Инфоурок Другое Рабочие программыДенің сау болсын десең

Денің сау болсын десең

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:        № 47 ЖОББМ    Мерзiм:  ақпан    № 22 сабақ

Тақырып:   «Денің сау болсын десең» (1-сағат)

Құндылық:   дұрыс әрекет

Қасиеттер:   мейірімділік, сүйіспеншілік,қамқорлық, сақтық

Мұғалiм:    Рахматуллина Г.А   Сынып  6

Сабақ мақсаты:Оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру.                             

Міндеттері:

-оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру;

- оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

-өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

 Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін

.Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті             

 Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің      төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 

Үй тапсырмасын тексеру

Адам Дж.Джексонның «Денсаулықтың он құпиясы» әңгімесі

Сұрақтар:

-          Денсаулықтың құпиясын іздеудің мәні неде?

-          Денсаулықты ақыл – оймен байланыстырудың себебі неде?

Денсаулықтың бесінші құпиясын қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талдау

Дәйексөз.

  «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен болады бақытты өмір...»

Әйтеке би

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

 

Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек

Абай

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,

Ашуың – ашыған у, ойың – кермек.

Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,

Кім көңілді көтеріп, болады ермек?

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек,

Сыбырменен топ жасап бөлек – бөлек.

Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,

Өзімен - өзі бір күн болмай ма әлек?

Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек,

Адалдық, адамдықты кім теңгермек?

Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,

Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек.

Сұрақтар:

   -Ақын өлеңде не айтқысы келген?

 

Шығармашылық жұмыс

Нақыл сөзді пайдаланып ой – толғау жазу

 

Топпен ән айту.

Әрқашан күн сөнбесін

Сөзі: Л.Ошанин

Әні: А.Островский

Аударғандар: І.Мәмбетов, Қ.Ыдырысов

Күн әдемі, күн әлемі,

Бұл – суреті жас баланың.

Ақ қағазға салған ізі,

Қалдырған бұл сөзі:

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұлт төнбесін!

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман.

 

Үй тапсырмасы.

«Зиянды әдеттер» әңгімесін оқу

 

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

   - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Денің сау болсын десең"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақ тынышытқы сәтінен басталады. Үй тапсырмасы ретінде Адам Дж.Джексонның «Денсаулықтың он құпиясы» әңгімесі бойынша сұрақтар қойылады. Сабақ соңғы тыныштық сәтімен аяқталады.Әйтеке бидің «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен болады бақытты өмір...» сөзі дәйексөз ретінде қолданылады. Абайдың "Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек" өлеңі ұсынылады.Шығармашылық жұмыс нақыл сөзді пайдаланып ой – толғау жазу. Топпен ән айту. Үйге тапсырма ретінде «Зиянды әдеттер» мәтіні тапсырылады.Соңғы тыныштық сәті орындалады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 115 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.12.2020 261
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сайфуллина Мария Леонидовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сайфуллина Мария Леонидовна
    Сайфуллина Мария Леонидовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75153
    • Всего материалов: 222

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе