Инфоурок Другое Другие методич. материалыДоклад на тему: "Қазіргі білім берудегі жаңаша көзқарасым"

Доклад на тему: "Қазіргі білім берудегі жаңаша көзқарасым"

Скачать материал

БҚО, Казталов ауданы

Бостандық ОЖББМ

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Жалмуханбетова Жазира Серикбаевна

 

Қазіргі білім берудегі жаңаша көзқарасым

 

Педагог кадрлар біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясындағы үшінші базалық деңгей курсын аяқтап, мектептепке үлкен жоспармен қайта оралдым. «Көңілде көп арман...» енді кездесетін барша кедергілерге сабырлылықпен, өте үлкен төзімділікпен жайлы жауап беріп, іске кірісу ғана қалды. Жаңа формадағы сабақ түрлері, деңгейлік тапсырмалар беру жолдары, күрделі тапсырмаларды орындатуда оқушыларды жігерлендіру біз үшін өте маңызды  жағдай. Әрине, маған бағыт беретін, мен ақыл кеңес сұрайтын, әрдайым ойымда жүретін тренерім, ол: Хайруллина Айгуль Болатқызы

Алғашында бірінші кездесуіміз оңай болмағаны анық, мен неден бастарымыды білмей абдырағанымы рас. Бұрын дәстүрлі сабақ беру кезеңінде ертеңгі сабаққа міндетті түрде дайындалатынмын. Қазір байқағаным, ол дайындық аз болып көрінентін секілді, өйткені жеті модульді басшылыққа ала отырып, қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспарлауда жаңаша, тың идеялармен жасаймын. Сабақта жеті модульдің барлығын қамти алсақ,  сабағым  тиімді болмақ. Сонымен бағдарламаның жеті модулі:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардыңжас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.

            Сабақты жоспарлауда түрлі кедергілерге тап болғанда әріптестерім әрдайым көмекке келетін. Өйткені әр минутымызды есептеп, деңгейлік сұрақтарды, нақты: кімге қайсысын береміз, олардан неше минуттан соң жауап аламыз, әрбірінің жауабы қаншаға созылуы мүмкін, Блум жүйесі бойынша қай биіктігін бағындырып отырмыз, бағалаудың критерийін дұрыс құрдым ба?, сабақ мақсатына жетті ме? Сынды сұрақтар мені алғашында көп мазалайтын. Жалпы ағылшын тілі пәнінен бергендіктен өзім дарынды оқушыға қандай тапсырма берем, олардың бағалау критерийлері көп алаңдататын. Осындай сәтте өзімінің бірге оқыған әріптестерім өздерінің көмегін аямайтын, әрдайым пікір алмасып отырамыз.

Өзімді бүгінгі таңда  «керемет  ұстазбын» деп  айту  астамшылық  болар  деп  ойлаймын.  «Ұстаз»  деген  ұлы  атаққа  ие болу үшін  әлі  талай  маңдай тер төгіп, үздіксіз еңбектеніп ,талай - талай  белестерді  бағындыру керектігін  мойындаймын.

          Ал, мен – заман ағысысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып, қалыптасып  келе   жатқан  қатардағы  мұғаліммін.

       «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций.

          Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды.

          «Жаңа сабағың өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек»- дегендей, мен де әр сабағымда  балалардың  қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді  топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлаудың әдістерін, диалог арқылы оқыту, АКТ сынды модульдерді кеңінен қолданып келемін. Дәстүрлі оқыту барысында сабақ бір сарынды, жаттанды түрде, нашар оқитын оқушы сабаққа қызықпады, сабақта оқушы арасында қарым қатынас, шығармашылықпен жұмыс аз болды, еркін сөйлемеді, өз ойын ашық айта алмады. Сабақта өзім тақырыпты айтып, оны талдап, өзім бағалап, қорытындыны өзім жасап отыратынмын. Сындарды оқытуда оқушы өзі сөйлейді, шығармашылықпен жұмыс істейді, бағалау критерийлерін, жалып 7 модульді сабақта пайдалануға тырысады. Мысал ретінде сындарлы оқыту теориясы бойынша өткізілген сабағымның талдауы:  5 сыныпқа өткізген “Whose T-shirt is this?” сабағымда  тіл тосқауылын жеңу мақсатында  жаңа сөздерді оқушылар кезекпен-кезек оқыды. «Уақыт шеңбері» арқылы оқушылар дөңгелек құрып тұрды,  мен жаңа сөзді қазақша айтамын, оқушы аударып, әріптеп айтады. Мысалы: a sock (s-o-c-k), a T-shirt (T-s-h-i-r-t), trainers (t-r-a-i-n-e-r-s), jeans, skirt, roller-skates, an anorak, trousers, a shirt, a tie, a cap, a  pullover, a blouse, a jacket, shoes, a hat, a dress. Венн диаграммасын құруда оқушылардың:

- танымдық қызметі қалыптасты;  

- ойлау қабілеті артты;

- ағылшын тілінде айтып беруді үйренді;

- алған білімнің түйінін таба алды.

                Қыздар                                    Ұлдар

                  киімі              Ортақ                киімі

 

 

 

 

 

 


          

Оқушыларға жұппен жұмыс («жұптас - ойлан -бөліс» (pair -think - share) берілді. Сурет салып, суреттеу. Мысалы: Capы. Қалпақ. Түсі қандай, кім киеді, кімдікі. Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмысын топта талқылады, бірін-бірі сыни бағалады.

            Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.

          5 сыныпта өткізілген әрбір  сабағымда диалогтік оқыту әдіс-тәсіліне көп көңіл бөліп отырдым.  Ағылшын тілі сабағында қарым-қатынасқа түсу, сабақ үстінде сұрақ-жауап алу, өз ойларын ашық айтқызу ол күнделікті қайталанатын нәрсе. Сабағымда оқушылар кіріспе бөлімінде үй тапсырмасы бір-біріне сұрақтар қою арқылы сұралды. Мұнда оқушылардың ойлары жинақталған, жоғары мәртебелі сұрақтар қоюмен көзге түсті. Оқушыларды көңілді үш түрлі түсті (қызыл, сары, көк) смайликтер арқылы топқа бөлдім. Оқушылар өздеріне берілген көңілді смайликтер арқылы өз топтарына барып жайғасып, құралдарын шығарып, үй тапсырмасына дайындалды.

  Диалогтікті оқыту тәсілін қолданған кезде жеткен жетістіктерім:

- Оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанды;

- Пәнге деген қызығушылықтары айқындалды;

- Сыни тұрғыдан ойлануға үйренді;

-Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауға үйренді.

          Өз тәжірибемде АКТ- ны ағылшын тілі сабағында үнемі қолданамын.  5 сыныптағы «Whose T-shirt is this?» тақырыбындағы кітаптағы 59 беттегі 13 жаттығуды интерактивті тақтада орындау негізделді. Интерактивті тақтада (флипчарттағы кітапхана) пайдаланып, қаламды дұрыс қолдана отырып, тақтада берілген баламен қызды киіндіру және оны суреттеу тапсырылды. Бұл тапсырманы орындауда Шерхан мен Тоғжан, Ұлан, Төрежан, Сәулет өздерінің ептілігі, икемділігі арқасында берілген суреттерді талғамға сай киіндіріп, оларды суреттеуде  сілтеу есімдіктерінің жекеше және көпше түрін қолданды. Мысалы: This is my head. This is my hand. This is a dress. These are trainers etc. Оқушылар бұл тапсырманы қызығушылықпен орындады. Сабақ барысында оқушылар электронды оқулықты тыңдап, өткен материалды естеріне түсіріп, қайталап, сабақта тиімді қолдана білді. Сонымен қатар осы сабақта тіл тосқауылын жеңу мақсатында интерактивті тақтада аудио жазбаға жазылған жаңа сөздерді суреттер арқылы тыңдады. Жаңа сөздерді оқушылар кезекпен-кезек оқыды. Мұндай жұмыстар  оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын. Келесі тапсырма бейне роликтен ән шырқау кезінде интерактивті тақтаны қолданғанымыз көрінді.  «The blue coach» әнін  оқушылар көткріңкі көңіл күймен шырқады. Ағылшын тілі сабағында АКТ-ны қолдану өте тиімді. АКТ-ны қолданудың тиімділігі оқу материалдарының сапасы артады, оқушылар өз бетінше ізденуге, топтасып жұмыстануға, шығармашылық тапсырмаларды шапшаң, нақты орындай алады. АКТ- ны білу әр адамның өзіне байланысты. Өз тәжірибемде АКТ-ны сабақтарымда жиі қолданамын.

           Курс барысында мен  «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»  тақырыбында алған теориялық білімімді тәжірибеде қоланғанда оқушыға тиімді болды. Әр оқушы өзіне қажеттісін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстанады, талпынады, ізденеді, құлшынады, ынталанады, яғни көштен қалмау үшін барлық іс –әрекеттер мен қабілет, дарынын жұмсайды.                 

           Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейде қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. (Нұсқаулық, 57-58 бет)

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың өзара және өзін- өзі бағалау формаларын енгізу  маңызды рөл атқарады.  «Whose T-shirt is this?» тақырыбы бойынша   өткен сабағымда  оқушылардың  топпен бағалауын  енгіздім. Ол үшін  бағалау  парағын критерий арқылы жасап, әр топқа үлестіріп бердім. Мысалы, бағалауда қызыл смайлик тобының топ басшысы Тоғжан өзінің тобындағы Шерханды төменде берілген критерийлер бойынша сыни бағалады. 1.Үй тапсырмасының орындалуына Шерханға өте жақсы баға қойылды, өйткені ол тапсырманы дұрыс орындаған, 2. Жаңа сөздікті меңгеруіне Шерханға өте жақсы деген баға қойылды, сабақта орындалған тапсырмаларды ол жауапкершілікпен, тиянақтылықпен орындады. 3.Cұрақтарға нақты жауап беруінде Шерхан өз ойын ашық айтты,  АКТ-ні қолдана алды, топта, жұпта, жеке жұмыс орындауда көшбасшылық танытты және нәтижесінде «Оқушылардың арнай қателерді бағалауы» стратегиясы арқылы бағалады. Бағалауда Не дұрыс емес? Неліктен дұрыс емес? Қалай түзетуге болады? деген сұрақтарға жауап беру арқылы сыни бағаланды.

Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:

А) бақылау;

Ә) алынған мәліметтердің интерпретациясы;

Б) бұдан арғы іс- әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау (Нұсқаулық, 57 бет).

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы нақтылыққа, әділдікке, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеп, өзін жеке тұлға ретінде қабылдап, өз пікірін дәлелдей алуға үйретеді.

         Өз пәнімді оқытумен ғана шектелмей,  сонымен қатар  оқушымен арадағы ынтымақтастықтың қалыптасуына да мән бердім. Оқу мен оқытуда белгілі бір деңгейде табысқа жету үшін оқушылар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуі керек. Оқушы бойында өзіне деген сенім мен ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында алғашқы «Уақыт шеңбері» тренингін пайдаландым. 5 сыныбымның оқушылары  қозғалғыш,  бірақ ұйымшыл.

Сабақ барысында оқушыларыма топ ережелерін жасаттым. Алдымен олар жеке топ ережелерін шығарып, кейін ойларын біріктірді, постерға  3 топтың ережелерінен бір ереже құрып іліп қойдық. Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыруда бұрын көп араласып, әңгімелесе бермейтін оқушылар Мейрамбек, Сәулет, Назерке топтық жұмыстар барысында, ынтымақтастық, ұйымшылдық қарым – қатынас пайда болып, нығая  түсті. Оқушыларым  бір – бірімен жұмыс істегенде өздерін өте жайлы сезінеді, достық қарым – қатынас орнаған сынып деп толық айта аламын. Сыныпта ынтымақтастық, достық қарым қатынас, жайлы атмосфера қалыптасса саналы тәрбие, сапалы білім қалыптасады деп ойлаймын.

          Қорыта айтқанда бұл сабақта оқушылар интербелсенді тақтаны бұрыннан пайдаланып жүргендіктен, оларға көп қиындық туғызбады. Сабақ кезінде үш топта белсенді жұмыстанды. Кейбір тапсырмаларды бөліп алып, «сен мынаны орындайсын, мен мынаны орындаймын»-деп, топ арасында бір шешімге келіп сабаққа деген қызығушылығы, ынтымақтастық атмосферасы орнады. Барлық топ тапсырмаларды орындап болғасын топ басшысы мұғалім берген критерийлер бойынша өз тобын бағалап шықты. Кейбір оқушыларға сын айтылған кезде де, олар өз қателіктерін түсініп, қойылған бағаға риза болды. 

           Т. Г. Браже «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»

          Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.

       

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему: "Қазіргі білім берудегі жаңаша көзқарасым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

БҚО, Казталов ауданы Бостандық ОЖББМ Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жалмуханбетова Жазира Серикбаевна Қазіргі білім берудегі жаңаша көзқарасым Педагог кадрлар біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясындағы үшінші базалық деңгей курсын аяқтап, мектептепке үлкен жоспармен қайта оралдым. «Көңілде көп арман...» енді кездесетін барша кедергілерге сабырлылықпен, өте үлкен төзімділікпен жайлы жауап беріп, іске кірісу ғана қалды. Жаңа формадағы сабақ түрлері, деңгейлік тапсырмалар беру жолдары, күрделі тапсырмаларды орындатуда оқушыларды жігерлендіру біз үшін өте маңызды жағдай. Әрине, маған бағыт беретін, мен ақыл кеңес сұрайтын, әрдайым ойымда жүретін тренерім, ол: Хайруллина Айгуль Болатқызы Алғашында бірінші кездесуіміз оңай болмағаны анық, мен неден бастарымыды білмей абдырағанымы рас. Бұрын дәстүрлі сабақ беру кезеңінде ертеңгі сабаққа міндетті түрде дайындалатынмын. Қазір байқағаным, ол дайындық аз болып көрінентін секілді, өйткені жеті модульді басшылыққа ала отырып, қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспарлауда жаңаша, тың идеялармен жасаймын. Сабақта жеті модульдің барлығын қамти алсақ, сабағым тиімді болмақ. Сонымен бағдарламаның жеті модулі: 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 4.Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6.Оқушылардыңжас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 7.Оқытуды басқару және көшбасшылық. Сабақты жоспарлауда түрлі кедергілерге тап болғанда әріптестерім әрдайым көмекке келетін. Өйткені әр минутымызды есептеп, деңгейлік сұрақтарды, нақты: кімге қайсысын береміз, олардан неше минуттан соң жауап аламыз, әрбірінің жауабы қаншаға созылуы мүмкін, Блум жүйесі бойынша қай биіктігін бағындырып отырмыз, бағалаудың критерийін дұрыс құрдым ба?, сабақ мақсатына жетті ме? Сынды сұрақтар мені алғашында көп мазалайтын. Жалпы ағылшын тілі пәнінен бергендіктен өзім дарынды оқушыға қандай тапсырма берем, олардың бағалау критерийлері көп алаңдататын. Осындай сәтте өзімінің бірге оқыған әріптестерім өздерінің көмегін аямайтын, әрдайым пікір алмасып отырамыз. Өзімді бүгінгі таңда «керемет ұстазбын» деп айту астамшылық болар деп ойлаймын. «Ұстаз» деген ұлы атаққа ие болу үшін әлі талай маңдай тер төгіп, үздіксіз еңбектеніп ,талай - талай белестерді бағындыру керектігін мойындаймын. Ал, мен – заман ағысысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып, қалыптасып келе жатқан қатардағы мұғаліммін. «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. «Жаңа сабағың өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек»- дегендей, мен де әр сабағымда балалардың қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлаудың әдістерін, диалог арқылы оқыту, АКТ сынды модульдерді кеңінен қолданып келемін. Дәстүрлі оқыту барысында сабақ бір сарынды, жаттанды түрде, нашар оқитын оқушы сабаққа қызықпады, сабақта оқушы арасында қарым –қатынас, шығармашылықпен жұмыс аз болды, еркін сөйлемеді, өз ойын ашық айта алмады. Сабақта өзім тақырыпты айтып, оны талдап, өзім бағалап, қорытындыны өзім жасап отыратынмын. Сындарды оқытуда оқушы өзі сөйлейді, шығармашылықпен жұмыс істейді, бағалау критерийлерін, жалып 7 модульді сабақта пайдалануға тырысады. Мысал ретінде сындарлы оқыту теориясы бойынша өткізілген сабағымның талдауы: 5 сыныпқа өткізген “Whose T-shirt is this?” сабағымда тіл тосқауылын жеңу мақсатында жаңа сөздерді оқушылар кезекпен-кезек оқыды. «Уақыт шеңбері» арқылы оқушылар дөңгелек құрып тұрды, мен жаңа сөзді қазақша айтамын, оқушы аударып, әріптеп айтады. Мысалы: a sock (s-o-c-k), a T-shirt (T-s-h-i-r-t), trainers (t-r-a-i-n-e-r-s), jeans, skirt, roller-skates, an anorak, trousers, a shirt, a tie, a cap, a pullover, a blouse, a jacket, shoes, a hat, a dress. Венн диаграммасын құруда оқушылардың: - танымдық қызметі қалыптасты; - ойлау қабілеті артты; - ағылшын тілінде айтып беруді үйренді; - алған білімнің түйінін таба алды. Қыздар Ұлдар киімі Ортақ киімі Оқушыларға жұппен жұмыс («жұптас - ойлан -бөліс» (pair -think - share) берілді. Сурет салып, суреттеу. Мысалы: Capы. Қалпақ. Түсі қандай, кім киеді, кімдікі. Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмысын топта талқылады, бірін-бірі сыни бағалады. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады. 5 сыныпта өткізілген әрбір сабағымда диалогтік оқыту әдіс-тәсіліне көп көңіл бөліп отырдым. Ағылшын тілі сабағында қарым-қатынасқа түсу, сабақ үстінде сұрақ-жауап алу, өз ойларын ашық айтқызу ол күнделікті қайталанатын нәрсе. Сабағымда оқушылар кіріспе бөлімінде үй тапсырмасы бір-біріне сұрақтар қою арқылы сұралды. Мұнда оқушылардың ойлары жинақталған, жоғары мәртебелі сұрақтар қоюмен көзге түсті. Оқушыларды көңілді үш түрлі түсті (қызыл, сары, көк) смайликтер арқылы топқа бөлдім. Оқушылар өздеріне берілген көңілді смайликтер арқылы өз топтарына барып жайғасып, құралдарын шығарып, үй тапсырмасына дайындалды. Диалогтікті оқыту тәсілін қолданған кезде жеткен жетістіктерім: - Оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанды; - Пәнге деген қызығушылықтары айқындалды; - Сыни тұрғыдан ойлануға үйренді; -Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауға үйренді. Өз тәжірибемде АКТ- ны ағылшын тілі сабағында үнемі қолданамын. 5 сыныптағы «Whose T-shirt is this?» тақырыбындағы кітаптағы 59 беттегі 13 жаттығуды интерактивті тақтада орындау негізделді. Интерактивті тақтада (флипчарттағы кітапхана) пайдаланып, қаламды дұрыс қолдана отырып, тақтада берілген баламен қызды киіндіру және оны суреттеу тапсырылды. Бұл тапсырманы орындауда Шерхан мен Тоғжан, Ұлан, Төрежан, Сәулет өздерінің ептілігі, икемділігі арқасында берілген суреттерді талғамға сай киіндіріп, оларды суреттеуде сілтеу есімдіктерінің жекеше және көпше түрін қолданды. Мысалы: This is my head. This is my hand. This is a dress. These are trainers etc. Оқушылар бұл тапсырманы қызығушылықпен орындады. Сабақ барысында оқушылар электронды оқулықты тыңдап, өткен материалды естеріне түсіріп, қайталап, сабақта тиімді қолдана білді. Сонымен қатар осы сабақта тіл тосқауылын жеңу мақсатында интерактивті тақтада аудио жазбаға жазылған жаңа сөздерді суреттер арқылы тыңдады. Жаңа сөздерді оқушылар кезекпен-кезек оқыды. Мұндай жұмыстар оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын. Келесі тапсырма бейне роликтен ән шырқау кезінде интерактивті тақтаны қолданғанымыз көрінді. «The blue coach» әнін оқушылар көткріңкі көңіл күймен шырқады. Ағылшын тілі сабағында АКТ-ны қолдану өте тиімді. АКТ-ны қолданудың тиімділігі оқу материалдарының сапасы артады, оқушылар өз бетінше ізденуге, топтасып жұмыстануға, шығармашылық тапсырмаларды шапшаң, нақты орындай алады. АКТ- ны білу әр адамның өзіне байланысты. Өз тәжірибемде АКТ-ны сабақтарымда жиі қолданамын. Курс барысында мен «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында алған теориялық білімімді тәжірибеде қоланғанда оқушыға тиімді болды. Әр оқушы өзіне қажеттісін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстанады, талпынады, ізденеді, құлшынады, ынталанады, яғни көштен қалмау үшін барлық іс –әрекеттер мен қабілет, дарынын жұмсайды. Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейде қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. (Нұсқаулық, 57-58 бет) Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың өзара және өзін- өзі бағалау формаларын енгізу маңызды рөл атқарады. «Whose T-shirt is this?» тақырыбы бойынша өткен сабағымда оқушылардың топпен бағалауын енгіздім. Ол үшін бағалау парағын критерий арқылы жасап, әр топқа үлестіріп бердім. Мысалы, бағалауда қызыл смайлик тобының топ басшысы Тоғжан өзінің тобындағы Шерханды төменде берілген критерийлер бойынша сыни бағалады. 1.Үй тапсырмасының орындалуына Шерханға өте жақсы баға қойылды, өйткені ол тапсырманы дұрыс орындаған, 2. Жаңа сөздікті меңгеруіне Шерханға өте жақсы деген баға қойылды, сабақта орындалған тапсырмаларды ол жауапкершілікпен, тиянақтылықпен орындады. 3.Cұрақтарға нақты жауап беруінде Шерхан өз ойын ашық айтты, АКТ-ні қолдана алды, топта, жұпта, жеке жұмыс орындауда көшбасшылық танытты және нәтижесінде «Оқушылардың арнай қателерді бағалауы» стратегиясы арқылы бағалады. Бағалауда Не дұрыс емес? Неліктен дұрыс емес? Қалай түзетуге болады? деген сұрақтарға жауап беру арқылы сыни бағаланды. Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды: А) бақылау; Ә) алынған мәліметтердің интерпретациясы; Б) бұдан арғы іс- әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау (Нұсқаулық, 57 бет). Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы нақтылыққа, әділдікке, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеп, өзін жеке тұлға ретінде қабылдап, өз пікірін дәлелдей алуға үйретеді. Өз пәнімді оқытумен ғана шектелмей, сонымен қатар оқушымен арадағы ынтымақтастықтың қалыптасуына да мән бердім. Оқу мен оқытуда белгілі бір деңгейде табысқа жету үшін оқушылар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуі керек. Оқушы бойында өзіне деген сенім мен ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында алғашқы «Уақыт шеңбері» тренингін пайдаландым. 5 сыныбымның оқушылары қозғалғыш, бірақ ұйымшыл. Сабақ барысында оқушыларыма топ ережелерін жасаттым. Алдымен олар жеке топ ережелерін шығарып, кейін ойларын біріктірді, постерға 3 топтың ережелерінен бір ереже құрып іліп қойдық. Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыруда бұрын көп араласып, әңгімелесе бермейтін оқушылар Мейрамбек, Сәулет, Назерке топтық жұмыстар барысында, ынтымақтастық, ұйымшылдық қарым – қатынас пайда болып, нығая түсті. Оқушыларым бір – бірімен жұмыс істегенде өздерін өте жайлы сезінеді, достық қарым – қатынас орнаған сынып деп толық айта аламын. Сыныпта ынтымақтастық, достық қарым қатынас, жайлы атмосфера қалыптасса саналы тәрбие, сапалы білім қалыптасады деп ойлаймын. Қорыта айтқанда бұл сабақта оқушылар интербелсенді тақтаны бұрыннан пайдаланып жүргендіктен, оларға көп қиындық туғызбады. Сабақ кезінде үш топта белсенді жұмыстанды. Кейбір тапсырмаларды бөліп алып, «сен мынаны орындайсын, мен мынаны орындаймын»-деп, топ арасында бір шешімге келіп сабаққа деген қызығушылығы, ынтымақтастық атмосферасы орнады. Барлық топ тапсырмаларды орындап болғасын топ басшысы мұғалім берген критерийлер бойынша өз тобын бағалап шықты. Кейбір оқушыларға сын айтылған кезде де, олар өз қателіктерін түсініп, қойылған бағаға риза болды. Т. Г. Браже «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 053 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.06.2020 165
    • DOCX 55.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Титоренко Надежда Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Титоренко Надежда Николаевна
    Титоренко Надежда Николаевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 83544
    • Всего материалов: 195

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 269 человек из 65 регионов

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе