Главная / Начальные классы / Әдебиеттік оқу "Көктем қандай көрікті!" 4-сынып

Әдебиеттік оқу "Көктем қандай көрікті!" 4-сынып

Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ә. Ысқабай «Көктем қандай көрікті!»
Сабақтың мақсаты: Мәтінмен таныстыру, мәтін мазмұны туралы түсінік беру. Мәтінді саналы түсініп, мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөзімен жүйелі баяндауға дағдыландыру. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, есте сақтауын, қиялын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Көрнекілігі: көктем мезгілінің суреті

Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау.
Абай Құнанбайұлының «Жазғытұры» өлеңін жатқа сұрау. Салып келген суреттерін көрме жасау арқылы бағалау.

Үй тапсырмасын бекіту.
1. Өлеңде көктемдегі адамдардың тіршілігі қалай суреттелген?
2. Өлеңді оқығанда көз алдыңа қандай табиғат бейнесі келеді?
Ребус шешу. Жауабы: Көктем
Жаңа сабақты түсіндіру. Оқулықпен, мәтінмен мен жұмыс.
1. Мұғалімнің мәтінді түсіндіре отырып, мәнерлеп оқып беруі.
2. Оқушылардың іштей оқуы.
3. Дауыстап тізбектеп оқу.
Сөздікпен жұмыс.
Қасат қар – тығыздалып қалған қатқыл қар.
Үйге тапсырма.
74 бет, өлеңді жаттау.
Тапсырмамен жұмыс.
Мәтінді бөлімдерге бөліп, жоспар құру.
І. Көктемнің келуі.
ІІ. Даланың құлпыруы.
ІІІ. Ауыл балаларының қуанышы.
ІV. Алтынайдың мақтанышы.
V. Сайранның реніші.
VІІ. Достарының сыйлығы.

Сабақты бекіту.
1. Көктем мезгілі саған неліктен ұнайды?

2. Сайран сияқты көктемді ұнатпайтын достарыңа не айтар едің?
Бағалау.
Жүйрік екен аттары......
Аяңдамай желеді.
«5» қоямын мен оған,
1 – орында келеді.

Білмей қалған жерлерің......
Мықтап ойға тоқиды.
Бүгін «4» - ке оқыса,
Ертең «5» - ке оқиды.

Айтқаныңа......
Көңіліміз толмады
Сабаққа дайындалмай келіпті,
Онысы дұрыс болмады.

Әдебиеттік оқу "Көктем қандай көрікті!" 4-сынып
  • Начальные классы
Описание:

Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ә. Ысқабай «Көктем қандай көрікті!»
Сабақтың мақсаты: Мәтінмен таныстыру, мәтін мазмұны туралы түсінік беру. Мәтінді саналы түсініп, мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөзімен жүйелі баяндауға дағдыландыру. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, есте сақтауын, қиялын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Көрнекілігі: көктем мезгілінің суреті

Автор Нугуспанова Шынар Туленовна
Дата добавления 23.12.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел
Просмотров 705
Номер материала 10768
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓