Инфоурок Физическая культура КонспектыДене шынықтыру пәнінен ашық сабақ "Қысқы спорт түрлері"

Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ "Қысқы спорт түрлері"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Қысқы спорт түрлері. Шаңғы спорты.

Сабақтың мақсаты:

 а) Оқушылардың қысқы спорт түрлері туралы алған білімдерін

      пайдалана отырып, шаңғы тебуге дайындық жөнінде теориялық

      мәліметтермен және қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.

  ә) Шаңғымен сапқа тұру, бұрылу, сырғанау ептілігіне,

      құрал-жабдықтарды күтіп ұстауына дағдыландыру.

 б) Қысқы спорт түрлеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салауатты

     өмір салтына баулу.

Күтілетін нәтиже:

                           -  Оқушылар қысқы спорт түрлерін ажыратады;

     Шаңғы спорты туралы толығырақ танысты;

     Шаңғы тебудің ережелерін біледі;

     Жұптық, топтық жұмыс жүргізе алады.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: жұптық, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, тест

Қолданылатын стратегиялар:

“Ой шақыру”, “Ассоциация”, “Сәйкестендіру”

Сабақтың көрнекілігі: бейнебаян, интерактивті тақта, шаңғы жабдықтары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

- Кезекшінің баяндауы;

- Бой жазу жаттығуларын орындауы (музыка ырғағымен).

ІІ. Қызығушылықты ояту.

“Ой шақыру” стратегиясы

Бейнебаян көрсету (қысқы спорт түрлері жөнінде).

“Ассоциация” стратегиясы

 

     шаңғы жарысы                                                                                   биатлон

 

 

мәнерлеп сырғанау                                                                                          конькимен жүгіру

 

 

 

                 фристайл                                                  хоккей                                                                                

 

 

ІІІ. Мағынаны тану.

1. Үй тапсырмасының тексерілуі.

Жұптық жұмыс.

1 жұп: Шаңғышылар туралы мәлімет.

2 жұп: Өлеңдер, жұмбақтар.

3 жұп: “Үндемес” ойынын ұйымдастыру (қысқы спорт түрлерінің қимыл-қозғалысын  орындап көрсету).

4 жұп: “Суретшілер” (қысқы спорт түрі құрал-жабдықтарының суретін салу).

5 жұп: Қысқы спорт түрлерінен қысқаша мәліметтер.

2. Жұмбақ жасырылуы.

Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.

                       (шаңғы)

3. Дәптермен жұмыс.

Күннің жады, тақырыбы жазылынуы.

4. Мұғалімнің түсіндіруі.

    (Шаңғы тебудің пайдасы, шаңғышы киімі, қауіпсіздік техникасы ережелері, саптағы жаттығулары, шаңғы жабдықтары және оның күтімі туралы әңгіме жүргізу)

    А) Шаңғы спорты – қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, Олимпиадалық ойындардың бағдарламаларында бар. Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығы жан-жақты дамытады. Шаңғы спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады. Шаңғы спортынан алғашқы ресми жарыс 1767 жылы Норвегияда өтті.

    Ә) Шаңғы – қар бойынша адамның орын ауыстыруы үшін құрал-сайман, (150-220 см) екі ұзын ағаш пластиктен жасалған планктері болады. Шаңғылар қажетті арнайы шаңғы бәтеңкелер шаңғылардың қолдануы үшін аяқтарға бекіткіштер арқылы бекітіледі.

Бұл спорт түрімен айналысқанда киетін киім-кешекке де көңіл бөлген дұрыс. Ең бастысы, киетін киім жеңіл, ыңғайлы әрі жел өтпейтін жылы болуы тиіс. Шаңғы тебудегі ең ыңғайлы әрі жылы аяқ киім – табаны қатты, былғарыдан тігілген бәтеңке. 

    Б) Өз бойыңа лайықтап шаңғы мен шаңғы таяғын таңдап алу: - шаңғыны жаңына тігінен ұстап, бір қолыңды жоғарыға созғанда, алақаның шаңғының ұшына емін-еркін жету; - шаңғы таяғының ұзындығы жанға түзу созған қолға тірелу.

    В) Шаңғының сырғанайтын бөлігінің бастапқы қалпын сақтау: шаңғының ортасындағы иін шаңғымен жүру кезінде аяққа серпімділік береді. Сондықтан оны неғұрлым ұзақ сақтауды естен шығармаған жөн. Ол үшін шаңғының табандарын беттестіріп, бас жағы мен аяқ жағын жіппен байлап, ортасына керіп ашып тұратындай ағаш қысып қою керек.

         Шаңғыны дұрыс пайдаланып, табанына арнайы май жағылады. Ауа райына байланысты жағылатын майдың бірнеше түрі болады. Шаңғыны майлаған кезде бірнеше ереже есте сақтаған дұрыс: - шаңғы табаны құрғақ әрі таза болуы тиіс; - майды шаңғының табанына біркелкі етіп жағу керек.

    Г) Шаңғы тепкен адам өзін шапшаңдық пен төзімділікке шыңдап қана қоймай, сонымен қатар жақсы тынығады. Бұл спорт түрі жасқа қарамайды, онымен жас та, кәрі де айналысады. Шаңғы тебуді үйрену арнайы ережелерді талап етпейді. Жаттығуларды қарапайым жай жүрістен бастаған дұрыс. Шаңғы тебуді үйренудің қарапайым тәсілі – екі аяқпен адымдап, алға қарай сырғанау. Осы әдіс екі аяққа салмақты алма-кезек түсіруге негізделген. Адам сол аяқпен адымдағанда таяқ ұстаған оң қолды алға, ал оң аяқпен адымдағанда сол қолды алға қарай сермейді. Осылайша, алма-кезек адымдау кезінде таяқ жерді бір рет қана тірейді.

    Ғ) ШАҢҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫ сабақтарында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

         Киім ойдағыдай жылы болу керек. Міндетті жылы іш киім, тоқыма қолғап пен бөрік болуы керек. Желді күні кеудеше киген дұрыс.

         Шарықтар кең болғаны жөн, жылы болу үшін шұлық киіп, ұлтарақ салғанда, аяқты қыспауы үшін аяқ киімінің кең болғаны керек.

         Аязды күндері оқушылардың денесін үсік шалғандай белгі байқалса, ол жердің айналасын қармен қызарғанша ысқылап, көмек көрсету қажет.

         Шаңғының бекіткіші мен шарықтың дұрыс киілуіне әрдайым назар аударып отыру қажет.

         Қалың қармен, мұздақты жерлермен, бұталар арасынан сақтықпен өту қажет.

         Таудан төмен сырғанау тек қана мұғалімнің рұқсатымен, кезекпен белгілі арақашықтықты сақтай отырып жасалады. Тауға көтерілу арнайы белгіленген жерлерде ғана мүмкін, сондай – ақ таудан түсіп келе жатқандардың жолын кесіп өтуге тыйым салынады.

5. Топтық жұмыс.

(Флипчарт арқылы алдын-ала дайындалған тапсырмалармен жұмыстану)

І.   “Сәйкестендіру” (суретке назар сала сәйкес келетіндерін анықтап, оларды сызықшалар арқылы қосу)

ІІ.  “Суретті сөзжұмбақ” (суретті көре торкөзді толтыру)

ІІІ. “Кім тапқыр?” (жасырынған сөздерді тауып жазу)

ІV. “Кім зейінді?” (суретке зейін сала спортшыларды ретімен атап өту).

6. Ой толғаныс.

Тест жұмысы орындалынып, тексерілуі.

 1.   Табанына байлап, қолға қос таяқ ұстап жүру қандай

       спорттың түрі?

      а) шаңғы               ә) коньки              б) велосипед

2.   Шаңғы спортының Отаны қай ел болып есептеледі?

      а) Испания           ә) Норвегия          б) Англия

3.   Шаңғышы қандай арнаулы киім кию керек ?

      а) қалың әрі суық өтпейтін киім

      ә) жеңіл әрі жел өтетін киім

      б) ыңғайлы әрі жел өтпейтін киім 

4.   Өз бойыңа лайықты қандай шаңғы таңдап алу керек?

      а) шаңғының ұзындығы жоғары көтерген қолдың алақаны

          деңгейінде, таяқтың ұзындығы жанға созған қолға тірелетіндей

          деңгейде

      ә) шаңғының ұзындығы жоғары көтерген қолдың алақаны

          деңгейінде, таяқтың ұзындығы мықын деңгейінде

      б) шаңғының ұзындығы иық деңгейінде, таяқтың

          ұзындығы жоғары көтерген қолдың алақаны деңгейінде

5.   Шаңғы ортасының көтеріңкі қалпын жоғалтпас үшін

      шаңғыны қалай жинастырып қою керек?

      а) шаңғының табандарын беттестіріп, бас жағы мен аяқ

          жағын жіппен байлап қою керек

      ә) шаңғының табандарын беттестіріп, бас жағы, ортасы мен

          аяқ жағын жіппен байлап қою керек

      б) шаңғының табандарын беттестіріп, бас жағы мен аяқ

          жағын жіппен байлап, ортасына керіп ашып тұратындай

          ағаш сына қысып қою керек

6.   Шаңғы жақсы сырғанау үшін табанына не жағу керек?

      а) крем               ә) арнаулы май             б) сұйық май

7. Үй тапсырмасын беру: - Қысқы спорт түрлерін пайдалана отырып, ребус, сөзжұмбақ    тапсырмаларын құрастырып келу.

8. Бағалау.

Белсене қатынасқан оқушыларды атап өту, мадақтау, жинақтаған ұпайлары бойынша бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ "Қысқы спорт түрлері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

         Жеке тұлғаға бағдарланған сабақтар жүйесі 12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі- қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, жеке басының, сондай –ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

        Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты- барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан- жақты қалыптастыру болып табылады.

         Кейбір жас өспірімдердің кез-келген жаттығу түрлеріне икемдері келмейді, сол себепті олар дене шынықтыру сабағынан түрлі сылтаулармен қатыспауға тырысады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда кластан тыс жұмыстар және спорттық ойындардың тигізер пайдасы мол. Осы мақсатта мектепте дене шынықтыру сабақтары мен әртүрлі іс – шаралар өткізіледі.

          Дене тәрбиесін жүргізудегі негізгі бағыт - мақсаты:

         Дене қуаты мен қасиеттерін және қимыл шеберлігі мен дағдысын дамыту;

         Жас спортшыны көпшіл, әрі қоғамшыл болуға баулы, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

         Президенттік және ұлттық деңгейдегі тесттің орындалуы.

         Оқушыларды білім алуға, еңбекке баулуға және әскери міндетін өтеуге дайындау.

Жұмыста  қолданатын жаңа технологиялар:

         Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

         Денсаулық сақтау технологиясы

         Жаңа ақпараттық технологиялар

            Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

1.Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;

2.Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

3.Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

4.Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

5.Оқытушының уақытын үнемдейді

6.Қосымша мәліметтер береді.

Дене тәрбиесі сабағы не береді?

         Нормативтік тест жаттығуларды игерту

         Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді

         Денені шынықтыруға тәрбиелеу

         Дене мәдениетін қалыптастыру

         Машықтандыру

         Қимыл қозғалысты береді

         Шымырлық пен ептілік

         Күш пен батылдық

         Сергектік пен денсаулық

Денені дамыту жүйесі

         Сауықтыру

         Білім беру

         Тәрбиелеу

         Қалыптастыру

         Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану. Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып ой толғау жасауға болады. (мысалы: дене шынықтыру сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру керек) осы арқылы оқушылардың биімділігін арттыруға болады.

Күтілетін нәтиже дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтары артады, өзін-өзі басқаруды үйретеді, құрметтеуге, шынығуды жетілдіреді эстетикалық талғамы артады.

        Денсаулық кепілі дене шынықтыру жаттығуларының жүйелі сабақтарымен ғана дамиды. Мектепке дейінгі жаста адамның денсаулығының өмір бойы қалыптасуы орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Осы жас аралығында баланың өзіндік қасиеттері, сабаққа қызығушылығы және баланың қабілеттері  ашыла бастайды.  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 920 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2015 2718
    • DOCX 42.5 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Космаганбетова Жанбота Жолдасович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21066
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Основы инструкторско-методической деятельности по каратэ Кекусинкай

Инструктор по каратэ Кекусинкай

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы психологии детского спорта в деятельности тренера-преподавателя, спортивного психолога в учреждениях физкультурно-спортивной направленности

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физическая культура и основы безопасности жизнедеятельности")

Учитель физической культуры и основ безопасности жизнедеятельности

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 28 регионов

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 21 региона

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 25 регионов