Главная / История / доклад по тему:"Тарих сабағында ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану жолдары"

доклад по тему:"Тарих сабағында ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану жолдары"

ТАРИХ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» аты Жолдауының негізгі тірегі – әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру болып табылады. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу, тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың білім алуына ерекше көңіл бөлді.
Оқыту үрдісінде жаңалықтар пайда болуда, оларды зерделеп, талдап, нәтижелі болса іс - тәжірибеде қолданады. Білім беруде инновациялық бағыт пайда болып, оқу - тәрбие үрдісінде енуде. Инновация өздігінен пайда болмайды және ұжымның шығармашылықпен зерттеулері мен ізденістерінің озық педагогикалық тәжірибелерінің нәтижелері. Сонымен, білім берудегі инновациялық үрдістерді сөз етеміз.
Инновация ағылшын тілінде жаңаны енгізу, жаңаша бастау деген мағынаны білдіреді екен. Сөздің ауқымды мағынасында ғылымның жетістіктері мен озық тәжірибеге негізделген техника мен технологияларды және еңбекті ұжымдастыру мен басқару салаларындағы жаңалықтарды өмірге енгізу болып есептеледі. Тарих пәнінде инновациялық қызмет дегеніміз елдегі жинақталған білім, оқыту әдістемелері, тәсілдері, оқыту технологиялары, оқытудың түрлі техникалық құралдарын оңтайлы, ұтымды, мақсатты ойластыра, орынды, мерзімінде пайдалану, оқу процесін тиімді қайталау, пысықтау, басқаруды жетілдіру болып есептеледі.
Инновациялық жүйе ұстаздардың білімі мен біліктілігін, тәжірибесі мен әдістемесін, оқу орнының материалдық – техникалық базасын, шәкірттердің білімдерін, талаптарын, жалынды бастамаларын, асқақ армандарын жетілдіріп пайдалану, әріптестердің ынтымақтастығы, ата аналардың қолдау-қуаттарын және басқа да көптеген мәселелерді қамтитын тұтасқан бір дүние.
Бұл жүйелік басты қозғаушы күші ғылым жаңалықтары, тарих пәнінің үздік ойлары, елдің әлеуметтік, экономикалық саяси жедел жаңару жолындағы табыстары, оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарындағы, ғылыми - әдістемелік зерттеулердегі, озық тәжірибелер нәтижелері мен ұсыныстарды, сапалы еңбек табыстарды, бірыңғай ұлттық тестілеудегі жетістіктер болып табылады.
Тарих сабағының неғұрлым тиімді жаңа түрлерін пайдалану оқушы белсенділігін артыруда зор маңыздылығын айта келе, өз педагогикалық қызметімде пайдаланып жүрген білім беру технологияларына тоқталғым келеді.

Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Тарихшы ұстаз АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.
Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс.

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық
және он-лайн сабақтары. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалім-
дерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз.
Демонстрациялық материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз. Интерактивті тақтаға термин сөздерді жазып сөздікпен жұмыстар жүргізу оқушылардың сөздік қорын да байытып, қажетті мәліметтерді еске сақтауына мүмкіндік береді және осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады.
Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Мысалы 8 сыныпта «Ішкі Бөкей ордасындағы 1836-1838жылдардағы шаруалар көтерілісін» өткен кезеңде көтеріліс басшылары туралы материал жинақтап, өте құнды презентация жасалды, толық мәлімет берілді. Бейне фильм көрсетілді, электронды оқулықтан мәліметтер берілді.
Осындай жұмыс түрлерін қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың осы пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады. 9 сынып оқушылары тарих пәні сабақтарында презентациялар жасап тақырыпты қорғауға жаттыққан. «1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс» тақырыбын өткен кезде слайдтар жасалды, мәліметтер берілді, тексеру жұмыстары орындалды.Мысалы: Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Электрондық оқулық арқылы Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері тарих пәні  сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда.Осыған байланысты  күнделікті сабаққа:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.  Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің  бүгінгі даму деңгейінде белгілі  болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін  де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.

1.Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.

2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.

3.Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның тарих пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа  видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз.

  • История
Описание:

Автор Тауекел Таншолпан Галымжановна
Дата добавления 06.12.2015
Раздел История
Подраздел Другое
Просмотров 540
Номер материала MA-063014
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓

Похожие материалы