Главная / Начальные классы / Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар "Сақ патшайымы қандай болған"1 сынып

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар "Сақ патшайымы қандай болған"1 сынып





Сақ патшайымы қандай болған?

Мектеп: Шаған ЖОББМ

Күні, айы: 11.02.

Мұғалімнің аты-жөні:Сабирова А.Б.




Сынып: 1б

Қатысып отырған оқушылардың саны:

Қатыспаған оқушылардың саны:

Осы сабақтың оқыту мақсаттары:

1.3.4.1. Ақпарат көздерін зерделеу негізінде Томирис патшайым туралы әңгімелеу.

Табыс критерииі:

Барлық оқушылар:

Патшайымға тән ерекшеліктерді атай алады;

Томирис деген аттың мағынасы туралы болжам жасай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Томирис патшайым туралы оның атынан әңгімелей алады.






Кейбір оқушылар:

Отанымыздың даңқын асыратын көрнекті адамдардың есімдерін атай алады; Томирис патшайым туралы қосымша ақпарат таба алады.

Тілдік мақсат:

Дағдыларды дамыту:

Ой тарқату, өз пікірін айту; басқа адамның атынан әңгіме айту; толық, кеңейтілген жауап беру, мысал келтіру, қайталап айту.

Көптілділік: патшайым – царица – queen; аты – имя – name; Томирис туралы аңыз – Легенда о

Томирис – Legend of Tomiris (екінші деңгей).

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Парсы әскерлері, семсер, темірді күйрету, жаужүрек қолбасшы.

Сабақта диалог/жазу үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Томирис» деген ат сақ патшайымына сай келе ме, қалай ойлайсыңдар?

Әр аттың өз мағынасы болатынын білесіңдер ме?

«Томирис» деген аттың мағынасы қандай деп ойлайсыңдар?

Сақтар әйелдерді не себепті құрметтеген?

Алдыңғы білім

Сақтардың көшпенді өмір сүру салты, батырлардың ерлігі, адам атының мағынасы туралы қарапайым білім.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Жағымды көңіл күй туғызу.

0-1 минут Өмірлік тәжірибені өзектендіру.

Мақсат қою.

2-5 минут

(Ұ) Ойын-тренинг.

Педагог жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін ойын ойнауды ұсынады.

(Ұ) Педагог әйелдің портретіне қарап, оны сипаттауды ұсынады.

Педагог бүгінгі сабақта сақтардың патшайымы Томириспен танысатындығы туралы айтады.

Музыкалық фон




Томиристің портреті


Сабақтың ортасы

(Ұ) Оқулықпен жұмыс.

Балалар патшайымның атын оқып, жеке тәжірибелеріне сүйене отырып оның кім болуы мүмкін екендігі туралы өз пікірлерін айтады.

Осы аттың мағынасын айқындауға және оны иесінің мінезімен байланыстыруға тырысады.




Интерактивті тақта

Сабақ тақырыбы бойынша жұмыс.


6-40 минут

(Ұ, Қ) Оқулықпен жұмыс.

Педагог сақтардың әйелдерді құрметтегені туралы қорытынды жасайды.

Оқулықта берілген аңыздың үзіндісін оқу. Талқылау. Оқушылар аңыздың соңы туралы болжам жасайды. Қалыптастырушы бағалау: талдау және өз пікірін айту білігі.

(Ұ) «Томирис – сақтар патшайымы» фильмінен үзінді көрсету. Оқушылар фильмнен алған әсерлерімен бөліседі. Педагог оқушыларға Томирис деген ат патшайымға үйлесе ме деген сұраққа ойланып жауап беруді ұсынады.

Оқушылар ой тарқатып, өз болжамдарын айтады. Жеке тәжірибелеріне сүйене отырып есімдері атақты адамдардың құрметіне аталған сыныптастарының аттарын атайды. Қыздарға Томирис деген ат патшайымның құрметіне беріледі деген қорытындыға келеді.



Қалыптастырушы бағалау: ұқсастық (аналогия) табу білігі. Педагог оқушыларды Отан үшін ерлік жасаған және халқы үшін игі істерді атқарған адамдардың аттары аңыздарға арқау болғаны туралы қорытындыға әкеледі.

(Ө) Дәптермен жұмыс. Деңгейлері әртүрлі тапсырмалар.

(Ө) «Автор орындығы» ойыны.

Томирис патшайымның бейнесіндегі оқушы баскиімді киіп, патшайым туралы айтып береді.

Қалыптастырушы бағалау: патшайым өміріндегі қызықты деректерді баяндау білігі. Қосымша ақпарат беру білігі.

Оқулық









«Томирис» фильмі













Дәптер мен қарындаштар


Патшайымның баскиімі


Сабақтың соңы


Сабақты қорыту. Рефлексия.


41-45 минут


(Ө, Қ). Педагог оқушыларға шеңбер бойынша тақтадағы рефлексиялық экраннан бір сөйлем айтуды ұсынады:

Бүгін мен ... білдім.

... қызықты болды.

... күрделі болды.

Педагог жолдорбаны бояуды ұсынады.

hello_html_m786fca39.png



Қосымша ақпарат

Жіктемелеу – оқушыларға көмек көрсету бойынша жоспарыңыз қандай? Қабілеті жоғарырақ оқушыларға қандай тапсыр- ма беруді жоспарладыңыз?

Бағалау – оқушылардың ілгерілеуін/ білімін қадағалау бойынша жоспарыңыз қандай?

Пәнаралық байланыстар

«Өзін-өзі тану»

АКТ-мен байланыстыру

Құндылықтар

Дәптерде жіктемелеу сипатындағы тапсыр- маларды орындау көзделген.

Педагог бақылайды, бағыттайды, көмек көрсетеді.

Сабақ барысында сұрақтар қою арқылы; Оқушылар рефлексиясының нәтижесін тал- дау арқылы.

«Сақ патшайымы қандай болған?» тақырыбы

«Сақтардың ежелгі мәдениеті» тақырыбымен үндеседі.

Құндылықтар: ата-бабаларын мақтан тұту сезімі.




247




248





Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар "Сақ патшайымы қандай болған"1 сынып
  • Начальные классы
Описание:

Дағдыларды дамыту:

Ой тарқату, өз пікірін айту; басқа адамның атынан әңгіме айту; толық, кеңейтілген жауап беру, мысал келтіру, қайталап айту.

Көптілділік: патшайым – царица – queen; аты – имя – name; Томирис туралы аңыз – Легенда о

Томирис – Legend of Tomiris (екінші деңгей).

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Парсы әскерлері, семсер, темірді күйрету, жаужүрек қолбасшы.

Сабақта диалог/жазу үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар:

– «Томирис» деген ат сақ патшайымына сай келе ме, қалай ойлайсыңдар?

– Әр аттың өз мағынасы болатынын білесіңдер ме?

– «Томирис» деген аттың мағынасы қандай деп ойлайсыңдар?

– Сақтар әйелдерді не себепті құрметтеген?
Автор Сабирова Айнагул Базарбаевна
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 446
Номер материала MA-065696
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы