Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы"Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары"- баяндама

"Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары"- баяндама

Скачать материал

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. 

Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-әрекетте топтастыруға әрекет жасады.

Нышандардың іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік қалыптасады;
Әдейленген дарындылық-сапалы өзіндік қабілеттердің бірлесуінде іс-әрекет сәттілігі құрылады;
Жалпы дарындылық – қабілеттілік кең шеңберіндегі іс-әрекеттер;
Іс-әрекет сәттілігін белгілейтін жеке адамның басқа адамдарынан айыратын ерекшеліктер
Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау – ежелден келек жатқан дәстүр. Республикамызда ашылған көптеген колледждер мен лицейлер – негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны. Мұндай оқушылар ел болашағына, оның интеллектік қуатына баға жетпес резерві. Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу - аса мәнді мейірбанды, гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлық алу – баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай да іздесе таптырмайтын ұлттың рухани байлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:Дарынды оқушылармен жұмыс

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу тәжірибемнен
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйтқысының қалыптасуы мен дамуы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Бастауыш сатыда оқушыны бұрынғыша пәндік білім біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылған.

            Білім берудің басты міндеттерінің бірі - оқушы білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір деңгейде болуын қамтамасыз ету.
Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білік-дағдыларды меңгертумен табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Бұл орайда іс-тәжірибеде, ғылымда көптеген көзқарастар мен нұсқаулар, тұжырымдар, ойлар, еңбектер баршылық.
Қазірде педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде. Алайда ол дарынды, талантты балалардың қабілеттерін дамытуды жүзеге асыру деген қорытындыдан әрі аса алмауда. Оның үстіне психология мен педагогика ғылымында әрбір баланың дарындылығы қандай дәрежеде екенін анықтайтын дәл өлшем әлі табылған да жоқ.

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделеніп, даму үстінде. Түр сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет-қасиетке ие жаңа адам пайда болады. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді.

Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдердің қай-қайсысы болсын, негізінде, оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың дара ерекшеліктерін жете біліп, санасып отырудың айрықша маңызы бар. Себебі мұғалім оқу-тәрбие саласында қандай жұмыс жүргізсе де, сыныптағы оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін, айталық, мінез-құлықтарын жете білмесе, онда оның атқарған ісі сәтсіздікке ұшырап, алға қойған мақсатына жете алмауы ықтимал. Бұл тек сабақ және одан тыс мезгілде сан алуан әдістерді баланың дара ерекшеліктеріне сай қолданғанда ғана іс жүзіне асады. Осыған орай қазір әрбір жұмыстың (сабақ, сабақтан тыс, т. б.) сапасын оның мазмұн тереңдігімен бағаланып қоймай, алдымен одан оқушылардың өздеріне алатын үлгілерімен бағалануы тиіс. Белгілі педагог К. Д. Ушинский егер мұғалім әрбір баланың жан-жүйе ерекшеліктерін жақсы білсе «онда осының өзі тәрбиелеу үшін құрал табудың көзі болмақ және осыған негізделіп табылған құрал орасан күшті болмақ» деп айтқан. Ендеше, балалардың дара ерекшеліктерімен санасу - ұстаз парызы.

Бір баланың екінші баладан дене қуаты жағынан ерекше болуы заңды. Бірақ біз бұл жерде «дарынды» деп, баланың психологиялық қасиеттерін, яғни темпераментінің, мінезінің, сана-сезімінің, т. б. ерекшеліктерін айтамыз.
Оқушылардың дара ерекшеліктерін сыртқы жағдаймен, айталық, қоғамдық ортамен байланыстыра қарастырғанда ғана оны дұрыс түсінуге болады. Бала бір-біріне ұқсас болып дүниеге келгенімен, кейін олардың қандай қасиетке ие болатынын тек тәрбие шешеді. Ал тәрбиенің өзі әрбір қоғам дәуіріндегі өндіріс қатынастарына байланысты. Сондықтан баланы әлі кішкентай деп, оған тек біржақты табиғи - жаратылыс даму жағынан қарауға болмайды.
Балалар психикалық ерекшелігі жағынан алып қарағанда, өне бойы бірдей болып кездесе бермейді, әрбіреуінің өзінше азды-көпті өзгешелігі болып отырады. Біздің мақсатымыз әр баланың өзіндік дара ерекшелігі бірдей болсын деу емес, керісінше, оның өзіндік ерекшелігін ілгері қарай дамытуға жағдай туғызып, оны өсіріп өркендету болып табылады.
Сонымен бірге мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға жас мөлшерінің әр түрлі кезінде дербес әдіс қолданып, олардың жас ерекшеліктеріне сай қарым қатынас жасап отыру керек. Әр баланың түрлі қасиеттерін жете біліп, соған сәйкес тиісті әдіс қолдану үшін оқушыны түрлі жағдайларда, оқуда, еңбек сабақтары үстінде және одан тыс мезгілде әдейі тапсырмалар беріп, белгілі бір мерзім ішінде бақылап білуге болады.
Осы айтылған негізгі ғылыми принциптерге сүйене отырып қана оқушылардың өздеріне тән қасиеттерін дұрыс түсінуге болады. Білім беру ісі әрқашанда бастауыш білім сатысынан басталатыны бәрімізге белгілі. Білім берудің негізі бастауышта, яғни бастауыш – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес:- оқушыларға дүние туралы мағлұмат беру;
- дүниені танып-білудің әдіс-тәсілдері туралы білім, білік дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Яғни, бастауыш кезеңі оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетінің дамуына ең тиімді де, қолайлы кезең бола отырып, осы кезеңде олардың танымдық іс-әрекеттерінің психологиялық негізі қалыптасатын және елестету, армандау мен ойлау армандары: талдау сияқты көзқарастың жоғары дәрежеде дамуына жағдай жасалуы қажет. Осыған орай оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі - өзіндік жұмыс пен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастыру педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін жетілдіру керек.
Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап - оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Ол тек дайын ақпаратты фактілер, заңдар, ережелер күйінде ғана беріліп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Яғни, мұғалім оқушылардың өзі белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет. Ол оқытудың әр кезеңінде:үй жұмысын тексерген кезде, жаңа білімді меңгеруге дайындық, жаңа білімді енгізу, оны тұжырымдаған және сүйенген, алынған білімді қорытар, бір жүйеге келтірген кезде де көрініп отыруы керек. Мұндай күрделі ой-өрісінің жүйелі қалыптасуына тікелей басшылық ететін, оқушы әрекетінің даму мен қалыптасуына жетекшілік жасайтын, оқушылардың білімді шығармашылықпен игеруіне жетелейтін, оның амал-тәсілдерін үйрететін мектептегі басты тұлға мұғалім әрекеті өз шәкірттерінің әрекеті тарапынан қолдау тапқанда ғана өзінің нәтижелі жемісін бермек.
Мен өзімнің жетекшілік ететін сынымда дарынды
 2 оқушы бар. Бұл оқушылардың дара ерекшеліктері зерттеу, бақылау нәтижесінде анықталды. Бұл мақсатқа жету үшін оқушыларға білім негіздері мен дағдыларын дұрыс берудің маңызы зор екенін ескеріп, оқудың әсерлілігін арттыру, білімінің терең де тиянақты болу жағын қарастырдым.
Болашағынан зор үміт күтіп отырған дарынды оқушымен жұмыс жасау үшін, баспасөздерде жарияланып жүрген педагогикалық озат тәжірибелерді үнемі оқып, зерделеп, күнделікті сабақтарда пайдаланып отырдым. Оқушылардың қандай пәндерді қызығып оқитынын, қандай өнерге бейім екендігі(ән айту, билеу, сурет салу), шеберліктерін аңғардым. Өзім оқушылармен жылы сөйлесіп, сенімділіктерін, батылдықтарын арттыруға көңіл бөлдім.
Оқушылар әр түрлі шараларға қатынасып, пәндік сайыстардың жеңімпазы атағын иеленуге тырысты. Балалармен қоян-қолтық жұмыс жасай отырып, Ана тілінен өлең құрастыруға ынталы екі оқушы, Математика пәнінен есептер құрастыруға шебер бір оқушы, қолөнермен айналысатын бір оқушыны анықтадым. Әрбір аптаның бесінші күні оқушылармен кездесіп, олардың жаңалықтарын тыңдап, жаңа тапсырмалар беріп отырдым. Дарынды оқушылармен кездесу кештерін, ата-аналармен бірге ұйымдастырылған сайыстар, сынып сағаттарын уақытымен өткізуге тырыстым. Сонымен қатар әр түрлі интеллектуалдық марафондар, ойындар ұйымдастырылып, сол шараларға қатынасып, оқушыларым көптеген жетістіктерге жетіп жүр.
. Сонымен қатар 3-ші сыныптар арасында өткен пәндік олимпиадада
Майрашова Жанетта  Қазақ  тілі пәнінен 1-ші орынды,  Нурканова Фатима Математика пәнінен  3-ші орынды.
Мен осындай оқушыларымның барына мақтанамын. Осындай жұмыстардың арқасында сыныбымдағы дарынды оқушылар мынадай дәрежеге жетті:
- Оқушының оқуға деген құштарлығы артты.
- Оқушылардың танымдық қабілеттері танылды. .
- Өз бетімен бімегенін үйренуді мақсат етеді.
- Кітапханамен, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болды.
- Ойларын ашық, еркін жеткізуге үйренді.
- Жаны таза, мейірімді, тәрбиелі оқушы атанды.
- Білімге деген қажеттілікті ұғынды.
- Өнер-білімге құштарланды.
- Аңғарғыш, көреген, төзімді, қанағатшыл болуға үйренді.
Дарынды оқушыларымның болашағынан көп үміт күтемін және олардың осы шығармашылық қабілеттері одан әрі шыңдалатынына сенемін.
Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығу жолдарындағы басты тұлға – мұғалім.
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің үстінде тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да мамандық атаулының барлығынан дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, үлкен жауапкершілікті талап етеді.
«Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білдіретіндігінен...Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет», - деп Мұхтар Әуезов айтпақшы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жауапты сала екені баршамызға мәлім.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары"- баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. 

Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-әрекетте топтастыруға әрекет жасады.

Нышандардың іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік қалыптасады;
Әдейленген дарындылық-сапалы өзіндік қабілеттердің бірлесуінде іс-әрекет сәттілігі құрылады;
Жалпы дарындылық – қабілеттілік кең шеңберіндегі іс-әрекеттер;
Іс-әрекет сәттілігін белгілейтін жеке адамның басқа адамдарынан айыратын ерекшеліктер
Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау – ежелден келек жатқан дәстүр. Республикамызда ашылған көптеген колледждер мен лицейлер – негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны. Мұндай оқушылар ел болашағына, оның интеллектік қуатына баға жетпес резерві. Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу - аса мәнді мейірбанды, гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлық алу – баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай да іздесе таптырмайтын ұлттың рухани байлығы

 

     Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу тәжірибемнен
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйтқысының қалыптасуы мен дамуы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Бастауыш сатыда оқушыны бұрынғыша пәндік білім біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылған.

            Білім берудің басты міндеттерінің бірі - оқушы білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір деңгейде болуын қамтамасыз ету. Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білік-дағдыларды меңгертумен табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Бұл орайда іс-тәжірибеде, ғылымда көптеген көзқарастар мен нұсқаулар, тұжырымдар, ойлар, еңбектер баршылық.
Қазірде педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде. Алайда ол дарынды, талантты балалардың қабілеттерін дамытуды жүзеге асыру деген қорытындыдан әрі аса алмауда. Оның үстіне психология мен педагогика ғылымында әрбір баланың дарындылығы қандай дәрежеде екенін анықтайтын дәл өлшем әлі табылған да жоқ.

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделеніп, даму үстінде. Түр сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет-қасиетке ие жаңа адам пайда болады.
Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді.

Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдердің қай-қайсысы болсын, негізінде, оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың дара ерекшеліктерін жете біліп, санасып отырудың айрықша маңызы бар. Себебі мұғалім оқу-тәрбие саласында қандай жұмыс жүргізсе де, сыныптағы оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін, айталық, мінез-құлықтарын жете білмесе, онда оның атқарған ісі сәтсіздікке ұшырап, алға қойған мақсатына жете алмауы ықтимал. Бұл тек сабақ және одан тыс мезгілде сан алуан әдістерді баланың дара ерекшеліктеріне сай қолданғанда ғана іс жүзіне асады. Осыған орай қазір әрбір жұмыстың (сабақ, сабақтан тыс, т. б.) сапасын оның мазмұн тереңдігімен бағаланып қоймай, алдымен одан оқушылардың өздеріне алатын үлгілерімен бағалануы тиіс. Белгілі педагог К. Д. Ушинский егер мұғалім әрбір баланың жан-жүйе ерекшеліктерін жақсы білсе «онда осының өзі тәрбиелеу үшін құрал табудың көзі болмақ және осыған негізделіп табылған құрал орасан күшті болмақ» деп айтқан. Ендеше, балалардың дара ерекшеліктерімен санасу - ұстаз парызы.

Бір баланың екінші баладан дене қуаты жағынан ерекше болуы заңды. Бірақ біз бұл жерде «дарынды» деп, баланың психологиялық қасиеттерін, яғни темпераментінің, мінезінің, сана-сезімінің, т. б. ерекшеліктерін айтамыз.
Оқушылардың дара ерекшеліктерін сыртқы жағдаймен, айталық, қоғамдық ортамен байланыстыра қарастырғанда ғана оны дұрыс түсінуге болады. Бала бір-біріне ұқсас болып дүниеге келгенімен, кейін олардың қандай қасиетке ие болатынын тек тәрбие шешеді. Ал тәрбиенің өзі әрбір қоғам дәуіріндегі өндіріс қатынастарына байланысты. Сондықтан баланы әлі кішкентай деп, оған тек біржақты табиғи - жаратылыс даму жағынан қарауға болмайды.
Балалар психикалық ерекшелігі жағынан алып қарағанда, өне бойы бірдей болып кездесе бермейді, әрбіреуінің өзінше азды-көпті өзгешелігі болып отырады. Біздің мақсатымыз әр баланың өзіндік дара ерекшелігі бірдей болсын деу емес, керісінше, оның өзіндік ерекшелігін ілгері қарай дамытуға жағдай туғызып, оны өсіріп өркендету болып табылады.
Сонымен бірге мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға жас мөлшерінің әр түрлі кезінде дербес әдіс қолданып, олардың жас ерекшеліктеріне сай қарым қатынас жасап отыру керек. Әр баланың түрлі қасиеттерін жете біліп, соған сәйкес тиісті әдіс қолдану үшін оқушыны түрлі жағдайларда, оқуда, еңбек сабақтары үстінде және одан тыс мезгілде әдейі тапсырмалар беріп, белгілі бір мерзім ішінде бақылап білуге болады.
Осы айтылған негізгі ғылыми принциптерге сүйене отырып қана оқушылардың өздеріне тән қасиеттерін дұрыс түсінуге болады. Білім беру ісі әрқашанда бастауыш білім сатысынан басталатыны бәрімізге белгілі. Білім берудің негізі бастауышта, яғни бастауыш – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес:- оқушыларға дүние туралы мағлұмат беру;
- дүниені танып-білудің әдіс-тәсілдері туралы білім, білік дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Яғни, бастауыш кезеңі оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетінің дамуына ең тиімді де, қолайлы кезең бола отырып, осы кезеңде олардың танымдық іс-әрекеттерінің психологиялық негізі қалыптасатын және елестету, армандау мен ойлау армандары: талдау сияқты көзқарастың жоғары дәрежеде дамуына жағдай жасалуы қажет. Осыған орай оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі - өзіндік жұмыс пен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастыру педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін жетілдіру керек.
Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап - оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Ол тек дайын ақпаратты фактілер, заңдар, ережелер күйінде ғана беріліп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Яғни, мұғалім оқушылардың өзі белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет. Ол оқытудың әр кезеңінде:үй жұмысын тексерген кезде, жаңа білімді меңгеруге дайындық, жаңа білімді енгізу, оны тұжырымдаған және сүйенген, алынған білімді қорытар, бір жүйеге келтірген кезде де көрініп отыруы керек. Мұндай күрделі ой-өрісінің жүйелі қалыптасуына тікелей басшылық ететін, оқушы әрекетінің даму мен қалыптасуына жетекшілік жасайтын, оқушылардың білімді шығармашылықпен игеруіне жетелейтін, оның амал-тәсілдерін үйрететін мектептегі басты тұлға мұғалім әрекеті өз шәкірттерінің әрекеті тарапынан қолдау тапқанда ғана өзінің нәтижелі жемісін бермек.
Мен өзімнің жетекшілік ететін сынымда дарынды
 2 оқушы бар. Бұл оқушылардың дара ерекшеліктері зерттеу, бақылау нәтижесінде анықталды. Бұл мақсатқа жету үшін оқушыларға білім негіздері мен дағдыларын дұрыс берудің маңызы зор екенін ескеріп, оқудың әсерлілігін арттыру, білімінің терең де тиянақты болу жағын қарастырдым.
Болашағынан зор үміт күтіп отырған дарынды оқушымен жұмыс жасау үшін, баспасөздерде жарияланып жүрген педагогикалық озат тәжірибелерді үнемі оқып, зерделеп, күнделікті сабақтарда пайдаланып отырдым. Оқушылардың қандай пәндерді қызығып оқитынын, қандай өнерге бейім екендігі(ән айту, билеу, сурет салу), шеберліктерін аңғардым. Өзім оқушылармен жылы сөйлесіп, сенімділіктерін, батылдықтарын арттыруға көңіл бөлдім.
Оқушылар әр түрлі шараларға қатынасып, пәндік сайыстардың жеңімпазы атағын иеленуге тырысты. Балалармен қоян-қолтық жұмыс жасай отырып, Ана тілінен өлең құрастыруға ынталы екі оқушы, Математика пәнінен есептер құрастыруға шебер бір оқушы, қолөнермен айналысатын бір оқушыны анықтадым. Әрбір аптаның бесінші күні оқушылармен кездесіп, олардың жаңалықтарын тыңдап, жаңа тапсырмалар беріп отырдым. Дарынды оқушылармен кездесу кештерін, ата-аналармен бірге ұйымдастырылған сайыстар, сынып сағаттарын уақытымен өткізуге тырыстым. Сонымен қатар әр түрлі интеллектуалдық марафондар, ойындар ұйымдастырылып, сол шараларға қатынасып, оқушыларым көптеген жетістіктерге жетіп жүр.
. Сонымен қатар 3-ші сыныптар арасында өткен пәндік олимпиадада
Майрашова Жанетта  Қазақ  тілі пәнінен 1-ші орынды,  Нурканова Фатима Математика пәнінен  3-ші орынды.
Мен осындай оқушыларымның барына мақтанамын. Осындай жұмыстардың арқасында сыныбымдағы дарынды оқушылар мынадай дәрежеге жетті:
- Оқушының оқуға деген құштарлығы артты.
- Оқушылардың танымдық қабілеттері танылды. .
- Өз бетімен бімегенін үйренуді мақсат етеді.
- Кітапханамен, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болды.
- Ойларын ашық, еркін жеткізуге үйренді.
- Жаны таза, мейірімді, тәрбиелі оқушы атанды.
- Білімге деген қажеттілікті ұғынды.
- Өнер-білімге құштарланды.
- Аңғарғыш, көреген, төзімді, қанағатшыл болуға үйренді.
Дарынды оқушыларымның болашағынан көп үміт күтемін және олардың осы шығармашылық қабілеттері одан әрі шыңдалатынына сенемін.
Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығу жолдарындағы басты тұлға – мұғалім.
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің үстінде тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да мамандық атаулының барлығынан дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, үлкен жауапкершілікті талап етеді.
«Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білдіретіндігінен...Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет», - деп Мұхтар Әуезов айтпақшы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жауапты сала екені баршамызға мәлім.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 166 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2015 1041
    • DOCX 28.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Базарбаева Айгуль Оразалиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 104192
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 239 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе