Главная / Начальные классы / Дүниетану сабағынан "Су. Судың күйі" тақырыбына сабақ жоспары (2 сынып)

Дүниетану сабағынан "Су. Судың күйі" тақырыбына сабақ жоспары (2 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Су .Судың күйі

Сабақтың мақсаты: .Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру. Қандай заттардың суда еріп, қандай заттардың суда ерімейтіні туралы мағлұмат беру. Судың адам үшін маңызын, сусыз тіршілік жоқ екенін дәлелдеу және оқушылардың байқағыштық танымдық қабілетін дамыту. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар. Су табиғатта өте жақсы еріткіш. Біздің қаламызда қандай өзен, көлдер кездеседі? Жем өзені, Құрсай өзені, Қамыскөл көлі,Жайық өзені,Шаған көлі туралы түсініктерін қалып тастыру.. Суда қандай заттардың еритіні туралы білімдерін молайту..Оқулықтағы мәтінді оқу. .Суды ластамау, суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.Судың жақсы еріткіш екендігіне түрлі тәжірибелер арқылы көз жеткізу. Суға қант салып араластырайық. Қант еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды. Қант суда жақсы ериді. . Суға тұз салып араластыру. Суға бір қасық тұз салып араластыру. Тұз суда еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді. . Стақандағы суға құм салып араластыру. Құм қиыршықтары сол қалпында стақан түбіне шөгеді. Құм суда ерімейді. . Стақандағы суға саз салып аралас тыру. Су лайланады. Суды біраз тұндырсаң, саз түбіне шөгеді. Саз суда ерімейді. . Қорытынды: суда еритін де, ерімейтін де заттар бар Жақсы ериді Ас содасы, калий перманганаты Ерімейді Бор Нашар ериді Крахмал екендігін оқушыларға түсіндіру.Суда еритін затты белгілету,. Суда ерімейтін затты белгілету. Су табиғатта неше күйде кездесетіндігін,.Судың қатты күйі қалай аталатынын,газ күйінде қалай кездесетінін,сұйық күйінде қалай кездесетінін оқушыларға ұғындыру. Судың қасиетін айту. Судың пішіні. Судың түссіздігі

Судың мөлдірлігі . Судың дәмі . Судың иіссіздігі .

Судың ағуы туралы қорытынды пікір жасауға үйрету Судың мөлдір ,ағады,түсі жоқ ,иісі жоқ ,пішіні жоқ ,дәмі жоқ екендігін оқушы санасына сіңіру. Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру практикалық жұмыс барысында бақылау талдау салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету. Су-адам еңбегінің көмекшісі.(егістік,зауыт,фабрика)Су қозғалтқыш.(паравоз, параход Су-жол тасымалдаушы.(өзен,теңіз көліктері,ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы)Су-бұзушы.(сел, дауыл, су тасқыны)Су-тіршілік көзі екендігін оқушыға үйрету,түсіндіру. Бес жолды өлең»құрастыру арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту.Зат есім. Су.Етістік. Ағады,қоректенеді.Сын есім. Мөлдір, таза, иіссіз.Сөйлем. Су- бұл тіршілік көзі.Мәндес сөз. Тіршілік. Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру, қандай заттардың суда еріп, қандай заттардың ерімейтінін анықтау.Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру;суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Су табиғатта қандай күйде кездеседі. Су қандай жағдайда сұйық күйден қатты және газ күйіне өзгереді сұрақтарына толық жауап беруге ұмтылдыру. Су- тіршілік көзі дегенді қалай түсінесің?Судың қандай пайдасы бар?Сен тұратын жерде суды қорғау үшін қандай шаралар жүзеге асырылады деген жетек сұрақтар арқылы оқушы ны шығармашылыққа баулу.







..

Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың түрі: Тәжірибелік

сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, түсіндірмелі,

топтастыру, тест.

Сабақтың көрнекілігі: Су, тұз, қант, құм, саз, крахмал, ас содасы, бор, плакат, тірек сызбалар, суреттер, калий перманганаты.

Сабақ барысы: I.Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Бірге өтер күніміз.

Сыныбыз тап – таза,

Бор да дайын тақта да,

Ойымызды партаға.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Судың қасиетін айту. 1-топ.

Судың пішіні 2-топ.

Судың түссіздігі 3-топ.

Судың мөлдірлігі 4-топ.

Судың дәмі 5-топ

. Судың иіссіздігі 6-топ.

Судың ағуы. Сызба арқылы үй тапсырмасын қортын дылау.

  1. мөлдір

  2. -ағады

3 --түсі жоқ

4-иісі жоқ

5-пішіні жоқ

6-дәмі жоқ

III.Жаңа бетінде көп кездеседі. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің сабақ Су жер 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар. Су табиғатта өте жақсы еріткіш. Біздің қаламызда қандай өзен, көлдеркездеседі? Жем өзені, Құрсай өзені, Қамыскөл көлі. Ендеше біз бүгін суда қандай заттардың еритіні туралы білеміз.оқулықтағы мәтінді оқу 1 – тәжірибе. 1-топ. Суға қант салып аралас тырайық. Қант еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды. Қант суда жақсы ериді.

2 – тәжірибе. 2-топ. Суға тұз салып араластыру. Суға бір қасық тұз салып араластыру. Тұз суда еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді.

3 – тәжірибе. 3 – топ. Стақандағы суға құм салып араластыру. Құм қиыршықтары сол қалпында стақан түбіне шөгеді. Құм суда ерімейді.

4 – тәжірибе. 4-топ. Стақандағы суға саз салып араластыру. Су лайланады. Суды біраз тұндырсаң, саз түбіне шөгеді. Саз суда ерімейді.

IV. Бақылау күнделігімен жұмыс. Жасаған тәжірибе бойынша суда еритін, ерімейтін заттарды жазу. Не аламыз? Нені бақылаймыз? Қант Суда жақсы ериді Тұз Суда жақсы ериді Құм Құм суда ерімейді Саз Саз суда ерімейді

. Қорытынды: суда еритін де, ерімейтін де заттар бар V. Логикалық тапсырмалар.

Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды? Оқушылардың жауабын тыңдау. Сонда суда барлық затар ери ме? Тағы да тәжірибе жасап көрелік.Әр топтан бір оқушыданкеліп жасау.

1 топ. Ас содасы.

2 топ. Крахмал.

3 топ. Калий перманганаты. 4 топ. Бор.

VI. Кесте толтыру. Жақсы ериді Ас содасы, калий перманганаты Ерімейді Бор Нашар ериді Крахмал

VII. Сауалнама. 1. Судың қасиеттерін белгіле. а)ақ ә)мөлдір б)сұр

2. Суда еритін затты белгіле. а)қант ә)тас б)құм

3. Суда ерімейтін затты белгіле а)құм ә)тұз б)қант

4. Су табиғатта неше күйде кездеседі? а)2 ә)3 б)4

5.Судың қатты күйі қалай аталады? а)су ә)бу б)мұз

VIII. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу

. Қортындылау, бағалау.













































Сабақтың тақырыбы: Қайратым – қайсарым. Ж.Дауренбек

Сабақтың мақсаты: 1.Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы Қайратты халқымыздың ұлттық батыры ретінде естен шығармауға, дәріптей білуге үйрету

. 2.оқушылардың танымдық қабілетін арттыра отырып, сөздік қорын, ойлау, есте сақтау кабілеттерін дамыту.

3.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндірмелі, СТО стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, мультемедиа

Сабақтың барысы: I. Психологиялық дайындық

Мынау – менің жүрегім

, Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған. Суын,жерін қорғайтын

Егеменді елімнің

Болашағы мен болам.

Қызығушылықты ояту.

II. Ой қозғау: Оқушылар өткен сабақта өткен Қазақстан, Туған өлкем өлеңдерін кім мәнерлеп айтып береді?

-Өлеңдер не туралы айтылған?

Қазақстан, Отан, туған ел туралы. Қазақ елінің ел болып қалыптасуында, егемендік алу жолында, ұлттық намысы, өз тәелсіздігі жолында аса елеулі үш оқиғаны басынан өткізді.

1-оқиға XIIIғасырдағы Шыңғысхан түмендері тойтарыс берген Отырар қаһармандығы. Бұл шайқаста Шыңғысхан жеңіп, өздері опат болғанымен ұлттың қайсар рухын әйгілеп кетті.

2-оқиға XVIII ғасырдың орта шеніндегі Жоңғар шапқыншылығы. Атамекенімізге 70 мыңға жуық қолмен лап қойды. Олардың ойы қазақ халқын басып алып, жерімізді алу. Жоңғарларды жеңуде үш жүздің басын қосып жинаған Абылайхан мен Қабанбай батыр еді. Қазақ елі Бүгінде тарих қойнауына сіңіп бара жатқан жалпақ әлемнің назарын аударған, тәуелсіздік алып келген 1986 жылы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Бізге бүгін сол тарих қойнауына сіңіп бара жатқан, бірақ бізге егемендіктің көк туын желбіретіп әперген желтоқсан оқиғасы еді. Өз елінің азаматтығы жолында көптеген аға-апаларымыз қыршыннан қиылды. Осындай азаматтық жолындағы көтерілісте өз елінің намысын қорғаған қаһарман ағамыз Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеов туралы «Қайратым-қайсарым» атты әңгімемен танысқалы отырмыз. Қайраттың суреті Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Көктөбе ауылында дүниеге келген. Әкесі – Ноғайбай, анасы – Дәметкен. Үйдегі 7 баланың үшіншісі. Әскерден келген соң Алматы қаласындағы Сәулет- құрылыс институтының студенті болып оқуға түседі.

III.Жаңа сабақ Мағынаны тану. Оқулықтағы мәтінді бөліктерге бөліп оқып түсіндіру. - Қайрат кім? (қаһарман, қазақтың қайсар ұлы) - Қайсар Қайрат өз өлең шумағында не дейді? - Қайрат неше жыл ғұмыр кешті? - Халқын қалай табындырды? (сүйіп, қорғап, әлемге танытып, табындырып кетті) - Тәуелсіздікті қашан алды? (1991 жылы 16-желтоқсанда) - Тәелсіздік үшін күрескен боздоқтарымыз кімдер? Ләззат Сәбира Ербол Қайрат

IV. Дәптермен жұмыс

V. Ой шақыру. Мәтінді пысықтау үшін сұрақтарға жауап беру. Әңгіме кім туралы? Желтоқсан көтерілісі қашан болды? Қайрат не үшін құрбан болды? Халық Қайраттың есімін қалай дәріптейді? Тәуелсіздік монументі туралы айту. Желтоқсан оқиғасы болған брежнев алаңы қазір Желтоқсан алаңы деп аталады. Бұл алаңда қазір желтоқсан құрбандарына ескерткіш қойылып, әр жыл сайын желтоқсан құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қояды. Мынау тәуелсіздік монументі. Сол желтоқсанда егемендік алып берген ерлігіміздің және тәуелсіздігіміздің құрметіне қойылған

. VI.Сергіту сәті. Сөзжұмбақ Қазақстан Астана Ноғайбай Ербол Алматы Желтоқсан 1. Біздің еліміз 2. Біздің бас қаламыз 3. Қайраттың әкесінің есімі кім? 4. Желтоқсан оқиғасында қаза тапқан ағамыз 5. Желтоқсан көтерілісі болған қала 6. Тәуелсіздік алған ай.

VII. Топтастыру стратегиясы. Қайсар халық қаһарманы өжет Қайрат Ақын адал батыл сүйікті ұл Міне, балалар бұл қасиеттердің барлығы Қайраттың бойынан табылады. Өз елін сүйетін, Отанын қорғайтын патриот мінезді ағамыздың қайсарлығын дәлелдейді. Қайсарлық кез келген адамда бола бермейді. Ол тек Қайрат сияқты қаһарман ағамыздың бойынан табылады. Сол тәуелсіздікті бізге алып берген Қайрат ағамыздың өзі көре алмауы өкінішті. Батыр ағамыздың күнәсі ақталып, ерлігі бағаланды. Сурет Анасы мен Елбасы 1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде Республиканың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында көрсеткен ерлігі үшін Алматы сәулет – құрылыс институтының бұрынғы студенті Қайрат Рысқұлбековке жоғарғы белгісі «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша белгі – Алтын жұлдыз тапсырды. ҚР – ның елбасы:Н.Ә.Назарбаев Алматы, 1996 ж 9 желтоқсан. VIII. Ой толғаныс «Бәйге» ойыны 20 жыл бойы еліміздің мәртебесін көтеріп, елімізді басқарып отырған ұлы тұлға Еліміздің тәуелсіз ел екендігін білдіретін нышандар Есіл өзені бойында орналасқан жаңа қала Астана қаласындағы ұзындығы 97м Тәуелсіздіктің сиволы Қазақтың тұңғыш ғарышкері Қайсар рухты батыр

IX. Үйге тапсырма. Оқу әңгімелеу (батырлар туралы мақалдар жазу)

X.Қорытындылау, бағала











































Сабақтың тақырыбы: Су Судың күйі


Сабақтың мақсаты:


Білімділігі: Оқушыларға судың күйі, тіршілік үшін маңызы, табиғаттағы таралуы жөнінде түсінік беру.


Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ізденушілік – зерттеушіл

әрекеттерін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту

.
Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, суды қорғау, тазалықты сақтау сияқты адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу, табиғатты аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып, экологиялық, адамгершілік тәрбие беру


Сабақтағы көрнекіліктер, құралдар: Интерактивті тақтамен слайдтар көрсетіледі физикалық карталар кескін карта, суреттер, кесте, сызбанұсқалар, су құйылған ыдыстар.


Сабақтың түрі: Жаңа білім беру


Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, жобалау әдістері. көрсету( видео, слайд)
Сабақтың барысы:


1. Қызығушылықты арттыру(Өткен сабақты бекіту )

.
2. Мағынаны тану. ( Тәжірибелік жұмыстар)

.
3. Толғаныс ( қорыту, бекіту. Үйге тапсырма беру, бағалау.)

I. Психологиялық дайындық

Мынау – менің жүрегім

, Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған. Суын,жерін қорғайтын

Егеменді елімнің

Болашағы мен болам.

2. Қызығушылықты ояту


Мұғалім: Қоңырау соғылды, сабақ та міне басталды! Ал, бүгінгі сабақ ерекше. Ол сендердің білімдеріңді бақылаймын.Сабақты бастамас бұрын топқа бөлініп аламыз. Ауа,Су,Топырақ.Біз өткен сабақта ау туралы мағұлмат алған болатынбыз» «Тез ойлан.Иә, Жоқ жауабы бойынша алған білімімізді саралап аламыз.1. Ауа түссіз

.2Ауаның пішіні бар.

3.Ауамөлдір

4.Ауа көзге көрінеді

.5.Ауа көзге көрінбейді

6.Ауаның пішіні жоқ.

7.Таза ауада иіс болмайды

.8Таза ауаның иісі болады

.9.От таза ауада жақсы жанады

10.От таза ауада жанбайды

.Тапсырма.Ауаның қасиеттерін топтастыру.Ауа –түссіз,мөлдір,иіссіз,пішіні жоқ

.3.Мағынаны тану .

Тақырыпты ашпастан бұрын, сендерге бір құпия қонақтың хатын оқиын, ал сендер оның не екенін табыңдар!


Құпия қонақтың хаты:


М
ен сұйықпын да, мұзбын да,


Тамшысымын жаңбырдың.


Оюланған қыраумын

,
Жылымын да, салқынмын.


Шөлдесең кеуіп кенегең,


Мейіріңді қандырдым

.
Сыйлаймын мен тазалық,


Рақат беріп денеңе,


Айта қойшы кіммін мен?(Су)


- Қандай белгісінен білесіңдер?

.
- Былайша қарағанда күнбе-күн қолданып жүрген судан қарапайым не бар?
Балалар кішкене түсінік алуымыз үшін жұмбақтар шешіп көрелік.
1Қыста шыны боп қатады

,Жылыда су боп ағады

.(Мұз.)

2Көзге көрінгенімен,

Ұстасаң қолға ілінбейді.

(Бу)

.3Аяқсыз ақ жорғалайды жүреді

Аузы жоқ сыңғырлайды,күледі

.Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ.

Айтыңдаршы осыны кім біледі

.(Су)

Мұз қатты,бу газ,су сұйық.Мұны біз судың үш күйі дейміз.

Француз ұшқышы, жазушы, соғыс кезінде сахара шөлде біраз уақытын өткізуге мәжбүр болған, сөйтіп бір жұтым судың қадірін білген Антуан де Сент Экзюперидің: «Сенің дәмің де, түсің де, иісің де жоқ, сені ешкім де сипаттап бере алмайды, сенің не екеніңді білмей - ақ сенен рақат табады. Сенің өмір үшін қандай керек екеніңді сөзбен айтып жеткізуге болмайды, себебі, сен - өмірдің өзісің»- деген сөзі бар.
Дегенмен, біздің бүгінгі кейіпкеріміз Су туралы біз не білеміз?
Ал енді интерактивті тақтаға қарайық: ол сендерге көрінеді. (Су туралы суреттер, су дыбысы, бейнефильмнен үзінді. Ол фильмде табиғаттағы су түрлері (өзен - көлдер, т. б.) үлкейтіліп көрсетілген, адам мен судың арақатынасы өте әдемі баяндалады).

Анықтама.Су-біздің ғаламшарымыздағы маңызы зор сұйық зат. Су бір күйден екінші күйге ауысып отырады.


. Сусыз тіршілік жоқ. Су жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар. Су табиғатта өте жақсы еріткіш. Біздің қаламызда қандай өзен, көлдер кездеседі? .





Сергіту сәті

4.Толғаныс.
Оқулықпен жұмыс Мәтінді оқу. Бағытталған оқу

Концептуалдық карта

А Т Ы

ҚАСИЕТІ

ПАЙДАСЫ

СУ















Семантикалық карта

ерекшелігі

Барлық жерде бар

түссіз

Көзге көрінеді

Иісі жоқ

мөлдір

ағады

қатады

жұғады

Пішіні жоқ жоқ ж ж

ауа










су










Қорытынды


Ішке- сыртқа

Ұнайды

Ұнамайды



















Су туралы
жалпы түсінігіміз бар болса, сабақты демонстрациялық тәжірибелер арқылы су қасиеттеріне көз жеткізейік:



Зерттеу жұмыстары. Су қасиеттерін сипаттауға түрлі тәжірибелер жасалады.
А) стакандағы суға қант салып, оның жақсы еріткіш екенін;


Ә) суға сүт құю арқылы түссіздігі,


Б) иіссіз екені арқылы;


В) қыздырғанда су сұйық күйден гассыз күйге айналады, т. б. қасиеттері анықталады.




Бағалау

Үйге тапсырма






































Тақырыбы: Су. Судың күйі

 
Мақсаты: Оқушыларды судың қасиеттерімен таныстыру.

 
Міндеттері: 
1.
Тәжірибелер арқылы судың қасиетін бөліп тізіп айту, судың жағдайын дәлелдеу (сұйық, газ тәріздес, қатты) және мысал келтіру


2. Тілдерін, ой-өрістерін дамыту, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. 


3. Топпен жұмыс істей отырып оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу


Сабақтың түрі:

Аралас

 
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс, көрнекілік

 
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі


 
Көрнекі-құралдар: интерактивті тақта, оқулық, су және сүт құйылған ыдыстар, үлестірмелі-қима қағаздар, тақырыпқа сәйкес суреттер мен слайдтар, глобус



Сабақтың барысы: 


І. Ұйымдастыру кезеңі:


Сәлем саған алтын күн, 


Сәлем саған көк аспан,

 
Сәлем саған туған жер


Сәлеметіз бе, қонақтар!

 
ІІ. Бақылау күнделігімен жұмыс.

 
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 
Топпен жұмыс. Тапсырма . Әр топ өз жұмыстарын талқылайды және

көрсетуге дайындалады. 


1-топ: Резенкелі доп неге көп секіреді, дөңгелекті тартқан кезде қолданылатын ауаның қасиеті


2-топ: Неге қыста терезелерді бекіту керек және орман жануарлары қыста неге тоңбайды?

 
3-топ: Ауаның өртті қолдайтынына мысалдар келтіру


4-топ: Ауасыз өмір сүру мүмкін бе? Дәлелде.


 
5-топ: Ауа қалай ластанады? 


6-топ: Ауа таза болу үшін не істеу керек? 


ІҮ. Жаңа сабақ 


1. Жұмбақ шешу: 


Жылт-жылт еткен, 


Жырадан өткен. (Су) 


2. Тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсаты. 


- Бүгін біз су, судың қасиетімен танысамыз. 


- Балалар, бүгін сендердің сабақтарына қонаққа Тамшы келді. 


Сендер қалай ойлайсыңдар, жер бетінде су көп пе? Ол үшін глобусқа

қарайық. Ғарышкерлер ғарыштан жерімізді осындай ғып көреді екен.

Глобусты тез айландырсақ, ол бір түсті боп көрінеді екен. Өйткені су

жеріміздің 3/4 бөлігін алады екен. 


3. Оқулықпен жұмыс: 41-42б. . 



4. Оқылымнан кейінгі сұрақтар. 
а) Су шығып жатқан жерді қалай атайды? 


ә) Бұлақтың маңындағы табиғат неге ерекше әдемі болады?

 
б) Сендер қалай ойлайсыңдар, кез келген ағынды суды ішуге бола ма, ал

бұлақтан неге ішуге болады? 


в) Асан судың қандай қасиетін тапты? 


- Судың тағы қандай қасиеті бар екенін білу үшін біз оны тәжірибелер

арқылы анықтаймыз. 


Ү. Практикалық іс-әрекет: 


1-тәжірибе. Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құй. Екеуін салыстыр. Сүт-


ақ, ал су – түссіз. 


2-тәжірибе. Осы екі ыдысқа қасық сал. Қайсысындағы қасық анық көрінеді?


Неге? Иіскеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз. 


3-тәжірибе. Бірнеше ыдысқа: кесеге, шыныға, стақанға су құй. Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, сұдың тұрақты пішіні болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен. 


Суды беті тегіс нәрсеге құйып көр. Ол жан-жағына аға бастайды, себебі ол сұйық. Аққан су түгел жоқ болып кетті ме? Оның орнында дымқыл, сулы із қалды. Су жұғады екен. Бірақ артынша ол да жоқ болады. Кеуіп кетеді. 
- Балалар, білесіңдер ме Африкадағы балалар сендерге неге қызығады? Өйткені сендер су бетімен жүре аласыңдар, ойнай аласыңдар. (Қыс кезінде) 
Экраннан қыстағы өзен көрсетіледі. Судың үш күйі. 
- Су үш күйде болатын дүние жүзіндегі жалғыз жат. 



ҮІ. Бекіту. Топпен жұмыс. 


- Тамшы сендерге мына парақтарға судың қандай қасиетібар екенін жазуды ұсынады. 


ҮІІ. Қорытындылау


- Балалар, Тамшыға көмектесейікші. Мына сөздерді орнына қойып, сөйлем құрастырайық. (нәрі, тіршілік, су-) 


Су – тіршілік нәрі. 


Неге солай айтамыз? 


- Жарайсыңдар, балалар. Біз Тамшыға көмектестік. Бірақ, ол сендермен қоштаспайды. Келесі сабақта тағы да кездесеміз дейді. Ол үшін үйде 41-44 бетті оқып, мазмұндап келеміз. Бағалау





Дүниетану сабағынан "Су. Судың күйі" тақырыбына сабақ жоспары (2 сынып)
  • Начальные классы
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Су .Судың күйі

 Сабақтың мақсаты: .Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру. Қандай заттардың суда еріп, қандай заттардың суда ерімейтіні туралы мағлұмат беру. Судың адам үшін маңызын, сусыз тіршілік жоқ екенін дәлелдеу және оқушылардың байқағыштық танымдық қабілетін дамыту. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің   2/3 бөлігін су алып жатыр. Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар. Су табиғатта өте жақсы еріткіш. Біздің қаламызда қандай өзен, көлдер кездеседі? Жем өзені, Құрсай өзені, Қамыскөл көлі,Жайық өзені,Шаған көлі туралы түсініктерін қалып тастыру..  Суда қандай заттардың еритіні туралы білімдерін молайту..Оқулықтағы мәтінді оқу. .Суды ластамау, суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.Судың       жақсы еріткіш екендігіне түрлі тәжірибелер арқылы көз      жеткізу. Суға қант салып араластырайық. Қант еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды. Қант суда жақсы ериді. . Суға тұз салып араластыру. Суға бір қасық тұз салып араластыру. Тұз суда еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді. . Стақандағы суға құм салып араластыру. Құм қиыршықтары сол қалпында стақан түбіне шөгеді. Құм суда ерімейді. . Стақандағы суға саз салып   аралас тыру. Су лайланады. Суды біраз тұндырсаң, саз түбіне шөгеді. Саз суда ерімейді. . Қорытынды: суда еритін де, ерімейтін де заттар бар Жақсы ериді Ас содасы, калий перманганаты Ерімейді Бор Нашар ериді Крахмал екендігін оқушыларға түсіндіру.Суда еритін затты белгілету,. Суда ерімейтін затты белгілету. Су табиғатта неше күйде кездесетіндігін,.Судың қатты күйі қалай аталатынын,газ күйінде қалай кездесетінін,сұйық       күйінде қалай кездесетінін оқушыларға ұғындыру. Судың қасиетін айту. Судың пішіні. Судың түссіздігі

 Судың мөлдірлігі . Судың дәмі . Судың иіссіздігі .

 Судың ағуы туралы қорытынды пікір жасауға үйрету Судың мөлдір ,ағады,түсі жоқ ,иісі жоқ ,пішіні жоқ ,дәмі жоқ екендігін оқушы санасына сіңіру. Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру практикалық жұмыс барысында бақылау талдау салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету. Су-адам еңбегінің көмекшісі.(егістік,зауыт,фабрика)Су қозғалтқыш.(паравоз, параход Су-жол тасымалдаушы.(өзен,теңіз көліктері,ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы)Су-бұзушы.(сел, дауыл, су тасқыны)Су-тіршілік көзі екендігін  оқушыға үйрету,түсіндіру. Бес жолды өлең»құрастыру арқылы оқушылардың сөздік қорын      молайту.Зат есім. Су.Етістік. Ағады,қоректенеді.Сын есім. Мөлдір, таза, иіссіз.Сөйлем.  Су- бұл тіршілік көзі.Мәндес сөз. Тіршілік. Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру, қандай заттардың суда еріп, қандай заттардың ерімейтінін анықтау.Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру;суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Су табиғатта қандай күйде кездеседі. Су қандай жағдайда  сұйық күйден  қатты және газ күйіне өзгереді сұрақтарына толық жауап беруге ұмтылдыру. Су- тіршілік көзі дегенді қалай түсінесің?Судың қандай пайдасы бар?Сен тұратын жерде суды қорғау үшін қандай шаралар жүзеге асырылады деген жетек сұрақтар арқылы оқушы     ны шығармашылыққа баулу.

Автор Муратова Клара Ораевна
Дата добавления 26.11.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 2918
Номер материала 5585
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы