Главная / Начальные классы / дүниетану:" Жануарлар әлемін қорғау" 3-сынып

дүниетану:" Жануарлар әлемін қорғау" 3-сынып

hello_html_m3b8bed9f.gifhello_html_7eaf4765.gifhello_html_3bad8a64.gif26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп











Ашық сабақ











Бастауыш сынып мұғалімі:

Султамуратова М.Б.







2015ж

Дүниетану пәні

(3сынып)



Тақырыбы: Жануарлар әлемін қорғау.

Мақсаттары:

1Білімділік: Оқушылардың жануарлар әлемін қорғау, қорықтар бойынша білімдерін қортындылау, тереңдету.

2.Дамытушылық: Жануарларды қорғаудың ерекшеліктеріне мән беруге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істеуге, тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға, өз туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнектіліктер: Суреттер, Қызыл кітап, әр түрлі қорықтарда қорғауға алынған құстар мен жануарлардың суреті, Жануарлар әлемінің Атласы , Қазақстанның жануарлар әлемі.Интерактивті тақта.

Міндеттері: Жұптық, топтық жұмыстарда өзгенің пікірін құрметтейді, ұйымшылдыққа, уақытты тиімді пайдалануды үйретеді.

Ұраны: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Қызығушылықты ояту I-кезең:- Сәлеметсіңдер ме балалар!

  • Бүгін дүниетану сабағы.

  • Бүгінгі сабақта өздеріңе қажетті көптеген ақпарат алады деген ойдамын.

Қане бәріміз бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Сұрақтармен жұмыс(аквариум стратегиясы):

1. Қазақстан жерінің байлығына нелер жатады? (Флора, Фауна,адамдар)

2. Осы байлықтар отанымызда сақталуы жеткілікті ме?

3. Адамдар осы байлықтарды сақтау үшін не істейді?

4. Қорық деген сөзді қалай түсінесің?

5. Қазақстанда неше қорық бар?

6. Шығыс Қазақстанда орналасқан қандай қорықтарды білесіңдер?

Марқакөл қорығы 1976 жылы, Шығыс Қазақстанның Күршім ауданында орналасқан. Батыс Алтай қорығы 1992 жылы , Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Рахман бұлағы қорықшасы Шығыс Қазақстан облысының Катон Қарағай ауданында орналасқан.

  • Рақмет отыра ғойыңдар.

  • Сонымен ,қане осы қорықтарды картада көрсетіп жіберейік.

  • Қане Қазақстан қорықтарын карта бетіне түсірейік.

  • Балалар қалай ойлайсыңдар сабақтың тақырыбы қандай?

  • Қане олай болса тақырыпты дәптерге жазып алайық.

Мағынаны таныту II – кезең: (Бағытталған оқу стратегиясы)

  • Мәтінді бөліктерге бөліп, соның I бөлігін таратып беремін. Оқушылар оқиды. Оқығаннан кейін алдарында жатқан қағазға I бөлікке байланысты мынандай сұрақтарға жауап жазыңдар.

1. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азайып бара жатқаны неліктен? Жолдарын көрсету.

2. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азаймауына жол бермеу үшін, қандай жұмыс түрлерін көрсетуге болады?

Сонымен, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға біздің де үлесіміз тию керек екен. Болашақта өсімдіктер мен жануарларды қорғауға белсенділік білдіреміз. «Қызыл кітап».Сирек кездесетін жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақстымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы , үшінші басылымы 1996 жылы шығарылды. Мұнда балықтардың 16 түрі, бақалардың 3 түрі, жорғалаушылардың 40 түрі енгізілген . Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапта гүлді өсімдіктердің 304 түрі сипатталған.

Қорықтардың басты мақсаты: - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен қоса сақтау;

  • табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау;

  • Табиғатта болатын өзгерістерді болжау.

IIбөлікті оқып шығуға үш минут уақыт беремін, одан кейін мынадай сұраққа дәптерге жауап жазыңдар.

  • Азайып бара жатқан жануарлар атын жазып алу.Мәтін ішінен көзіңмен көрген аңдардың үстіне қосу таңбасын қойып шығыңдар.

Не себепті қосу таңбасын аз қойдыңдар?

  • Мәтіннің III-бөлігін таратып беремін.

  • Мәтінді оқып болғаннан кейін

  • Өсімдік пен жануарлар әлемін сақтап ,қорғайтын халқымыздың салт-дәстүрі туралы әңгіме -аңыздарынан өзіңе ұнайтынын дәптеріңе жазып алыңдар.

  • Қане, топта өздерің бір-бірлеріңе оқып, кімдерде бірдей аңыздар жазылған және не себепті?

  • Сонымен балалар біздің ата-бабаларымызда жануарлармен өсімдіктерді қорғай білген.

  • Сергіту сәті.

  • Мәтіннің IVбөлігін оқу. Мәтінді оқып болғаннан кейін.

-Қазақстандағы мемлекеттік қорықтардың құрылуының негізгі мақсаты неде?

Қорықтардың басты мақсаты: - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен қоса сақтау;

  • табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау;

  • Табиғатта болатын өзгерістерді болжау.

Ақсу-Жабағылы қорығы 1927 жылы, Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында орналасқан.

  • өсімдіктердің 1404 түрі;

  • құстардың 239 түрі;

  • бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі;

  • сүтқоректілердің 51 түрі;

  • балықтың 2 түрі;

Наурзым қорығы 1934 жылы, Қостанай облысының Наурзым ауданында орналасқан.

  • өсімдіктердің 687 түрі;

  • құстардың 286 түрі;

  • сүтқоректілердің 42 түрі;

  • балықтың 6 түрі;

Алматы қорығы 1961 жылы, Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқанда орналасқан.

  • өсімдіктердің 965 түрі;

  • құстардың 200-ден астам түрі;

  • сүтқоректілердің 39 түрі;

Барсакелмес қорығы 1939 жылы , Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан.

  • өсімдіктердің 250-ден астам түрі

-негізгі мақсаты ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау

Қорғалжың қорығы 1968 жылы, Ақмола облысында орналасқан.

  • өсімдіктердің 343 түрі;

  • құстардың 315 түрі;

  • сүтқоректілердің 41 түрі;

  • балықтың 14 түрі;

  • қорықтың мақсаты суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу

Марқакөл қорығы 1976 жылы, Шығыс Қазақстанның Күршім ауданында орналасқан.

  • өсімдіктердің 721 түрі;

  • құстардың 260 түрі;

  • сүтқоректілердің 58 түрі;

  • балықтың 4 түрі;

Үстірт 1984 жылы , Маңғыстау облысында орналасқан.

Қорықтың мақсаты Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң иен құстарды қорғау мен сақтау.

Батыс Алтай қорығы 1992 жылы , Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан.

  • өсімдіктердің 564 түрі;

  • құстардың 131 түрі;

  • сүтқоректілердің 50 түрі;

  • балықтың 5 түрі;

Қорықтың мақсаты қылқан жапырақты ормандар мен шалғындарды сақтау.

Алакөл қорығы 1998 жылы, Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан;

- өсімдіктердің 323 түрі;

  • құстардың 283 түрі;

  • бауырымен жорғалаушылардың 4 түрі;

  • сүтқоректілердің 40 түрі;

  • қосмекенділердің 2 түрі;

Қорықтың мақсаты көлдерді мекендейтін су құстарын қорғау.

Баянауыл ұлттық табиғи паркі 1985 жылы , Павлодар

облысында Баянауыл орман шаруашылығының негізінде

құрылған. Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы-орманды

шұрат» деп атайды.


  • құстардың 54 түрі;

  • сүтқоректілердің 54 түрі;

  • балықтың 8 түрі;

  • өсімдіктің 438 түрі;

Іле Алатауы ұлттық паркі 1996 жылы, Түрген шатқалынан бастап Қаскелең асуына дейінгі ерекше ландшафтыларды қорғау және демалыс, тынығу мақсатында пайдаланылады.

  • құстардың 138 түрі;

  • балықтың 8 түрі;

  • өсімдіктің 1282 түрі;

  • аңның 43 түрі;

Қарқаралы ұлттық паркі 1998 жылы, Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында орналасқан.

  • құстардың 55 түрі;

  • балықтың 11 түрі;

  • өсімдіктің 68 түрі;

  • аңның 39 түрі;

Алтынемел табиғи ұлттық паркі 1996 жылы,

Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов

аудандары жерінде орналасқан.

  • құстардың 231 түрі;

  • балықтың 830түрі;

  • өсімдіктің 1800түрі;

  • аңның 6 түрі ( таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр)

Көкшетау паркі 1996 жылы, Ақмола облысында орналасқан.

  • құстардың 223 түрі;

  • балықтың 22 түрі;

  • өсімдіктің 800 түрі;

  • аңның 305 түрі;

Қорықшалар

Алматы мемлекеттік қорықшасы Алматы облысында орналасқан. Шыршалы ормандар мен шалғындар, биік таулы жерлерді қамтиды. Жануарлар дүниесінен: сілеусін, қоңыр аю, қасқыр, түлкі, елік, арқар, таутекелер бар.

Зеренді мемлекеттік қорықшасы Ақмола облысында орналасқан. Қалың қарағайлы орман алқаптары шалғындармен кездесіп отырады. Жануарлар дүниесінен: елік, борсық, қоян, тиін және т.б.

Рахман бұлағы қорықшасы Шығыс Қазақстан облысының

Катон Қарағай ауданында орналасқан. Бал қарағай мен самырсын ормандары , сондай-ақ тау аңғарларының бірінде кремнийлі минералды суы бар Рахман бұлағы орналасқан. Ыстық судың температурасы 40?с-ға дейін жетеді.

Балқаш маңы қорықшасы Алматы облысында орналасқан. Мұнда ұсақ төбелі құмды жерлер басым. Негізгі өсімдік жамылғысын жүзгін, құм қарағаны және ақ сексеуіл құрайды.Тұяқты, бағалы терілі аңдармен су құстары қорғауға алынған.

Табиғат ескерткіштері.

Қорғалатын табиғат нысандарының арасында табиғат ескерткіштерінің көрнекті орын алады. Осы ескеркіштер сақталып қалған табиғат көріністері өткен табиғат жағдайларынан,тарихтан хабар береді. Табиғат ескерткіштері маңында шаруашылық әрекетке тыйым салынады. Қазақстанда 24 табиғат ескерткіші, оның ішінде: Павлодар қаласындағы «Қаздың қайтуы», Алматы облысындағы «Шынтүрген шыршалы орманы», «Шарын шаған тоғайын».

- Интерактивті тақтада қорық туралы фильм көрсету.

-Міне балалар бүгін біз сабақта жануар әлемін қорғау, қорықтар жайлы сөз қозғадық. Бұл қазіргі таңда өте өзекті мәселенің бірі екендігіне көз жеткіздік.

Ой толғау III – кезең:

Бес тармақты өлең құрастыру. «Қорық»

Үй жұмысы: Жануарларға хат жазамыз.

1-топ балық бекіре

2- топ жетісу бақатісі

3-топ қызыл қасқыр

4- топ үстірт арқары

- Сонымен «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» екендігіне бүгінгі сабақта көзіміз жетті.






















дүниетану:" Жануарлар әлемін қорғау" 3-сынып
  • Начальные классы
Описание:

1Білімділік: Оқушылардың жануарлар әлемін қорғау, қорықтар бойынша білімдерін қортындылау, тереңдету.

2.Дамытушылық: Жануарларды қорғаудың ерекшеліктеріне мән беруге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істеуге, тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға, өз туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Автор Cултамуратова Молдир Бекбосыновна
Дата добавления 30.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 1033
Номер материала 58650
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓