пәні бойынша түрлі тақырыптарды еркін талдау, еркін баяндау және еркін ойын жеткізуін

 

 

қалыптастыра отырып жұмыс жасау әрбір мұғалімнің міндеті деп санаймын.
          Жаңа технологияны меңгере отырып өз тәжірибесінде пайдалану үшін мұғалімнің жан – жақты білімі қажет. Қазіргі мұғалім:


• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
• Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
• Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
• Оқушыларды еркін ойланта алатын;
• Білімді, іскер, шебер болу керек;
            Жаңа педагогикалық технологияларды және әдіс – тәсілдерді жүйелі пайдалана отырып бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқыту пәні бойынша жан –жақты еркін ойлауын қалыптастыру. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға, еркін ойлаушы азамат екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы:

• Дүниетаным қабілеті жоғары;
• Дарынды, өнерпаз;
• Іздемпаз, талапты:
• Ойы ұшқыр;
• Еркін ойлай отырып, ойын еркін жеткізе алатын;
• Өз алдына мақсат қоя білетін оқушы болып қалыптасуы қажет.
Оқушы мен оқушы арасындағы, ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, өзара қатынас еркін әңгімелесу, еркін ой қосу педагогикалық процесте тәрбиелік мәні зор болып табылады.

              Бастауыш сынып оқушылары әдебиеттік оқу пәні және жалпы өмірде өз ойларын еркін жеткізе алмайтындықтарын байқағандықтан осы тақырып бойынша ойларын қалыптастыра білу қажеттілігі туындады.Бұл тақырыпты таңдаудағы себебім бастауыш сынып оқушылары өз ойларын жете айту және жеткізуде өте шорқақтық танытады. Оған себеп еркін ойлауға шек қойғандықтан. Себебі, біз қазақ халқының қанына яғни менталитетіне сай кей жағдайларды баланың жас ерекшеліктеріне сай емес деп ой айтуына, ой қосуына тиым саламыз. Сен баласың, саған не жоқ өсіп ал деген секілді қоршаған ортадан көп теген кедергілер болады. Ал әр адам жеке тұлға болғандықтан өз ойын жеке жеткізуге, тыңдата білуге ерікті деп ойлаймын. Сол себепті бұл тақырыбымды өзекті етіп оның ішінде бастауыш сынып оқушылары әдебиеттік оқу пәнінде тек мұғалім сөзімен және кітаптағы айтылған оймен шектетіліп қалады. Ал ойын еркін жеткізе білген оқушының түсінігі мол әр нәрсені түрлі жағдайда ойлай білеуге машықтануы/тиіс.
             Бірнеше жылдық еңбек жолымда алдымнан неше түрлі оқушылар өтті. Адамның баласы бес саусағы бірдей болмайтыны сияқты оқушыларым да бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін қайталамайтын, кішкене болса да өзіндік ерекшелігі бар адамдар. Олардың ішінде ең үздігі де, ең нашары да, ең тентегі де, біліп тұрса да аузын ашпайтыны да, қанша сүйресең де алдыға баспайтын жалқауы да болды. Бірақ барлығын да жақсы көріп, білім нәрімен сусындатуға тырыстым. Олар бастауыш мектепті бітіріп, орта буын сыныптарға өткенде де сырттай бақылап отырдым. Мұғалімдерімен пікірлестім. Олар балаларда нақты білім барын, бірақ өз ойларын толық жеткізуде қиналатындықтарын айтты. Содан бастап оқушылардың еркін ойлауына көп көңіл бөле бастадым.                                                                                         Мақсатым барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға, тақырыпқа байланыстыра отырып, екі

ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға, ойын еркін айтуға сабақтарда үйрету. Еркін ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Егер еркін ойлауын дұрыс қалыптастырса ойлау әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулыдым.                                                    

 

 

 

 

Ол мына іс-әрекеттер арқылы іске асты.

*   еркін ойлауын қалыптастыру үшін уақыт керек

*   оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
*   әртүрлі идеялар
Ø мен пікірлерді қабылдау;
*   үйрену барысындағы оқушылардың белсенді
Ø іс-әрекетін қолдау;
*   кейбір оқушыларда болатын қолайсыз жағдайларды күлкі
Ø қылмау;
*    оқушылардың бір-бірінің жауабына берген ойының дәлелді, дәйекті
Ø болуын талап ету;
*   өздерінің еркін ойлай отырып жасаған жұмыстарын
Ø бағалау.

         Осы шараларды орындай отырып жұмысты оқушылардың еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін зерттеуден бастадым. Зерттеу нәтижелерін сараптай отырып алдағы уақытқа жұмыстар жоспарладым: ата-анамен, кітапханамен байланысты жандандырып, қоршаған ортасы, сабақ процесі арқылы ойын жетілдіру қажет деп\таптым.

Осы жұмыстарды сабақ процесінде жалғастыра түстім. Нәтижесінде

1. Әдебиеттік оқыту пәніндегі тапсырмаларды бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.        
2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
3. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.
4. Осы жұмыстарды өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата- аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
           Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, жағдай жасайды.
Олай болса, еліміздің болашағы тұрақты, даму барысы қалыпты жағдайда өскен жас ұрпақ мына сөздің қадірін түсінсе: «Өркениеттіліктің басты міндеті – адамды еркін ойлай білуге үйрету» (Эдисон). Өз болашағымызды саналы ой ойлауға тәрбиелейік.Ұлттың болашағы – ұрпағында болса,  ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында

Білікті ұстаз, білімді маман болу
үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

        «Білім - болашақ бастауы»

         Болашақта   еңбек етіп,  өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп  оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр» -  деп Елбасы  Н.Ә.Назарбаев айтқандай,  бүгінгі таңда ұстаздар  қауымының басты  мақсаты  - жан-жақты дамыған, дарынды тұлға  тәрбиелеу.   Біздің мемлекетіміздіі барлық білім  жүйесін  жетілдіру жеке тұлғаның шығармашылық қызмет етуіне, өз ойын анық  жеткізетін,  өз бетімен өмірдегі кездесіп қалатын жағдайларға төтеп береалатындай  білім алуы  қажет. Ендеше біздің мақсатымыз – болашақ өркениетті қоғамның ерікті, өз бас   бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, адамгершілік,  имандылық мінезі қалыптасқан,  дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті, күші ақылына, ақылы күшіне сай ұрпақ тәрбиелеу. Адам бойындағы  қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып,  өмірден өз орнын  табуға көмектеседі. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін,  қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды  өмір сүру үшін  рухани күш беру – білімнің басты мақсаты.

         «Болашақ бүгіннен басталады», - дегендей еліміздің болашағы біздің бүлдіршіндеріміз. Ал, сол бүлдіршіндердің тәрбиесі біздің қолымызда. Себебі, қазіргі бүлдіршіндердің болашақта еліміздің елеулі

азаматтары болу үшін, ең алдымен өзін-өзі танулары қажет. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны рухани адамгершілік тұрғысынан дамыту, ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. Жалпы адамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани ағартушылық қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың меншігіне айналдыру, ата-бабаларымыздың дәстүрі мен тәжірибелерін үйрену аса маңызды. Негізгі мақсаты балалардың жеке бас даму ерекшеліктерін адамгершілікке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу болып табылады.

«Болашақ – бүгіннен басталады». Бүгінгі таңда Елбасымыз маңызды мақсат-міндеттерді қойып отыр. Оларды орындауға біз, жастар белсенді қатысып, өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ең бастысы, еңбек етуіміз керек. Ерен еңбек қана жарқын болашаққа жетелейді.  Тек алға айқын мақсат қойып, оған жетуге ұмтылу қажет. Біздің еліміздің  болашағы – жастардың қолында. Сондықтан біз қажырлы еңбек етіп, келешегімізді кемел етуге бар күш-жігерімізді салсақ, абзалы осы болмақ.

Біздің елімізде игілікті істер көп болса, болашақ ұрпақ та тәрбиелі, білімді, саналы болып өседі. Ұрпақ – ол біздің болашағымыз, еліміздің болашағы!

    

 

 

 Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз.  . Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді. Өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие екендігінде ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда жас ұрпақты білімге құштар, өмірге, өнерге құмар, адал, батыл да жігерлі етіп тәрбиелеуде ұстаз еңбегі өлшеусіз. Білім беру саласында аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беріп жүрген, қай істе де нұсқау беріп, көмек көрсетуден жалықпайтын ұстаздарымызды мақтан тұтамыз. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат-міндеттер жүктеп отыр. Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың алғышарты бастауыш мектепте жасалынады.

       ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруына көмектеседі. ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту керек.

  Ал,  тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие екеніне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы мектеп екендігі баршаға мәлім.

          Бүгінгі күні Қазақстанда жұмыс істеуге, оқу оқып, білім алуға, шы­ғармашылықпен айналысуға, жалпы, әртүрлі салаларда жетістіктерге жету үшін барлық жағ­дай жасалған. Алайда, бұл мүм­кіндіктерге қоғамның жасампаз белсенділігі арқасында ғана қол жеткізуге болады. Әрбір қазақ­стан­дықтың жеткен

жетістіктері, мейлі ол кәсіпкерлік, оқу, спорт, өнер саласы болсын немесе өмір­дің сәтсіздіктерін өз күш-жігері­мен, мақсатты түрде шынайы іс-әрекетімен жеңіп шығу – ол елі­міз­дің келешегіне қосылған үл­кен үлес. Біздің болашағымыз – өз қолымызда. Олар ғылыми жа­ңалық ашу немесе кәсіпорынды іске қосу, ауру балаларға көмек көрсету немесе ағаш отырғызу, құрылыс қатарында немесе «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу, спортпен шұғылдану немесе өнерді да­мы­ту сынды шынайы іс-әрекеттен құрылады. Болашақ бүгіннен бас­та­лады!

Біз өз за­манының нағыз қаһар­ман­дарынан – өзінің еңбегімен, білімімен, мақсаткерлігімен, жо­ғары адамгершілік қасиеті­мен үлкен жетістіктерге жеткен азаматтардан, туған Отанының келешегіне  үлкен сеніммен қа­рай­тын қазақстандықтардан үй­ренуіміз керек.  Ал, болашақ бү­гіннен басталады.

        Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтын қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнынды таба білу емес пе?

         Елбасымыз айтқандай «Болашақ – білімді жастардың қолында» демекші біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атануымыз керек деп ойлаймын. Себебі әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Мысалға ұстаздықды алатын болсақ, Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір, жаны да бір жолбасшысы – мұғалім» демекші, ұстаздық ең жоғарыда тұратын, өте құрметті де қадірлі мамандық. Кім де болсын, тіпті Елбасымыздың өзі де деп айтсам,асыра сілтегенім болмас, тәрбиенің ұшқындарын, білімді, өнерді алдымен анасынан одан соң әрине де ұстазынан үйренеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, ұстаз алдындағы шәкіртің қандай жолға түсірсе, шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып өтеді деп ойлаймын.

Сондықтан мен ұстаз мамандығын тандадым.
         Негізі, ұстаз болу оңай шаруа емес. Әр оқушының көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын жан болу екінің қолынан келе бермейтін дүние. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп қой. Бірақ, менің ойымша, ұстаздардың зор еңбегі біздің заманда аса бағаланбайтын сияқты. Ешкім де ұстаз болуға аса\ұмтылмайды.
        Бірақ, "осындай ұстазым бар менің" деп ауыз толтырып, үлкен мақтанышпен айтатын апайларым бар-ақ

Оларға деген сыйластығым да ерекше. Әр кез демеп, ақыл-кеңесін аямайтын сондай жандардың барына мың шүкір. Өз қызметін міндетсінбей, адал атқаратын олардың  алдына бас ие бергің\келеді.              

            Мен осы кәделі кәсіптің етегін ұстаған мұғалім болдым. Білім ғана бермей, оқушыларды үлкен өмірге дайындайтын ұстаз боламын. Бұл менің асқақ арманым, болашағым…

              Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру – педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің бірігуін талап етеді. Тұлғаға бағытталған білім - оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдайы. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау  қабілетінің/қалыптасуы/тиіс.
            Педагог-ғалым Ахмет Байтұрсынов «Мектепке  бірінші керегі – мұғалім,  екінші оқыту ісіне  керек құралдар,  үшінші – бағдарлама  және оқулықтар»  деп басып айтқан. Ал, есімі баршамызға белгілі «аққан

 

 

жұлдыз» атанған Ш.Уәлиханов «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген болатын. Олай болса оқу-тәрбие ісінің табысты,  білімнің керек болуы мұғалімнің сабаққа мұқият дайындығына байланысты деп ойлаймын. 

Өз іс тәжірибемде  нәтижеге қол жеткізіп отырған М. Жанпейісованың деңгейлік оқыту технологиясы,  ол баланың жеке мүмкіндігіне,  деңгейлік тапсырмаларға негізделеді.

Олар:

1.      Оқушылардың білім деңгейін бақылау алу.

2.      Оқу материалдарын сұрыптап ұсыну.

3.      Бәсекеге қабілеттілікті дамыту.

4.      Сабақтағы жағымды психологиялық  ахуал.

5.      Мақсаттың нәтижеге бағытталуы

6.      Өз бетінше ойлау бейімділігі бақылау

7.      Әр оқушы деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  оқу материалдарын  меңгереді.

8.      Деңгейлік оқыту барысында  біліктілікке жетеді.

      Бастауыш сыныптарда  «өзіндік танымды» қалыптастыру барысында балаларды қызықтырып, өзінің жасаған жұмысына өзі баға беріп, қорытынды шығара білуге дағдыландырудың маңызы зор деп ойлаймын. Ол үшін әр түрлі өз бетінше орындалатын тапсырмалар беремін. Мысалы, математика пәнінен мынандай тапсырмаларды қолдануға болады.

н

9-4

 

ы

2+7

 


с

3+4


д

10-6


 

а

6+4


6-6


7

10

5

4

9

0

 

 

 

 

 

 

 

Бұнда өрнектердің мәнін тауып, дөңгелекшеге жазады. Ал өрнектердің мәні астыңғы кестеде орналасқандықтан әріптерді тиісті торкөзге орналастырып, жасырын сөзді табады. Егер жасырын сөз дұрыс шықса, онда тапсырма дұрыс орындалған. Міне осыдан оқушы өзін-өзі бағалай алады.

        Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер болып отыр: білім берудің маңызы жаңарып өзгерді. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі-білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты.

           Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын мегертудің жүйеленген формалары, әдіс-тәсілдері.

-          Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу;

-          Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру;

-          Жеке басты дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану;

-          Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу;

Қарапайымға қарай жетелеу: суретін көреді, не екенін, түрі қандай екенін сұрағаннан гөрі ол туралы не білетінін, не айта алатынынын сұрап білу баланы дамыту үшін тиімді. Бұрынғы ескі методикада тапсырма жеңіл болса игереді, қиындығы бар тапсырма орындау үшін бала қиналады. Ал дамыта оқытуда баланың ақыл-ойын арттырады, шығармашылығын шыңдайды.

          Қызығушылықты ояту.

    Белгілі бір тақырып бойынша оқушы не біледі, не айта алатынын анықтаудан басталады. Ойды қозғау, ояту. әрине тақырып өтейін деп тұрған сабаққа, тақырыбына байланысты болу керек. Қызығушылықты ояту мұғалімнің ізденушілігіне байланысты. Ояту түрі, материалы, оқушыны қозғай алуы.

    Балаға ойланып, түсініп, мейлі қателессе де өз ойын еркін айта алатындай уақыт беру керек, бірақ мұғалім оқушы байқамай қалатындай етіп, тездете алу керек. Сабақ уақытына сыю  үшін барлық баланы

 

 

 

тыңдай білу, рұқсат бере білу қажет. Кез-келген ұсақ, бірақ тақырыпқа жақын ойларды тере білу, аша білу шеберлікке жатады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін көлемі кішкентайларға қарағанда едәуір деңгейде дамитындықтан,  өз тәжірибемде сабақты түсіндіріп болған соң, әр пәнде өткен материалға байланысты 5-10 минуттық ойын ұйымдастырып жіберемін. Мысалы математика пәні бойынша «Хан талапай», «Допты қағып ал», сауат ашу пәні бойынша «Топтай біл», «Гүлдер»  ойынын жүргіземін.

     «Хан талапай» ойыны. Асықты қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл ойынға

9%23%57%нөмірленген асық салынады. Нөмірге байланысты карточкалар дайындалады. Асық жерге шашылады, ал балалар талапай алады. Нөмірлері бойынша карточкалардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындайды. Кім тез, әрі дұрыс орындаса, сол жеңіске жетеді. Осы ойынды математика сабағында қолдануға болады.

 Мысалы,  1-сыныпта «Ә»  дыбысына байланысты: 

1-деңгейлік тапсырма:  «Ә» дыбысынан басталатын сөздер ойлап,  буынға бөлеміз.

2-деңгейлік тапсырма:   Сөздерге  сөйлем ойлап,  сызба түрінде жазу.

3-деңгейлік тапсырма:  «Әже» туралы  әңгіме құрастыру.

            Сондай-ақ өтілген тақырыпты  қайталау  мақсатында деңгейлік бақылау жұмысын 4 тапсырма түрінде беруге болады. Осындай деңгейлік тапсырмаларды орындата отырып,  оқушылардың қабілеттеріне сай және қызығушылығын тудыратын іс-әрекетке бағыттап,  қабілеттерінің толық ашылуына мүмкіндік беріп, ойлануға жетелеу қажет.

Біріншіден, мұғалім ақылды,  мейірбанды болуы  тиіс. Әр оқушыны жақсы көре отырып, мұғалім өзінің бойындағы қасиетін сіңіре білуі керек.  бала кішкентай болғанымен  оның ісі мен әрекеті көп. Сондықтан әр ұстаз олардың сезімін бағалап, әрекеті мен ісін  елеулі түрде  қабылдап, өз ойларын еркін  жеткізе білуге жетелеуіміз  аса маңызды. Көрнекті  педагог  В.Сухомлинский  «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек,  ол бала солай бола алады» - дейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев  білім беру жүйесі қызметкерлерінің сиезінде  «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін, сіздер, ендеше өздеріңізде көп оқыңыздар.  Ізденіспен, ілгерілеуден жалықпаңыздар. Ең бастысы  рухани тоқыраудан сақтаныңздар. Өйткені,  елдің ертеңгі тірегі – кейінгі толқын жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс» деп  айтқан болатын. Ендеше біздің міндетіміз – ұлттық сипаттарымыз бен  төл болмысымызды басты нысанада  ұстай отырып, әр шәкіртті мектеп қабырғасының өзінд болашағын айқындай алатындай етіп оқыту мен тәрбиелеу.

Ел президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауында - Жұлдызымызды жарқыратқан мерейлі биіктеріміз - білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында болуы еліміздің әрбір азаматының мақтанышы/екендігі/даусыз...

Ой түйінімді  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың   «Отанымыздың бүгіні мен болашағы  сіздердің еңбектеріңізге тікелей байланысты,  бірлесе, ұйымдаса және ұстаздық ұлағатпен жұмыс жасағанда ғана біз табыстарға жете аламыз. Еңбек пен білімді ұтымды ұйымдастырғанда ғана келер ұрпақтың  кемел тағдырын  жасай аламыз.  Еркін елдің ертеңі  кемел білім мен кенен ғылымда  екенін ұмытпайық!»  - деген ұлағатты  сөзімен  аяқтағым келеді.                             

Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КІЛТІ - БІЛІМДЕ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәрбиелі ұрпақ – ел болашағы Еліміздің болашағы – ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет.ел ертеңі - жастар деп те айтылып жатады. өкінішке орай қоғамда жүгенсіз кеткен ұл-қыздарымызда жоқ емес. Асауын ауыздықтап, тентегін жөнге салар – ұлттық тәрбие. «Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ», «Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ» деген С.Сарийнның сөзі өте орындыайтылған. Бала тәрбиесін ертеден бастаған жөн. Баланы тәртіпке, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға т.б үйретуге ата-ананың міндеттері зор. Жақсы қылыққа, адалдыққа тәрбиелеуде ата-ананың ықпалы балаға үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан, құрметті ата-аналар, балаларыңыздың бойынан жат қылық көрсеңіздер, мұғалімдерді, жолдастарын, қоғамды кінәлаудан гөрі, «мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кетті, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсытәрбие беруде қай жерден жаңылдым» деген ой түйсеңіздер екен. Тәрбие от басынан басталары сөзсіз. Күнделікті «беті қолыңды жу, тісіңді тазала, жақсы жүр, өтірік айтпа т.б» деген сияқты сөздер айтуға жеңіл болғанымен осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармасақ. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа үйретеді. Қатал тәртіп бар жерде тәрбие бар, Қатты тәртіп көрсе бала күнінде. Өнерімен қуантады түбінде «Қатал ұста боп жүрмесін сандалып, Тәртіп болса, өсер бала сомдалып» - деп Ж.Баласағұн айтқандай, баланы қатал тәртіппен тәрбиелеудің пайдасы зор. Адам баласының шыр етіп өмірге келгенде көрері ата-ана, ал ата-ана өмірінің жалғасы – бала. Өмірінің жалғасы баласының керемет ғалым болмаса да, тәрбиелі, үлгілі, ақылды, кішіпейіл, бауырмашыл, қайырымды, мейірімді, қанағатшыл болып өсуін кім қадағалайды?! Солай өсуіне ендеше ортақтасып ықпал жасайық. «Тәрбие басы – тал бесік» , «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің , «Тәрбие ата-ана тәлімінен», «Қызға қырық үйден тыю» деген сияқты, арғы ата-бабаларымыз өсиет етіп қалдырған дана сөздері текке айтылмаса керек. Бала тәрбиесіне ата-анасының бір-біріне деген қатынасы, қалай сөйлесетіндігі, туған-туыс, көрші-көлемдермен қалай араласатындығы, кішіге қалай ізет көрсететіндігі, тіпті ұсақ-түйек болса да қалай тамақтанатыны, дастархан басындағы әдептілігі, қалай киінетіндігіне дейін әсер етеді, әрі өте маңызды. Баланы үнемі ұрып соғып қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ақылмен мысал келтіре отырып түсіндіре білу керек. Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдепке, әдемілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуге болады. «Сөз жүйесін тапса –ырыс», «Жақсы сөз –жан азығы», - деп атамыз қазақ сөздің қадір-қасиетін дәріптеп кеткен екен. Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. «Жас ұрпақ – келешектің қожасы» деп В.Г.Белинский айтқандай болашағымыз бен келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Отбасы - адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі. Ал, бала өмірінің қайнар көзі – ата –ана. Кез – келген ата – ана өз баласының болашағы жарқын болғанын қалайды және де сол үшін қолынан келгенін аянып қалмайды. Бала – біздің болашағымыз. Бала тәрбиесіндегі ұстаз бен ата –ананың атқаратын міндеті өте ауыр. Ең бірінші кезекте ата –ана, яғни баланың іштей дұрыс тәрбиеленуі – тәрбиенің алғашқы қадамы деп санаймын. Бала ана құрсағында ананың жылы лебізін, мейірімділігін сезінуі керек. Сол сәби ата – ана құшағында бесікте тәрбиелене келе, өмір табалдырығын баса бастайды. Содан соң балабақшада тәрбиеленіп, одан кейін «Мектеп» атты үлкен білім кемесіне мініп, білім нәрімен сусынданады. Бұл орайда әріп танытып, білім беріп, дұрыс жол меңзеп, үлкен қадамға бастау болатын үлы тұлға – ұстаз. Ұстаз есімі әрқашанда қадірлі қасиетті ұғым. Ұстаз – екінші анасы . Кез – келген мамандық иегерлері ұстаз алдынан біліп алып, білім мен тәрбие атты егіз ұғымды игеріп, өмірден өз орындарын табады. Қазіргі таңда ұстаз бен ата – анаға жүктелетін міндет өте ауыр, себебі дұрыс тәрбие көрмеген бала болашақта қоғамға өз зиянын тигізеді, ал дұрыс тәрбиеленген бала, яғни адамгершілігі мол, мейірімді, білікті де білімді тұлға қоғам үшін өте маңызды. Тәрбие мен білім егіз ұғым, осы егіз ұғымды бала бойына сіңіріп, тәрбиелейтін ата – ана мен ұстаз. Алға қояр мақсатымыз – сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, өркениетті, адамгершілігі мол, өзге елдермен тең дәрежеде бәсекелесе алатын, биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса біздің мақсатымыз бен міндетіміз айқын. Сондықтан «жұмыла көтерген жүк жеңіл» - демекші ата – ана мен ұстаздар бірігіп, еліміздің болашағы үшін жұмыс жасайық. Баланың тәрбиесі – болашақтың тәрбиесі. Елдің ертеңгі іргетасын қалайтындарда бүгінгі балалар. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - дейді Әл Фараби. Жас ұрпаққа тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата-аналар болып қолға алсақ, болашағымыздың жарқын болары сөзсіз. «Баланың кейбір ерекшеліктері» Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру. Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды. Ы.Алтынсарин бойынша оқытудың жеке әдіс — тәсілдеріне: а) оқыту әдісі — бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол; ә) сабақта баланың ой-әрекетін жаттықтыру. «Маңыздысы, оқушының өз бетінше ойлана білуі» Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы жүзеге асады. Осы пәннің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді: «Оқытатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді». Ал ана тілін оқыту арқылы шығармашылық іс — әрекетті қалыптастыру дегеніміз- өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Осыған орай В.В.Давыдов: «Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктерді оқу әрекетіндекөрінеді, даму өнімі- оқуға құштарлық, ынталылық» — дейді. Ал шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден-бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану. Мен өз тәжірибемде жаңа технологияларды қолдану арқылы біраз нәтижеге жеттім. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдына мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді. Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады: 1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну; 2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру; 3. Ертегіні ұжым болып тыңдау; 4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру; 5. Қиялдау арқылы сурет салғазу, ролмен ойнату; 6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру. Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау Өз бетінше еркін ойлай білу қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгерту барысында өзіндік көмегі бар іс-әрекет. Еркін ойлата білудің негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын қалыптастырып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер және технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың әдебиеттік оқыту пәні бойынша түрлі тақырыптарды еркін талдау, еркін баяндау және еркін ойын жеткізуін қалыптастыра отырып жұмыс жасау әрбір мұғалімнің міндеті деп санаймын. Жаңа технологияны меңгере отырып өз тәжірибесінде пайдалану үшін мұғалімнің жан – жақты білімі қажет. Қазіргі мұғалім: • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; • Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; • Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; • Оқушыларды еркін ойланта алатын; • Білімді, іскер, шебер болу керек; Жаңа педагогикалық технологияларды және әдіс – тәсілдерді жүйелі пайдалана отырып бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқыту пәні бойынша жан –жақты еркін ойлауын қалыптастыру. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға, еркін ойлаушы азамат екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы: • Дүниетаным қабілеті жоғары; • Дарынды, өнерпаз; • Іздемпаз, талапты: • Ойы ұшқыр; • Еркін ойлай отырып, ойын еркін жеткізе алатын; • Өз алдына мақсат қоя білетін оқушы болып қалыптасуы қажет. Оқушы мен оқушы арасындағы, ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, өзара қатынас еркін әңгімелесу, еркін ой қосу педагогикалық процесте тәрбиелік мәні зор болып табылады. Бастауыш сынып оқушылары әдебиеттік оқу пәні және жалпы өмірде өз ойларын еркін жеткізе алмайтындықтарын байқағандықтан осы тақырып бойынша ойларын қалыптастыра білу қажеттілігі туындады.Бұл тақырыпты таңдаудағы себебім бастауыш сынып оқушылары өз ойларын жете айту және жеткізуде өте шорқақтық танытады. Оған себеп еркін ойлауға шек қойғандықтан. Себебі, біз қазақ халқының қанына яғни менталитетіне сай кей жағдайларды баланың жас ерекшеліктеріне сай емес деп ой айтуына, ой қосуына тиым саламыз. Сен баласың, саған не жоқ өсіп ал деген секілді қоршаған ортадан көп теген кедергілер болады. Ал әр адам жеке тұлға болғандықтан өз ойын жеке жеткізуге, тыңдата білуге ерікті деп ойлаймын. Сол себепті бұл тақырыбымды өзекті етіп оның ішінде бастауыш сынып оқушылары әдебиеттік оқу пәнінде тек мұғалім сөзімен және кітаптағы айтылған оймен шектетіліп қалады. Ал ойын еркін жеткізе білген оқушының түсінігі мол әр нәрсені түрлі жағдайда ойлай білеуге машықтануы/тиіс. Бірнеше жылдық еңбек жолымда алдымнан неше түрлі оқушылар өтті. Адамның баласы бес саусағы бірдей болмайтыны сияқты оқушыларым да бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін қайталамайтын, кішкене болса да өзіндік ерекшелігі бар адамдар. Олардың ішінде ең үздігі де, ең нашары да, ең тентегі де, біліп тұрса да аузын ашпайтыны да, қанша сүйресең де алдыға баспайтын жалқауы да болды. Бірақ барлығын да жақсы көріп, білім нәрімен сусындатуға тырыстым. Олар бастауыш мектепті бітіріп, орта буын сыныптарға өткенде де сырттай бақылап отырдым. Мұғалімдерімен пікірлестім. Олар балаларда нақты білім барын, бірақ өз ойларын толық жеткізуде қиналатындықтарын айтты. Содан бастап оқушылардың еркін ойлауына көп көңіл бөле бастадым. Мақсатым барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға, тақырыпқа байланыстыра отырып, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға, ойын еркін айтуға сабақтарда үйрету. Еркін ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Егер еркін ойлауын дұрыс қалыптастырса ойлау әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулыдым. Ол мына іс-әрекеттер арқылы іске асты. * еркін ойлауын қалыптастыру үшін уақыт керек * оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; * әртүрлі идеяларØ мен пікірлерді қабылдау; * үйрену барысындағы оқушылардың белсендіØ іс-әрекетін қолдау; * кейбір оқушыларда болатын қолайсыз жағдайларды күлкіØ қылмау; * оқушылардың бір-бірінің жауабына берген ойының дәлелді, дәйектіØ болуын талап ету; * өздерінің еркін ойлай отырып жасаған жұмыстарынØ бағалау. Осы шараларды орындай отырып жұмысты оқушылардың еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін зерттеуден бастадым. Зерттеу нәтижелерін сараптай отырып алдағы уақытқа жұмыстар жоспарладым: ата-анамен, кітапханамен байланысты жандандырып, қоршаған ортасы, сабақ процесі арқылы ойын жетілдіру қажет деп\таптым. Осы жұмыстарды сабақ процесінде жалғастыра түстім. Нәтижесінде 1. Әдебиеттік оқыту пәніндегі тапсырмаларды бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты. 2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді. 3. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты. 4. Осы жұмыстарды өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата- аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, жағдай жасайды. Олай болса, еліміздің болашағы тұрақты, даму барысы қалыпты жағдайда өскен жас ұрпақ мына сөздің қадірін түсінсе: «Өркениеттіліктің басты міндеті – адамды еркін ойлай білуге үйрету» (Эдисон). Өз болашағымызды саналы ой ойлауға тәрбиелейік.Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. «Білім - болашақ бастауы» Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, бүгінгі таңда ұстаздар қауымының басты мақсаты - жан-жақты дамыған, дарынды тұлға тәрбиелеу. Біздің мемлекетіміздіі барлық білім жүйесін жетілдіру жеке тұлғаның шығармашылық қызмет етуіне, өз ойын анық жеткізетін, өз бетімен өмірдегі кездесіп қалатын жағдайларға төтеп береалатындай білім алуы қажет. Ендеше біздің мақсатымыз – болашақ өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, адамгершілік, имандылық мінезі қалыптасқан, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті, күші ақылына, ақылы күшіне сай ұрпақ тәрбиелеу. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру – білімнің басты мақсаты. «Болашақ бүгіннен басталады», - дегендей еліміздің болашағы біздің бүлдіршіндеріміз. Ал, сол бүлдіршіндердің тәрбиесі біздің қолымызда. Себебі, қазіргі бүлдіршіндердің болашақта еліміздің елеулі азаматтары болу үшін, ең алдымен өзін-өзі танулары қажет. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны рухани адамгершілік тұрғысынан дамыту, ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. Жалпы адамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани ағартушылық қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың меншігіне айналдыру, ата-бабаларымыздың дәстүрі мен тәжірибелерін үйрену аса маңызды. Негізгі мақсаты балалардың жеке бас даму ерекшеліктерін адамгершілікке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. «Болашақ – бүгіннен басталады». Бүгінгі таңда Елбасымыз маңызды мақсат-міндеттерді қойып отыр. Оларды орындауға біз, жастар белсенді қатысып, өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ең бастысы, еңбек етуіміз керек. Ерен еңбек қана жарқын болашаққа жетелейді. Тек алға айқын мақсат қойып, оған жетуге ұмтылу қажет. Біздің еліміздің болашағы – жастардың қолында. Сондықтан біз қажырлы еңбек етіп, келешегімізді кемел етуге бар күш-жігерімізді салсақ, абзалы осы болмақ. Біздің елімізде игілікті істер көп болса, болашақ ұрпақ та тәрбиелі, білімді, саналы болып өседі. Ұрпақ – ол біздің болашағымыз, еліміздің болашағы! Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз. . Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді. Өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие екендігінде ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда жас ұрпақты білімге құштар, өмірге, өнерге құмар, адал, батыл да жігерлі етіп тәрбиелеуде ұстаз еңбегі өлшеусіз. Білім беру саласында аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беріп жүрген, қай істе де нұсқау беріп, көмек көрсетуден жалықпайтын ұстаздарымызды мақтан тұтамыз. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат-міндеттер жүктеп отыр. Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың алғышарты бастауыш мектепте жасалынады. ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруына көмектеседі. ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту керек. Ал, тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие екеніне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы мектеп екендігі баршаға мәлім. Бүгінгі күні Қазақстанда жұмыс істеуге, оқу оқып, білім алуға, шы ғармашылықпен айналысуға, жалпы, әртүрлі салаларда жетістіктерге жету үшін барлық жағ дай жасалған. Алайда, бұл мүм кіндіктерге қоғамның жасампаз белсенділігі арқасында ғана қол жеткізуге болады. Әрбір қазақ стан дықтың жеткен жетістіктері, мейлі ол кәсіпкерлік, оқу, спорт, өнер саласы болсын немесе өмір дің сәтсіздіктерін өз күш-жігері мен, мақсатты түрде шынайы іс-әрекетімен жеңіп шығу – ол елі міз дің келешегіне қосылған үл кен үлес. Біздің болашағымыз – өз қолымызда. Олар ғылыми жа ңалық ашу немесе кәсіпорынды іске қосу, ауру балаларға көмек көрсету немесе ағаш отырғызу, құрылыс қатарында немесе «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу, спортпен шұғылдану немесе өнерді да мы ту сынды шынайы іс-әрекеттен құрылады. Болашақ бүгіннен бас та лады! Біз өз за манының нағыз қаһар ман дарынан – өзінің еңбегімен, білімімен, мақсаткерлігімен, жо ғары адамгершілік қасиеті мен үлкен жетістіктерге жеткен азаматтардан, туған Отанының келешегіне үлкен сеніммен қа рай тын қазақстандықтардан үй ренуіміз керек. Ал, болашақ бү гіннен басталады. Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтын қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнынды таба білу емес пе? Елбасымыз айтқандай «Болашақ – білімді жастардың қолында» демекші біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атануымыз керек деп ойлаймын. Себебі әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Мысалға ұстаздықды алатын болсақ, Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір, жаны да бір жолбасшысы – мұғалім» демекші, ұстаздық ең жоғарыда тұратын, өте құрметті де қадірлі мамандық. Кім де болсын, тіпті Елбасымыздың өзі де деп айтсам,асыра сілтегенім болмас, тәрбиенің ұшқындарын, білімді, өнерді алдымен анасынан одан соң әрине де ұстазынан үйренеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, ұстаз алдындағы шәкіртің қандай жолға түсірсе, шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып өтеді деп ойлаймын. Сондықтан мен ұстаз мамандығын тандадым. Негізі, ұстаз болу оңай шаруа емес. Әр оқушының көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын жан болу екінің қолынан келе бермейтін дүние. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп қой. Бірақ, менің ойымша, ұстаздардың зор еңбегі біздің заманда аса бағаланбайтын сияқты. Ешкім де ұстаз болуға аса\ұмтылмайды. Бірақ, "осындай ұстазым бар менің" деп ауыз толтырып, үлкен мақтанышпен айтатын апайларым бар-ақ Оларға деген сыйластығым да ерекше. Әр кез демеп, ақыл-кеңесін аямайтын сондай жандардың барына мың шүкір. Өз қызметін міндетсінбей, адал атқаратын олардың алдына бас ие бергің\келеді. Мен осы кәделі кәсіптің етегін ұстаған мұғалім болдым. Білім ғана бермей, оқушыларды үлкен өмірге дайындайтын ұстаз боламын. Бұл менің асқақ арманым, болашағым… Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру – педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің бірігуін талап етеді. Тұлғаға бағытталған білім - оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдайы. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің/қалыптасуы/тиіс. Педагог-ғалым Ахмет Байтұрсынов «Мектепке бірінші керегі – мұғалім, екінші оқыту ісіне керек құралдар, үшінші – бағдарлама және оқулықтар» деп басып айтқан. Ал, есімі баршамызға белгілі «аққан жұлдыз» атанған Ш.Уәлиханов «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген болатын. Олай болса оқу-тәрбие ісінің табысты, білімнің керек болуы мұғалімнің сабаққа мұқият дайындығына байланысты деп ойлаймын. Өз іс тәжірибемде нәтижеге қол жеткізіп отырған М. Жанпейісованың деңгейлік оқыту технологиясы, ол баланың жеке мүмкіндігіне, деңгейлік тапсырмаларға негізделеді. Олар: 1. Оқушылардың білім деңгейін бақылау алу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 158 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.08.2020 1047
    • DOCX 261.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Софронова Ольга Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Софронова Ольга Владимировна
    Софронова Ольга Владимировна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 71881
    • Всего материалов: 231

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 444 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек