Главная / История / Доклад на тему "Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы"

Доклад на тему "Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы"

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы

Әбілқайыр ханның қалмақтардан жеңіліске ұшырағаннан кейін Өзбек ұлысында ыдырау басталып,олардың кейбіреулерінің бөлініп, көрші жерлерге көшіп кетуіне әкелді.Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде айтылған.Көшпелі тайпалар Шу өзенінің алқабында яғни Моғолстан аумағында – Есен бұғы иелігіне қоныс аударды.

«Тарих-и-Рашиди»-да айтылған мәліметтер Мұхаммед Хайдардың тарихи зерттеулерімен түсіндіріледі.Моғолстан билеушілерінің тарихи зерттей отырып,ол өз еңбегінде Моғол ханы Есен бұғы (1429-1462ж) жүргізген сыртқы саясатқа әсері туралы еске салады.Бұл қоныс аударумен Ұрыс хан мен Моғолстан билеушілеріне арасындағы одақтың негізі салынып,ол одақ 70 жылға созылып Әбд-әр Рәшид хан (1533-1560) басқару кезінде ғана бұзылды.

Керей мен Жәнібектің көшпелі өзбектерден бөлінуі, дала кеңістігінде кең тараған қарсылық түрінің бірі еді.Ол – қазақ мемлекеттігінің қалыптасуындағы оқиғалардың маңызды бөлігі болды және жаңа саяси құрылымның аталуында негізгі роль атқарды.

Керей мен Жәнібек өз адамдарымен Моғолстанға моғол ханы Есенбұғының тірі кезінде келген.Ол қашқындарды қарсы алып оларға Шу алабын Қозы Башы жерлерін бөліп берген.Өзбек ұлысындағы ыдыраудың себебі неде?

Жәнібек пен Керейдің қоныс аударуы,көшпелі өзбектердің басшысы Әбілқайыр ханға қалмақтар шапқыншылығынан зардап шеккен иеліктерді қалпына келтіру кезеңімен тұспа тұс келді.Ол қатаң тәртіп орнатты, өзіне қарсы келгендерді ғана емес,барлық көшпенділерге қатаң шаралар қолданды.Дала өзбектерінің ақсүйектерінің және ханның жақсы жағдайына жалпы көшпенділерді қанауға негізделген.Сонымен бірге олар және көрші аймақтың тұрғындары алым-салық және ондаған бағынушылық төлеуі керек еді.Мемлекет күшейген сайын,төлемнің көлемі де ұлғая түсті.

Осының бәрі жалпы халықтың наразылығын туғызды, сөйтіп мемлекеттің тұрғындарының-малшылардың көрші аумақтарға қоныс аударуына әкелді.Бір жағынан жеңіп шыққан сұлтандар және сол ұлыстың хандары сол Жошы руынан шыққан, арам ойларын жүзеге асыру үшін тайпалар мен руларды ығыстырып, оларды өздерінің күндестеріне қарсы пайдаланып отырды.Осындай ыдыраған қоғамның, хан саясатына риза емес Өзбек ұлысының тайпалары мен рулардан тұратын қоғамның билік басында Ұрыс хан ұрпақтары Керей мен Жәнібек тұрды.Жәнібек(Әбу Саид) – Ұрыс ханның ұлы Барақ ханның ұлы.Керей Жәнібектің жамағайыны Болат сұлтанның ұлы.

Жәнібек пен Керейдің Моғолстан аумағына кетуі – Өзбек ұлысында кейіннен билікті толық алу үшін жасалған шара болды.

Моғол хандарының өзбек ұлысының қашқындарына достық қарым қатынасы төмендегі себептермен түсіндіріледі:

Біріншіден,Есенбұғының ол кезде солтүстіктің көшпенділерінің шабуылдарын тойтаруға күші болмады.

Екіншіден,Керей мен Жәнібекте және олардың әскерінде ол батыс шекараларды өзінің інісі Жүнүс ханнан қорғаушыларын көрді.

М.Х.Дулаттың «Тарих-и-Рашиди», «Бахр ал асрар» Махмуд ибн Валидың (парсы тіліндегі) біз Жәнібек пен Керейдің қол астындағы тайпалар мен рулардың жағдайы туралы білеміз.1462 жылы Есенбұғы қайтыс болды,сонымен бірге оның інісі Жүнүс хан бекіді.Ол өзінің қызын Әдік сұлтанға – Жәнібек ханның баласына ұзатып қазақ хандарымен қарым қатынас орнатты.

М.Х.Дулаттың сөздеріне қарағанда Жәнібек және Керейдің қарамағындағыларды сол жылдары өзбек-қазақтар деп атаған.Олардың қатарына Өзбек ұлысынан халық лек легімен қосыла түсті.

Жәнібек пен Керейдің әр қайсысы Өзбек ұлысындағы таққа иегерлікке үміттенді және олар Әбілқайыр ханға қауіп төндірді.Сондықтан ол Моғолстанға жорыққа шықты.Бірақ,ол осы жолда 57 жасында 1468 жылы ауырып,қайтыс болды.

Қазақ хандығы

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. Болған әлеуметтік – экономикалық және этникалық – саяси процестерден туған заңды құбылыс.Өндіргіш күщтердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі,әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер – саяси және этникалық процестер болды.Оның басты этапы – Керей мен Жәнібектің қол астындағыларымен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілқайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы.

Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы

16-17 ғғ. Қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті.Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті.

«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.

Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады.Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды.Өзара қырқыс,таққа талас басталды.Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.

Ақназар ханның тұсында Қазақ хандығы 16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-1580жж.) өз үлесін қосты.Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол,Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды.

Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы

Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582)болды.Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді.Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады.Осы жорықта Шығай қайтыс болады.Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді.

Есім ханның тұсында Қазақ хандығы

Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін күресті.1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды алып, Ташкент,Андижан,Акси,Самарқан сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты.Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қаза болды.Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628)билік етті.

Қазақтардың өзара саяси қарым қатынасы

16 ғасырда қазақ хандығы солтүсте құрылған Сібір хандығымен шектесті.1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.

Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы

1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды.Оның тұсында «Жеті жарғы» көшпенділердің ел билеу заңы болып табылады.

Қазақ хандығының саяси – әлеуметтік шағы

Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді.Малшыдан зекет,егіншіден ұшыр жиналды.Ең жоғары басқарушы хандар болды.Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты.Феодалдық шартты жер иеленушілік,жерге меншіктің тұрақты түрлері,әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты.Олардың сойырғал,иқта,милк,вакуф сияқты түрлері болды.

Қазақ хандығының мәдениеті:

Қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15ғ.),Доспамбет (16ғ.),Жиембет(17ғ.).

Қазақ халқының ойраттарға қарсы күресі:

16 ғасырдың соңында ойраттар (қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен тұрды.Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді алып жатқан торғауыттар,Ертістің жоғары ағысында қоныстанған дербеттер,қазіргі Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар,Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар еді.

Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі:

1718 жылы Тәуке өліп,орнына Болат хан болды.Оның кезінде қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді.Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды.

Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама:

1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді.Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді.

Абылай ханның тұсында Қазақ хандығы

1742 жылы 20 тамыз Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ,қазақтардың Кіші,Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді.Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды.Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ.Олар орыс қамал-бекіністеріне,қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап,қазақты мазалауын қоймады.Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді.Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.






Доклад на тему "Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы"
  • История
Описание:

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы

Әбілқайыр ханның қалмақтардан жеңіліске ұшырағаннан кейін Өзбек ұлысында ыдырау басталып,олардың кейбіреулерінің бөлініп, көрші жерлерге көшіп кетуіне әкелді.Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде айтылған.Көшпелі тайпалар Шу өзенінің алқабында яғни Моғолстан аумағында – Есен бұғы иелігіне қоныс аударды.

«Тарих-и-Рашиди»-да айтылған мәліметтер Мұхаммед Хайдардың тарихи зерттеулерімен түсіндіріледі.Моғолстан билеушілерінің тарихи зерттей отырып,ол өз еңбегінде Моғол ханы Есен бұғы (1429-1462ж) жүргізген сыртқы саясатқа әсері туралы еске салады.Бұл қоныс аударумен Ұрыс хан мен Моғолстан билеушілеріне арасындағы одақтың негізі салынып,ол одақ 70 жылға созылып Әбд-әр Рәшид хан (1533-1560) басқару кезінде ғана бұзылды.

 

Керей мен Жәнібектің көшпелі өзбектерден бөлінуі, дала кеңістігінде кең тараған қарсылық түрінің бірі еді.Ол – қазақ мемлекеттігінің қалыптасуындағы оқиғалардың маңызды бөлігі болды және жаңа саяси құрылымның аталуында негізгі роль атқарды.

Автор Шауенова Ляззат Жумадиллакызы
Дата добавления 11.04.2015
Раздел История
Подраздел Другое
Просмотров 583
Номер материала 59522
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓