Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыДүниежүзі тарихынан сабақ жоспарының топтамасы (7 сынып)

Дүниежүзі тарихынан сабақ жоспарының топтамасы (7 сынып)

Скачать материал

Сынып: 7 «А».

Пән: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.

Мұғалім: Мамиева Ә.А.

Сабақтың тақырыбы: Шіркеу және дін қызметшілері. Крест жорықтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Христиан шіркеуінің бөлінуі, христиан қоғамындағы палалар, епископтар, архиепископтардың рөлі, крест жорқтарының себептері, шығысқа крест жорықтары, крест жорықтарының салдары туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, өз бетімен жұмыстану, салыстыру, қорытындылай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Тарих тағылымынан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам жасайтын, халқымыздың біртуар перзенттеріне құрметпен қарайтын, елін, туған жерін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: тест, тірек-сызба, кесте арқылы түсіндіру, кесте толтыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Тест.

Орта ғасырлардағы өнер

1. ХІ-ХІІ ғ. Еуропадағы сәулет өнерінің үлгісі:

а. Классикалық             в. Барокколық        с. Антикалық       д. Романдық     е. Готикалық

2. ХІ-ХІІ ғ.ғ. өзінің сұстылығымен, алыптылығымен және жарты дөңгелекті аркаларымен ерекшеленетін архитектуралық стиль:

а. Готикалық         в. Романдық         с. Рококо            д. Барокко           е. Викториандық

3. Готикалық құрылыстар салынған кезең:

а. ХІІ-ХІІІ ғасырлар             в. ХІ-ХІV ғасырлар               с. ХІІ-ХV ғасырлар

д. ХІ-ХІІ ғасырлар                       е. ХІV-ХVІ ғасырлар

4. Еуропадағы ХІІ-ХV ғ.ғ.-дағы құрылыстардың атауы:

а. Барокколық            в. Романдық            с. Классикалық             д. Модернистік    е. Готикалық     

5. Дамыған орта ғасырларда Еуропадағы бейнелеу өнерінің аса зор жетістігін көрсетіңіз:

а. Автопортреттер салу                 в. Гравюра           с. Майлы бояу қолдану

д. Кітап миниатюрасы          е. Қоладан мүсін құю

6. Орта ғасырда Еуропадағы «шедевр» сөзінің мағынасы:

а. Шебердің көмекшісі          в. Бұйымның ең үздік үлгісі        с. Сауда заттары

д. Алтын, күміс         е. Әшекей бұйымдар

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тірек-сызба арқылы түсіндіру.

1054 ж. - Христиан шіркеуінің біржолата екіге бөлінген жылы.

Христиан шіркеуі

Батыстағы Рим папасы - басқарған католиктік шіркеу

Шығыстағы Константинополь патриархы - басқарған православиеліқ шіркеу

 

Инквизиция - орта ғасырда шіркеудің іліміне қарсы келгендерді жазалау соты.

 

ХІІІ ғасырда католик шіркеуінің инквизиция сотын қолдану себебі

 


Еретиктерді жазалау, құрту үшін

 

Күпірлер (еретиктер) - Христиандыққа қарсы пікір айтушылар.

Католиктік шіркеу - крест жорықтарын ұйымдастырушы.

Иерусалим - 1095 жылы Клермон қаласындағы жиында папаның халыққа жасаған үндеуінде мұсылмандардан азат етуілуі керек болған қала.

 

Кесте арқылы түсіндіру.

Крест жорығы

Нәтижесі

Кедейлердің жорығы (1096 ж.)

Дайындықсыз қару-жарағы әлсіз кедейлерді селжұқтар алғашқы шайқаста-ақ талқандады

І - Крест жорығы (1096-1099 жж.)

Кресшілер Иерусалимді алды - 1099 ж.

ІІ - Крест жорығы (1147-1149 жж.)

Кіші Азияда салжұқ түріктерінен жеңіліп қайтты. Египет билеушісі Салах-ад-Дин Иерусалимді тартып алды.

ІІІ - Крест жорығы (1189-1192 жж.)

Салах-ад-Дин крестшілерге төтеп берді. Иерусалим мұсылмандардың қолында қалды.

ІV - Крест жорығы (1204 ж.)

Константинопольді басып алып, «Латын империясын» құрды.

Балалар жорығы (1212 ж.)

Египетке апарылып, құлдыққа сатылды.

V - Крест жорығы (1217-1221 жж.)

Сәтсіздікке ұшырады.

VІ - Крест жорығы (1228-1229 жж.)

Ауыз біршілігінің болмауынан жеңіліс тапты.

VІІ - Крест жорығы (1248-1254 жж.)

Мұсылмандар крестшілерге қатты соққы берді.

VІІІ - Крест жорығы (1270 ж.)

Шығыстағы барлық иеліктерінен айырылды.

 

ХІ ғасырдан – ХІІІ ғасырға дейін - Крест жорығының созылған уақыты.

 

ІV. Сабақты бекіту:

1 тапсырма

Кесте толтыру.

Крест жорықтарының салдары

Жағымды жақтары

Жағымсыз жақтары

 

 

 

2 тапсырма (қатар бойынша 2 топқа бөлу)

І топқа

1.Византиядағы шіркеу басшысы?  ( константинополь патриархы)

2. Батыстағы ресми тіл?  ( латын)

3. Қай кезге дейін христиан шіркеуі біртұтас болып саналды?  ( ХІ ғ ортасы)

4. Шығыста кімдерге үйленуге рұқсат етілмеді ? (монахтарға)

5. Католик қандай мағынаны білдіреді?  ( бүкіләлемдік)

6. Патриарх басқарған шіркеу қалай аталады?  ( православиелік)

7. Рим папасының ерекше тігілген бас киімі?   ( тиара)

8. Епископтар мен архиепископтардың ерекше белгілері?  (митра мен асатаяқ)

9. Монах қандай мағынаны білдіреді?  (жалғыз)

10.Бірінщі крест жорығы қашан болды ? (1096)

11.1204 жылы 4 крест жорығын ұйымдастырушы?   (ІІ Урбан папа)

13.Жорыққа қатысушыларға шіркеу қандай жеңілдіктер жасады?

14.Сегізінші крест жорығы?   ( 1270ж)

15.Төртінші крест жорығына қатысушылар Византияда  құрған мемлекет? (латын империясы)

 

ІІ- топқа

1. Батыстағы шіркеу басшысы?   (рим папасы)

2. Шығыстағы ресми тіл?  (жоқ)

3. Папа билігі қай кезеңде әлсірей бастады?  (ІХ ғ ортасы)

4. Қай шіркеу дінбасылары сақал-мұртын қырмады?  (православиелік)

5. Рим папасы басқарған шіркеу қалай аталады?  (католик)

6. Православиелік қандай мағынаны білдіреді?  (құдайды дұрыс мадақтайтын)

7. Архиепископтың биік бөрігі?  (митра)

8. Монахтар қайда тұрды?  (монастырда)

9. Батыстағы ірі монастырлар қалай аталды?  (аббаттық)

10. Барлығы неше крест жорығы ұйымдастырылды?  (8)

11. Балалар жорығы қай жылы болды?  (1212ж)

12. Неліктен крест жорығы деп аталды?

13. Кресшілер мақсаттарына жете алды ма?  (жоқ)

14. 1187 ж кресшілерді Палестина иен Сириядан қуып шыққан кім?  (египет сұлтаны Салах-ад-дин)

15. Еуропвлықтар шығыс халқынан не үйренді?

3 тапсырма    «Мен саған, сен маған»

 ( Әр топтың бір оқушысы келесі топтың оқушысына сұрақ жолдайды)

Ү. Бағалау

ҮІ. Рефлексия

ҮІІ. Үй тапсырмасы: §23-24 оқу.

Кесте толтыру.

Христиан шіркеуінің бөлінуі.

Христиан дінінің екі тармағы

Бөліну себебі

Айырмашылықтары

Католиктік шіркеу

 

 

Православиелік шіркеу

 

 

 

І топқа

1.Византиядағы шіркеу басшысы?  

 2. Батыстағы ресми тіл?  

3. Қай кезге дейін христиан шіркеуі біртұтас болып саналды?

4. Шығыста кімдерге үйленуге рұқсат етілмеді ?

5. Католик қандай мағынаны білдіреді?  

6. Патриарх басқарған шіркеу қалай аталады?  

7. Рим папасының ерекше тігілген бас киімі?  

8. Епископтар мен архиепископтардың ерекше белгілері?  

9. Монах қандай мағынаны білдіреді?  

10.Бірінщі крест жорығы қашан болды ?

11.1204 жылы 4 крест жорығын ұйымдастырушы?  

13.Жорыққа қатысушыларға шіркеу қандай жеңілдіктер жасады?

14.Сегізінші крест жорығы?  

15.Төртінші крест жорығына қатысушылар Византияда  құрған мемлекет? (латын империясы)

 

 

ІІ- топқа

1. Батыстағы шіркеу басшысы?  

2. Шығыстағы ресми тіл?  

3. Папа билігі қай кезеңде әлсірей бастады?  

4. Қай шіркеу дінбасылары сақал-мұртын қырмады?  

5. Рим папасы басқарған шіркеу қалай аталады?  

6. Православиелік қандай мағынаны білдіреді?  

7. Архиепископтың биік бөрігі?  

8. Монахтар қайда тұрды?  

9. Батыстағы ірі монастырлар қалай аталды?  

10. Барлығы неше крест жорығы ұйымдастырылды?  

11. Балалар жорығы қай жылы болды?  

12. Неліктен крест жорығы деп аталды?

13. Кресшілер мақсаттарына жете алды ма?  

14. 1187 ж кресшілерді Палестина иен Сириядан қуып шыққан кім?  

15. Еуропвлықтар шығыс халқынан не үйренді?

 

 

 

 

 

 

«Мен саған, сен маған»

( Әр топтың бір оқушысы келесі топтың оқушысына сұрақ жолдайды)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Жапониядағы феодалдық құрылыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы, мемлекеттің саяси құрылысы шаруалардың жағдайы,біртұтас мемлекеттің құрылуы туралы  мағлұмат беру;
Дамытушылық:Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап,  салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;?
Тәрбиелік:Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу?
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі:
сұрақ-жауап, баяндау, кесте
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Крест жорықтарының басты себебі қандай?

Бірінші крест жорығы қашан болды, оған кімдер қатысты?

Крест жорықтарының салдары қандай?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы

 

2. Саяси құрылысы

 

 

3. Шаруалардың жағдайы

 



4. Қалалардың дамуы

 

ХІ-ХІІІ ғасырларда Жапонияда қалалар саны өсті. Қалалар қолөнер орталығына айналды. Жапония қолөнершілері ертеден жібек матадан киім-кешектер тігетін. Жапондар ата-бабасынан бері темірден, алтыннан, күмістен әр түрлі заттар жасай білген. Күні бүгінге дейін жапон семсері әлемге әйгілі болып келеді. Жапон семсері көп елдерге шығарылып отырған. Мысалы, 1483 жылы шетелге 67 мың семсер сатылған. Жапондар Корея, Қытай, Филиппин аралдарымен сауда-саттық қатынас жасап отырған. Елдегі ірі калалар - астанасы Киото, Сакаи, Хиого, Хаката, Нагасаки т.б.


5. Біртұтас мемлекеттің құрылуы

Жапонияның бір орталыққа бағынатын күшті мемлекетке айналуына, феодалдық құрылысты нығайтуға феодалдар мүдделі болды. Олар мұндай үкімет өзара қырқысты, шаруалар көтерілістерін тоқтатады, өсімқор буржуазияның өсіп бара жатқан беделін шектейді деп үміттенді. XVI ғасырдың соңы Жапонияда капитализмнің белгісі - сауда буржуазиясы қалыптаса бастаған кез болатын. 1568-1582 жылдары елді біріктіру ісін феодал Ода Нобунага басқарды. Аз ғана уақыттың ішінде ол орталық Хонсю аралыжерін өзіне бағындырды. 1573 жылы Асикага әулетінің ең соңғы сегунын биліктен кетіреді. Ода Нобунага 1580 жылы Жапонияның жартысын біріктірді. Жапонияның ең бай қаласы Сакаиды бағындырды. Нобунаганың ісін алға апарған досы Тоётоми Хидэёси (1583-1598) елді біріктіру ісін жалғастырды. Хидэёси елде қатаң тәртіп орнатты. Ол шаруаларды жерге бекітетін, басы ауған жаққа кетуіне тыйым салатын заңдар шығарды. Сырт елдермен басқыншылық саясат жүргізіп, 1592 жылы Корея еліне екі рет жорық ұйымдастырды. Оңтүстік Корея жерін уақытша бағындырды. 1598 жылы Хидэёеи өлгеннен кейін Жапонияны біріктірумен Токугава (1598-1616) айналысты. 1603 жылы ол елді біріктіруді аяқтап, сегун деген атақ алды. Токугава әулетінің сегундары Жапонияны 1867-1869 жылдардағы буржуазиялық революцияға дейін 265 жыл биледі.

 

 

 


IV. Жаңа сабақты бекіту

1 тапсырма – ребус құрастыру

2 тапсырма Біртұтас мемлекеттің құрылуы кесте толтыру

 

Қай жылдары?

Кім басқарды?

Не өзгертті?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V Бағалау:
VІ. Үйге тапсырма: § 25 оқу,  баяндама дайындау (сёэн, даймё, буси, самурай, микадо, сегун).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 сынып: Дүниежүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға Қытайда феодалдық қатынастың  қалыптасуы мен дамуы туралы түсіндіріле  отырып, Қытайдағы феодалдық қатынастың Батыс Еуропа елдеріндегі феодалдық елдеріндегі феодалдық қатынастардан ерекшелігін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушыларға  қызықты қосымша мәліметтер  келтіре отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Тарихи деректерге сүйене отырып, тұжырым жасай білуге дағдыландыру, ой пікірін, көзқарасын қалыптастыру, өз ойын еркін айтуға, тарихи оқиғаны талдай білуге үйрету

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, өзге елдің тарихын  құрметтей отырып,  өзіміздің  төл тарихымызды   толық  меңгеруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, XI-XVIғасырлардағы Қытай,
Жапония елдерінің саяси картасы.тірек схемалар т.б
Сабақ әдісі: кім жылдам, математикалық қобдиша, тарихи сынақ хат, суреттер сөйлейді.
Сабақ түрі: аралас сабақ

Күтілетін нәтиже:  

* Қытай жерінің шаруашылық дамуындағы ерекшеліктерімен танысады.

* Қытай орталықтанған  монархияның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде   толық  мағлұмат алады. 

* Қойылған сұрақтарға еркін жауап бере алады.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, олардың зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасы Жапониядағы феодалдық құрылыс.
Сұрақ - жауап сайысы ( өткен тақырыптардан.)
1 тапсырма: ‹‹Кім жылдам?››
1. Жапонияда мұрагерлік жер не деп аталады? (сеэн)
2. Жүз жылға тең келетін уақыт өлшемі? (ғасыр)
3. Славян алфавитінің негізін салушылар? (Кирилл мен Мефодий)
4. Көшпелі арабтарды қалай атаймыз? (бәдәуилер)
5. Орта ғасырлардағы шіркеу соты? (инквизиция)
6. Христиандардың қасиетті қаласы? (Иерусалим)
7. Мұсылмандардың қасиетті қаласы? (Мекке)
8. Рим Папасының иелігі қалай аталады? (Ватикан)
9. Орта ғасырлардағы салық түрі? (барщина)
10. Томаға - тұйық шаруашылық қалай аталады? (натуралды.)
Үй тапсырмасын сұрау. Жапониядағы феодалдық құрылыс.
2 тапсырма: Сәйкестендіру тесті
1. Самурай................................. А). ең жоғарғы билік
2. Дайме.................................... Ә).. әскери адамдар
3. Сеэн........................................ Б) жаңа әлеуметтік топ
4. Микадо................................... В).. ең ірі феодалдар
5. Сегун....................................... Г.) мемлекет иесі, мұрагер
6. Император............................. Д) жер иеліктері
3 тапсырма: ‹‹Цифрлар сөйлейді.››
1192............ 1428........ 1199........... 36.......... 67.......... 1532...... 1483....... 1573...... 1592...... 265.

ІІІ. Жаңа сабақ: Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті

«Жұмбақ хатты» талқылау.

(Қытай туралы мәліметтер келтіріледі. Оқушылар бұл мәліметтер Қытай мемлекеті туралы екендігін   анықтау қажет)

Оқылатын мәтін.

Шығыс және Орталық Азияда орналасқан бұл ел территориясы жөнінен әлемде үшінші орынға ие. Елде мылтық дәрісімен қағаз жасауды ойлап тапқан, ерте заманнан – ақ күріш өсірумен айналысқан халық тұрады. Бұл жерде адамдар сонау палеолиттен бастап мекендеген. Ерте замандардан  қалыптасқан иероглиф жазуы әлі күнге дейін қолданылады. Бір қызығы олар жоғарыдан бастап төменге қарай жазады. Б.з.б ІІ ғасырдың ортасында дамыған Ұлы Жібек жолының шығуында да бұл елдің ерекше маңызы бар. Қазіргі таңда бұл ел дүние жүзі бойынша социалистік бағытта дамып келе жатқан мемлекет болып табылады.

Мәліметтерде қай мемлекет туралы айтылған?

Оқушылар «Қытай» мемлекеті деп жауап бергеннен кейін өздерімен бірге отырып, сабақтың мақсаты мен міндеттері айқындалып алынады.
Сабақ жоспары:

1 Қытай - ежелден жер шаруашылығымен айналысқан ел.
2. Қытайдағы жер иеліктері
3. Орта ғасырлардағы Қытайдың саяси құрылысы
4. Діннің таралуы.
      Қытай жерінде құлдық қоғам ыдырағаннан кейін феодалдық қатынас орнай бастады.
Қытай жері Ұлы Қытай қорғанынан Оңтүстік Қытай теңізіне дейін, сол кездегі шаруашылығы жақсы дамыған аймақтар - Хуанхэ, Янцзы өзендеріне және Сычуань, Шаньдань аймақтарына дейінгі жерлерді алып жатты. (картамен жұмыс). Қытайда суармалы егіс кең етек алды. Қытайды әлі күнге дейін Жібек елі деп атайды. Себебі: Қытайда ежелден жібек құрты өсірілді.
Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы сауда жолы Ұлы Жібек жолы деп аталады.
Қолөнер өте жақсы дамыған, әсіресе қыштан жасалған ыдыстар, қола және темір бұйымдар шетке шығарылған.
Қытайда жер иелігінің екі түрі болды. Император қолындағы жер мемлекет меншігі деп есептелді. Императорға қызмет атқарған адамдарға жер берілді. Шаруалардың да үлестік жерлері болған. Әр шаруаға 120му жер берілген. 1му - 0, 06га. Феодалдық бытыраңқылықты пайдаланып, IV ғ. басында Қытайдың солтүстігіндегі көршісі - ғұн тайпалары шабуыл жасайды.

311ж – Лоянды басып алды.
316ж - Чанъанды
589ж Қытайда біртұтас феодалдық құрылды. Янь - Цзянь елдің императоры болды.
616жылға дейін – Суй әулеті басқарды.
618ж Тан әулеті 907ж дейін ел басқарды.
960ж - 1279ж Сун әулеті елді біріктірді.

Орта ғасырлардағы Қытайдың саяси құрылысы:
Император ---------←кеңсе
↓ ------------- ↓ ------- ↓ --------- ↓
Басқарушы әскери сарай тексеруші

Шенеуніктер басшылар қызметшілері палата
Діннің таралуы. IV - Vғ. Будда діні кең тарады. Дінді уағыздаушы және таратушы Будда храмы болды.
Буддизм адамдарды шыдамды болуға шақырды.

IV.Жаңа сабақты бекіту

1 тапсырма - ‹‹Ойлан тап››
1. Қытайлықтар өз елін - ‹‹ аспан асты елі›› дейді, ал өзге халықтар қалай атайды?
(ағылшынша CHINA)
2. Мемлекеттің астанасы.................. Пекин
3. Қытай жазуы қалай аталады?
4. Мемлекеттің туын тап
2 тапсырма – сұрақ-жауап

1. Б. з І ғ. Қытайда қандай дін тарай бастады?
2. Қытайда жер иеліктерінің қанша түрі болған?
3. Шаруашылықтың қандай түрі болған?

V.Бағалау

VІ. Рефлексия

Білемін

Білдім

Білгім келеді

VІІ. Үйге тапсырма: §26, 27 Будда, дао  діндері туралы қысқаша  мәліметтер жинап келу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 сынып Дүниежүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы:   Үндістандағы феодалдық қатынастар.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік:VI-VII ғасырларда Үндістан жерінде феодалдық қоғамның қалыптасуы туралы, сондай-ақ Үндістан феодалдық қоғамның өзге елдерден ерекшелігін өткен сабақтармен байланыстыра отырып түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушының  ойын дұрыс жеткізуге үйрету, сабақтың мазмұнын ашатын сұрақтар, тапсырмалар орындату арқылы оқушы ойын дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды тарихи оқиғалар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Көрнекілік-түсіндіру. Сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзі картасы, суреттер, сөзжұмбақ, слайдтар.

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру (Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аударту)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1,2 оқушыдан үй тапсырмасын сұрап, сұрақтар қойдым.

1 тапсырма.Үй тапсырмасын оқушылардың толық меңгергендерін тарихи диктант арқылыц тексеру. Оқушыларға ғасырлар (мен жылдар) беріледі.

1.     ІІІ – VII ғасырларында – Қытай мемлекетінде қалалар көбейді.

2.     VII – ІХ ғасырларында – темір өндіру ұсталық өнердің күшеюіне әкелді.

3.     VI – VIIІ ғасырларында – сауда жедел дамыды.

4.     ХІ ғасырдың басында – Қытайда қағаз ақша шыға бастады.

5.     V – VI  ғасырларында – Қытай мемлекетінде өнер, әдебиет және ғылым дами бастады.

6.     VIIІ – Х ғасырларында – Қытайда білім беру, оқу ісі дамыды.

2 тапсырма Әрі қарай тақырыпты қорытындылау ретінде «түйелер көші» сұрақтарын қою

1 түйе – Ежелгі қыш өндірісімен қатар қандай өндіріс жедел өркендеді? (фасфор)

2 түйе – Қытай қандай жолдармен әр түрлі елдермен сауда жасады? (теңіз жолын)

3 түйе – Ірі сауда кемелеріне қанша адамнан сыйды? (600-700 адамнан)

4 түйе – V- VI ғасырларында Қытай мемлекетінде мәдениеттін қандай түрлері дами бастады? (өнер, әдебиет, ғылым)

5 түйе – Қытайда V-ІХ ғасырларда қандай діни ағым кең етек алды? (конфуцийлік ағым)

ІІІ. Жаңа сабақ барысы:

Сабақ жоспары:

1.     Гупта мемлекетінің құрылуы.

2.     Үндістандағы феодалдық қатынастың дамуы.

3.     Солтүстік Үндістан жерін көрші мемлекеттердің жаулап алуы.

4.     Үндістандағы қолөнер мен сауданың дамуы.

 

1.Үндістан жерінде ертеден келе жатқан екі тілдер халықтардың ортақ тіліне айналды.

1.     Индуизм

2.     Санскрит.

VII-ХІІ ғасырларда Үнді жерінде феодалдық қатынас тереңдей түсті. Мүлік теңсіздігі күшейіп, феодалдық топ қалыптасты. Ірі феодалдық жер иеліктері ұлғая түсті. Жер патша иелігіндегі мемлекеттік меншік болып саналды.

Әлеуметтік касталар

1.     Брахман

2.     Пшатрий

3.     Вайший

4.     Шудра

Патша бүкіл жерді 4 иелікке бөлді:

1)    Мемлекеттік мүддеге пайдаланатын жер;

2)    патша қызметкерлеріне арналған;

3)    асқан қабілетімен көзге түскен адамдарға сыйға тартылатын жер;

4)    дін қызметкерлеріне берілетін жер;

3. Үшінші мәселе бойынша Үндістанға көршілес жатқан елдер шабуыл жасады.

Олар:  1. Эфталиттеттер

            2.арабтар

            3.Айбек сұлтан

            4.Шыңғысхан әскері

            5.Әмір Темір

            6. Әмір Темір шөбересі Бабыр

            7. Бабыр немересі Акбар

4. Төртінші мәселе бойынша Үндістанда қолөнер мен сауда жақсы дамыған қалалар көп болған.   Олар: Варангал, Танджур, Пайтжан, Дели, Сурат т.б.

Үндістанда керуен саудасы дамыды. Солтүстік Үнді жері арқылы Кабулға, одан әрі Әмудария өзенін байлап Орта Азияға және Қазақстан арқылы Еуропаға баратын керуен жолдары болды. Екінші жол Болан асуы арқылы Кандагар, Иранға шықты.

Қорытынды:

Сабақты толықтыру ретінде тест тапсырмалары алынады. (6 сұрақтан тұрады). Әрі қарай сабақты қорытындылау ретінде «Лото» ойының ойнатам. 4 және 6 тапсырмадан тұрады. Суреттер арқылы немесе жылдар жайлы оқушылар ойларын тыңдап сабақты қорытындыладым.

Сабақ толық қорытылғаның инсерт картасы арқылы бақыладым. Оқушыларға инсерт картасын таратып бердім.

IV.Жаңа сабақты бекіту

Тест жұмысы

1.Үндістан феодалдық қоғамының өзге елдерден ерекшелігі

А)Әлеуметтік каста жүйесі

Б)жер иелену нысаны

2.Ұлы Моғол империясын кім құрды

А) Бабыр шах

Ә) Акбар

3.Ұлы Моғол империясы кімнің тұсында ірі мемлекетке айналды

А)Акбар

Ә)Харши

4.Үнділер қай жануарды киелі деп санайды

А)сиырды

Ә)қойды

5.Синус және косинустар теориясын ашқан Үнді математигі

А)Арьбхата

Ә)Нагарджун

6.Арабтар үндістанды қай ғасырда жаулап алды

А)ҮІІІ  ғасырда

Ә)ҮІ   ғасырда

V.Бағалау

VІ. Үйге тапсырма: параграфты оқу, қосымша мәлімет Үнді мәдениеті туралы

 

 

        

 

 7 сынып: Дүниежүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы Түркия

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік:Түркілердің Кіші Азияда қуатты мемлекет құруы туралы оқушыларға  мағлұмат беру.

Дамытушылық:Оқушының ой- өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Осман империясы, түрік мәдениеті туралы айта отырып, еңбекті бағалауға, қоғамды түсіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: үлестірмелі карточка,  карта, суреттер,  интерактивті тақта

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:    І. Ұйымдастыру бөлімі.

                                       ІІ. Сабаққа кіріспе, оқушыларды сабақтың мақсаттарымен,       

талаптарымен таныстыру.

                                       ІІІ. «Аптаның 7 күні» ойын сабағы.

         Бүгінгі 7 «А» сыныбында өткелі отырған «Аптаның 7 күні» атты ойын сабағына қош келдіңіздер. Үндістандағы феодалдық қатынастар туралы үй берілген сабағымызды ойын түрінде өткіземіз.

 

І күн. Дүйсенбі. «Базарға бару күні».

         Базарға бару үшін ақша керек. Сіздер мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, қолымдағы белгілерді алу арқылы өздеріңізге ұпай жинайсыздар, тек дүйсенбі күні ғана емес, басқа күндері де өздеріңізге ақша жинайсыздар. (сұрақ- жауап)

1.     Үндістандағы Гупта мемлекеті қашан құрылды?

2.     Әлеуметтік каста дегеніміз не? Олардың түрлері.

3.     Феодалдық жер иеліктің қанша түрі бар?

 

ІІ күн. Сейсенбі. «Сөзжұмбақпен жұмыс күні»

 

 

 

 

 

Ү

Н

Д

І

 

 

 

 

Ч

А

Н

Д

Р

А

Г

У

П

Т

А

 

 

 

 

 

Д

Е

Л

И

 

 

 

 

Ә

М

І

Р

 

Т

Е

М

І

Р

 

 

 

М

А

Й

С

У

Р

 

 

 

Г

У

П

Т

А

 

 

 

К

Е

С

А

П

А

Т

Т

Ы

Л

А

Р

К

Е

Р

У

Е

Н

 

 

1.     Үндістан жеріндегі өзен.

2.     ІV- V ғ.ғ. Магадхи жерінде құрылған ең ірі империя.

3.     1206 жылы Кутб- уд- дин Айбек қай қаланы Үндістанның астанасы етті?

4.     1398 жылы 120 мың қолмен Дели сұлтандығына шабуыл жасаған кім?

5.      Қолөнершілер піл сүйегінен қымбат бұйымдар жасаған жер.

6.     IV – V ғ.ғ. Магадхи жерінде құрылған ең ірі империя

7.      Кастаға кірмеген қоғамның ең  бір қорғансыз бөлігі

8.     Үндістанда дамыған сауда түрі.

 

ІІІ күн. Сәрсенбі. «Ақыл- ойға шабуыл күні» Хронологиялық кесте (карточкамен)

1) 320–340 ж.ж.–  Гупта әулетінің билігі Чандрагуптаның қолына тиеді.

1526 ж.–    Әмір Темірдің немересі Бабыр Ауғанстан арқылы Үндістанға  шабуыл  жасап, Дели қаласын бағындырды.

VII ғ. аяғы –      Үндістан мен Ауғанстанды арабтар жаулап алып, ислам дінін  енгізді.

 

2) 340–380 ж.ж.– Самдрагупта тұсында Гупта мемлекеті күшейді.

VII–ХVI ғ.ғ.–     Араб саудагерлерімен бірге теңізшілер, Еуропа саудагерлері теңіз,  мұхит арқылы Үндістанмен сауда жасап, көп пайда тапты.

1221 ж.–             Шыңғысхан Пенджабты талқандайды.

 

3) VI ғасырдың аяғы– Гупта мемлекеті құлады.

 606–647 ж.ж.–   Харши билік басына келіп, ірі мемлекет құрды.

1206 ж.–    Кутб- уд- дин- Айбек Солтүстік Үндістанда Дели қаласын астана етіп, жаңа мемлекет құрды.

Сергіту сәті.

 

ІV күн. Бейсенбі.   Жаңа сабақ   «Таным  күні»

1.     Түркілердің Кіші Азияға келуі, Осман империясының құрылуы.

 

ХІ ғасырдың аяғында Кіші Азияда Қуатты мемлекет Түрік- Осман империясы құрыла бастады.

1299 жылыжелтоқсанда монғол шапқыншылығынан ыдыраған салжұқ мемлекетінің орнына Осман мемлекеті келді. Негізін  1220 жылы Осман сұлтан қалаған еді.ХІV- ХVІІғ. Іж. Осман түріктері ұлы империя құрды.

 

2.     Осман империясының құрылымы.

Орта ғасырдағы әскери- феодалдық құрылымдағы мемлекет.

Империя уәлаяттарға (облыстарға) бөлінді.  Бейлер басқарды.

І Сулейман кезінде 21 уәлаятка бөлінді. Уәлаят санжактарға бөлінді.

 

Сот жүйесі- сот жұмысын мұсылман қазы (кадилар) жүргізді. Жоғарғы сот уәзірдің қолында.

Шейх- ульислам- діни бағыттағы сот істерін жүргізуші.

 

Әлеуметтік топ:  1. Рухани феодалдар. 2. Әскери феодал. 3. Көпестер мен қала тұрғындары. 4. Шаруалар.

 

3.     Түрік мәдениеті.

ХІІІ ғ.- жазба әдебиеттердің алғашқы үлгілері п.б.

Түрік эпостық дастандары- “Оғызнама”, “Китаб Дәдәм Коркуд”, “Көрұғлы”

 ХV- XVII ғ.ғ. Сәулет өнеріне ерекше көңіл бөлді.

ХV- XVII ғ.ғ. Сән және қолданбалы өнер дамыды.

 

V күн. Жұма.  «Поштаға бару күні»

Әр  топ    «Қазіргі Түркия»  тақырыбында эссе  жазу.    

VІ күн. Сенбі.  

         Сабақты қорытындылау, бағалау.

VІІ күн. Жексенбі.

Үйге тапсырма, демалыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниежүзі тарихынан сабақ жоспарының топтамасы (7 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сынып: 7 «А».Пән: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы.Мұғалім: Мамиева Ә.А.Сабақтың тақырыбы: Шіркеу және дін қызметшілері. Крест жорықтарыСабақтың мақсаты: Білімділік: Христиан шіркеуінің бөлінуі, христиан қоғамындағы палалар, епископтар, архиепископтардың рөлі, крест жорқтарының себептері, шығысқа крест жорықтары, крест жорықтарының салдары туралы білім беру. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, өз бетімен жұмыстану, салыстыру, қорытындылай білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Тарих тағылымынан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам жасайтын, халқымыздың біртуар перзенттеріне құрметпен қарайтын, елін, туған жерін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Сабақтың типі: Жаңа білім беру. Сабақтың әдісі: тест, тірек-сызба, кесте арқылы түсіндіру, кесте толтыру. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Сабақтың тақырыбы: Жапониядағы феодалдық құрылысСабақтың мақсаты:Білімділік:Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы, мемлекеттің саяси құрылысы шаруалардың жағдайы,біртұтас мемлекеттің құрылуы туралы мағлұмат беру;Дамытушылық:Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;?Тәрбиелік:Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу?Сабақтың түрі: араласӘдісі: сұрақ-жауап, баяндау, кестеКөрнекілік: карта, суреттер, сызбаСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңіОқу құралын тексеріп түгелдеуОқушылар зейінін сабаққа аударуІІ.Үй тапсырмасын сұрау:Крест жорықтарының басты себебі қандай?Бірінші крест жорығы қашан болды, оған кімдер қатысты? Крест жорықтарының салдары қандай?ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:1. Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 361 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Методический материал: «Сарматская культура, Таштыкская культура, культура хунну (сюнну)» (5-11 класс)
  • Учебник: «Всеобщая история», Климов О.Ю., Земляницин В.А., Носков В.В., Под ред. Мясникова В.С.
  • Тема: Глава 1. Первобытность и Древний мир
  • 01.01.2021
  • 550
  • 0
«Всеобщая история», Климов О.Ю., Земляницин В.А., Носков В.В., Под ред. Мясникова В.С.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.12.2020 1044
    • DOCX 83.4 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уварова Людмила Валентиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Уварова Людмила Валентиновна
    Уварова Людмила Валентиновна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 76578
    • Всего материалов: 219

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 417 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 463 человека

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе