Главная / Школьному психологу / Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары

Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АЙҚЫНДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУДАҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ


Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.” Н.Ә.Назарбаев.
I. Мақсаты:
Дарынды, қабілетті, ынталы оқушылардың арасында математикалық ойдың дәрежесін арттыра түсу, теориялық білімді тереңдету, математикаға бейімі, қызығушылығы бар оқушылардың практикалық дағдысын дамыту, шығармашылық қабілеттерін тереңдету, ғылым жолына бағыт бағдар беру.

II. Жұмысты жүргізу әдісі:
1. Оқушыларды қабілетіне қарай топтау әдісі.
2. Үйге жеке тапсырмалар беру.
3. Аптасына бір рет қосымша сабаққа шақыру.
4. Сиқырлы квадрат және ребустар шешу.
5. «Кенгуру», «Ақбота» есептерін шығарту арқылы оқушы қабілетін шыңдау.
6. Қазақтың байырғы қара есептерін шығарту арқылы оқушыны шешендікке, сөздің мағынасын тануға баулу.
7. Геометриялық фигуралар туралы түсінігін дамыту.
III. Күтілетін нәтиже:
1. Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік оқушыны табу.
2. Олимпиададан, «Кенгуру», «Ақбота» байқауларынан жетістікке жету.
Егеменді елдің ертеңі оқу білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру саласының басты міндеті-2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері кезінде адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білімді және білімін практика жүзінде қолдана білетін қоғам мүшелерін талап етеді. Сондықтан мектептің міндеті оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше іздене алатын шәкірт дайындау. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен толықтырылып, мұғалімнің де дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру-мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулуда алған білімді практикада қолдануда, пәннің күнделікті өмірмен байланысын нығайтуда математика пәнінің алатан орны ерекше. Математиканың заңдары мен ережелері табиғат пен өмірден алынған және бүкіл адамзатқа ортақ. Математика пәнінің мұғалімінің міндеті еліміздің халық шаруашылығын дамытудағы ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің маңызы: материалдық техникалық базасын жасаудың өндірістің тиімділігін арттырудағы, ауылдың материалдық және мәдени деңгейін көтерудегі математика ғылымының маңызы мен ролін көрсету.
Мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бейімділігіне, ынтасы мен қызығушылығына, таңдауына қарай оқыта отырып, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастықты қалыптастыру, білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту. Математикада қолданбалы курсы оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, пәнге деген ұмтылыстары, оны меңгеру деңгейлері ескеріледі.
Математика сабағында теориялық материал мен есеп шығару материалын тығыз байланыстырып, оқушының нақты да жүйелі математикалық бейімділік дағдысын қалыптастырады. Себебі бұл дағды математиканы әрі қарай меңгеруіне, оны өмірде, кәсіпте қолдануға қажет болады. Оқушылар жаңа теорияның, материалдық қажеттілігіне, өмірдегі пайдасына енуі керек.

Дарынды балаларды анықтау

1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне     
    барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың            
    іс-әрекетіне талдау жүргізу.

2. Дамытушылық жағынан ықпал ете  отырып                                
     баланың психологиялық кедергілерін жоюға 
     мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

3. Баланың дарындылық белгісін оның  психологиялық дамуының нақты деңгейіне ғана  емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау. 

4.  Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-ананың сипаттамалық  бағалары.

5.  Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып бала  қабілетін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты  бағалаудың кешенді сипаты.

Білім беру жүйесінде  жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған        шығармашыл, рухани ой өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз.

Баланың отбасы жағдайын зерттеу

Шығармашылық қабілетін анықтау

Сауалнамалар психо-диагностикалық тренингтерді өткізу

Ата-анасымен әңгімелесу

Ғылыми жоба жарыстарына, көрмелерге, жәрмеңкелерге, пікір-сайыс ойындарына қатыстыру.
                     
Дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудың
критерийлері

Нормативті-құқықтық құжаттар;
Ғылыми-әдістемелік қызмет түрлері (ауысымды мектептердегі жұмыс жоспары, диагностикалық әдістемелер, инновациялық технология, олимпиада тапсырмалары, ұсыныстар);
Ақпараттық қызмет;
Мектеп басшыларының, мұғалімдердің жұмыс жүргізуге дайындығы;
Білім мекемелерінің өсуі; (эксперимент түрлері,ауысымдық мектеп,резерв мектебі,банк, т.б.)

дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне  ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай   жұмыс жасайды;
— олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген  бағдарламалар жасай алады және олардың  өздігінен жұмыс істеуіне, шығармашылық                  ізденістеріне қажетті кеңестер бере алады;
                                          
  — жұмысқа қажетті материалдар мен тиімді әдістерді  таба біледі және жұмыстың мақсатын нақты  қоя біледі;

оқушыға дұрыс бағыт беру арқылы оның ғылыми -зерттеу жұмысымен айналысуына   көмек жасай алады;

педагогикалық үрдісті диагностика лау жұмысын  жүргізе алады және оларды бір-бірімен  байланыстыра алады;

-  дарындылықты анықтауда әр түрлі психо- диагностикалық әдістемелерді, ал дамытуда   оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын тиімді қолдана біледі.

Оқу мекемесінде мектеп басшылар тарапынан дарындылықты дамытуда ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетіліп отырған, өзіндік дайындығы бар ұстаз төмендегі қасиеттерімен дараланады:
Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі, сол бағытта талмай жұмыс істейді;
Қосымша бағдарламалар жасай алады, оқушы шығармашылығын дамытуда , өздігімен жұмыс істеулеріне қажетті кеңестер бере алады;
Жұмысқа қажетті ақпарат және түрлі әдіс-тәсілдерді үнемі тауып, тиімді пайдалана алады;
Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады, одан қорытынды шығарып отырады;
Мұндай мұғалімнің жұмысы үнемі нәтиже беріп отырады!
Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:
Дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
Оқушымен қарым-қатынастың болуы;
Нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеп, пайдалану;
Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болуы.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
Пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
Қызмет нысанын, педагогикалық үрдісті  білуі;
Жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін білуі;
Заман талабына сай жаңа технологияларды білуі;
Дарынды оқушының оқуда ғана емес, басқа да көрсеткіштеріне  көңіл бөлуі;
Шығрамашылық тапсырмалар дайындай білуі т.б.
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
Дарынды анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
Дарынды оқушыны ( жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, тұрақты жұмыс жүргізе алуы;
Дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;
Оқытудың инновациялық технологияларын, дифференциалды әдісін қолдана білуі;
Оқушылармен қарым-қатынасты психологиялық тұрғыда сауатты орната білуі;
Дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
Дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасай білуі;
Дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатында деңгейде дайындай алуы;
Дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық психологиялық көмек көрсете білуі.
 Арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жүргізгенде төмендегі қиындықтырды кездестіреді:
Көптеген жағдайда ұстаздар дарынды оқушыға немқұрайды қарайды және олардың ішкі жан дүниесіне үңіле алмайды;
Диагностикалық әдістерді білмегендіктен, дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтижелер көрсетеді;
Дарынды оқушымен жекелей, арнайы жұмыс жргізілмейді;
Дарынды оқушыларға тапсырма дайындағанда олардың қиындығына, сапасына емес, көптігіне көңіл бөлінеді;
Дарынды оқу оқу жағынан емес,тәрбие жағынан да мұғалімге қиындық туғызады;
Дарынды оқушымен жұмыс жүргізуде ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілік деңгейі.  
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.                                
Сөзімді қорытындылай келіп Болашақта Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосатын құдіретті күш – білімге тән болса, білімді тиянақты меңгерту, шығармашыл шәкірт тәрбиелеу басты ұстаздың міндеті демекпін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Гильбух Ю.З. Умственно одаренный ребенок. — Киев, 1993.
2. Дарынды тану және оқыту мәселелері // Қазақстан мектебі. — 2002 — №1-2. –Б. 23-26.
3. Кулемизина А.В. Детская одаренность: психолого-педагогическое исследование. – Томск, 1999.
4. Қабілет туралы түсінік//Психология. Қ. Жарықбаев. — Алматы, 1982.
          5. С.Елубаев «Қазақтың байырғы есептері»



Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары
  • Школьному психологу
Описание:

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АЙҚЫНДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУДАҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ

 

Бізгекерегішындарындар. Нарыққол-аяғымыздықалайқыспасын, мемлекетөзініңталанттыұлдарыменқыздарын,нағызәдебиетпенөнерінжасайтын  тарланбозжүйріктерінқолдауға, қорғауғаміндетті.” Н.Ә.Назарбаев.
I.
Мақсаты:
Дарынды, қабілетті, ынталыоқушылардыңарасындаматематикалықойдыңдәрежесінарттыратүсу, теориялықбілімдітереңдету, математикағабейімі, қызығушылығыбароқушылардыңпрактикалықдағдысындамыту, шығармашылыққабілеттерінтереңдету, ғылымжолынабағытбағдарберу.

II. Жұмысты жүргізу әдісі:
1. Оқушыларды қабілетіне қарай топтау әдісі.
2. Үйге жеке тапсырмалар беру.
3. Аптасына бір рет қосымша сабаққа шақыру.
4. Сиқырлы квадрат және ребустар шешу.
5. «Кенгуру», «Ақбота» есептерін шығарту арқылы оқушы қабілетін шыңдау.
6. Қазақтың байырғы қара есептерін шығарту арқылы оқушыны шешендікке, сөздің мағынасын тануға баулу.
7. Геометриялық фигуралар туралы түсінігін дамыту.
III. Күтілетін нәтиже:
1. Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік оқушыны табу.
2. Олимпиададан, «Кенгуру», «Ақбота» байқауларынан жетістікке жету.
Егеменді елдің ертеңі оқу білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру саласының басты міндеті-2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері кезінде адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білімді және білімін практика жүзінде қолдана білетін қоғам мүшелерін талап етеді. Сондықтан мектептің міндеті оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше іздене алатын шәкірт дайындау. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен толықтырылып, мұғалімнің де дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру-мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулуда алған білімді практикада қолдануда, пәннің күнделікті өмірмен байланысын нығайтуда математика пәнінің алатан орны ерекше. Математиканың заңдары мен ережелері табиғат пен өмірден алынған және бүкіл адамзатқа ортақ. Математика пәнінің мұғалімінің міндеті еліміздің халық шаруашылығын дамытудағы ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің маңызы: материалдық техникалық базасын жасаудың өндірістің тиімділігін арттырудағы, ауылдың материалдық және мәдени деңгейін көтерудегі математика ғылымының маңызы мен ролін көрсету.
Мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бейімділігіне, ынтасы мен қызығушылығына, таңдауына қарай оқыта отырып, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастықты қалыптастыру, білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту. Математикада қолданбалы курсы оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, пәнге деген ұмтылыстары, оны меңгеру деңгейлері ескеріледі.
Математика сабағында теориялық материал мен есеп шығару материалын тығыз байланыстырып, оқушының нақты да жүйелі математикалық бейімділік дағдысын қалыптастырады. Себебі бұл дағды математиканы әрі қарай меңгеруіне, оны өмірде, кәсіпте қолдануға қажет болады. Оқушылар жаңа теорияның, материалдық қажеттілігіне, өмірдегі пайдасына енуі керек.

Дарынды балаларды анықтау

1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне     
    барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың            
    іс-әрекетіне талдау жүргізу.

2. Дамытушылық жағынан ықпал ете  отырып                                
     баланың психологиялық кедергілерін жоюға 
     мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

3. Баланың дарындылық белгісін оның  психологиялық дамуының нақты деңгейіне ғана  емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму  мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау. 

 4.  Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-ананың сипаттамалық  бағалары.

5.  Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып бала  қабілетін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін  баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты  бағалаудың кешенді сипаты.

Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған       шығармашыл, рухани ой өрісі кең жеке тұлғаны  тәрбиелеу міндеті тұр.

Оқушының дарындылығын анықтауда  төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз.

— Баланың отбасы жағдайын зерттеу

­ Шығармашылық қабілетін анықтау

— Сауалнамалар психо-диагностикалық тренингтерді  өткізу

— Ата-анасымен әңгімелесу

— Ғылыми жоба жарыстарына, көрмелерге, жәрмеңкелерге, пікір-сайыс ойындарына қатыстыру.
                     
Дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудың
 критерийлері

Нормативті-құқықтық құжаттар;
Ғылыми-әдістемелік қызмет түрлері (ауысымды мектептердегі жұмыс жоспары, диагностикалық әдістемелер, инновациялық технология, олимпиада тапсырмалары, ұсыныстар);
Ақпараттық қызмет;
Мектеп басшыларының, мұғалімдердің жұмыс жүргізуге дайындығы;
Білім мекемелерінің өсуі; (эксперимент түрлері,ауысымдық мектеп,резерв мектебі,банк, т.б.)

— дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне  ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай   жұмыс жасайды;
— олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген  бағдарламалар жасай алады және олардың  өздігінен жұмыс істеуіне, шығармашылық                  ізденістеріне қажетті кеңестер бере алады;
                                          
  — жұмысқа қажетті материалдар мен тиімді әдістерді  таба біледі және жұмыстың мақсатын нақты  қоя біледі;

— оқушыға дұрыс бағыт беру арқылы оның  ғылыми -зерттеу жұмысымен айналысуына   көмек жасай алады;

— педагогикалық үрдісті диагностика лау жұмысын  жүргізе алады және оларды бір-бірімен  байланыстыра алады;

-  дарындылықты анықтауда әр түрлі психо- диагностикалық әдістемелерді, ал дамытуда   оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын тиімді қолдана біледі.

Оқу мекемесінде мектеп басшылар тарапынан дарындылықты дамытуда ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетіліп отырған, өзіндік дайындығы бар ұстаз төмендегі қасиеттерімен дараланады:
Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі, сол бағытта талмай жұмыс істейді;
Қосымша бағдарламалар жасай алады, оқушы шығармашылығын дамытуда , өздігімен жұмыс істеулеріне қажетті кеңестер бере алады;
Жұмысқа қажетті ақпарат және түрлі әдіс-тәсілдерді үнемі тауып, тиімді пайдалана алады;
Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады, одан қорытынды шығарып отырады;
Мұндай мұғалімнің жұмысы үнемі нәтиже беріп отырады!
Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:
Дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
Оқушымен қарым-қатынастың болуы;
Нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеп, пайдалану;
Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болуы.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
Пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
Қызмет нысанын, педагогикалық үрдісті  білуі;
Жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін білуі;
Заман талабына сай жаңа технологияларды білуі;
Дарынды оқушының оқуда ғана емес, басқа да көрсеткіштеріне  көңіл бөлуі;
Шығрамашылық тапсырмалар дайындай білуі т.б.
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
Дарынды анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
Дарынды оқушыны ( жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, тұрақты жұмыс жүргізе алуы;
Дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;
Оқытудың инновациялық технологияларын, дифференциалды әдісін қолдана білуі;
Оқушылармен қарым-қатынасты психологиялық тұрғыда сауатты орната білуі;
Дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
Дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасай білуі;
Дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатында деңгейде дайындай алуы;
Дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық психологиялық көмек көрсете білуі.
 Арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жүргізгенде төмендегі қиындықтырды кездестіреді:
Көптеген жағдайда ұстаздар дарынды оқушыға немқұрайды қарайды және олардың ішкі жан дүниесіне үңіле алмайды;
Диагностикалық әдістерді білмегендіктен, дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтижелер көрсетеді;
Дарынды оқушымен жекелей, арнайы жұмыс жргізілмейді;
Дарынды оқушыларға тапсырма дайындағанда олардың қиындығына, сапасына емес, көптігіне көңіл бөлінеді;
Дарынды оқу оқу жағынан емес,тәрбие жағынан да мұғалімге қиындық туғызады;
Дарынды оқушымен жұмыс жүргізуде ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілік деңгейі.  
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.                                
Сөзімді қорытындылай келіп Болашақта Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосатын құдіретті күш – білімге тән болса, білімді тиянақты меңгерту, шығармашыл шәкірт тәрбиелеу басты ұстаздың міндеті демекпін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Гильбух Ю.З. Умственно одаренный ребенок. — Киев, 1993.
2. Дарынды тану және оқыту мәселелері // Қазақстан мектебі. — 2002 — №1-2. –Б. 23-26.
3. Кулемизина А.В. Детская одаренность: психолого-педагогическое исследование. – Томск, 1999.
4. Қабілет туралы түсінік//Психология. Қ. Жарықбаев. — Алматы, 1982.
          5. С.Елубаев «Қазақтың байырғы есептері»

 

 

Автор ахмедова айгерим тоймуратовна
Дата добавления 05.01.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел
Просмотров 2222
Номер материала 33497
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓