Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыДоклад на тему "ДІН МЕН ДӘСТҮР - РУХАНИ ҚАЗЫҒЫМЫЗ"

Доклад на тему "ДІН МЕН ДӘСТҮР - РУХАНИ ҚАЗЫҒЫМЫЗ"

Скачать материал

ДІН МЕН ДӘСТҮР - РУХАНИ ҚАЗЫҒЫМЫЗ

АБИЛДАЕВА АЙНУР АБДИХАЛИКОВНА

№78 орта мектептің қазақ тіл пән мұғалімі

Әркімнің өз қазығы - адамның өскен ортасы, одан  алған жақсы тәрбиесі,рухани құндылықтары, ұлттық салт-санасы, имандылығы бар. Көктегі шоқжұлдыздар үшін Темірқазық  қандай маңызды болса, адамға да  жол көрсетіп, жарық шашар діні мен ұлттық дәстүрі сондай маңызды. Ұлттық  ділі мен діні толыққанды болған жан  рухани басқыншылыққа төтеп бере алады.Қазақ  қазақ болғалы  оның әр заман , әр ғасырлардағы ұлттық мемлекетінің тұғыры Ислам діні негізінде қалыптасқан ұлттық мәдениетіміз бен ұлттық менталитетіміз болып келген. Сол замандардан бастап ұлттық сана-сезімі, салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті асыл дініміздің құндылықтарымен астасып, ажырамай дамыды. Ислам діні қазақ хандарының идеологиялық бағыты  болды, мемлекеттік дініне айналды. Дін мен салт -сананың  үндестік үйлесімділігі  дегеніміз қасиетті ислам дінін қабылдаған кезден  бастап ата -бабаларымыздың сан ғасырдан бері  діни тәжірибесі арқылы  тіршілік- түйіткелдерін  тірнектеп реттеген,  бағыттап қалыптастырған әдет -ғұрпы салт -дәстүрі болмақ. Біз салт-дәстүр дегенде тек қана мәдени әдет-ғұрыптарымызды ғана емес, сонымен бірге ұлттық мінез-құлық қағидаларын, әдептілікпен, адамгершілік қағидаттарына айналған моральдық ұстанымдарын,тағылымды тәрбие ұстанымдарын, даналықты, ізгілікті насихаттайтын сан ғасырлық мұраларымызды айтамыз. Осы мұраларымызды көздің қарашығындай  қорғап, кәдеге асырған жағдайда ғана ұлттық болмысымызды сақтап қаларымыз анық.Қоғамдағы ізгі рухани құндылықтарды сақтап қалу бүкіл әлеуметтің ортақ міндеті. Біздің қазақ  рухани  мәдениетінің қоры жағынан әлемдегі ең бай халықтың бірі . Ұлттық сана арқылы қалыптасқан  діни сананы  улайтын әртүрлі «вирустардан» қорғаудың алдын алу жолдары көп.Оған қарсы қолданатын «антивирустың» бірі де бірегейі - қазақы дүниетаным, қазақ фольклоры, ақын -жыраулар мұрасы, Абай,Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Ыбырай Алтынсарин сынды  ойшылдардың ілімдері,ұлтымыздың классик тұлғаларының  жауһар туындылары.      Алланың пайғамбардың жолындамыз,                                                                                                                                                                                         

                              Ынтамызды бұзбастық иманымыз, -  деп   халқымыздың  мұсылман  екенін мақтанышпен  жырға қосқан  Абай  жайлы  Х.Сүйіншалиев: «Абай қалдырған ұлы мұралар өз дәуірінің алуан түрлі  мәселелерін қамтыды,  сол кездегі қазақ елінің шын сырын ашты» деген.  Дала ділмарының  қара сөздерінде   қолданылған хадистерін қарастырар  болсақ: «Құдайшылық сонда  қалпыңды ( қалып арабша  «қалб» жүрек  дегенді  білдіреді ) таза сақта, Құдай тағала қалбыңа әрдайым  қарайды  деп кітаптың айтқаны осы,- депті».  Абай қолданған  хадистің  толық  мәтіні «Шындығында,  Алла тағала сіздердің - бейнелеріңізге және дүние- мүліктеріңізге қарамайды, ең алдымен  жүректеріңізге және іс- әрекеттеріңізге қарайды»(Ибн Мажа, Зұхд 9)                                                                                Ыбырай Алтынсарин шығармаларын парақтағанымызда   кейбір түйінді тұжырымдарын  хадистердің  өзегінен  тамыр тартқанын байқаймыз. Мысалы,ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Бисмилләһпен басталмаған  әрбір істің соңы келте» деген хадисіне сүйеніп ақын насихатын былай келтіреді: Істің  болар қайыры, Бастасаңыз алдалап. «Қажеттіліктеріңді  абыроймен табыңдар, себебі барлық нәрсе Аллаһтың жазуымен болады»- деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)хадисіне орай  Ыбырай атамыз да былай деген:  Адамға бір өзіңдей көзіңді  сүзбе,Бір әділ қазынасы кең патшаны ізде. Қорексіз еш пендесін қалдырмайды, Жаратқан бір тәңіріңнен күдер үзбе.                                                          Шығармаларын хадис және сүннетпен безендірген қазақ ойшылдарының бірі Шәкәрім өлеңдеріне терең бойлаған сайын, даналық пайымдауларында  хадистерді ойына қазық, тіліне тиек еткенін аңғарамыз. Мысалы ақын:  Біреудің мінін кешірсең , саған да құдай кешеді,- деп ой түйеді. Ал ақынның осы ойына қазық болған мына хадис екені белгілі: «Кішіпейіл кешірімді болсаңдар, Аллаһ та сендерге кішіпейіл кешірімді болады»                                                                        Біз имандылыққа шақыру дегенде тек құлшылыққа,ғибадатқа шақыруды ғана айтпаймыз.Ең алдымен  халқымызда бар әдептілікке, жақсы мінез-құлыққа, адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасқа,мейірімділікке, иманды тәрбиеге шақыруды айтамыз. Пайғамбар да өзінің адамзатқа елші етіп жіберілуінің ең басты мақсаттарының бірі көркем мінез-құлықты толықтыру екендігін баса айтқан.Құран Кәрімнің «Қалам» сүресінің 4 - аятында«Сен керемет  көркем мінез- құлыққа иесің» десе, Пайғамбарымыз(с.ғ.с.): «Мен әсем ахлақты толықтыру үшін жіберілдім» деген. Құрметті Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  алдыңғы Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде  Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттеріміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт -дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше бүгінгі ұрпақта әлемдегі ең ізгі дін -Ислам дінін  қадірлей отырып ата дәстүрін ардақтаған абзал. Біз  мұсылман үмметінің бір бөлігі  екенін мақтан тұтамыз. Ол- біздің дәстүріміз» дегендей, қазіргі қазақ қоғамында  жастарды имандылық жолдарына тарту,қазақтың ізгілік дәстүрлерін қайта жаңғырту болып табылады. Дәстүріңді баққаның- үмітіңді жаққаның. Салт - дәстүріне,   ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген елдің іргесі берік, келешегі кемел. Ғұрып сөзі  арабтың«ғұрыф» сөзінен келіп шығады. Тілдегі  мағынасы  жақсы , көркем  және жағымды іс дегенді білдіреді. Терминдік  қолданыстағы анықтамасы, «ол белгілі бір қоғамның күнделікті өмірінде сөзге немесе іске қатысты  үйреніскен  және қалыптасқан  жағдайлары». Іске қатысты  болған  ғұрыпты фиқһ негіздері саласының  ғалымдары«ғұрып ғамали» яғни істік ғұрып,  сөзге байланысты  болғанын «ғұрып қаули»,яғни сөздік ғұрып деп атайды.Ал әдет сөзі арабтың  «ғадат» сөзінен шығады.Қайта келу,қайталау,жалғасу секілді мағыналарды білдіреді. Демек,«әдет -ғұрып  белгілі бір  қоғамдық әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез- құлқының, тұрмыс- тіршілігінің  бұлжымас қағидаларына айналған жөн -жосық, жол -жоралғы» «Мұсылмандардың жақсы деп тапқан нәрсесі Алла құзырында да жақсы» хадисі әдет-ғұрыптың діни бір дәлелі болғандығын көрсетеді.Усулул фиқһ (фиқһ негіздері) кітаптарындағы ғұламалардың«әдет- ғұрыптың шариғатта орны бар», «әдет-ғұрыппен бекітілген нәрсе насспен (аят-хадиспен)бекітілген  нәрсе сияқты»деген қағидалары әдет-ғұрып маңыздылығын  белгілейді.Қазақтың  дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері  ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады.Халқымыздың салт -дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқанын байқаймыз.Дүниеге келген баланың азан шақырылып ат қойғанынан  бастап,дүниеден өткен адамның жаназасын оқып, жер қойнына бергенге дейін, яғни тал бесіктен жер бесікке дейінгі  аралықта көптеген дәстүрлеріміздің  Исламнан нәр алғанын байқайсыз.                                                                                                                                            Қазақтың ең үлкен  дәстүрлі тойларының бірі – шілдехана. Бұл дәстүр жаңа туылған баланың туылғанына қырық күн толғанда жасалады.Шілдехана сөзі парсы тілінен енген. Шил – «40»,  хана – «той» деген мағынаны білдіреді.Яғни босанған әйелге 40 күн толған күні ел-жұрт жиналып, үлкен той жасап, нәрестені бесікке салады. Баланың дүниеге келуі – тек бір ғана отбасының емес,бүкіл ауылдың, елдің қуанышы болған.Атам қазақтан:«Балалы үй – базар, баласыз үй –мазар»деген сөз қалған. Сондықтан да, ата-бабаларымыз сәби дүниеге келген кезде салт-дәстүр бойынша жаңа туылған нәрестеге арнап қой сойған.Бұл дәстүр шариғатта «ақиқа»деп аталады.Ал қазақ салт-дәстүрі бойынша«қалжа» делінеді.Атаулары бөлек болғанымен негізгі атқаратын міндеттері бірдей. Яғни, туылған нәрестенің амандығы және де жаңа босанған әйелдің күш жинап, әлденіп алуына да пайдасы мол. Қалжаға «ақиқа»қойы ер балаға екі, не бір қой соятын болған.Ал қыз балаға бір қой сойылған. Өйткені, ер бала қыз балаға қарағанда қомағайлау болатындықтан,(анасын көбірек емеді)екі қой сойылатындығы айтылады. Сонымен қатар,бұл үрдіс жаңадан босанған әйелдің аяқ-қолын бауырына алып, ыстық сорпа ішіп,өзіне-өзі келу мақсатында жасалады. Мұндай қамқорлық ертеңгі күнгі баланың дұрыс өсіп, қалыптасуына және әйелдің денсаулығы мықты болуына тигізер әсері көп.Тағы бір  мәселе – сойылатын қой семіз әрі күтімді болуы  тиіс. Ата-бабаларымыз  босанған  әйелді  40 күн бойына жылы үйде ұстап, ерекше күтім жасаған. Асыл  дініміз Исламда да әйел босанған уақыттан бастап,40 күн бойы бірқатар жеңілдіктер берілген. Яғни,етеккірі кезінде намаз оқымайды,ораза ұстамайды.                                                                 Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші болып сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу кісіге,жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Екі қазақ кездесе қалғанда  жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассалаумағалейқұм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайкумассалам!» деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі аман-саулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады. Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділіктің бір  көрінісі — үлкен кісінің есіміне әке (еке) сияқты жұрнақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек — Қазеке, Диқан — Дәке, Бауыржан — Бауке сияқты айтылады. Мұны XX ғасырдың бас кезінде белгілі орыс ғалымдарының бірі Л. Баллюзек  те байқаған:  «Қырғыздардың сыпайылығы, кішіпейілділігі мен әдептілігінің бір көрінісі — жасы үлкен кісілердің есіміне еке (әке) сөзін қосып айтуы».                                                                                                              Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз  тигізбейінше жібермейтін—«Қуыс үйден құр шығармайтын». Қызылорда өңірі Ұлы Жібек Жол бойында орналасқандықтан керуендер толассыз өтетін болған.Мал шаруашылығымен  айналысып отырған ел сауап үшін  арнайы ас әзірлеп қойған. Мақсаты, жолдан шаршап шалдыққан кісіге ас-су әзірлеп қонақ  етіп күтетін. Құдайы қонақ  дәстүрі әлі де шет ауылдарда жалғасын тауып келеді.Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы  дастарқанға  шақырып,  ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа  қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас  орнатуға ықыласты болатын.Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. Оның мәні кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқынынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек көрсетуі болып табылады. Олар зардап шеккен жандарға қолдарынан  келгенінше мал береді, киім-кешек, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ жағынан көмек  көрсетеді, бастарына шаңырақ көтеруіне жәрдемдеседі.Мұның өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны ашынғандықтың, қамқорлық жасағандықтың  көрінісі еді. Мүмкіндігі бола тұрып, ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс ру ішінен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай жазаға кесілгендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете алмайды.  Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі — асар. Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір   жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі.Асар ауылдас отырған рулас адамдардың туысқандығы мен ынтымақ бірлігінің жарқын көрінісі болып табылады. Асарға шақырылғанда оған бармай қалу әдепсіздік саналатын. Қазақтар XX ғасырдың бас кезінде осы әдет-ғұрыпты пайдаланып көптеген жерлерде зайырлы  мектептер  және  мешіттер  салып алды. Әрбір қазақ суға кетіп бара жатқан адамға жәрдем қолын созуға,  қиналған адамның өтінішін орындауға, шөлдеген адамға сусын беруді міндет деп білген.  Мәселен, біздің өңірде малы тумаған, қысыр қалған  үйлерге ағарған, сүтті сатпайтын. Сондай -ақ, дәулетті адамдар уақытша сауын мал беріп,сауап алса, екінші жағынан тұмса малды жуасыту болып табылған.Рулас адамдар жоғалған немесе ұрланған малды бірлесе іздеген.  Дала тұрғыны өте-мөте мұқтаж, кейінге қалдыруға болмайтын шұғыл міндетті орындау қажеттігі туған жағдайда кез келген қазақтың жылқы қосынан ат ұстап мініп кете беруге   құқықты болған. Бұл үшін ат иесінен рұқсат сұрау міндетті емес-ті. Ондай кезде  көлік беруден бас тартқан адамға ат-тон айып салынған және ол туралы жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасқан. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) Мединеге келген кезде  Әбу Аюб әл -Ансаридің үйінде  тұрады.Үй иесі  Пайғамбарымыздан(с.ғ.с) қалған  тамаққа ықыласты болып, әзіз қолдары тиген асты құрметпен жейтін болған.Осы дәстүр әлі күнге дейін жалғасын табуда. Ас асату- әдет- ғұрпы бойынша ауылдың қариялары не құрметті қонағы жас балаларға, үй иесіне ет асатады. Халық сенімі бойынша,сол адамның  қолында береке бар деп сенген. Әйелдер үйде қалған балалары  мен жақындарына мереке-тойларда барған  жерлерінен  сарқыт ала келеді.Мұның өзі,бір жағынан,тағамға деген құрметті білдірсе, екінші жағынан,болып өткен мереке тойлардан үйде қалғандардың да дәм татып, қатысты болғанын сезінуге тәрбиелейді. Қазақтарда көптен бері көрмеген жақын-туыстарына қымбат бағалы заттардан, әдемі естелік бұйымдардан, қазы-қарта, мүшелі жіліктерден, сүр еттерден  сәлемдеме  беріп жіберу әдет-ғұрпы да болған. Сәлемдемені алған жақ шын ниетімен разы болып, ізгі батасын беретін. Базарлықтар мен сыйлықтарды туған-туыстар, дос-жарандар мен көрші-қоландар өзара бөлісетін. Ауыл тұрғындары бір-біріне қуанышты  хабар жеткізгенде  сүйінші  сұрайтын әдет-ғұрып та болған. Қуанышты хабар жеткізген адамға жақсы сыйлық жасалатын.Саят құру кезінде жас аңшы бағалы олжасын өзімен бірге аңға шыққан адамдардың  жасы үлкен ақсақалына  байлайтын.Ақсақал алақан жайып,батасын береді. Бата беру әдет-ғұрпы  сар даламызда кеңінен етек алды.Ол әрбір іске кірісер алдында  міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам өзгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді.Батаны жасы үлкен  адам  немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс.Бата беруші Жаратушы Алладан бақытты өмір, материалдық  байлық,әрбір істе табысты болуын тілейді.Бата беру «әумин»деген сөзбен  аяқталады.Бата адамдарды лайықсыз,теріс қылықтардан сақтандырады,ол жастарды,ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. Ислам дінінің таралуына байланысты бұл дәстүр бұрынғысынан да күшейе түсті. Қайтыс болған адамның үй-іші мен туған-туыстарына көңіл айту кезінде де бата беріледі, марқұмның өзіне де, артында қалған үрім-бұтағына да ізгі тілектер білдіріледі. Қазақта ежелден бар тұрмыстық әдет-ғұрыптың бірі - ажырасу көже. Оның мәні ауылдың бір түрғыны басқа бір алыс жаққа көшіп кетерде ағайын-туғандарымен, көрші-қолаңдарымен қоштасу ретінде ажырасу аяқ деп аталатын тамақ беруінде болатын. Ауылдастарына айтпай, үн-түнсіз көшіп кету көргенсіздік, тәрбиесіздік саналатын. Ал көшіп бара жатқан жақ өздерінің туған-туыстарына, құрметті ауылдастарына көзіміздей көріп жүріндер деп, естелік сыйлықтар қалдыратын. Ал ауылдастары өз кезегінде  ризашылығын білдіріп, көш көлікті, барған жердегі қоныстарың құтты болсын айтысып, ақсақалдар ақ баталарын беріскен. Исламның дәстүрімізге сіңіп кеткені сонша, көптеген мақал - мәтелдер  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінен алынған. Мысалы, «Үйден бұрын көрші тап, жолға шықпай тұрып жолдас тап»деген хадис бар. Халқымыз осы өсиетті  нақылға айналдырып: «Сапарға  шықпас бұрын серігіңді сайла, үй алмас бұрын  көршіңді ойла» деген. Хадисте : «Асықпау -Рахманнан , асығу- шайтаннан »делінсе, халық арасында: «Асығыс - шайтанның ісі» деген нақыл кең тараған. Сондай-ақ, «Кеңес қылған ел азбас»деп пайғамбарымыз өсиет етсе,осы хадисті халқымыз өмірінің өзегіне айналдырып,бертін келе мақал ретінде айтылып,тіпті, қасына ұйқасын  келтіріп  былай деген: «Кеңес  қылған  ел азбас, кеңінен пішкен тон тозбас».                                                                                                                          Демек,  қазақ даласына келген Ислам діні сонау заманнан дәстүрімізге сіңіп кеткені сонша- дін мен ділдің ара  жігін ажырату қиынға соғады. Жас ұрпақтың санасына дініміздің мөлдір шықтарын сіңіру үшін отбасы, ошақ қасында ұлттық тәлім -тәрбиемізді ұмытпауымыз керек.  

 

  Статья написана соблюдая все требования инструкции.   По заданной теме была точно раскрыта  связь между традицией  исламской религии и обычаем казахского народа. В том числе,  о большой роли  соблюдения местной традиции  в воспитании подрастающего поколения. Были  приведены примеры  из  Корана и священного хадиса,  слова назидания  Абая и Шакарима Кудайбердиева, Ыбырая Алтынсарина.

                                

                   Қолданылған әдебиеттер:

1.      «Иман» журналы  №3(116) 2014 жыл

2.      Дәстүрлі  дін және салт дәстүр.  «Ақмешіт  Баспа үйі»

3.      Хадис -ғұрпымыз, сүннет- салтымыз.   Ш.Әділбаева 2011

4.      «Ислам  өркениеті»   газеті

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "ДІН МЕН ДӘСТҮР - РУХАНИ ҚАЗЫҒЫМЫЗ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 145 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.09.2020 273
    • DOCX 39.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Остапова Александра Игоревна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Остапова Александра Игоревна
    Остапова Александра Игоревна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 109805
    • Всего материалов: 253

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Письмо: методика подготовки учащихся к ОГЭ по английскому языку

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Повышение мотивации и эффективности обучения иностранному языку с помощью интерактивных тренажеров (на примере английского языка)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 088 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 297 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 841 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

After Effects: продвинутые техники

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе