Главная / Другое / Әдебиет пәнінен сабақ "Қырық өтрік" ертегісі

Әдебиет пәнінен сабақ "Қырық өтрік" ертегісі

hello_html_m26c37c84.gifhello_html_4e16e7f6.gifhello_html_2a0bd1a6.gifhello_html_1107a8c7.gifhello_html_3125d440.gifhello_html_m67e7d582.gifhello_html_m39a05a49.gifhello_html_11e4d1d.gifhello_html_5f489b3f.gifhello_html_m5ef115b2.gifhello_html_m16f24a01.gifhello_html_2fca180f.gifhello_html_e51fb83.gifhello_html_5f293880.gifhello_html_460d6f51.gifhello_html_205e932.gifhello_html_m16f24a01.gifhello_html_2fca180f.gifhello_html_e51fb83.gifhello_html_5f293880.gifhello_html_460d6f51.gifhello_html_205e932.gifhello_html_m26c37c84.gifhello_html_4e16e7f6.gifhello_html_2a0bd1a6.gifhello_html_1107a8c7.gifhello_html_3125d440.gifhello_html_m67e7d582.gifhello_html_m39a05a49.gifhello_html_11e4d1d.gifhello_html_5f489b3f.gifhello_html_m5ef115b2.gifhello_html_m26c37c84.gifhello_html_4e16e7f6.gifhello_html_2a0bd1a6.gifhello_html_1107a8c7.gifhello_html_3125d440.gifhello_html_m67e7d582.gifhello_html_m39a05a49.gifhello_html_11e4d1d.gifhello_html_5f489b3f.gifhello_html_m5ef115b2.gif

Күні_________________

Cабақтың тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала бейнесі
Мақсаттары:
1. Білімділік. Ертегідегі Тазша бала бейнесін талдай отырып, тақырыпты жан-жақты меңгерту.
2. Дамытушылық. Шығармадағы кейіпкерлерді талдай отрып ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік. Кейіпкер бойындағы байқампаздыққа, тапқырлыққа, батылдыққа, шешендікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.

Көрнекі құралдар: Тазшаның суреті, сахнаның безендірілуі, кубизм әдісінің
тапсырмалары жазылған кесте
Сабақтың барысы: ( 2минут)
I.Ұйымдастыру кезеңі.

1) Сәлемдесу

2) Түгендеу

3) Психологиялық ақуалын қалыптастыру.

II.Үйтапсырмасын сұрау. (5минут)

1. Ертегіге жоспар құру.
2. Сахналық көрініс (Хан бұйрығы, тазшаның әңгімесі)
Сергіту сәті.(2минут)

40 санының қосындысы

40+39=79 40+152=192 40+167=207 40+377=417

Тақтаға ертегіге байланысты 7 тірек сөз.(3минут)

1. Хан 4.Алғыс 7.Уәде

2.Кедейлік 5.Сүңгу

3.Жылқы 6.Жиын

Бейне баян көрсету.(5минут)

І. Қызығушылықты ояту.(3минут)
Мұғалім: Оқушылар, бізге ертегілер әлеміндегі тазша баладан хат келіпті. Хатында
«Сәлеметсіңдер ме, менің қымбатты достарым! «Қырық өтірік» ертегісін оқып, менің тапқырлығыма, шешендігіме тәнті болған шығарсыңдар. Тұрмыстық, шаруашылық заттар мен жан - жануар, жәндіктер, яғни табиғат әлемін қисыннан қиыстырып, әңгіме, өлең құрастырдым. Бұл менің көп білетіндігім, білімділігім. Сондықтан алға қойған мақсатыңа жету үшін білімді болу қажет. Менің басқа да қырларым өте көп, сіздерді ертегілер әлеміне терең еніп, үлгі алуға шақырамын» депті. Ендеше Тазша бейнесін жан - жақты талдайық.
ІІ. Мағынаны тану. Кубизм әдісі (10минут)
І. Мінездеу. ( Тазша балаға мінездеме жасау)
жазу)
ІI. Бейнелеу (Ертегіден ұнаған тұсының суретін салу )
Мінездеу
Мінезі Қай оқиға тұсында
Батыл, өжет Ханның алдына келуі
Тапқыр
Әңгіме, өлең шығаруы
Шапшаң
Шешен
Білімді, ақылды
III Тапсырма (3минут) «
Мақал-мәтелдерді, көркем бейнелі ойларды теріп жазу» «Өтірік өлең құрастыру» IY.Салыстыру. Венн диаграммасы (5минут)
- Тазша бала (ерекшелігі)
- Тазша өзі 40 өтірік әңгіме, өлең шығарды
- Хан алдына өзі келді
- қиялшыл
Ұқсастығы
Екеуі де хан бұйрығын орындады
Екеуі де тапқыр
Екеуі де ақылды
Аяз би (ерекшелігі)
- Ханның сұрақтарына тапқырлықпен жауап берді.
- Ханның алдына уәзірлері әкелді
- сыншы
шешен
батыл
Сабақты бекіту:

Тестті тапсырма.(3минут)

1. Тазшаның қай жылқысы жоғалды?

а) ала биесі ә) жирен құлыны б) қотыр тайы

2. Атып алған қоянның майының көптігі қандай?

а) Бір түйенің, бір өгіздің қарнына сиярлықтай.

ә) 40 литрлік қазанға сиярлықтай.

б) Бір түйенің, бір өгіздің, бір борсықтың қарнына сиярлықтай.

3. Тазша барар жолда судан қалай өтті?

а) Құлынның үстіне мініп өтті.

ә) Пышағын қайық, құрығын ескек қылып жүзіп өтті.

б) Құрығын қайық, пышағын ескек қылып жүзіп өтті.

4) Тазша етігін қайдан тапты?

а) жиыннан ә) ханның үйінен б) құдықтың басынан

5) Тазша жылқысын тапқан соң оны не істеді?

а) Айғырдың құйрығына байлап қойды.

ә) Айғырдың арқанына байлап қойды.

б) Айғырдың аяғына байлап қойды.

6) «Қырықөтірік» ертегісіертегінің қайжанрына жатады? а) шыншыл ә) қиял – ғажайып б) аңыз 7) Ертегінің басты кейіпкері кім? а) Хан ә) Тазша бала б) Инелік 8) «Құрығым аласа болғаншығар»,—деп, құрықтың басына... жалғадым, көрінбеді. а) инемді ә) тебенді б) пышағым
Үйге тапсырма беру:(3минут ) Эссе жазып келу. “Өтріктің өрісі тары” Өтірік өлең құрастырып келу Оқушыларды бағалау. (1)

























І. Қызығушылықты ояту.
ІІ. Мағынаны тану.
 Кубизм әдісі
І. Мінездеу.
 ( Тазша балаға мінездеме жасау)
ІІ. Салыстыру
 (Тазша бейнесін басқа ертегідегі кейіпкермен салыстыру)
ІІІ. Зерделеу
 (Тұрақты сөз тіркестерін, мақал – мәтелдерді теріп  жазу)
ІV. Бейнелеу
 (Ертегіден ұнаған тұсының суретін салу )

Мінездеу
Салыстыру. Венн диаграммасы

Тазша бала (ерекшелігі)

Ұқсастығы

Аяз би (ерекшелігі)

Тазша өзі 40 өтірік әңгіме, өлең шығарды
Хан алдына өзі келді
қиялшыл
Екеуі де хан бұйрығын орындады
Екеуі де тапқыр
Екеуі де ақылды
Ханның сұрақтарына тапқырлықпен жауап берді.
Ханның алдына уәзірлері әкелді
сыншы, шешен,  батыл

Зерделеу. Үмітсіз шайтан, «Ер еңбегіне бір тойсын», біте қайнаған замандас






















































































































































ІІІ. Толғаныс. Автор орындығы
Мұғалім сөзі: Оқушылар, ортадағы мына отырғыш автор орындығы деп аталады. Бұнда Тазша бейнесіне еніп, оқырмандар қойған сұраққа Тазша бала болып жауап беруіміз керек. Қане, кім Тазша болғысы келеді.
(Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады. )
Үйге тапсырма беру: Өтірік өлең құрастырып келу







ІV. Негізгі бөлім

1) Тақтаға ертегіге байланысты 7 тірек сөз іліп қою (30 секунд).

1. Хан 4.Алғыс 7.Уәде

2.Кедейлік 5.Сүңгу

3.Жылқы 6.Жиын

2) Берілген тірек сөздерді жатқа айтқызу (1 минут).

3) Есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін жаттаған сөздерін дәптер бетіне түсіру

(1 минут).

4) Оқушыларға ертегіні кеспе қағаздар арқылы 6 топқа бөліп оқыту (5 минут)

5) Мазмұнын айтуға (15 минут).

6. Ертегі бойынша сұрақтар қою (5 минут).

1) Ертегі дегеніміз не?

2) Ертегінің түрлерін ата.

3) Ертегіден антоним, синоним, омоним сөздері бар ма?

4) Ханның қырық өтірік айтатын адамды іздеуінің себебі неде?

5) Тазша неге өтірік айтты?

6) Тазша бала өз өмірін неге өлімге тікті?

7) Тазшаның өтірік әңгімесінен қандай өнерін көреміз?

8) Қырық өтірік ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

9) "Қырық өтірік" ертегісінің "Кер құла атты Кендебай" ертегісіне ұқсастығы бар ма?

7. Тесттік тапсырма (3 минут).

1. Тазшаның қай жылқысы жоғалды?

а) ала биесі ә) жирен құлыны б) қотыр тайы

2. Атып алған қоянның майының көптігі қандай?

а) Бір түйенің, бір өгіздің қарнына сиярлықтай.

ә) 40 литрлік қазанға сиярлықтай.

б) Бір түйенің, бір өгіздің, бір борсықтың қарнына сиярлықтай.

3. Тазша барар жолда судан қалай өтті?

а) Құлынның үстіне мініп өтті.

ә) Пышағын қайық, құрығын ескек қылып жүзіп өтті.

б) Құрығын қайық, пышағын ескек қылып жүзіп өтті.

4) Тазша етігін қайдан тапты?

а) жиыннан ә) ханның үйінен б) құдықтың басынан

5) Тазша жылқысын тапқан соң оны не істеді?

а) Айғырдың құйрығына байлап қойды.

ә) Айғырдың арқанына байлап қойды.

б) Айғырдың аяғына байлап қойды.

8.Шығармашылық жұмыс (5 минут).

VІ. Сабақты қорытындылау: 40 санына байланысты әдет-ғұрыптар мен мақал-мәтелдер айтқызу (3 минут).



40





VІІ. Үйге тапсырма:а) ертегіні бүгінгі күнмен байланыстырып аяқтау; ә) өтірік өлең шығару; б) инеліктерге жүк артып көшіп бара жатқан, шегірткенің мұртына атты арқандаған, ақсақ қоңызға отырып, қоянды қуған адамның суретін салып келу.

VІІІ. Оқушыларды бағалау:

 

 

 









































Күні, айы, жылы: 19.10.2013 жыл

Сыныбы: 5"Ә"

Пәні: Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин. "Бала Шоқан" әңгімесі.

Сабақтың мақсаты: а)білімділік - жазушы туралы мағлұмат беру,шығарманың мазмұнын игеріп, идеясын ашу.Шығарма арқылы ұлы ғалым Шоқанның бейнесін таныту;

ә) дамытушылық - тың мәліметтер бере отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін, ойын дамыту;

б) тәрбиелік - досқа адал, уәдеге берік болуға баулу.

Сабақтың түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: ой қозғау, іздендіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Сапарғали Бегалин, Шоқан Уәлиханов портреттері, тірек сөздер, семантикалық карта, Эйлер дөңгелегі,бағалау парағы.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, музыка.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

а) оқушылармен сәлемдесіп, көңіл-күйлеріне бақылау жасау.

ә) сабаққа қатысымын тексеріп, назарларын сабаққа аудару

"Бір сағат ілім алу - жанатқа апарар жол". Сондықтан да оқушылар осы сабағымыздан ой түюге бар ынтамызбен, жігерімізді салайық (1 минут).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Кубизм әдісі бойынша

1. Оқушыларға Ғабит Мүсіреповтың "Жаңа достар" әңгімесінің кейіпкерлерін атауға тапсырма беріледі.

2. Бұл кейіпкерлердің бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?

3. Қайрош ауылынан неге қашты?

4. Қалаға келуіне не себеп болды?

5. Шеген Қайрошқа қандай қамқорлық жасады?

6. Балалар күнкөріс жолында не істеді?

7. Қайрош балалар үйіне қалай әкелінді?

8. Ол анасымен бірге ауылға қайтып кетпей, неге Балалар үйінде қалды?


Сергіту сәті (3 минут).

Берілген дыбыстарды әнге қосып айту.

1) Н,ы,қ,а, қ,р,а,т,о,н,қ,а

2) Ң,а,ж,а, о,с,д,а,р,т

3) Ш,қ,о,н,а,л,б,а,а

Өткен сабақтарда Абайдың балалық шағы жайлы әңгімені оқыдық. Абай сусындаған бұлақтың бірі - ауыз әдебиеті, олай болса сол бұлақтан дәм татқан тағы бір жазушы Сапарғали Бегалиннің шығармасымен танысамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Сапарғали Бегалин туралы жинақталып жасалған хронологиялық кестені көрсету.

С.Бегалин

Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушысы-жазушы, аудармашы, зерттеуші.

1895 жылы 24 қараша

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген.

1915 жылы

Семей қаласындағы орыс-қазақ училищесін бітірген.

Балаларға арналған әңгімелері

"Ермектің алмасы", "Сахара саңлақтары", "Сәтжан", "Жас бұтақ", "Жеткіншектер", "Мектеп түлектері"

Хикаяттары мен өлеңдеріне жазылған әндері

"Шоқан асулары", "Қыран туралы аңыз", "Бесік жыры", "Сағындым сені сәулем-ай", "Ақ көгершін"

1982 жылы

Алматы қаласында қайтыс болды.

Марапаттары

2 рет "Құрмет белгісі" орденімен және медальдармен марапатталған.



25 дастан, 12 повесть, он шақты драмалық шағын туынды, 50-ге тарта ән мәтіндерін жазған Сапарғали Бегалин халқына белгілі, білікті жазушы ретінде танылды. 20-дан астам балаларға арналған кітап жазған қаламгер қазақ балалар әдебиетінің негізін жасаушылардың бірі болды.

Өмір жолын қара жұмысшы болудан бастаған. Кейін халық соты, саяси қызметкер болған. Бірақ нағыз мақсатты жолын жазушылықтан тапқан.Осындай әңгімелердің бірі - "Бала Шоқан" әңгімесі.

ә) Оқулықтағы жазушы естелігінен үзінді оқыту.

"Шоқан өміріне қатты құмарттым. Оның өмірбаянының бәрін қамтуды мақсат тұтпадым. Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол - Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсінін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жаздыруға ұмтылдырды. "Бала Шоқанды" осылай жаздым".

б) Шоқан Уәлиханов туралы жинақталып жасалған хронологиялық кестені көрсету.

Ш.Уәлиханов

Қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы - фольклоршы, зерттеуші.

1835 жылы

Қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасында дүниеге келген.

Тегі

Шоқан - атақты Абылай ханның шөбересі. Шын аты - Мұхамедханафия. Шоқан есімін әжесі еркелетіп қойған.

Білімі

Ауыл мектебін оқып, арабша, шағатай, орыс тілдерін еркін меңгерген. Омбы қаласындағы офицерлер мектебінде білім алған.

Еңбектері

Қырғыз халқының "Манас" аңыз, ертегісін жинақтаған. "Қашқарияға сапары" тарихи зерттеу жұмысы бар.

1865 жылы

Ш.Уәлиханов 30 жасында ауырып қайтыс болады.



1. Тақтаға әңгімеге байланысты 7 тірек сөзді таңдап алып, слайд арқылы көрсету(30 секунд).

1. Дос

2. Мүсін

3.Зорлық

4.Қорқу

5. Уәде

6. Себеп

7.Сый

Кейіпкерлер

Шығармадан үзінді

Шыңғыс

Шоқан

Жақып

Мысық

Анасы

Теңеу

Эпите+т

Сен істей ғой, шебер болсаң!


+






Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы.

+







Кездемеден көйлектік шыт жыртып берші.





+



Құйрығын қара, тап иттің құйрығы.



+





Бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?




+




Жолбарыстай






+




Кесек денелі









+



2. Берілген тірек сөздерді жатқа айтқызу (1 минут).

3. Тірек сөздердің мағынасын аштырту (1 минут)

4. Оқушыларға әңгімені оқулықтан 3 бөлімге бөліп оқыту (5 минут)

5. Әңгіме бойынша мазмұнын айтуға (15 минут).

6. Әңгіме бойынша оқушыларға сұрақтар қойдырту (5 минут).

7. Ұлттық ойын "Арқан тарту" арқылы кейіпкерлер Шоқанға, Мысыққа, Жақыпқа мінездеме беру (3 минут).

8. Семантикалық карта бойынша жұмыс (3 минут)



9. Шығармашылық жұмыс

Қайым айтыс түрінде берілген сұраққа өлеңмен тапқыр жауап беру

ІV. Сабақты қорытындылау

Оқушылар Эйлер дөңгелегін толтырады. Абай, Шоқан, Қайырғали тағдырларының нәтижесі арқылы оқушыларға білімнің, өнердің қаншалықты қымбат екені түсіндіріледі.

Автор шығарма аты іс-әректі кейіпкерлері нәтиже

V. Үйге тапсырма:1) "Бала Шоқан" әңгімесін оқу, мазмұндау; 2) "Мен таныған Шоқан" тақырыбында ойтолғау жазу.

VІ. Сабақтағы белсенділіктеріне қарай білімдерін бағалау.









Күні, айы, жылы: 19.10.2013 жыл

Сыныбы: 5"Ә"

Пәні: Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин. "Бала Шоқан" әңгімесі.

Сабақтың мақсаты: а)білімділік - жазушы туралы мағлұмат беру,шығарманың мазмұнын игеріп, идеясын ашу.Шығарма арқылы ұлы ғалым Шоқанның бейнесін таныту;

ә) дамытушылық - тың мәліметтер бере отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін, ойын дамыту;

б) тәрбиелік - досқа адал, уәдеге берік болуға баулу.

Сабақтың түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: ой қозғау, іздендіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Сапарғали Бегалин, Шоқан Уәлиханов портреттері, тірек сөздер, семантикалық карта, Эйлер дөңгелегі,бағалау парағы.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, музыка.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

а) оқушылармен сәлемдесіп, көңіл-күйлеріне бақылау жасау.

ә) сабаққа қатысымын тексеріп, назарларын сабаққа аудару

"Бір сағат ілім алу - жанатқа апарар жол". Сондықтан да оқушылар осы сабағымыздан ой түюге бар ынтамызбен, жігерімізді салайық (1 минут).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Оқушыларға Ғабит Мүсіреповтың "Жаңа достар" әңгімесінің кейіпкерлерін атауға тапсырма беріледі.

2. Бұл кейіпкерлердің бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?

3. Қайрош ауылынан неге қашты?

4. Қалаға келуіне не себеп болды?

5. Шеген Қайрошқа қандай қамқорлық жасады?

6. Балалар күнкөріс жолында не істеді?

7. Қайрош балалар үйіне қалай әкелінді?

8. Ол анасымен бірге ауылға қайтып кетпей, неге Балалар үйінде қалды?


Сергіту сәті (3 минут).

Берілген дыбыстарды әнге қосып айту.

1) Н,ы,қ,а, қ,р,а,т,о,н,қ,а

2) Ң,а,ж,а, о,с,д,а,р,т

3) Ш,қ,о,н,а,л,б,а,а

Өткен сабақтарда Абайдың балалық шағы жайлы әңгімені оқыдық. Абай сусындаған бұлақтың бірі - ауыз әдебиеті, олай болса сол бұлақтан дәм татқан тағы бір жазушы Сапарғали Бегалиннің шығармасымен танысамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Сапарғали Бегалин туралы жинақталып жасалған хронологиялық кестені көрсету.

С.Бегалин

Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушысы-жазушы, аудармашы, зерттеуші.

1895 жылы 24 қараша

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген.

1915 жылы

Семей қаласындағы орыс-қазақ училищесін бітірген.

Балаларға арналған әңгімелері

"Ермектің алмасы", "Сахара саңлақтары", "Сәтжан", "Жас бұтақ", "Жеткіншектер", "Мектеп түлектері"

Хикаяттары мен өлеңдеріне жазылған әндері

"Шоқан асулары", "Қыран туралы аңыз", "Бесік жыры", "Сағындым сені сәулем-ай", "Ақ көгершін"

1982 жылы

Алматы қаласында қайтыс болды.

Марапаттары

2 рет "Құрмет белгісі" орденімен және медальдармен марапатталған.



25 дастан, 12 повесть, он шақты драмалық шағын туынды, 50-ге тарта ән мәтіндерін жазған Сапарғали Бегалин халқына белгілі, білікті жазушы ретінде танылды. 20-дан астам балаларға арналған кітап жазған қаламгер қазақ балалар әдебиетінің негізін жасаушылардың бірі болды.

Өмір жолын қара жұмысшы болудан бастаған. Кейін халық соты, саяси қызметкер болған. Бірақ нағыз мақсатты жолын жазушылықтан тапқан.Осындай әңгімелердің бірі - "Бала Шоқан" әңгімесі.

ә) Оқулықтағы жазушы естелігінен үзінді оқыту.

"Шоқан өміріне қатты құмарттым. Оның өмірбаянының бәрін қамтуды мақсат тұтпадым. Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол - Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсінін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жаздыруға ұмтылдырды. "Бала Шоқанды" осылай жаздым".

б) Шоқан Уәлиханов туралы жинақталып жасалған хронологиялық таблицаны көрсету.

Ш.Уәлиханов

Қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы - фольклоршы, зерттеуші.

1835 жылы

Қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасында дүниеге келген.

Тегі

Шоқан - атақты Абылай ханның шөбересі. Шын аты - Мұхамедханафия. Шоқан есімін әжесі еркелетіп қойған.

Білімі

Ауыл мектебін оқып, арабша, шағатай, орыс тілдерін еркін меңгерген. Омбы қаласындағы офицерлер мектебінде білім алған.

Еңбектері

Қырғыз халқының "Манас" аңыз, ертегісін жинақтаған. "Қашқарияға сапары" тарихи зерттеу жұмысы бар.

1865 жылы

Ш.Уәлиханов 30 жасында ауырып қайтыс болады.



1. Тақтаға әңгімеге байланысты 7 тірек сөзді таңдап алып, слайд арқылы көрсету(30 секунд).

1. Дос 4.Қорқу 7.Сый

2. Мүсін 5. Уәде

3.Зорлық 6. Себеп

2. Берілген тірек сөздерді жатқа айтқызу (1 минут).

3. Тірек сөздердің мағынасын аштырту (1 минут)

4. Оқушыларға әңгімені оқулықтан 3 бөлімге бөліп оқыту (5 минут)

5. Әңгіме бойынша мазмұнын айтуға (15 минут).

6. Әңгіме бойынша оқушыларға сұрақтар қойдырту (5 минут).

7.Кейіпкерлер Шоқанға, Мысыққа, Жақыпқа мінездеме беру (3 минут).

8. Семантикалық карта бойынша жұмыс (3 минут)





Кейіпкерлер

Шығармадан үзінді

Шыңғыс

Шоқан

Жақып

Мысық

Анасы

Теңеу

Эпитет

Сен істей ғой, шебер болсаң!


+






Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы.

+







Кездемеден көйлектік шыт жыртып берші.





+



Құйрығын қара, тап иттің құйрығы.



+





Бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?




+




Жолбарыстай






+




Кесек денелі









+



9. Шығармашылық жұмыс

Берілген сұраққа өлеңмен тапқыр жауап беру

ІV. Сабақты қорытындылау

Оқушылар Эйлер дөңгелегін толтырады. Абай, Шоқан, Қайырғали тағдырларының нәтижесі арқылы оқушыларға білімнің, өнердің қаншалықты қымбат екені түсіндіріледі.

Автор шығарма аты іс-әректі кейіпкерлері нәтиже

V. Үйге тапсырма:1) "Бала Шоқан" әңгімесін оқу, мазмұндау; 2) Шоқанға арнап бес жолды өлең жазу.

VІ. Сабақтағы белсенділіктеріне қарай білімдерін бағалау.



























































6. Әңгіме бойынша оқушыларға сұрақтар қойдырту (5 минут).

7. Оқушыларға семантикалық карта тарату (3 минут).


Шыңғыс

Шоқан

Жақып

Мысық

Анасы

Теңеу

Эпитет

Сен істей ғой, шебер болсаң!








Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы.








Кездемеден көйлектік шыт жыртып берші.








Құйрығын қара, тап иттің құйрығы.








Бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?








Жолбарыстай, балалардай








Кесек денелі









8.Шығармашылық жұмыс (5 минут).

Қойылған сұраққа өлеңмен тапқыр жауап беру

VІ. Сабақты қорытындылау: 40 санына байланысты әдет-ғұрыптар мен мақал-мәтелдер айтқызу (3 минут).



40





VІІ. Үйге тапсырма:а) ертегіні бүгінгі күнмен байланыстырып аяқтау; ә) өтірік өлең шығару; б) инеліктерге жүк артып көшіп бара жатқан, шегірткенің мұртына атты арқандаған, ақсақ қоңызға отырып, қоянды қуған адамның суретін салып келу.

VІІІ. Оқушыларды бағалау:

 

 

 































І топ

1-кеспе қағазы

Бар екенде де,жоқ екен, аш екен де,тоқ екен. Ерте, ерте, ертеде , ертегі өткен заманда, халықты хан билепті, халық ханнан зар илепті.Хан бүлік болып , хан еріксе, халық ойыншық болыпты…Нақ осы айтқанның өзіндей хан,ұстараның жүзіндей хан, қаны тасып еріккен хан шарап ішіп желіккен хан халқына жар шақырыпты: «Кімде-кім алдыма келіп, кідірмей-мүдірмей, бір өтірік әңгіме құрастырып айтып өтсе және артынан қырық ауыз өтірікті өлең қылып айтса, сол адамға қызымды беріп, күйеу қыламын, тіпті, уәзір де етемін. Бірақ бір сертім бар: «Әңгімесінің, я өлеңінің ішіне бір ауыз рас сөз қосылса, дарға тартқызамын!»— депті.Бұл хабар жұрттың құлағына тегіс тиген соң, ханның қызын алып, күйеу болуға қызықпайтын адам болмайды. Әркімдер-ақ дәмелі болып: «Ой, айтпай несі бар!»— деп, ханның алдына барады, бірақ өтірігін келістіріп айта алмай, дарға тартылып жатады.

Жұрттың ең соңынан бір тазша бала кіріп, иіліп, тәжім етіп, сөйлеуге ханнан рұқсатын сұрайды.
Сонда хан тұрып:
— Е, не арызың бар?— дейді.
— Тақсыр, жарлығыңызды естіп, өтірік әңгіме мен өтірік өлең айтқалы келіп тұрмын,— дейді тазша бала.
— Жаным-ай, жас бала көрінесің!
 Сенен естияр талай адамдар да айтамын деп келіп, айта алмай кеткен. Жарқыным, өлуге асығып жүрген не қылған баласың? Тілімді ал да, қайта ғой!— дейді хан.
— Тақсыр-ау, солардан жаным артық па? Айта алмасам, обалым өзіме ғой, рұқсат
етіңіз!— дейді.
— Ал, ендеше, сөйлей ғой!— дейді хан.
Тазша
бала сөйлеп ала жөнеледі:
— Тақсыр
! Шешемнің құрсағында жүргенде әкемнің әкесінің жылқысын он бес жыл бағыппын. 
Жаздың қайнап тұрған ыстық күні жылқымды суарайын деп, құрық үстіне құрық салып, жау тигендей қуалап, айдын-шалқар бір құдыққа келсем, тақсыр-ай, күннің ыстығын содан білерсіз: құдықтың суы кісі бойы, қол ұсыным мұз болып қатып қалыпты. Балтамен олай шапқыладым, ойылмады, бұлай шапқыладым, ойылмады, балтаның жүзі жапырылып қалды. Балтамды қойныма салып қойып, сүйменімді қолыма алып, олай түйдім, болмады, бұлай түйдім, болмады, сүйменім майысып қалды. «Енді не қылдым?»— деп дағдарып тұр едім, құдай дес беріп, бір амал ойыма түсе қалды. Дереу кеңірдегімнен ұстап, басымды кеудемнен жұлып алып, ақырын ғана шекеммен бір шық еткізіп қалғанымда, тақсыр-ай, бірі өтірік болмасын, мың жылқым қатар тұрып су ішетін суат ойылды да қалды. Және менің бағыма суы зәрдей ащы шығып, сонда да жылқым ішіп-ішіп, іші-сырты бірдей болып, қарындары қампайды да қалды.

ІІ топ

2-кеспе қағазы

Содан соң жылқыларымды көк мұзды жарып шыққан сар балауса мен көк жоңышқаға матап салып, санамай, түстемей, түгендегенімде,— құдай берерінде сүйтіп береді ғой!-алты құлаш ала биеден туған жеті құлаш жирен құлыным жылқының ішінде де жоқ, сыртында да жоқ, ұры алғанын да білмедім, пері алғанын да білмедім… Жалма-жан құрығымды мұзға шанша салып, басына шығып, төңірекке көз жіберіп едім, көрінбеді. «Құрығым аласа болған шығар»,— деп, құрықтың басына пышағымды жалғадым, көрінбеді: пышағымның басына қынымды шаншып, оған шығып қарап едім, мұнда да көрінбеді: көңілім әлі биіктетуде болып, оған қамшымды шаныштым. Және көре алмадым. "Енді не жалғаймын?" деп көзімді жұмып ойланып тұрғанымда есіме тілімнің астын сақтап қойған тебен инем есіме түсті.Инені алып қамшының басына шаныштым, сонда да еш нәрсе көрінбеді. Әбден дағдарған соң, құрығымнан ақыл сұрадым: «Апыр-ай, енді не қылайын, ақылың болса, айтшы?»-дедім. Ол ант соққан жатып тұрып өзімді сөккені. «Айналып-айналып жерге қарай бергеніңше, көзіңді жұмып, аспан жаққа да бір қарасаң болмас па еді?»- дегені ғой. «Ойбай-ау, аспанды бұлт басып тұрғанын көрмейсің бе?— деп едім. Одан жаман сөгіп: «Ант ұрған-ау, қолың жоқ па еді! Бұлттың әрісін әрі, берісін бері сермеп жіберсең, болмас па еді?»— дейді.

Ойлап тұрсам, оның сөзі де жөн екен. Дереу қолымды созып жіберіп, бұлттың былайғысын былай, олайғысын олай сыпырып жібергенімде, күннің көзі жарқырап, шайдай ашылды да кетті! Әбден тұралап болып, көзімді шарт жұмып, аспанға қарағанымда,- мұнан артық не тамаша болсын!-Темірқазықтың ар жағында, Шолпан жұлдызының бер жағында, Қап тауының етегінде манадан бері қарап, таба алмай жүрген жирен құлыным бір бәйтеректің бұтағына шығып, құлындап, құлынын емізіп тұр екен.Қуанғаным сонша, құрығымның басында тұрып, секіре беріппін! Жалма-жан құрығымды қайық қылып, пышағымды ескек қылып, теңізге түсе қалып едім, шым батып барамын. Дереу пышағымды қайық қылып, құрығымды ескек қылып түсе қалғанымда, кірпік қаққанша сыр етіп, теңізден өте шықтым! Жирен құлынға міне салып, жас құлынды алдыма өңгеріп қайтадан теңізге түсе қалғанымда, шым батып барамын. Дереу жас құлынға мініп, енесін алдыма өңгеріп түсе қалғанымда, көзді ашып-жұмғанша, теңіздің бетімен де емес, түбімен де емес, ортасымен де емес, сыр етіп, өте шықтым. Жылқыға келген соң: «Жүріс алған құрғыр тағы көзден ғайып болып, әуре қылып жүре ме?»- деп, енесін құлынына, құлынды айғырдың құйрығына байлап, жылқыға қоспай, далаға айдап қоя бердім.Бір уақытта айдын мұздың үстіне қарап тұрсам, бітпеген қу тобылғының түбінде бір тумаған ту қоян жатыр екен, жалма-жан садағымды алып, оғымның масақ жағымен атып едім, өтпеді, масақ жағын кіріске қойып, көз жағымен тартқанымда, жұлдыздай ағып өтті де кетті. Асығып-үсігіп, атымды бір қу қазыққа байлай салып, етегіме тезек тере бердім. Бір уақытта қарасам, атым тулап жүр екен: етегімдегі тезекті төге салып, атыма қарай жүгірейін десем, сұмдық-ай, манадан бері тезек деп тергенімнің бәрі бөдене екен, пыр-пыр етіп, бет-бетіне ұшты да кетті. Манағы қу қазық деп атымдыбайлағаным, аққудың мойны болып шықты, соның қанатынан үркіп, атымның тулап жүргені де сол екен.

ІІІ топ

3-кеспе қағазы

Атымды ұстап алып, манағы тебен инемді қазық қылып, басымды тоқпақ қылып, жерге қағып жіберіп, соған байлап қойып, «уһ»- деп, демімді алдым. Атып алған қоянымды сояйын десем, қынымда пышағым жоқ. «Апыр-ау, қайда қалды?»деп ойланып тұрғанымда, үш күн, үш түн барып есіме түсті:баяғы құрығымның басына шанышқан бойымен қарауыл қараған жерде ұмытылып қалған екен. Соған қайта баруға еріндім де, күрек тісімнің біреуін суырып алып, қоянды сонымен соя бердім. Жылдамдығым қандай, қоянды үш күнде сойып болып, қақтап, тұздап: «Енді майын ерітіп алайын»,-деп, бір бүтін қазанға еріткенімде, менің сорыма май ағып, тұрмады. Дереу бүтін қазанды тастай салып, бір тесік қазанға салып ерітіп едім, тақсыр-ай, мұндай қызықты көріп пе едіңіз?! Бір тамшысы жерге тамбай, тұра қалды. Еріген майды ыдысқа қотарғанымда, бір түйе қарнына, бір өгіз қарнына, бір борсық қарнына әрең-әрең сыйды. «Бұл титтей май менің қай керегіме жарайды? Одан да етігімді майлап алғаным олжа шығар!»— деп, бас салып майлағанымда, бір етігімнің жұлығына зорға жетті: қонышыма жетпеді, анау етігім ауыз тиместен қалды. «Ер еңбегіне бір тойсын!»— деген сөз бар еді-ау деп, қоянның бір кесек етін қолыммен күнге әрі-бері қақтап пісіріп, аузыма салайын деп ойлағанымда, сұмдық-ай, аузым орнында жоқ екен, жүрегім мұздай болып: «Апырмай, аузым қайда?»— деп, қайта-қайта бетімді сипаласам, аузым жоқ дегенім ойыншық екен, солайымен кеудемде басым да жоқ екен! Тақсыр-ай, сондағы қорыққаным әлі есімнен кетпейді-ау! «Апырмай, бассыз қалай күн көремін!»-деп алақанымды маңдайыма қойып, ойға батып тұрғанымда, біреу иығымнан тартып: «Әке, мына басты танисың ба?»— деді. Байқап қарасам, өзімнің басым, тауып әкеліп тұрған өзімнің балам. «Шырағым, мұны қайдан таптың?»- деп сұрағанымда: «Суат ойған жеріңде жатыр екен. Сенің басың екенін танып әкелдім»,- деді. Тақсыр-ай, сондағы қуанғаным әлі есімнен кеткен жоқ!… «Көп жаса, бақытты бол, үбірлі-шүбірлі бол!»— деп балама бата бергенім-ай сонда. Көптен ұйқы көрмей сергелдең болып жүрген байғұс басым, сол мезгілде ұйқы қыстап, қалғымайын ба!Мұздан төсек, қардан жамылғы қылып, жата қалсам, төсектің жылылығына бұйығып, өлген адамдай ұйқтап, қатыппын да қалыппын. Түн ортасы болған кезде, бір нәрсенің сарт- сұрт естілген дыбысымен шошып оянып қарасам, екі етігім жұдырықтасып, қызыл ала қан болып, төбелесіп жатыр екен. «Бұларың қалай?»-деп сұрасам, май жағылмаған етігім жыламсырап: «Қайтейін! Май біткеннің бәрін анау жалмауызың ішіп қойды, маған ауыз тигізген де жоқ»,- деді. Сонда екіншісі: «Өзіңнің кем несібелігіңнен көрмей, майдың жетпегенін менен көргенің, сасқаның ба?»— деді. Ашуымның әбден келгені емес пе, маңдайларына бір-бір шертіп, екеуін екі жағыма қойып, жата бердім. Таң атқан соң қарасам, көзін ашпағыр май жағылмаған етігім өкпелеп, түнде қашыпты кетіпті. «Алда, жүгермек-ай!" деп, екі аяғымды бір етікке тығып алып, ізіне түсіп, қуа бердім.

Айдан-айлар жүрдім, астымдағы атым зорығып өлді. Жылдан-жылдар жүрдім. Бір кезде өгіздің жауырынына қауын егіп, пісіріп отырған егіншіге кездестім. Егінші бейшара бір піскен қауынды алдыма қойып: «Жарқыным, пышағың бар екен, өзің жарып жей ғой!»— деді.

ІV топ

4-кеспе қағазы

Кездігімді суырып алып, қауынға салағанымда шіркіннің жетесі босап жүр екен, теміртегі суырылып, қауынның ішіне түсті де кетті. «Қап, жолым қырсығып жүрген бейбақ едім, бұл да соның салдары ғой,- дедім де,- бала күннен бірге өсіп, біте қайнаған замандасым еді, қалай көзім қиып, тастап кетейін"деп, қауынның ішіне сүңгіп кіріп кеттім. Ал ізде: тау да қалмады, тас та қалмады, тоғай да қалмады. Апта болды-ау дегенде маған ұқсап, жоқ қарап, сандалып жүрген бір жолаушыға кез болдым. Жоғымның түсін, түгін, ен таңбасын айтып сұрап едім, құдай соққан неме: «Тфу!»— деп, бетіме түкіріп жібергені ғой!

«Ау? Есалаңбысың?! Жоқ сұрасам, бетіме түкіресің» дегенімде, ол да бір шытынаған адам екен, әкіреңдеп: «Есалаң демей, не дейін, мен бір айдан бері атымды зорықтырып, бір айғыр үйірлі қысырағымды таба алмай жүргенімде, сен төрт еліге толмайтын теміртекті іздейсің!-дегені. Әлгінің сөзіне шыдай алмай, сол жерде жаттым да төбелестім, жараланбаған жеріміз де қалмады, қып-қызыл ала қанға боялдық, ақырында, мен де, ол да, сілеміз құрып шаршап, екеуміз де төбелесті қойып, бір-бірімізден насыбай атысып, жөн-жөнімізге кете бердік.
Бір күндерде ұлы жиын, ас беріп жатқан қалын елдің үстінен шықтым.
 «Жақсы болды ғой, осы жиында етігіме де, кездігіме де сұрау салайыншы» деп, ошақты жағалап келе жатқанымда, аста табақ тартып жүрген бозбалалардың арасында, табақ көтеріп жүрген баяғы қашқан етігім анадайдан көзіме оттай ұшырады. Қуанғаннан есім шығып секіре беріппін. Етігімнің де көзі мені шалып, ұялғаннан екі беті қып-қызыл болып, қолындағы көтерген табақ етті ұсына түсіп:"Мені қоянның майынан құр тастасаң да, мен сені құр тастамаймын" деп алдыма әкеп қоя салды.

- Пай-пай! Тақсыр-ай, сондағы ұялғаным өмірімде есімнен кетер емес. Мінеки, тақсыр, туғаннан бері басымнан өткен істер осы!- деп, тазша әңгімесін бітіріпті.
Қиыстырып, бір ауыз шын сөз араластырмай айтқанына ханның көңілі толып:
"Кәне, бала, енді өтірік өлеңіңді айт!"— депті.


V топ

5-кеспе қағазы



Жүк артып инелікке, ерте көштім,
Шүйкелеп сары майдан арқан естім.
Мұртына шегірткенің ат арқандап,
Дегенде өлдім-талдым әрең шештім.

 

Міндім де қара қоңыз, аяңдадым,
Салдыртып аяңына қоян алдым.
Япыр-ай, сол қоянның семізін-ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым!

Міндім де жасыл қоңыз сона қудым,
Басынан мұнар төбе сағым будым.
Дәулеттің құдай берген арқасында
Қанменен көйлегімнің кірін жудым.

Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,
Ши оқпен мың құланды атып қырдым.
Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,
Ұялмай, жүз тұсақтан сатып тұрдым.

Қамыстан жылқы ұстауға құрық қылдым,
Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым.
Бір талын сойылымның кесіп алып,
Көшкенде мал айдайтын шыбық қылдым.

Жүз салған қорғасыннан қара балтам,
Шықпады он матадан сыңар қалтам.
Дәулеттің маған келген арқасында,
Көшкенде жүз түлкіге жүгімді артам.

Айдадым, жылқы қылып, тоқсан түлкі,
Борсықты ұстап мінсең — аттың мүлкі.
Ішінде топ адамның тулап жығып,
Қылдың-ау, ойбай, қарсақ, жұртқа күлкі!

 Мен көрдім қара шіркей бала қаздай,
Жүк арттым бес қарсаққа ала жаздай.
Түлкісін қырдың қызыл жайлаймын деп,
Қан түсіп аяғына, өле жаздады-ай.

Тамырға шын сөзімді қап-қап бердім,
Найзасын нар қамысқа саптап бердім.
Жүйрігін тасбақаның ұстап мініп,
Түлкіге тастан қашқан тап-тап бердім!

Басынан Қап тауының қора қылдым,
Бітер деп бес мың жылқы жоба қылдым:
Топан су тау басына дамыл бермей,
Қылмасқа енді қора тоба қылдым.

Баласы қасқа айғырдың бөлтірікті,
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.
Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,
Апырым-ай, бәрін тулап өлтіріпті!

Мен өзім кішкенеден қарға бақтым,
Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым.
Біреуі жануардың үздік шығып,
Мойнына ақ киізден белгі тақтым.

Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім балуандықпен соның бәрін.
Түйеге теңдеп соны қойғанымда,
Мертікті, көтере алмай, қара нарым!

Шымшықтың шылым шектім бақайынан,
Қоянның атым үрікті топайынан.
Тазшаның ақылы артық, ойы жетік:
Көртышқан етік қылдым шоқайынан.

 




VІ топ

6-кеспе қағазы



Биені, қымыз іштім, мұзға байлап,
Тышқанды жауыр қылдым үш жыл айдап,
Қырық тоғыз мүшелімде әкем туып,
Жүгірдім, қуанғаннан алақайлап.

Отыным жазда жаққан мұздан болды,
Салымым жүз жасаған қыздан болды.
Былтырғы жерошаққа жаққан отым
Тұтанып, зорға биыл қызған болды.

Сауысқан алып ұшты бөлтірікті,
Айтпаймын қыз берсең де өтірікті!
Шіркіннің тепкісінің қаттысын-ай,
Бір қызды шыбын теуіп өлтіріпті!

Шаянның шаңырақтай омыртқасы,
Көнектей көлбақаның жұмыртқасы.
Болғандай енді өтірік несі қалды,
Түбінен шау қияқтың ердің қасы.

Жонынан атжалманның айыл алдым,
Үш жергем, ішін жарып, майын алдым.
Ізіне аттың басқан қақ тұрыпты,
Қырық құлаш қармақ салып, жайын алдым.

Шымшықтың шылым шектім қу басынан.
Атжалман арқан естім шудасынан.
Қырық қарға, отыз сона құда түсіп,
Инелік киіт киді құдасынан.

Серік боп құрқылтаймен қылдым сауда,
Айналды серіктіктің арты дауға.
Борсыққа жарап жүрген міне шауып,
Ұрандап, бір бүйірден тидім жауға.

Дарияға тоған бастым ебелектен,
Жаратып, қасқыр қудым көбелекпен.
Жығылып тас кенеден мойны үзіліп,
Бір кемпір «ә» дегенде өле кеткен.

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,
Борышыма жел жемісін бере қойдым.
Жүрегін құрқылтайдың төрт бөліп жеп,
Нансаңыз, өмірімде бір-ақ тойдым!

Сауысқан елден асты аққуды іліп,
Елімді қызғыш шауып, салды бүлік.
Қақалып кеше кешке жеген етке,
Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік,

- деп аяқтады өлеңін тазша. Баланың әңгімесі де, өлеңі де ханның өзі қойған шартындағыдай бір ауыз шын сөз қосылмай айтылғандықтан, хан жеңіліпті, айтқан уәдесін орындапты.































6. Ертегі бойынша сұрақтар қою (5 минут).

1) Ертегі дегеніміз не?

2) Ертегінің түрлерін ата.

3) Ертегіден антоним, синоним, омоним сөздері бар ма?

4) Ханның қырық өтірік айтатын адамды іздеуінің себебі неде?

5) Тазша неге өтірік айтты?

6) Тазша бала өз өмірін неге өлімге тікті?

7) Тазшаның өтірік әңгімесінен қандай өнерін көреміз?

8) Қырық өтірік ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

9) "Қырық өтірік" ертегісінің "Кер құла атты Кендебай" ертегісіне ұқсастығы бар ма?

7. Тесттік тапсырма (3 минут).

1. Тазшаның қай жылқысы жоғалды?

а) ала биесі ә) жирен құлыны б) қотыр тайы

2. Атып алған қоянның майының көптігі қандай?

а) Бір түйенің, бір өгіздің қарнына сиярлықтай.

ә) 40 литрлік қазанға сиярлықтай.

б) Бір түйенің, бір өгіздің, бір борсықтың қарнына сиярлықтай.

3. Тазша барар жолда судан қалай өтті?

а) Құлынның үстіне мініп өтті.

ә) Пышағын қайық, құрығын ескек қылып жүзіп өтті.

б) Құрығын қайық, пышағын ескек қылып жүзіп өтті.

4) Тазша етігін қайдан тапты?

а) жиыннан ә) ханның үйінен б) құдықтың басынан

5) Тазша жылқысын тапқан соң оны не істеді?

а) Айғырдың құйрығына байлап қойды.

ә) Айғырдың арқанына байлап қойды.

б) Айғырдың аяғына байлап қойды.

8.Шығармашылық жұмыс (5 минут).

VІ. Сабақты қорытындылау: 40 санына байланысты әдет-ғұрыптар мен мақал-мәтелдер айтқызу (3 минут).



40





VІІ. Үйге тапсырма:а) ертегіні бүгінгі күнмен байланыстырып аяқтау; ә) өтірік өлең шығару; б) инеліктерге жүк артып көшіп бара жатқан, шегірткенің мұртына атты арқандаған, ақсақ қоңызға отырып, қоянды қуған адамның суретін салып келу.

VІІІ. Оқушыларды бағалау:

 

 

 



Әдебиет пәнінен сабақ "Қырық өтрік" ертегісі
  • Другое
Описание:

Мен, Рахат Ақгүл "Шолаққарғалы негізгі орталау мектеп" КММ-де жұмыс істеймін.

Cабақтың тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала бейнесі
Мақсаттары:
1. Білімділік. Ертегідегі Тазша бала бейнесін талдай отырып, тақырыпты жан-жақты меңгерту.
2. Дамытушылық. Шығармадағы кейіпкерлерді талдай отрып ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік. Кейіпкер бойындағы байқампаздыққа, тапқырлыққа, батылдыққа, шешендікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.

Автор Рахат Ақгүл
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 748
Номер материала MA-064331
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓