Главная / Другое / "Дарынды балаларды бағалау – міндетіміз""

"Дарынды балаларды бағалау – міндетіміз""

Дарынды балаларды бағалау – міндетіміз

«Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге

күш қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да

ойлы, дарынды жастар керек».

Н.Ә.Назарбаев

Ертедегі Қытайда дарынды балаларды «Шэнь тон», яғни киелі бала деп атаған. Расында дарынды балаларды киелі бала деп атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап, оларға дұрыс жол сілтеу қажет.

«Дарындыларға өмір сүру оңай. Дарындылық – ағыл-тегіл ақылдылық. Дарын – зерделілігімен, қабілеттілігімен дамып отыратын үздіксіз үрдіс. Дарындыларға өмір сүру оңай болатындығы – олар уақыттан озады. Дарындылар істен де, сөзден де ұтылмайды. Дарындылар – материалдық, рухани жағынан бай адам. Дарындыларға өмір сүру қиын. Дарындыларға қиын болу себебі, олар жеке бас тыныштығынан айырылады. Өз замандастарының түсінбеушілігінен шаршайды. Дарын, талант бар жерде трагедия бар. Дарындылар балалықпен ерте қоштасады. Дарындыларға өмір сүру қиын. Оларды орта бағаламаған. «Алашым» деп боздағанда солығын баса алмаған қазақ зиялыларын «халық жауы» деп қудалап, 70жылдан кейін ақтап алғанның қажеті не? Ондай ақтауларды қазіргі жастар түсінбейміз». Бұл дарынды балалардың осы тақырып жөніндегі пікірлері.

Айтса да қазіргі таңда педагогика – психология ғылымында «дарындылық» мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Дарынды бала – ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, сызба, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық – ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға, өзінің алдына ғылыми – техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін адам.

Дарынды баланың дарынды ересектенерекшелігі – ол әлі толық қалыптаспаған тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар «дарындылық – туа біткен қасиет» деген. Декорт, Гоббс, Локк сияқты ғалымдар «дарындылық адам баласының даму барысындағы тәрбиеге байланысты» дейді.

Психологиялық – педагогикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша дарынды баланың бейнесі анықталды.

  1. Интеллектуалдық және ақыл – ой белсенділігі бар бала сөйлеу белсенділігінің жоғарылығымен, ойының ұшқырлығымен, байқағыштығымен, мәселені шешуде жан – жақты жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында көсем болуымен, есте сақтауының беріктігімен ерекшеленеді.

  2. Бейнелеу өнері бар бала – сурет салуға көп уақыт бөлуінен, көргенін есте сақтаумен, сурет сабаған жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.

  3. Әнге қабілеті бар бала – ән сабақтанына аса қызығушылықпен қарайды, ритмикалық бөліктерді оңай қайталайды, таныс әуендерді бірінші дыбыстан таниды.

  4. Қозғалыстың белсенділігі бар бала жаттығуды орындауда тепе – теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына дене күші күшті болып келеді. Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар (әдістемелер, тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) қажет.


Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Сондықтан балалар дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Диагностика үрдісін жүзеге асырушы педагогтар мен психологтарға ғылыми принциптерді жетекшілікке алып, балалар дарындылығын бағалау құралдарын өте мұқият таңдау қажет.Біздің бала қабілеттілігін диагностикалау жұмысымыз оның ішкі қабілеттілігін бағалауға арналған. Кейде біз, баланы «дарынсыз» дей отыра, оның бүкіл психикасын мүгедек етуіміз мүмкін.

Баланың дарындылығын анықтау оларды оқыту және тәрбиелеумен қатар, психологтар мен педагогтардың бірлескен жұмысының көмегімен жүзеге асырылатынкүрделі процесс. Оқушылардың дарындылығын анықтау барысында, сапалы тиімді нәтижелерге жету үшін, педагогтарға арнайы оқыту бағдарламасы немесе әдістемесі болуы керек. Ең алдымен олар баланың танымдық және тұлғалық деңгейін айқындауға бағытталуы тиіс. Балалардың интеллектуалдық және шығармашыдық қабілеттерін, үлгеру жетістіктерін бағалау дәстүрлі тесттері, критериі – бағытталған тесттер мен бақылаулар, ата – аналар мағұлматтары, мұғалімдердің толтыратын бағалау шкалаларымен толықтырылуы керек. Дарынды және талантты балаларды анықтау – даму динамикасымен байланысты ұзақ мерзімді процесс, оны бір тест процедурасымен орындау мүмкін емес, бұл практикалық зерттеу жұмысында ескерілуі қажет,

Әр мұғалім, тәрбиешінің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілетін, икемділігін көре білу. Оқушыларды шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмысқа баулу тиімді жол болып табылады.

Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге қойылатын талаптар: интелектуалды дамуының жоғарылығы, іскерлігі, белсенділігі, әзілдесе білуі, үнемі біліктілігін жетілдіру, өзіндік дүниетанымдық көзқарасы болуы.

Қорыта келгенде, «дарындылық – ағыл-тегіл ақылдың көрінісі десек», ақыл, қайрат, жүрек туралы Абайға, оның «Он жетінші қара сөзіне» жүгінеміз, Яғни, дарындылық жүрекке қызмет етуі керек. Бұл - жүректің таза болуы төңірегінде әңгіме. Жүрек біткен таза, пәк болуы – адами құндылық.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамныңдарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер көзделіп отырғаны белгілі. Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармау керек.

"Дарынды балаларды бағалау – міндетіміз""
  • Другое
Описание:

Әріптестеріме дарындылық туралы мағлұмат бере отырып, дарынды және талантты балаларды ажырата білуге қалыптастыру. Оқушы бойындағы дарынды қасиеттерді бағалай білуге,дарындылық қасиеттерін аша білуге үйрету. дарынды оқушылардың жүрегінен жол таба білуге дағдыландыру.Оқушының зерделілігін анықтау.Дарынды оқушыларға рухани қолдау өрсете білуге үйрету.Ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты жандандыра отырып,оқушының бойындағы асыл қасиеттерін жандандыру. Мектепппен байланысын жақсарту.Оқушылардың дарындылықтарын дамыту мақсатында тапсырмаларды түрлендіріп отыру.

Автор Имангалиева Алтынгул Кажиякпаровна
Дата добавления 02.12.2014
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 539
Номер материала 6244
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓