Главная / Другое / Дербес компьютердің периферилік құрылғылар

Дербес компьютердің периферилік құрылғылар


МКҚК «Шонжы политехникалық колледжі»

Өндірістік оқыту шебері

Солтанкулова Жанар Миральевна

ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДЫҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мамандығы: «ЭЕМ – операторы»

Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютердің периферилік құрылғылар .

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға компьютердің қосымша құрылғыларының жұмыс істеу

қызметтерін  түсіндіру. Периферилік құрылғылардың жұмысты жеңілдететіндігін

және қазіргі заманың талабына керек құрылғылар екендігін дәлелдеу. Олардың

түрлерімен таныстыру.

2.Дамыту: Периферилік құрылғыларды бағдарламалық жасақтамалар орнату

керектігін айту арқылы білімдерін дамыту. Сонымен қатар құрылғылар түрлеріне

байланысты әртүрлі жұмыс атқаратындығын айыра алуға үйрету.

3. Тәрбиелік: Компьютердің периферилік құрылғыларын күтіп ұстауға және онымен

дұрыс жұмыс істей алуға  тәрбиелеу.


Сабақ типі: Аралас, топтық сабақ

Көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар:

1. Дербес компьютерлер

2. Карточкалар

3. SIN KAZ бағдарламасы

4. Проектор

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин

  1. Білімгердің сабаққа қатысуын анықтау

  2. Арнайы киімдерің, сабаққа дайындығын тексеру

3. Құрал – жабдықтарының түгелдігін тексеру

Үйге берілген тапсырманы сұрау:

  1. Техника қауіпсіздігін еске түсіру.

  2. Компьютердің жұмыс істеуне қажетті ең аз деген құрылғылар жиынтығын көрсетіңіз.

  3. Жүйелік қорап қандай ішкі құрылғыларды қамтиды?

  4. Кернеу азайған кезде және электр қуаты өшіріліп тастағанда компьютерді қандай құрылғы қорғайды?

ІІ. Кіріспе түсініктеме: 40 мин

Принтер — баспаға басатын

құрылғы.  Компьютердегі  ақпаратты  кодтап,

мәтіндік немесе графиктік түрде қағаздарға шығарады.

Жаңа сабақты түсіндіру.


Принтерлердің  түрлері көп,  бірақ  негізгі үш түрі бар: матрицалық,  лазерлік және сиябүріккіш (струйные).

Матрицалық  принтерлер - өте кішкентай іштік инелер жиынтығынан тұрады, ол инелердің көмегімен  боялған таспаға салған қағазды ұру арқылы  символдардың ізін қағазда қалтырады. Принтерде басылған әрбір 9, 18 немесе 24 инелердің көмегімен орныдалады. Матрицалық принтерлердің қатты дыбыс шығаруы, нашар қағазға басылуы олардың кемшіліктеріне жатады.

hello_html_m5c5619eb.jpg hello_html_45a0c7b2.jpg     hello_html_m3e65fcb6.jpg    hello_html_be716c8.jpg
Лазерлік  принтерлер -  олар крерокстар секілді  жұмыс атқарады. Компьютер  өз жадына беттің  «көшірмесін» ( "образ") сақтап принтерге жібереді. Ақпарат қағаз бетіне лазірлік сәулелер айналып тұрған жарықты тез сезгіш  барабанға түсу арқылы проекцияланады.

Электр тогының кернеуімен қызған барабан бетіне  боялған парошокты  (тонер) жабыстырады. Принтер ыстық валдың арқасында өзіне қағазды  барабан астына салып тартады, сол кезде тонер қағаз бетіне түседі. Ондай притерлердің монохромды және түрлі түсті түрлері бар.

Сиябүркіштік  принтерлер - сия құйғышы бар ыдыс арқылы өзінің бояуын бүрку арқылы қағазға басады.

hello_html_7f8915a3.jpghello_html_1d21c664.jpg hello_html_m108b1f9b.jpghello_html_104f0880.jpg

Порт — саңылау, ол арқылы компьтердің процессорын сыртқы құрылғымен жалғауға болады.

Әрбір принтердің өзінің  драйвер — программасы болады.

 

Плоттер (графикасалушы) — компьютердің  көмегімен графиканы

сызатын, сурет салатын немесе  диаграмма құратын құрылғы.


 

  hello_html_139112c0.jpghello_html_2200ec91.jpg

 

 

hello_html_604d9a8d.jpghello_html_60596c7.jpg

hello_html_56367068.jpg  
  Роликтік  плоттер

Плоттерлер конструкторлық сызбаларды, архитектуралық  жоспарларды, географиялық және метеорологиялық карталарды , күрделі сызбалады  алу үшін қолданады. Плоттерлер суреттерді проның көмегімен салады. Роликтік плоттерлер перо астынан қағазды айналдырып отырады, ал  планшеттік  плоттерлер горизонтал жатқан қағаздың жаөық бетінің үстімен  жүргізеді.   
Плоттерге де принтерлерге секілді  арнайы бағдарламалар (
драйвер) қажет.

 

Сканер — компьютерге мәтіндік немесе графикалық ақпаратты енгізетін

құрылғы. Суреттің немесе мәтіннің цифрланған құжатын алып компьютердің

жадына енгізеді.

 Егер принтерлер компьютерден ақпаратты қағаз бетіне шығарса, ал сканерлер қағаз бетіндегі мәтінді және  бейнелерді компьютерге енгізеді. Қолдық снанерлер  қолдың көмегімен құжаттың  үстінен өткізеді және планшеттік сканерлер копия жасайтын құрылғылар секілді қағаз бетіндегі ақпараттың көшімесін алып компьютерге енгізеді.

hello_html_m2115e615.jpghello_html_m1a3e8c38.jpghello_html_m6a405087.jpghello_html_18c4da3f.jpgПрямоугольник 139hello_html_25925e76.jpg



ATIZ   кітапті оқитын кітаптық сканер  жасап шығарды.  


hello_html_4131ee2.jpg

III. Өз бетімен жұмыс істеу: Оқушыларға компьютердің қосымша құрылғыларының

жұмыс істеу қызметтерін  түсіндіру. Периферилік құрылғылардың жұмысты

жеңілдететіндігін және қазіргі заманың талабына керек құрылғылар екендігін

айту. Олардың түрлерімен таныстыру.

Шебердің мақсатты тексерулері: 200 мин.

Бірінші айналымда. Звенолардың жұмысқа дайындығына назар аудару, әр оқұшының технологиялық нұсқау карталарымен танысқандығын байқау. Олардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.

Екінші айналымда. Оқушылардың жұмысының дұрыстығын тексеру, қате болған жағдайда оларға көмек көрсету, техника қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын талап ету.

Үшінші айналымда. Оқушылардың жұмыс барысында материалдарды ұғынуға көңіл аударып,қиын сұрақтарға түсінік беру. Тапсырманың орындалуына ден қойдырып, дұрыс ұғым қалыптастыруға көмектесу.

Төртінші айналымда. Әр оқушының іс-әрекетіне көңіл аудару, әсіресе олардың компьютерді дұрыс пайдалана білуіне көңіл бөлу. Әр программаны қосу жөнінде жіберілген қателіктерін түзету жолдарын түсіндіру. Бақылау нәтижелерін журналға түсіру.

Бесінші айналымда. Құрап жазған программалардың дұрыстығын тексеріп, жұмыс орнын қабылдап алу. Әр оқушының жұмысын бағалап, хабарлап журналға түсіру және практикалық жұмысты орындау.

Практикалық бөлім сұрақтары .
Компьютердің сыртқы құрылғылары. Монитор. Пернетақта

ІІІ. Қорытынды түсініктемесі: 25 мин

Оқушыларды түгендеп, звенолардың жұмыстарын қорытындылай отырып, тиімді жұмыс ұйымдастырған звеноны, жеке оқушыларды атап өту, әсіресе, жұмыс сапасына көңіл аудару, олардың білімін бағалау.

Жіберілген қателіктерге тоқталып қажетті нұсқаулар беру. Оқушылардың істеген, жасаған, орындалған немесе істелінетін жұмыстың көзқарастары мен ойларын тыңдап, жұмыста пайдалану.


Үйге тапсырма беру: өз бетінше тапсырма құрастыру және оны орындау.




Дербес компьютердің периферилік құрылғылар
  • Другое
Описание:

                                  МКҚК «Шонжы политехникалық колледжі»

Өндірістік оқыту шебері

Солтанкулова Жанар Миральевна                                                                  

  

ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУДЫҢ САБАҚ  ЖОСПАРЫ

 Мамандығы: «ЭЕМ – операторы»

Сабақтың тақырыбы:   Дербес компьютердің периферилік құрылғылар .

Сабақ мақсаты:         

Білімділік:  Оқушыларға компьютердің қосымша құрылғыларының жұмыс істеу    

     қызметтерін  түсіндіру. Периферилік құрылғылардың жұмысты жеңілдететіндігін    

     және қазіргі заманың талабына керек құрылғылар екендігін дәлелдеу. Олардың    

     түрлерімен таныстыру.

2.Дамыту:  Периферилік құрылғыларды бағдарламалық  жасақтамалар орнату    

     керектігін айту арқылы білімдерін дамыту. Сонымен қатар құрылғылар түрлеріне

     байланысты әртүрлі жұмыс атқаратындығын айыра алуға үйрету.

3. Тәрбиелік:Компьютердің периферилік құрылғыларын күтіп ұстауға және онымен      

 

     дұрыс жұмыс істей алуға  тәрбиелеу.

Автор Максатов Сетвалды Абайдуллаевич
Дата добавления 19.12.2014
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 611
Номер материала 8077
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓