Главная / Иностранные языки / Доклад на тему "АҒЫЛШЫН ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ"

Доклад на тему "АҒЫЛШЫН ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ"

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Жакеева Галия Талгатовна

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Сарыбұлақ ауылы

78 мектеп

« Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар : қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»

Н.Ә.Назарбаев

Үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол – өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Өйткені, қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал бағыттағы толайым табыстарға, ілім-білімге алып барар жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған. Сондай-ақ, бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда ТМД мен Орталық Азияның көшбасшысы мемлекетіне айналған Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәскеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға сай

Атап айтарлығы, көпұлтты Қазақстанның жағдайында «Үштұғырлы тіл» ұлттық жобасы қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы болып саналады. Алайда, еліміздегі негізгі үш тілді дамытуға басымдық беру – басқа халықтардың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сөз емес. Мәдениеттер мен тілдердің саналуандығы – бұл біздің ұлттық байлығымыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ, мемлекет Қазақстандағы халықтардың барлығының мүдделерін ескере отырып, посткеңестік кеңістікте ең либералдық тілдік саясат жүргізді. Соның дәлелі болар, кез-келген этностың өкілі қай тілді білім алатынын, сөйлейтінін, шығарма жазатынын ерікті түрде таңдай алады.

Бұл жүйе ең алдымен, мемлекеттік тілді меңгеру мен оқытудың бірыңғай стандарттарын әзірлеуді және бекітуді, содан соң оларды білім беру жүйесінің барлық деңгейіне – мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге, жоғарғы және одан кейінгі оқу жүйесіне енгізуді көздейді.

Екінші жағынан, отандастарымыздың орыс тілін меңгеру деңгейін сақтап қалуына да көңіл аударуымыз керек. Өйткені, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас пен интеграциялық қызметтердің діңгегі. Ақиқатын айтсақ, ақпараттық кеңістігімізде орыс тілі әлі де маңызды рөл атқаратынына ешкім дау айта алмас. Сондай-ақ, әлемдік алты ресми тілдің қатарына кіретін орыс тілін меңгеруге бәскеге қабілетті ұлттың кез-келген өкілі ұмтылуы тиіс. Тілдері қолдану мен дамытудың – жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасына сәйкес, орыс тілін оқыту жүйесін одан әрі оқу-әдістемелік және зияткерлік тұрғыдан қамтамасыз етуіміз керек. Бұл мақсатқа жетеміз десек, қашықтықтан оқыту, электронды интерактивті оқулықтар бағдарламасын құру, ұлттық мектептерде орыс тілін оқытудың инновациялық әді-тәсілдерін енгізу,оралмандарға, шетелдіктерге және халықтың басқа топтарына орыс тілін оқыту курстары мен орталықтарын ашу, халықтың орыс тілін меңгеруіне тұрақты мониторинг жүргізу сияқты іс-шаралар қолға алуымыз қажет.

Ал «Үш тұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Оған қоса, ағылшынша білсең – әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқуорындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Тіпті, оқуыңды тәмамдаған соң, біршама уақытқа шетелде қалып, еңбек етуің үшін де бұл тамаша мүмкіндік. Ең бастысы, ағылшын тілін білу – бұл іскерлік қарым-қатынас және әлемнің кез-келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап. Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талаптарды күшейту керек. Сонымен қоса, жаратылыстану мен математиканы ағылшын тілінде оқытатын оқытушыларды дайындау, шетелдермен тәжірибе алмасу, шет тілдерде сөйлейтін мамандарды тарту саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, арнайы орта және жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларын шетелдерде тіл үйрену мен тәжірибе жинауға жіберу сияқты бірқатар іс-шараларды жүзеге асырған жөн.

Шет тілін оқытуда білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдің бірі-диалог әдісін қолданудың маңызы өте зор. Айта кетсек, ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын дәлелдеген. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.

Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

- Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

- Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

- Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

- Мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

Көп жағдайда сыныпағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады. Білім беру жүйесі бүгінгі күн талабына сай түбегейлі өзгерістер талап етеді. Ол талаптар әдістемелік тәсілдерді, жаңа технологияларды қолдану, жас тұлғаға берілген білімнің жоғары сапалылығын, оқуға қызығушылық негізін қалыптастыруды көздейді.[1] ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры. Сондықтан бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде міндетті түрде заман ағымына сай бейімделіп, оқытудың жаңа технологиясын оқыту жұмысына қолдануды меңгеруіміз керек. Осы тұрғыдан келгенде, мен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту тұрғысында, білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларының бірі-интерактив тақтаны және әрбір оқушыға арналған лингафон кабинетіндегі ноутбуктерді өз сабағымда пайдаланамын.

Білім беру технологияларының мақсаты: оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастырып, ақыл-ойын дамытады. Мұғалімдер үшін бұл технологияның маңыздылығы:

        • Сынып оқушылары жаппай жұмыс істеуге тырысады.

        • Бос іспен айналысатын оқушы болмайды

        • Ізденуге талпынады, шығармашылық қабілеті дамиды.

        • Әлсіздер оқуға талпынады,

        • Оқушылардың өзге тілді оқуға деген қызығушылығы артады.[2]

Ағылшын тілін дамыта оқытудағы тиімді әдістердің бірі- ойынмен, өлең жолдарын жаттаумен, әріптерден белгіленген уақыт ішінде бірнеше сөздер құрау арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ағылшын тілін тереңдете оқытуда көрнекі құралдарды оқыту процесінде қолданудың маңызы зор.

Біз бастауыш сыныпта 1-ден - 12-ге дейінгі сандармен танысамыз. Ол үшін мен сабақта көрнекі құралдар суреттер, заттардың көмегі арқылы топтастырып, ағылшынша заттарды санап үйренеміз. Санай отырып, зат есімнің көпше, жекеше түрімен таныс бола алады. Мысалы:

One car

Two dolls

Three guitars

Four balls

Five planes

Six books

Seven bags

Eight dombras

Nine pens

Ten pencils

Eleven apples

Twelve bikes

Осы ретте мен ағылшын тілінің грамматикасы Зат есімнің жекеше түрдегі заттар егер бір ғана зат болса ешбір жалғаулықсыз жасалады. Егер заттар екі не оданда көп болса ағылшын тілінің – s, -es көпше түрдегі жалғаулығы жалғанады.

Сондай-ақ, ағылшын тілін оқытуда жоғарғы сынып оқушыларымен осы ақпараттық жаңа технологияны пайдалану негізінде мәтінмен жұмыс істейміз. Мәтін алдын-ала компьютерге жазылып, жекелеген оқушылар сол мәтінді тыңдап, өз бетінше талдау жасайды. Мен өз сабағымда берілген әрбір мәтіндерден зат есім, сын есім, етістікті тауып жаңа сөз ретінде қайталап, сол сөздерге мысал құраймыз. Мәтінді оқып болғаннан кейін оқушылар мәтін мазмұнына байланысты төмендегідей тапсырмаларды орындайды.

- Мәтін мазмұнына байланысты берілген сөйлемдердің дұрыстығын / не дұрыс

еместігін анықтаңдар;

- Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар / не толықтырыңдар;

- Мәтінді оқып, оның негізгі мазмұныа қойылған сұрақтарға жауап беріңдер;

- Берілген сұраққа бірнеше жауаптар бар, дұрыс жауапты табыңдар;

- Берілген сөйлемдерді мәтін мазмұнына сәйкес нөмірлеңдер;

- Қай сөйлем мәтін мазмұнына сәйкес келетінін / не сәйкес келмейтінін анықтаңдар;

- Мәтінге жоспар құрыңдар;

- Берілген мақал – мәтелдің қайсысы мәтін мазмұнына дәл келетінін анықтаңдар;

- Берілген сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар;

- Мәтін мазмұнына байланысты ой-пікіріңді айтыңдар;

- Мәтін мазмұнына байланысты сурет салыңдар; Мәтіннен кейін берілген тапсырмалар оқушылардың сөйлеу және жазу іскерліктерін дамытады. Жалпы алғанда, тілдердің меңгерудің тиімділігін сөз еткенде біз бұл жұмыстың жүйелі түрде жетілдірілуіне батыл қадам жасағанымыз жөн. Мысалға, елімізде үш тілге бірдей оқытатын мамандандырылған орталықтар ашып, оларды алдыңғы қатарлы технологиялармен қамтамасыз етсек. Қазақстандағы үштұғырлы тіл саясаты – бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Іс жүзінде тілдердің ұштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады. Яғни, әрбір қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің жеке дамуының міндетті шарты екендігін әрдайым естен ұстауымыз жөн дегім келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Мектептегі шет тілі» 2013жыл, 8-9,11 бет

  2. «шетел тілін оқыту әдістемесі» 2010 жыл, 7 бет

Доклад на тему "АҒЫЛШЫН ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ"
  • Иностранные языки
Описание:

№78 мектеп

·         Сынып оқушылары жаппай жұмыс істеуге тырысады.

·         Бос іспен айналысатын оқушы болмайды

·         Ізденуге талпынады, шығармашылық қабілеті дамиды.

·         Әлсіздер оқуға талпынады,

·         Оқушылардың өзге тілді оқуға деген қызығушылығы артады.[2]

       Ағылшын тілін дамыта оқытудағы тиімді әдістердің бірі- ойынмен, өлең жолдарын жаттаумен, әріптерден белгіленген уақыт ішінде бірнеше сөздер құрау арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ағылшын тілін тереңдете оқытуда көрнекі құралдарды оқыту процесінде қолданудың маңызы зор.

       Біз бастауыш сыныпта 1-ден - 12-ге дейінгі сандармен танысамыз. Ол үшін мен сабақта көрнекі құралдар суреттер, заттардың көмегі арқылы топтастырып, ағылшынша заттарды санап үйренеміз. Санай отырып, зат есімнің көпше, жекеше түрімен таныс бола алады. Мысалы:

One car

Two dolls

Three guitars

Four balls

Five planes

Six books

Seven bags

Eight dombras

Nine pens

Ten pencils

Eleven apples

Twelve bikes

       Осы ретте мен ағылшын тілінің грамматикасы Зат есімнің жекеше түрдегі заттар егер бір ғана зат болса ешбір жалғаулықсыз жасалады. Егер заттар екі не оданда көп болса ағылшын тілінің – s, -es көпше түрдегі жалғаулығы жалғанады.

       Сондай-ақ, ағылшын тілін оқытуда жоғарғы сынып оқушыларымен осы ақпараттық жаңа технологияны пайдалану негізінде мәтінмен жұмыс істейміз. Мәтін алдын-ала компьютерге жазылып, жекелеген оқушылар сол мәтінді тыңдап, өз бетінше талдау жасайды. Мен өз сабағымда берілген әрбір мәтіндерден зат есім, сын есім, етістікті тауып жаңа сөз ретінде қайталап, сол сөздерге мысал құраймыз. Мәтінді оқып болғаннан кейін оқушылар мәтін мазмұнына байланысты төмендегідей тапсырмаларды орындайды.

-  Мәтін мазмұнына байланысты берілген сөйлемдердің дұрыстығын / не дұрыс  

  еместігін анықтаңдар;

-  Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар / не толықтырыңдар;

-  Мәтінді оқып, оның негізгі мазмұныа қойылған сұрақтарға жауап беріңдер;

-  Берілген сұраққа бірнеше жауаптар бар, дұрыс жауапты табыңдар;

-  Берілген сөйлемдерді мәтін мазмұнына сәйкес нөмірлеңдер;

- Қай сөйлем мәтін мазмұнына сәйкес келетінін / не сәйкес келмейтінін анықтаңдар;

-  Мәтінге жоспар құрыңдар;

-  Берілген мақал – мәтелдің қайсысы мәтін  мазмұнына дәл келетінін анықтаңдар;

-  Берілген сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар;

-  Мәтін мазмұнына  байланысты ой-пікіріңді айтыңдар;

-  Мәтін мазмұнына байланысты сурет салыңдар;                                                                   Мәтіннен кейін берілген тапсырмалар оқушылардың сөйлеу және жазу іскерліктерін дамытады. Жалпы алғанда, тілдердің меңгерудің тиімділігін сөз еткенде біз бұл жұмыстың жүйелі түрде жетілдірілуіне батыл қадам жасағанымыз жөн. Мысалға, елімізде үш тілге бірдей оқытатын мамандандырылған орталықтар ашып, оларды алдыңғы қатарлы технологиялармен қамтамасыз етсек. Қазақстандағы үштұғырлы тіл саясаты – бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Іс жүзінде тілдердің ұштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады. Яғни, әрбір қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің жеке дамуының міндетті шарты екендігін әрдайым естен ұстауымыз жөн дегім келеді.

Автор Жарылкасын Назгул Айбулатовна
Дата добавления 04.04.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другое
Просмотров 655
Номер материала 59196
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓