Ү-Ұ дыбыстарын ажырату
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
мақсаты: Ү-Ұ дыбыстарының артикуляциясын анықтауға
үйрету, Ү-Ұ дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде ажырату; сөз қорын молайту.
Түзету
мақсаты: ұсақ моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу
мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту, фонематикалық естуін арттыру.
Тәрбиелік
мақсаты: мейірімділікке, шыдамдыққа, достыққа және
тәртіпке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
айналар, артикуляциялық жаттығулардың суреті, Ү-Ұ дыбыстары бар суреттер.
Сабақ барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
ІІ.
Артикуляциялық гимнастика.
«Күрекше»,
«Сылақшы», «Алтыбақан», «Кесе», «Ат шауып келеді», «Кәмпит» және т.б..
Тыныс алу жаттығулары.
ІІІ.
Тақырыппен танысу.
Мына
сөздердегі бірінші дыбыстарды атаңдар:
1.
Үй, үкі , үтік, үлгі. –Ү
2.
Ұста, ұлу, ұшақ, ұрпақ. –Ұ
Біз
бүгін, балалар, Ү мен Ұ дыбыстарын ажыратамыз. Бізге қонаққа екі бала келді.
Олар- Үсен мен Ұлпан. Олар бізге көмектеседі.
IV.
Артикуляциялық және акустикалық белгілеріне мінездеме
Дыбыс
|
Ү
|
Ұ
|
Дыбыстың сипаттамасы
|
дауысты, жіңішке, еріндік
|
дауысты, жуан, еріндік
|
Дыбыстың артикуляциясы
|
ерінді кішкене дөңгелектеу,тілдің ұшы астыңғы
тіске жақындайды
|
ерінді көбірек дөңгелектеу, тілдің ұшы
кейін қарай тартылады
|
V.
Ү-Ұ дыбыстарын буындарда ажырату
«Керісінше
айт» ойыны
Мен
айтамын-сү сен айтасың-сұ
Мен
айтамын-дү сен айтасың-...
Мен
айтамын-тү сен айтасың-...
Мен
айтамын-мү сен айтасың-...
Мен
айтамын-шү сен айтасың-...
Мен
айтамын-үн сен айтасың-...
VI.
Фонематикалық қабылдауын дамыту.
1.
Ү-дыбысын естісең, қайтала:
со,сү, іш, еш, үш, үт, да, дү.
2.
Ұ-дыбысын естісең, шапалақ соқ:
бұ, тү, су, сұ, ес, аш, ұш, ұп.
VII.
Ү-Ұ-дыбыстарын сөздер арасынан бөлу.
Ү-дыбысы
бар сөздерді Үсенге бересіңдер, ал Ұ-дыбысы бар сөздерді Ұлпан алады.
Үстел,
ұшқыш, сүт, күн, нұр, үйрек, күш, құлақ, түлкі, балмұздақ, алмұрт, жұлдыз.
VIII.
Өткен тақырыпты пысықтау. Іс-әрекетті білдіретін сөздер.
Ойнау,
отыру, оқу, көру, ішу, санау, сөйлеу, жеу, кию, беру, ашу, жабу, сыпыру, сұрау.
IX.
Сергіту сәті.
Саусақты
жаттығу
Тырс-тырс
жаңбыр жауады,
Тырс-тырс
терезе қағады.
Тырс-тырс
жылғалар ағады,
Тырс-тырс
гүл аузын ашады.
Ұсақ
моторикасын дамыту: таяқшалармен сурет салу( ұшақ, үй,
балмұздақ, саңырауқұлақ, гүл, жұлдыз).
X.
Ү-Ұ дыбыстарын сөйлемдерде ажырату.
Үсен
мен Ұлпан бізге сөйлемдерді оқиды.
1.
Омар коньки теуіп, ... . ( күледі, құлады)
2.
Ит аспанға ... . ( үрді, ұрды)
3.
Сыныпта ... шкаф тұр. ( үш,ұш)
4.
Анам дүкеннен ... сатып әкелді. (ұн,үн)
XI.
«Не артық?» ойыны. Суретпен жұмыс.
XII.
Қорытындылау.
-
Балалар, біз бүгін қандай дыбыстарды ажыратуға үйрендік?
-
Бізге бүгін кім көмектесті?
Саденова Гульнара Жаксылыковна,
мұғалім-логопед, №9 орта мектебі, Қостанай қаласы.
87024116421, 8(7142)55-30-16.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.