Главная / Начальные классы / Дүниетану пәні бойынша ашық сабақ «Қазақстанның климаты» 4 сынып

Дүниетану пәні бойынша ашық сабақ «Қазақстанның климаты» 4 сынып

2 жалпы орта білім беру мектебі







Ашық сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның климаты»

4 «В» сынып







Мұғалімі:Токжигитова Айгуль Кайырбаевна.



Павлодар 2014 жыл



Тақырыбы: Қазақстанның климаты.

Сынып: 4 «В»

Мерзімі: 28.11.2014 ж

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Қазақстан климатының ерекшеліктерін түсіндіру.Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеу. Күн радиациясы, атмосфераның алмасуы, ауаның қысымы және желдер Қазақстан аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның таралуы және ауа температурасының таралуы туралы білімді түсіндіру.

Дамытушылық:

Оқушылардың ой-өрісін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру.Оқушылардың тіл байлығын, өз сөзімен ойын жеткізе білу дағдысын,шығармашылық ізденістерін дамыту. Оқушылардың өмір тәжірибесін орынды қолдануын сабақ барысында дамыту.

Тәрбиелік:

Бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынастырын нығайта түсу. Оқушыларды ұйымшылдыққа,өзара достыққа,бірлікте жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.Қоршаған ортаны аялай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- ауа, ауа райы,ауа құрамы,ауа қабығы жайындағы білімдерін толықтыру;

- адамдардың ауаны таза ұстауға өзіндік үлес қосуы;

- қазақстанның климаты жайлы түсінік беру;

- қоршаған ауа құрамы,ауа қабығы жайындағы білімдерін ортаға баяндап,дәлелдей білу;

- табиғатты қорғауға,оны аялауға,ауаны ластанудан сақтауға,маусымдық өзгерістер кезіндегі ерекшеліктерді аңғарта білуге баулу, тәрбиелеу;

- климат құрушы факторлар туралы білімдерін толықтыру.










Сабақтың барысы

Уақыт

Оқып үйренудің мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ойлау деңгейі

Ұйымдасты

ру

кезеңі

2 мин

Серіктестік қарым-қатынас жасауға ыңғайлы орта құру

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

Қонақтармен сәлемдесу:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

2.Төрт топқа бөліну.

1.Бір-біріне жақсы тілектер тілейді.Мыс.:Мен саған күннің нұрын тілеймін.

2.Маусымдық мезгілдерге байланысты өз орындарын тауып,отыру.

1-топ: «Көктем»

2-топ: «Жаз»

3-топ: «Күз»

4-топ: «Қыс»

Білу

Тақырыпқа шығу

АҚТ

6 мин


Ой белсенділігін дамытуға ықпал жасау

1.Үй тапсырмасын тексеру: «Конверт - сұрақ» әдісі бойынша тексеру.

1.Ауа құрамындағы газдар жайлы не білесің?

2.Ауа райын болжаумен қандай қызмет орталығы айналысады?

3.Ауа райын білу адамдарға не үшін қажет деп ойлайсың?

4.Маусымдық белгілерге не жатады?

















































Критерийлері:

1.Сұрақтарды қоя алады.

2.Толық жауап береді.

3.Ауа райына байланысты болжам жасай алады.

1.Топтарға сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеремін.

Жауаптар:

1.Ауа құрамы 3 газдан тұрады.Олар азот,оттегі,көмірқышқыл газы.Ауадағы ең көп газ-азот,ол ауаның үштен екі бөлігін құрайды,азот-78%,оттегі - 21%,көмірқышқыл газы - 1% .

2.Ауа райы құбылмалы болып жиі өзгеріп тұрады.Осы өзгерістерді метеорологиялық стансалар бақылайды.Ауа райы ғылымы өз атауларын гректің «метеоро» - яғни «аспандағы әлдене» деген сөзден шыққан.Сонымен қатар үлкен алқаптардағы бұлттылық жайын Жер серіктері фотосуретке түсіріп,бейнесін жерге беріп отырады.

3.Ауа райының болжамы алдағы тәулік,апта,тіпті бір айға жасалады.Мұндай болжам егістікте жұмыс істейтін адамдар,ұшқыштар мен теңізшілерге қажет.Олар дән себу,ұшу,жүзу,сапарға шығу уақытын ауа райына қарай жоспарлайды.

4.Маусымдық белгілерге төрт маусым кезінде болатын ауа райы мен табиғи ерекшеліктер жатады.Әр жыл мезгіліне тән ауа райы өзгеріп тұрады.



Бағдаршам арқылы бағалау.

Түсіну

Жаңа тақырыпты меңгерту СТОү,ОЖТ,

Диалогті оқыту

Тақырыпқа сай мақсат құрып,міндетін анықтау.

6 мин

Өз бетімен жұмыс істеуге үйретуге дағдыландыру

Мәтінмен жұмыс:Интербелсенді тақтадан көрсете отырып,бүгінгі жаңа тақырыпқа шығу. «Климат»сөзінің мағынасын түсіндіру.Мақсат құру.

1.«Жұптық әңгіме» әдісі арқылы мәтінді,қосымша мәліметтерді оқиды.Бір-біріне түсінгендерін айтады.Әр топтан бір оқушы өз түсінгенін мазмұндап береді.

Сұрақтар дайындайды.

2. «Серпілген сауал» әдісі арқылы топтар бір-біріне тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды.

Мыс:Сен қалай ойлайсың,не себептен ауа райы өзгеріп отырады?

1.Ауа райын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?



2.Қазақстанның жерінде не себепті жауын-шашын аз түседі?



3.Климаттың өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?



4.Ауа райын бақылау үшін не қажет?



Кіріспе: Адам өміріне ең қажетті ауа дедік. Сондай – ақ ауа физикалық дене.Сондықтан ол құбылыста болып отырады.Сол себепті оны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зертеп отыратын орталық бар. Оны метеорологиялық орталық дейміз.Ауа райы ғылымы өз атауын гректің «метеоро» деген яғни «аспандағы әлдене» деген мағананы білдіретін сөзден шыққан. Ал климат –бұл ауа қысымының құбылысы. Біздің еліміздің ауа райы кантинентті деп аталады. Оның себебі оңтүстік тропиктен жылы ауа келеді, солтүстіктен мұзды мұхиттың суық ауасы әсер етеді.Сондықтан құбылмалы болып келеді.

Ауа райын алдын ала болжау барлық жүргіншілер үшін (ұшақ, теңізші,көлік түрлері) және ауыл шаруашылығының еңбекшілері үшін өте маңызды. Тіпті сен сабаққа келуің үшін де аса қажет.
Кітаппен жұмыс.
-Тізбектей оқыту.
-Іштерінен оқып шығу

1.Мәтінді іштей оқиды.

2.Мәтінді,қосымша мәліметтерді топта талдайды.

3.Жұбымен талдайды.

4.Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.

Жауаптар:

1.Метеорология – атмосфералық құбылыстар мен ауа райы картасын жасаумен айналысатын ғылым.

2.  Қазақстанда атмосфералық жауын-шашынның жылдық таралуы әркелкі. Солтүстік өңірлерде жылдық жауын-шашын мөлшерінің 70-80%-ы жылдың жылы мезгілінде түседі. Ылғалдың көп мөлшері шілде айына келеді. Республиканың оңтүстік аудандарында кей жылдары жазда 2-3 ай бойы жауын-шашын мүлдем жаумайтын кездері де болады. Бұл кезде «құрғақ» жаңбыр байқалады, яғни жаңбыр тамшылары жер бетіне жетпей, ауада буға айналып кетеді. Ал жаңбыр жауғанда, көбіне күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Жылдың салкын уақытында жауын-шашын жалпы аз түседі. Сондықтан қар жамылғысы Калың емес. Республиканың солтүстігіне қыста жылдық жауын-шашынның 20-30%-ы, оңтүстігіне 50-60%-ы түседі. Бұл оңтүстік аудандарда жиі өтетін циклондық әрекеттерге байланысты.

3.Климат –белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі,яғни осы жерде болуға тиістіауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы, яғни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады.

4.Ауа райын бақылау,алдын ала болжау жүргіншілер үшін/ұшақ,теңізші,көлік түрлері/және ауыл шаруашылығының еңбекшілері үшін өте маңызды.Тіпті сен сабаққа келуің үшін де аса қажет.

Қошеметтеу.

Талдау









Сергіту сәті

«Австралиялық жаңбыр»

Топпен жұмыс

ОЖТ,СТОү,

ОүБж,ОБ

ТжДБО,ОБжК

8 мин











2 мин

Оқушыларды топта бірлесіп жұмыс істеуге дағдыландыру.



Ойды және дене мүшесін сергіту.

«Қазақстанның климаты» атты флипчат құрастыру.

Постерді талдау.



Критерийлер:







Музыка әуенімен жаттығу

жасау.


Постерді қорғау,жазғандарын дәлелдеу.





Бағдаршам арқылы бағалау.



Қолдану


ОЖТ,СТОү,

ОүБж,ОБ

ТжДБО,ОБжК

8 мин

Топтық ынтымақтаса жұмыс жасай отырып,өз ойларын еркін,дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету.жаңа білімді жинақтау,

«Ойлан, жұптас,бөліс» стратегиясы арқылы топқа тапсырма беру:

1-топ: «Ауа – тіршілік көзі» қалай түсінесің?



2-топ: Ауа температурасын ненің көмегімен өлшейміз?



3-топ: «Климат –дегеніміз не?»



4-топ:Климаттың алуан түрлілігіне не әсер етеді?









Климат қалыптастырушы факторлар:географиялық кендік,жылу белдеуі,мұхит жақындағы, теңіз ағыстары,жер бедері әсер етеді.



Критерийлер:

1.Тапсырмаларды тақырыпқа сай орындай алады.

2.Жұбын бағалай алады.

1. «Ауа – тіршілік көзі» Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді жене жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мындаған километр жерге айдап апарады. Міне сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі. Мысалы, қалалардың үстін, 2000—2500 м биіктік көлемінде, әр түрлі газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады.  Осындай құбылстардан қала ішіне күн сәулесінің ультракүлгін сәулесі жетпейді. Осыған байланысты қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға
шалдығады. Әсіресе тұмау адамдарды әбден әлсіретіп жібереді. 
Біз ауамен дем аламыз. Ауа бізді қоршап тұр. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес.

2. Ауаның температурасын өлшейтін құрал – термометр.
Ауаның қысымын өлшейтін құралы – барометр.

3.Климат-дегеніміз ауа райының белгілі бір жерге тән және үнемі қайталанып отыратын жай күйі./Климат-грек сөзі, «еңкіш» деген мағына береді/Белгілі бір жердің климаты көп жылдық ауа райына бақылау жүргізу барысында сипатталады.Жер бетінің климаты алуан түрлі.

4.Климаттың алуан түрлілігіне күн сәулесінің түсу бұрышының ендікке байланыстылығы,мұхиттар мен теңіздерге алыс – жақындығы,жер бедері,адамның шаруашылық әрекеті әсер етеді.

Бағдаршам арқылы бағалау.

Жинақ

тау
















ОЖТ,СТОү,

ОүБж,ОБ

ТжДБО,ОБжК

9 мин

Өз білгендерін

жинақтай алу

Ауа райының өзгерісін, климат-ауа қысымын анықтау.Өз тобының атауына көбірек мағлұмат беріп,түсіндіре алу.



Критерийлер:

Ауа райы.Климат тақырыбы бойынша білімін жинақтайды.

Топтаәңгімелеседі,жинақтайды.Әр топ өз бетінше ауа райының құбылысын айтып дәлелдейді.

INSERT әдісі бойынша бағалау,кестені толтыру.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?


















Бағалау

ОүБж,ОБ,ОЖТ

4 мин

Сабақты жүйелей отырып,қорытн

ды баға шығару.

Үйге тапсырма:

«Сұрағы бар қорап»әдісі арқылы келесі сабаққа тақырып бойынша сұрақтар салу.Сұрақтарды «Не білгім келеді?» деген кестеден аламыз.Сұраққа келесі сабақтың басында жауап беріледі.











Топ басшысының бағалау парағы


Оқушының тегі,аты


1Үй тапсыр.

«Конверт - сұрақ»

2Түсіну

«Жұптық әңгіме»

3

«Серпіл

ген сауал»

4Талдау

Постерді талдау.


5 Қолдану

«Ойлан, жұптас,

бөліс»

6

INSERT әдісі


Баға



1









2









3









4









5









6









7










Әр тапсырманың жауабына 5 ұпай қойылады.

25-30 ұпай «5»

20-24 ұпай «4»

10-19 ұпай «3»



Дүниетану пәні бойынша ашық сабақ «Қазақстанның климаты» 4 сынып
  • Начальные классы
Описание:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Қазақстан климатының ерекшеліктерін түсіндіру.Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеу. Күн радиациясы, атмосфераның алмасуы, ауаның қысымы және желдер Қазақстан аумағындағы атмосфералық жауын-шашынның таралуы және ауа температурасының таралуы туралы білімді түсіндіру.

Дамытушылық:

Оқушылардың ой-өрісін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру.Оқушылардың тіл байлығын, өз сөзімен ойын жеткізе білу дағдысын,шығармашылық ізденістерін дамыту. Оқушылардың өмір тәжірибесін орынды қолдануын сабақ барысында  дамыту.

Тәрбиелік:

Бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынастырын нығайта түсу. Оқушыларды ұйымшылдыққа,өзара достыққа,бірлікте жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.Қоршаған ортаны аялай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- ауа, ауа райы,ауа құрамы,ауа қабығы жайындағы білімдерін толықтыру;

- адамдардың ауаны таза ұстауға өзіндік үлес қосуы;

- қазақстанның климаты жайлы түсінік беру;

- қоршаған ауа құрамы,ауа қабығы жайындағы білімдерін ортаға баяндап,дәлелдей білу;

- табиғатты қорғауға,оны аялауға,ауаны ластанудан сақтауға,маусымдық өзгерістер кезіндегі ерекшеліктерді аңғарта білуге баулу, тәрбиелеу;

 

-климат құрушы факторлар туралы білімдерін толықтыру.

Автор Сейлханова Галия Турсунтаевна
Дата добавления 19.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 1066
Номер материала 56697
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓